👍С: Рамазан айында кімге ораза тұтуға рұқсат етілмейді?
Ж: Рамазан айында етеккірі келген әйел мен босанғаннан кейін қан көрген әйел ораза тұтпайды. Өйткені етеккір мен нифас қаны ораза тұтуға кедергі болады.

❤15❤🔥1🍓1💘1
✍️Намаз оқымаған адамның ораза ұстауына бола ма?
Ораза – жеке-дара құлшылық. Намаз оқымаған адам да ұстай алады. Ораза – Ұлы Жаратқанға жақындаудың бір түрі. Мұны болмайды деп тыю дұрыс емес. Намаз оқымайтын кісі ораза арқылы дінге бір табан жақындап, келер жылдары намазға жығылуы әбден мүмкін. Ораза ұстаған кісіге «Оразаң қабыл болсын!» деп демеу беріп, мұсылманшылыққа даналықпен шақыру – саналы әрбір мұсылманның міндеті.

❤29🕊3🍓2💘1
✍️Ұйықтап қалып, сәресіні өткізіп алған кісілер не істейді?
Сәресі ішу – парыз емес. Ұйықтап яки басқа себептермен сәресіні өткізіп алғандар ештеңе ішіп-жеместен ораза ұстауын ары қарай жалғастыра береді. Бірақ, сәресіні жіберіп алмауға тырысқан жөн. Хадисте: «Сәресі ішіңіздер, себебі, сәресіде берекет бар. Бір жұтым су ішсеңдер де сәресіні тастамаңдар. Себебі, сәресіге тұрғандарға Алла Тағала рақым етіп, періштелер кешіріп тілейді», - делінген. Сәресі мезгілі – дұға-тілектер қабыл болатын ең берекетті уақыт. Сәресі ішу адамға күш береді, күндізгі жұмыстарын тыңғылықты атқаруға, ғибадаттарын кемшіліксіз орындауға көмектеседі. Бұған қоса, сәресіге тұрған кісі сүннет сауабын алады. Себебі, сәресі жеу – пайғамбарымыздың сүннеті. Сәресіге тұрған кісі артынша сәре уақыты шықпай тұрып «Тәһәжжуд» намазын оқып, Раббысына мінәжат етсе нұр үстіне нұр.

❤27🍓3❤🔥1💘1
✍️Рамазан айының ең үлкен мәні де, шарты да – өзіңді тәрбиелеу.
Мына бір қызықты қараңыздар, әншейінде, бір сағат темекі тартпаса тұра алмайтын, насыбай атпаса назданатындар Рамазанда бір апта немесе бір ай бойына нашар әдеттерін тастап жатқанын көреміз. Неге? Себебі, лағынеті шайтанның азғыруы азаяды. Сондықтан, Рамазанның сауабын толық алудан тосатын тақуалыққа таңсық әрекеттерді тастауға туып тұрған мүмкіндікті жіберіп алмайық.

❤25🐳6🍓3💘1
Рамазан оразасының әр күніне бөлек ниет ету шарт па, әлде айдың басында ниет ету жеткілікті бола ма?
✍️Жауап: Оразаның әрбір күні өз алдына бөлек ғибадат. Сондықтан әр күнге жеке ниет ету шарт болып саналады. Фиқһ ғалымдары бір күннің оразасын бұзу басқа күндердің оразасын бұзбайтынын айта отырып, Рамазан оразасының әр күніне жеке-жеке ниет ету қажет деген тұжырымға тоқтаған.

❤25💘6🕊2🍓1
✍️Рамазан айында жасалатын амалдардың бірі- айналамызға жомарттық таныту. Хадисте: “Жомарт адам Аллаға жақын, жәннәтқа жақын, адамдарға жақын,, деген.
❤30💘3🐳1🍓1
إِن تُقْرِضُوا۟ ٱللَّهَ قَرْضًا حَسَنًا يُضَٰعِفْهُ لَكُمْ وَيَغْفِرْ لَكُمْ ۚ وَٱللَّهُ شَكُورٌ حَلِيمٌ
Егер Аллаға жақсы қарыз берсеңдер (яғни мал-дүниелеріңнің бір бөлігін Алла разылығы үшін дін жолында және қайырымдылық мақсатта жұмсасаңдар), Алла берген қарыздарыңды еселеген үстіне еселеп қайтарады Һәм күнәларыңды кешіреді. Өйткені Алла – Шәкур (игіліктің қарымын еселеп қайтарушы), Халим (құлдары қанша жерден күнәға батып, қателікке ұрынып жатса да кеңшілік жасаушы әрі өте сабырлы).
(«Тағабун» сүресі 64:17)

❤24💘5😁1🍓1
✍️Ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын🤲
Рамазанның әр күніне берілетін сауапты, еш бір кемшіліксіз алуды баршамызға Алла нәсіп етсін🤲🤲🌙

