КГА 🇰🇿
3.61K subscribers
2.95K photos
157 videos
4 files
456 links
Комитет гражданской авиации МТ РК
Авиационная администрация
Казахстана

💻 www.aaq.kz

www. aviation.miid.gov.kz

🤳 https://facebook.com/caakaz/


📱Instagram: https://www.instagram.com
Download Telegram
Қазақстанның авиациялық әкімшілігі қызметкерлері ИКАО-ның аэродромдық операциялар жөніндегі өңірлік жұмыс тобының отырысына қатысты

Бухарест қаласында (Румыния) Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) Еуропалық және Солтүстік Атлантикалық бюросының аэродромдық операциялар жөніндегі өңірлік жұмыс тобының алтыншы отырысы (RWGAO/6) өтті.
Іс-шараға Ұлыбритания, Ирландия, Франция, Польша, Қазақстан, Әзербайжан, Молдова, Марокко, Түркия, Грекия және Румыния елдерінің азаматтық авиация органдарының өкілдері қатысты.
Қатысушылардың негізгі назары Қазақстан Республикасы кіретін Еуропалық және Солтүстік Атлантикалық өңірде (EUR/NAT) ұшу қауіпсіздігі мен аэродромдарды пайдалану саласындағы ИКАО халықаралық стандарттарын тиімді іске асыру мәселелеріне аударылды.
Отырыс барысында вертодромдарды сертификаттау, кедергілерді шектеу беттерінің (Obstacle Limitation Surfaces – OLS) жаңа талаптарын енгізу, сондай-ақ әуе кемелеріне жерүсті қызмет көрсету стандарттарын жетілдіру мәселелері қаралды.
Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің әуеайлақтар және жерде қызмет көрсету департаментінің өкілдері – қорғалатын аумақтарға рұқсаттар беру жөніндегі басқарманың басшысы – бас авиациялық инспектор Ирина Хусаинова, аға авиациялық инспектор Бақтияр Сейітахметов – Қазақстанда ИКАО бастамаларын іске асыру жөнінде бірқатар баяндамалар ұсынып, оларды одан әрі дамыту бойынша ұсыныстарын білдірді. Атап айтқанда, теңіздегі бұрғылау қондырғыларында орналасқан нысандарға қосымша талаптарды қоса алғанда, вертодромдарды сертификаттауды жетілдіру, Advanced Air Mobility тұжырымдамасының дамуын ескере отырып, вертипорттарға арналған стандарттарды әзірлеу және енгізу, сонымен қатар вертипорттарды, оның ішінде көтеріңкі алаңдарда орналастыру жағдайында кедергілерді шектеу беттеріне қойылатын талаптарды бейімдеу, сондай-ақ Қазақстан әуежайларын жаңа талаптарға көшіру жоспарын іске асыру жөніндегі бастамалар ұсынылды.
Қазақстан тарапы ұсынған материалдар жұмыс тобы қатысушылары тарапынан қызығушылық тудырып, белсенді талқылауға ұласты. Отырыс қорытындысы бойынша қазақстандық тараптың ұсыныстары ИКАО-ның бейінді техникалық комитеттері аясында одан әрі пысықтауға қабылданды.
RWGAO/6 жұмысына қатысу Қазақстан Республикасының ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы халықаралық стандарттар мен үздік тәжірибелерге бейілділігін, сондай-ақ заманауи аэродром инфрақұрылымын дамыту мен азаматтық авиацияда инновациялық шешімдерді енгізудегі белсенді ұстанымын растайды.
👍2🔥1
👏3👍2🔥1
Сотрудники Авиационной администрации Казахстана приняли участие в заседании Региональной рабочей группы ИКАО по аэродромным операциям

В г. Бухаресте (Румыния) состоялось шестое заседание Региональной рабочей группы по аэродромным операциям (RWGAO/6) Европейского и Североатлантического бюро Международной организации гражданской авиации (ИКАО).
В мероприятии приняли участие представители авиационных властей Великобритании, Ирландии, Франции, Польши, Казахстана, Азербайджана, Молдовы, Марокко, Турции, Греции и Румынии.
Основное внимание участников было сосредоточено на вопросах эффективной реализации международных стандартов ИКАО в области безопасности полетов и эксплуатации аэродромов в Европейском и Североатлантическом регионе (EUR/NAT), в который входит Республика Казахстан.
В рамках заседания рассмотрены вопросы сертификации вертодромов, внедрения новых поверхностей ограничения препятствий (Obstacle Limitation Surfaces – OLS), а также совершенствования стандартов наземного обслуживания воздушных судов.
Представители департамента аэродромов и наземного обслуживания Авиационной администрации Казахстана – руководитель управления по разрешениям охраняемых территорий – главный авиационный инспектор Ирина Хусаинова, старший авиационный инспектор Бахтияр Сейтахметов – представили ряд докладов о реализации инициатив ИКАО в Казахстане и выступили с предложениями по их дальнейшему развитию. В частности, были озвучены инициативы по совершенствованию сертификации вертодромов, включая дополнительные требования к объектам, расположенным на морских буровых установках, разработке и внедрению стандартов для вертипортов с учетом развития концепции Advanced Air Mobility, адаптации требований к поверхностям ограничения препятствий в условиях размещения вертипортов, в том числе на приподнятых площадках, а также реализации плана перехода аэропортов Казахстана к применению новых поверхностей ограничения препятствий.
Представленные Казахстаном материалы вызвали заинтересованность и активное обсуждение среди участников рабочей группы. По итогам заседания предложения казахстанской стороны приняты к дальнейшей проработке в рамках профильных технических комитетов ИКАО.
Участие в работе RWGAO/6 подтверждает приверженность Республики Казахстан международным стандартам и лучшим практикам в области обеспечения безопасности полетов, а также активную позицию страны в развитии современной аэродромной инфраструктуры и внедрении инновационных решений в гражданской авиации.
❤11👍9🔥1
SCAT әуе компаниясының әуе паркі екі жаңа ұшақпен толықты

