КГА 🇰🇿
3.61K subscribers
2.89K photos
153 videos
4 files
455 links
Комитет гражданской авиации МТ РК
Авиационная администрация
Казахстана

💻 www.aaq.kz

www. aviation.miid.gov.kz

🤳 https://facebook.com/caakaz/


📱Instagram: https://www.instagram.com
Download Telegram
Авиакомпания «Air Astana» запускает рейсы в Шанхай

Министерством транспорта РК на постоянной основе ведется работа по расширению географии полетов и увеличению количества рейсов по действующим маршрутам.
Так, с 29 марта текущего года авиакомпания «Эйр Астана» приступает к выполнению регулярных рейсов по направлению Алматы – Шанхай. Рейсы будут выполняться с частотой 3 раза в неделю (вторник, четверг, воскресенье).
Таким образом, общее количество рейсов между Казахстаном и Китаем увеличится с 81 до 84 в неделю.
Ожидается, что открытие авиасообщения будет способствовать дальнейшему развитию торгово-экономического, делового и туристического сотрудничества между двумя странами.
🔥5⚡2
Азаматтық авиация комитетінің төрағасы ИКАО-ның Ғаламдық елшілер бағдарламасының елшісі болып тағайындалды
 
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) Бас хатшысы Хуан Карлос Салазардың шешімімен ИКАО-ның Ғаламдық елшілер бағдарламасы аясында елші болып тағайындалды.

Бұл тағайындау ИКАО тарапынан Қазақстан Республикасына көрсетілген жоғары сенімді білдіреді әрі елдің халықаралық азаматтық авиация күн тәртібін ілгерілетуге қосқан үлесінің мойындалуы болып табылады.

Қазақстан өкілі ИКАО-ның 56 мемлекетті біріктіретін Еуропалық және Солтүстік Атлантикалық өңірлік бюросы (EUR/NAT) шеңберінде іріктелді. Қазақстанның таңдалуы елдің ИКАО-ның 2026–2050 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарында айқындалған басымдықтарды іске асырудағы белсенді әрі тиімді рөлін көрсетеді.

ИКАО елшісі ретіндегі қызметінде Салтанат Томпиева азаматтық авиацияны дамытудың негізгі бағыттары бойынша, атап айтқанда авиация саласының орнықты өсуін қамтамасыз ету, білікті авиация мамандарын даярлау және тарту, сондай-ақсаладағы әйелдер мен жастардың қатысуын кеңейту мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын арттыруға үлес қосатын болады.

Аталған қызмет ерікті негізде және Біріккен Ұлттар Ұйымы мен ИКАО-ның тәуелсіздік, бейтараптық және этика қағидаттарын қатаң сақтай отырып жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі бұл тағайындау Қазақстанның жаһандық азаматтық авиация жүйесіндегі белсенді рөлін, сондай-ақ орнықты даму, инклюзивтілік және адами капиталды дамыту саласындағы халықаралық бастамаларға берік ұстанымын растайтынын атап өтеді.
❤4👍2
❤‍🔥3❤1
Председатель Комитета гражданской авиации назначена послом Глобальной программы послов ИКАО
 
Председатель Комитета гражданской авиации Министерства транспорта Республики Казахстан Салтанат Томпиева по решению Генерального секретаря Международной организации гражданской авиации (ИКАО) Хуана Карлоса Салазара назначена послом в рамках Глобальной программы послов ИКАО.

Данное назначение отражает высокий уровень доверия ИКАО к Республике Казахстан и является признанием вклада страны в продвижение международной повестки в сфере гражданской авиации.

Представитель Казахстана был отобран в рамках Европейского и Североатлантического регионального бюро ИКАО (EUR/NAT), объединяющего 56 государств. Выбор Казахстана подтверждает активную и эффективную роль страны в реализации приоритетов ИКАО, определённых в Стратегическом плане ИКАО на 2026–2050 годы.

В качестве посла ИКАО Салтанат Томпиева будет способствовать повышению осведомлённости по ключевым направлениям развития гражданской авиации, в том числе устойчивому росту авиационной отрасли, подготовке и привлечению квалифицированных авиационных специалистов, а также расширению участия женщин и молодёжи в секторе.

Данная деятельность будет осуществляться на добровольной основе и в строгом соответствии с принципами независимости, нейтралитета и этики Организации Объединённых Наций и ИКАО.