❤40❤🔥3🍓3💘1
Рамазан жақсылыққа толы ай, өйткені күндізі ораза, түні құлшылық (тарауық намазы).
Хз Омар (р.а.)
Хз Омар (р.а.)
🍓38❤11😍5💘1
✍️Рамазан Құран түскен ай. Осы ай келгенде Ислам ғұламалары өзінің айналысып жатқан ғылыми жұмыстарын тоқтатып, оқып жатқан кітаптарын бір шетке сырып күндіз-түні құран оқитын болған.
Пайғамабарымыз Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Қиямет күні Құран оқып және ондағы аяттарға сай амалдар жасап жүрген адамға, ата-анасының басына жарқырауы үйлерді нұрландыратын күн нұрынан да күшті болатындай тәж кигізіледі» - деген. Құран оқыған адамның сауабы қандай болатынын ойлаңыз. Алла құранды өміріміздің жол басшысы қылып, жүрегімізбен көзіміздің нұры қылсын🤲🤲🤲

❤25🍓1💘1
Пайғамабарымыз Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйреніп, оны басқаларға үйреткендерің»,
❤36🥰1🍓1💘1
Ассаламуалайкум құрметті оқырмандарым
Ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын🤲
Жалпы осы парақшаны әу баста бір шәкіртім ашқан.
Кейін себептерге байланысты бұл парақшаны маған табыстады.
Қысқаша өзімді таныстырып өтетін болсам:
Мамраев Нұрсұлтан Қуатұлы
Павлодар қаласында “Әбу Бәкір Сыддық медресе колледжінде,, Ұстаздық қызмет атқарамын
Оқыған оқуларым:
Республикалық Астана Медресесі 2010-2013
Нұр Мүбарак ислам мәдениеті университеті 2013-2016
Түркия елі “ Хасеке Академиясы,, 2018-2021

❤26😍3🍓1💘1
💘7❤5🍓1
Адам баласы жылап туады, кейіп өледі. Екі ортада, бұ дүниенің рахатының кайда екенін білмей, бірін-бірі аңдып, біріне-бірі мақтанып, есіл өмірді ескерусіз, босқа, жарамсыз қылықпен, қор етіп өткізеді де, таусылған күнде бір күндік өмірді бар малына сатып алуға таба алмайды.
Абай Хакім
Абай Хакім
❤33💯5✍2🍓1💘1
رُبَّ عُمُرٍ إِتَّسَعَتْ آمَادهُ، وَقَلَّتْ أَمْدَادُهُ،و رُبَّ عُمُرٍ قَلِيلَةٌ آمَادهُ كَثِيرَةٌ أَمْدَادُهُ
"Кей адамдар ұзақ өмір сүрсе де, оның берекесі аз болады.Ал кейбіреулердің өмірі қысқа болса да, оның берекесі көп болады."
Бұл сөздің мағынасы – адамның өмірінің ұзақтығы емес, оның қалай өткізілгені маңызды. Егер уақыт босқа, нәпсіге еріп, пайдасыз нәрселерге жұмсалса, ұзақ өмірдің де мәні болмайды. Ал егер өмір Алланың разылығын іздеумен, ізгі амалдармен өтсе, қысқа ғұмырдың өзі берекелі әрі құнды болады.
Пайғамбарымызﷺайтты:
"Мұсылманның берген садақасы оның өмірін ұзартады, жаман өлімнен сақтайды және Алла сол садақа арқылы тәкәппарлық пен мақтаншақтықты жояды."
Хадистен түсінетініміз садақаның тек материалдық көмек емес, адамның рухани тазаруына, өмірінің берекелі болуына және жамандықтан қорғануына себеп екенін көрсетеді.

❤30🍓1
Қулық саумақ, көз сүзіп, тіленіп, адам саумақ - өнерсіз иттің ісі. Әуелі құдайға сыйынып, екінші өз қайратыңа сүйеніп, еңбегіңді сау, еңбек қылсаң, қара жер де береді, құр тастамайды.
Абай хакім
Абай хакім
❤27💘2🍓1
✍️Адамды бұзатын не? Тағы да сол – атақ, ақша, арақ. Осы үшеуі. Төртіншісі әйел демеймін. Алғашқы үшеуінің буына бөртіп, әйелдерді біз – еркектер бұзамыз.
Бауыржан М.
Бауыржан М.
❤49🍓2💘2❤🔥1
✍️ Еріңбей еңбек қылса, түңілмей іздесе, орнын тауып істесе, кім бай болмайды?. Абай Хәкім
🤝36❤17🍓1
Терлеп еңбек етпегеннің тілегіне жеткенін көргенім жоқ. Бауыржан М.
🔥26❤13❤🔥2