SCAT әуе компаниясы Boeing 737 MAX 8 үлгісіндегі екі жаңа әуе кемесімен толықтырылды. Әуе паркінің артуы тасымалдаушының маршруттық желісін дамыту және қолданыстағы ұшу бағдарламаларын күшейтумен тікелей байланысты.
Аталған ұшақтар АҚШ-тың Сиэтл қ. қаласындағы Boeing зауытынан тікелей жеткізілді. Сонымен қатар, бұл – әуе компанияның паркіне бір мезетте екі борттың бірден қабылдануы алғашқы рет.
2026 жылы әуе компаниясы Шымкенттен Қарағанды, Қостанай, Бішкек, Новосибирск, Санкт-Петербург және Тюмень қалаларына жаңа рейстер ашты, сондай-ақ Астанадан Моңғолия астанасы – Ұлан-Батор қаласына тікелей рейстерді іске қосты. Жаңа Boeing 737 MAX 8 ұшақтары осы бағыттарда пайдаланылып, рейістердіжоспарлауда қосымша икемділікті қамтамасыз етеді және тасымал географиясын одан әрі кеңейтуге мүмкіндік береді.
Әуе кемелері сондай-ақ бүгінде Қазақстанның маршруттық желісінің негізгі өсу нүктелерінің біріне айналып келе жатқан Шымкент әуежайы базасындағы хабты дамытуға тартылатын болады. Шымкентті ірі авиациялық торап ретінде нығайту және ұшу бағыттарын кеңейту жолаушылар үшін ел ішінде де, одан тыс жерлерде де жаңа мүмкіндіктер ашады.
Әуе кемелері паркін кеңейту жұмыстары жалғасуда және Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің тұрақты бақылауында.
👍4
🔥9
Два новых самолета пополнили парк авиакомпании SCAT

Два воздушных судна типа Boeing 737 MAX 8 получила авиакомпания SCAT. Пополнение флота напрямую связано с развитием маршрутной сети авиаперевозчика и усилением действующих полетных программ.
Самолеты являются абсолютно новыми и были поставлены напрямую с завода Boeing в г. Сиэтл (США). Кроме того, это первый случай, когда во флот авиакомпании поступили сразу два борта одновременно.
В 2026 году авиакомпания открыла новые рейсы из Шымкента в Караганду, Костанай, Бишкек, Новосибирск, Санкт-Петербург и Тюмень, а также запустила прямые рейсы из Астаны в столицу Монголии – Улан-Батор. Новые Boeing 737 MAX 8 станут частью данных программ, обеспечивая дополнительную гибкость в планировании полетов и поддержку дальнейшего расширения географии перевозок.
Воздушные суда будут задействованы также в развитии хаба на базе аэропорта Шымкента, который сегодня становится одной из ключевых точек роста маршрутной сети Казахстана. Усиление Шымкента как крупного авиационного узла, а также расширение направлений полетов создает новые возможности для пассажиров как внутри Казахстана, так и за его пределами.
Работа по расширению парка воздушных судов продолжается и находится на постоянном контроле Министерства транспорта РК.
👍14❤3
Биіктіктегі қауіпсіздік: Қазақстан ЕАЭО-да авиациялық қауіпсіздікті үйлестіруді күшейтуде