Министерство транспорта Республики Казахстан отмечает, что данное назначение подтверждает активную роль Казахстана в глобальной системе гражданской авиации и приверженность страны международным инициативам в области устойчивого развития, инклюзивности и развития человеческого капитала.
❤14👍6👏3🔥2
Қазақстанның азаматтық авиациясы тұрақты өсім көрсетіп, халықаралық нарықтағы орнын нығайтуда

1 ақпанда Қазақстанда Азаматтық авиация қызметкерлері күні және Қазақстанның авиациялық қауіпсіздік қызметі күні атап өтіледі. Кәсіби мерекеге орай Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінде салтанатты жиын өтті.
Іс-шара барысында азаматтық авиацияның дамуына елеулі үлес қосқан сала қызметкерлері мен ардагерлеріне Қазақстан Республикасының Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев «Еңбек ардагері», «Құрметті авиатор» төсбелгілерін, сондай-ақ алғыс хаттарды табыстады.

Министр құттықтау сөзінде саланың негізгі жетістіктеріне тоқталды:
«2025 жылғы 3 желтоқсанда Мемлекет басшысы азаматтық авиация мәселелеріне толықтай арналған, соңғы отыз жыл ішіндегі жоғары деңгейдегі алғашқы кеңес өткізді. Бұл мемлекет тарапынан салаға айрықша назар аударылып отырғанын және оның стратегиялық маңызға ие екенін көрсетеді. Былтыр еліміздегі әуежайлар 31,8 млн жолаушыға қызмет көрсетті, 173,28 мың тонна жүк өңделді, әуе компаниялары 15,4 млн жолаушы тасымалдады. Халықаралық әуе қатынасы бойынша 30 елмен 135 бағытта аптасына 626 рейс орындалады. Осы көрсеткіштердің артында күн сайын бүкіл жүйенің тұрақты әрі қауіпсіз жұмысын қамтамасыз етіп отырған 25 мыңнан астам кәсіби маманның еңбегі тұр. Бұл – сіздердің жұмыстарыңыздың нәтижесі», – деп атап өтті Нұрлан Сауранбаев.

Сонымен қатар ол Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) авиациялық қауіпсіздік бойынша жүргізген аудитінің қорытындыларын атап өтіп, Қазақстанның ИКАО халықаралық стандарттарына сәйкестік деңгейі 95,7% болғанын жеткізді. Бұл көрсеткіш ТМД елдері арасында ғана емес, ИКАО-ның Еуропа және Солтүстік Атлантика (EUR/NAT) өңірінде де ең жоғары нәтижелердің бірі болып саналады.
Қазақстан авиация саласын дамытудың негізгі көрсеткіштері – жолаушылар тасымалы мен жүк айналымы бойынша Орталық Азияда, сондай-ақ ұшу қауіпсіздігі көрсеткіштері бойынша ТМД елдері арасында (82%) көш бастап тұр.
2025 жылдың шілдесінде ИКАО Кеңесінің президенті Сальваторе Шаккитано Қазақстанға алғашқы ресми сапарымен келді.

2026 жылы Қазақстанда көлік апаттары мен оқиғаларын тергеу орталығы құрылады, бұл ұшу жазғыштарын (қара жәшіктерді) тәуелсіз талдауға, әртүрлі тексеру түрлеріне және микроэлектроника зерттеулеріне, соның ішінде оларды қалпына келтіруге мүмкіндік береді.
Биыл Қазақстанның әуе компаниялары 9 жаңа әуе кемесін сатып алуды жоспарлап отыр, нәтижесінде жалпы әуе флоты 118 ұшаққа дейін ұлғаяды.
Маршруттық желіні кеңейту аясында, Вена (Австрия), Абу-Даби (БАӘ), Эр-Рияд (Сауд Арабиясы), Сиань, Шанхай (Қытай), Дели (Үндістан), Рим (Италия) және басқа да бағыттар бойынша әуе қатынасын ашу және дамыту жоспарлануда.
Халықаралық әуе хабтарын дамыту мақсатында авиаотын құнын төмендету бойынша жұмыс жалғасуда. Қазіргі таңда авиаотын бағасы бір тоннасына 1000 АҚШ долларынан төмен деңгейде.