Санкт-Петербургте Халықаралық көлік – логистикалық форум аясында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің көлік саласындағы уәкілетті органдары басшыларының кеңесі жанындағы Авиациялық қауіпсіздік жөніндегі жұмыс (сараптамалық) тобының отырысы өтті.
2026 жылы Қазақстан авиациялық қауіпсіздік саласындағы қатысушы елдердің арасындағы практикалық күн тәртібін қалыптастыра отыра және өзара іс-қимылын үйлестіре отыра, жұмыс тобына төрағалық етеді. Қазақстан делегациясын Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Сәрсен Жарылғасов басқарды.
Қатысушылар Халықаралық азаматтық авиация ұйымындағы өзгерістерді, ұлттық заңнаманы жетілдіруді, авиациялық қауіпсіздік жөніндегі 17-қосымшаға №19 түзетуді, сондай-ақ заманауи технологиялар мен тәуекелге бағдарланған тәсілдерді қолдануды қоса алғанда, саланы дамытудың негізгі мәселелерін талқылады.
Қазақстан USAP-CMA бағдарламасы бойынша ИКАО аудитінен өту тәжірибесін ұсынды, оның қорытындысы бойынша стандарттарға сәйкестік деңгейі 95,7% – ға жетті-бұл өңірдегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Сондай-ақ бақылаудың тиімділігін арттыруға бағытталған авиациялық инспекторлардың кадр ресурстарын жоспарлау әдістемесі таныстырылды.
Отырыс қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты тереңдетуге, тұрақты тәжірибе алмасуға және өңірдегі авиациялық қауіпсіздік деңгейін арттыру және азаматтық авиацияны орнықты дамыту үшін келісілген шешімдер әзірлеуге мүдделілігін растады.
👍5
Безопасность на высоте: Казахстан усиливает координацию авиационной безопасности в ЕАЭС

В Санкт-Петербурге в рамках Международного транспортно-логистического форума прошло заседание Рабочей (экспертной) группы по авиационной безопасности при Совете руководителей уполномоченных органов в области транспорта государств – членов Евразийского экономического союза.
В 2026 году Казахстан председательствует в Рабочей группе, формируя практическую повестку и координируя взаимодействие стран-участниц в сфере авиационной безопасности. Делегацию Казахстана возглавил заместитель председателя Комитета гражданской авиации МТ РК Сарсен Жарылгасов.
Участники обсудили ключевые вопросы развития отрасли, включая изменения в Международной организации гражданской авиации, совершенствование национального законодательства, поправку №19 к Приложению 17 по авиационной безопасности, а также применение современных технологий и риск-ориентированных подходов.
Казахстан представил свой опыт прохождения аудита ИКАО по программе USAP-CMA, по итогам которого уровень соответствия стандартам достиг 95,7% – один из самых высоких показателей в регионе. Также была презентована методика планирования кадровых ресурсов авиационных инспекторов, направленная на повышение эффективности контроля.
По итогам заседания стороны подтвердили заинтересованность в углублении сотрудничества, регулярном обмене опытом и выработке согласованных решений для повышения уровня авиационной безопасности и устойчивого развития гражданской авиации в регионе.
❤10
Қазақстанның авиациялық әкімшілігінде халықаралық әуе тасымалдарында формальдылықты оңайлату бойынша негізгі мәселелер қаралды

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі алаңында халықаралық әуе тасымалдары кезінде формальдылықты оңайлату жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 10-отырысы өтті.
Отырысқа Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының, әуежайлары мен әуе компанияларының өкілдері қатысты.
Жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері, оның ішінде жеке басты куәландыратын электрондық құжаттарды электрондық отырғызу талондарымен енгізу және интеграциялау қарастырылды. Отандық әуе компаниялары одан әрі бірлесіп пысықтау үшін ұсыныстарын ұсынды.
Мемлекеттік органдардың әуе кемелерін тексеру рәсімдерін жетілдіруге, нормативтік базаны дамытуға және әуежайлардың транзиттік әлеуетін пайдалануға, сондай-ақ елге кіруге рұқсат берілмеген тұлғаларды уақытша орналастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Қосымша Қазақстанның авиациялық әкімшілігі қатысушыларды 2026 жылға арналған азаматтық авиация саласындағы алдағы негізгі іс-шаралар туралы хабардар етті, олар саланы дамытуға және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.
Отырыс қорытындысы бойынша шешімдер қабылданып, оларды орындау мерзімдері айқындалды. Қазақстанның авиациялық әкімшілігі халықаралық әуе тасымалдарының тиімділігін, қауіпсіздігін және сапасын арттыру мақсатында ведомствоаралық өзара іс-қимылды үйлестіруді жалғастырады.
В ААК рассмотрели ключевые вопросы упрощения формальностей в международных авиаперевозках

В Авиационной администрации Казахстана состоялось 10-е заседание Межведомственной комиссии по упрощению формальностей при международных воздушных перевозках.
В заседании приняли участие представители государственных органов, аэропортов и авиакомпаний Республики Казахстан.
Были рассмотрены вопросы повышения качества обслуживания пассажиров, включая внедрение и интеграцию электронных документов, удостоверяющих личность, с электронными посадочными талонами. Отечественные авиакомпании представили предложения для дальнейшей совместной проработки.
Отдельное внимание уделено совершенствованию процедур проверок воздушных судов государственными органами, развитию нормативной базы и использованию транзитного потенциала аэропортов, а также вопросам временного размещения лиц, которым отказано во въезде.
Дополнительно Авиационная администрация Казахстана проинформировала участников о предстоящих ключевых мероприятиях в сфере гражданской авиации на 2026 год, направленных на развитие отрасли и укрепление международного сотрудничества.
По итогам заседания приняты решения и определены сроки их исполнения. Авиационная администрация Казахстана продолжит координацию межведомственного взаимодействия в целях повышения эффективности, безопасности и качества международных воздушных перевозок.
❤2