Сондай-ақ, биыл бірқатар инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру көзделген. Атап айтқанда, Алматы қаласы әуежайының ішкі рейстер терминалын қайта жаңғырту, Атырау қаласы әуежайының жаңа терминалының құрылысын бастау, Ақтау әуежайының перронын күрделі жөндеу және Павлодар әуежайының аэродромын реконструкциялау жоспарланған. Астана және Шымкент қалалары әуежайларында екінші ұшу-қону жолақтарының құрылысы басталмақ. Сондай-ақ Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Ақтау және Ақтөбе әуежайларындағы еркін экономикалық аймақтарды дамыту жұмыстары жалғасады.
Бұдан бөлек, Катон-Қарағай, Зайсан және Кендірлі курорттық аймақтарындағы әуежайлардың құрылысын аяқтау, сондай-ақ Арқалық қаласының әуежайын қалпына келтіру көзделген.

Салтанатты іс-шарадан кейін Нұрлан Сауранбаев авиация саласының ардагерлерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында сала ардагерлері өз пікірлері мен ұсыныстарын білдіріп, азаматтық авиацияны дамыту мәселелері бойынша ой-пікірлерімен бөлісті. Министр ардагерлердің еңбегіне ризашылығын білдіріп, олардың ұсыныстары назарға алынатынын атап өтті. Кездесу соңында қонақтарға құрмет көрсетіліп, ардагерлер мен марапатталушыларға арналып дастархан жайылды.
❤2
Гражданская авиация Казахстана демонстрирует устойчивый рост и расширяет международное присутствие

1 февраля в Казахстане отмечается День работников гражданской авиации и День служб авиационной безопасности Казахстана. В честь профессионального праздника в Министерстве транспорта Республики Казахстан состоялось торжественное собрание.
В ходе мероприятия работникам и ветеранам отрасли, внесшим значительный вклад в развитие гражданской авиации, министр транспорта Республики Казахстан Нурлан Сауранбаев вручил нагрудные знаки «Еңбек ардагері», «Құрметті авиатор», а также благодарственные письма.

В своей поздравительной речи министр транспорта отметил ключевые достижения отрасли:
«3 декабря 2025 года Президент страны провел совещание, которое стало первым за тридцать лет на таком высоком уровне, полностью посвященное вопросам гражданской авиации. Это подчеркивает особое внимание государства к отрасли и подтверждает ее стратегическое значение. Аэропорты Казахстана обслужили 31,8 млн пассажиров, обработано 173,28 тыс. тонн грузов, авиакомпании перевезли 15,4 млн пассажиров. Международное сообщение охватывает 135 маршрутов в 30 стран, количество рейсов в неделю – 626. За этими цифрами – тысячи профессионалов: более 25 тысяч человек, ежедневно обеспечивающих стабильную и безопасную работу всей системы. Это результат вашей работы», – подчеркнул Нурлан Сауранбаев, отметив также итоги аудита Международной организации гражданской авиации по авиационной безопасности, который показал уровень соответствия международным стандартам ИКАО в Казахстане на 95,7%. Данный показатель является одним из самых высоких не только среди стран СНГ, но и в Евро-Азиатском регионе ИКАО (EUR/NAT).
Казахстан прочно удерживает лидерство в Центральной Азии по основным показателям развития авиационной отрасли – пассажирским перевозкам и грузообороту, а также среди стран СНГ по показателям безопасности полётов (82 %).
В июле 2025 года состоялся первый в истории официальный визит в Казахстан Президента Совета ИКАО Сальваторе Шаккитано.

В 2026 году в Казахстане будет создан Центр по расследованию транспортных происшествий и инцидентов, который позволит производить независимую расшифровку бортовых регистраторов (черных ящиков), различные виды экспертиз, а также исследования в области микроэлектроники, включая их восстановление.
Авиакомпании Казахстана в текущем году планируют приобрести 9 новых воздушных судов, что увеличит общий авиапарк до 118 самолётов.
В рамках расширения маршрутной сети запланировано открытие и развитие авиасообщения с такими направлениями, как Вена (Австрия), Абу-Даби (ОАЭ), Эр-Рияд (Саудовская Аравия), Сиань, Шанхай (Китай), Дели (Индия), Рим (Италия) и др.
Продолжается работа по снижению стоимости авиатоплива для развития международных авиахабов. Цена авиатоплива составляет менее 1000 долларов за тонну.

Также в этом году предусмотрена реализация инфраструктурных проектов, включая реконструкцию терминала внутренних рейсов аэропорта города Алматы, начало строительства нового терминала аэропорта города Атырау, капитальный ремонт перрона аэропорта города Актау и реконструкцию аэродрома аэропорта города Павлодар. Планируется начало строительства вторых взлётно-посадочных полос в аэропортах городов Астана и Шымкент. Работа по развитию свободных экономических зон в аэропортах Астаны, Алматы, Шымкента, Караганды, Актау и Актобе будет продолжена.
Кроме того, предусмотрено завершение строительства аэропортов в курортных зонах Катон-Карагай, Зайсан и Кендерлі, а также восстановление аэропорта города Аркалык.

По завершении торжественного мероприятия Нурлан Сауранбаев провёл встречу с ветеранами авиационной отрасли. В ходе встречи ветераны поделились своими мнениями и предложениями по вопросам развития гражданской авиации. Министр выразил признательность за их многолетний труд и отметил, что высказанные инициативы будут учтены в дальнейшей работе. В завершение встречи в знак уважения и внимания был организован праздничный фуршет для ветеранов и награжденных.
Авиациялық қауіпсіздік қызметі қызметкерлерін құрметтеу күні аясындағы авиациялық қауіпсіздік саласындағы жұмыстың қорытындылары

Қазақстанның авиациялық әкімшілігінде кәсіби мереке – Қазақстан Республикасының Азаматтық авиация қызметкерлері күніне орай авиациялық қауіпсіздік мәселелері бойынша жыл сайынғы қорытынды кеңес өтті.
Іс-шара әуежайлар, әуе компаниялары және «Қазаэронавигация» РМК авиациялық қауіпсіздік қызметі қызметкерлерінің еңбегін бағалауға, сондай-ақ мемлекеттік органдармен үйлесімді өзара іс-қимыл нәтижелерін қорытындылауға арналды. Ведомствоаралық тиімді үйлестіру мен кәсіби жұмыс авиациялық қауіпсіздік саласында қол жеткізілген нәтижелердің негізгі факторына айналды. Қазақстанда авиациялық қауіпсіздік бойынша халықаралық стандарттарды енгізу деңгейі 95,7 %-ды құрайды.
Авиациялық қауіпсіздік қызметінің мамандары күн сайын өздеріне жүктелген жауапты міндеттерді орындай келе, жолаушылардың, экипаждардың және азаматтық авиация нысандарының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп келеді. Олардың еңбегі жоғары жинақылықты, төзімділік пен кәсібилікті талап етеді және көп жағдайда жолаушыларға байқала бермейді. Дәл осы қызметкерлердің үйлесімді әрі адал жұмысының арқасында авиациялық қауіпсіздік жүйесінің тұрақтылығы қамтамасыз етіліп, Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясына деген сенім сақталады.
Авиациялық қауіпсіздік қызметінің бір қатар қызметкерлері алғыс хаттармен және «АҚҚ ардагері», «АҚҚ құрметті қызметкері», «АҚҚ саласындағы кәсібилігі үшін» төсбелгілерімен марапатталды.
Сонымен қатар кеңес барысында авиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулық материалдарды қайта қарау және жаңарту, ұлттық сараптамалық әлеуетті нығайту сияқты нормативтік-құқықтық базадағы негізгі өзгерістер атап өтілді.
Жаңа қауіп-қатерлерді, жолаушылар ағынының өсуін, жаңа әуежайлардың ашылуын және авиациялық хабтардың дамуын ескере отырып, 2026–2027 жылдарға арналған басым бағыттар айқындалды. Соның ішінде Азаматтық авиация академиясының қатысуымен авиациялық қауіпсіздік саласы үшін кадр даярлау жүйесін дамыту көзделген.
Бұдан бөлек, ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалануға байланысты қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл мәселелері және осы бағыттағы ведомствоаралық өзара іс-қимыл тетіктері қаралды.
Кеңес қорытындысында Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасында тікелей тұрақты рейстер ашу жобасы аясында TSA аудитінен өтуге дайындық жоспарларына қатысты мәселелер пысықталды.
❤1