КГА 🇰🇿
3.61K subscribers
2.88K photos
153 videos
4 files
455 links
Комитет гражданской авиации МТ РК
Авиационная администрация
Казахстана

💻 www.aaq.kz

www. aviation.miid.gov.kz

🤳 https://facebook.com/caakaz/


📱Instagram: https://www.instagram.com
Download Telegram
SCAT әуе компаниясының әуе паркі екі жаңа ұшақпен толықты

SCAT әуе компаниясы Boeing 737 MAX 8 үлгісіндегі екі жаңа әуе кемесімен толықтырылды. Әуе паркінің артуы тасымалдаушының маршруттық желісін дамыту және қолданыстағы ұшу бағдарламаларын күшейтумен тікелей байланысты.
Аталған ұшақтар АҚШ-тың Сиэтл қ. қаласындағы Boeing зауытынан тікелей жеткізілді. Сонымен қатар, бұл – әуе компанияның паркіне бір мезетте екі борттың бірден қабылдануы алғашқы рет.
2026 жылы әуе компаниясы Шымкенттен Қарағанды, Қостанай, Бішкек, Новосибирск, Санкт-Петербург және Тюмень қалаларына жаңа рейстер ашты, сондай-ақ Астанадан Моңғолия астанасы – Ұлан-Батор қаласына тікелей рейстерді іске қосты. Жаңа Boeing 737 MAX 8 ұшақтары осы бағыттарда пайдаланылып, рейістердіжоспарлауда қосымша икемділікті қамтамасыз етеді және тасымал географиясын одан әрі кеңейтуге мүмкіндік береді.
Әуе кемелері сондай-ақ бүгінде Қазақстанның маршруттық желісінің негізгі өсу нүктелерінің біріне айналып келе жатқан Шымкент әуежайы базасындағы хабты дамытуға тартылатын болады. Шымкентті ірі авиациялық торап ретінде нығайту және ұшу бағыттарын кеңейту жолаушылар үшін ел ішінде де, одан тыс жерлерде де жаңа мүмкіндіктер ашады.
Әуе кемелері паркін кеңейту жұмыстары жалғасуда және Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің тұрақты бақылауында.
👍4
🔥9
Два новых самолета пополнили парк авиакомпании SCAT

Два воздушных судна типа Boeing 737 MAX 8 получила авиакомпания SCAT. Пополнение флота напрямую связано с развитием маршрутной сети авиаперевозчика и усилением действующих полетных программ.
Самолеты являются абсолютно новыми и были поставлены напрямую с завода Boeing в г. Сиэтл (США). Кроме того, это первый случай, когда во флот авиакомпании поступили сразу два борта одновременно.
В 2026 году авиакомпания открыла новые рейсы из Шымкента в Караганду, Костанай, Бишкек, Новосибирск, Санкт-Петербург и Тюмень, а также запустила прямые рейсы из Астаны в столицу Монголии – Улан-Батор. Новые Boeing 737 MAX 8 станут частью данных программ, обеспечивая дополнительную гибкость в планировании полетов и поддержку дальнейшего расширения географии перевозок.
Воздушные суда будут задействованы также в развитии хаба на базе аэропорта Шымкента, который сегодня становится одной из ключевых точек роста маршрутной сети Казахстана. Усиление Шымкента как крупного авиационного узла, а также расширение направлений полетов создает новые возможности для пассажиров как внутри Казахстана, так и за его пределами.
Работа по расширению парка воздушных судов продолжается и находится на постоянном контроле Министерства транспорта РК.
👍14❤3
Биіктіктегі қауіпсіздік: Қазақстан ЕАЭО-да авиациялық қауіпсіздікті үйлестіруді күшейтуде

Санкт-Петербургте Халықаралық көлік – логистикалық форум аясында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің көлік саласындағы уәкілетті органдары басшыларының кеңесі жанындағы Авиациялық қауіпсіздік жөніндегі жұмыс (сараптамалық) тобының отырысы өтті.
2026 жылы Қазақстан авиациялық қауіпсіздік саласындағы қатысушы елдердің арасындағы практикалық күн тәртібін қалыптастыра отыра және өзара іс-қимылын үйлестіре отыра, жұмыс тобына төрағалық етеді. Қазақстан делегациясын Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Сәрсен Жарылғасов басқарды.
Қатысушылар Халықаралық азаматтық авиация ұйымындағы өзгерістерді, ұлттық заңнаманы жетілдіруді, авиациялық қауіпсіздік жөніндегі 17-қосымшаға №19 түзетуді, сондай-ақ заманауи технологиялар мен тәуекелге бағдарланған тәсілдерді қолдануды қоса алғанда, саланы дамытудың негізгі мәселелерін талқылады.
Қазақстан USAP-CMA бағдарламасы бойынша ИКАО аудитінен өту тәжірибесін ұсынды, оның қорытындысы бойынша стандарттарға сәйкестік деңгейі 95,7% – ға жетті-бұл өңірдегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Сондай-ақ бақылаудың тиімділігін арттыруға бағытталған авиациялық инспекторлардың кадр ресурстарын жоспарлау әдістемесі таныстырылды.
Отырыс қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты тереңдетуге, тұрақты тәжірибе алмасуға және өңірдегі авиациялық қауіпсіздік деңгейін арттыру және азаматтық авиацияны орнықты дамыту үшін келісілген шешімдер әзірлеуге мүдделілігін растады.
👍5
Безопасность на высоте: Казахстан усиливает координацию авиационной безопасности в ЕАЭС

В Санкт-Петербурге в рамках Международного транспортно-логистического форума прошло заседание Рабочей (экспертной) группы по авиационной безопасности при Совете руководителей уполномоченных органов в области транспорта государств – членов Евразийского экономического союза.
В 2026 году Казахстан председательствует в Рабочей группе, формируя практическую повестку и координируя взаимодействие стран-участниц в сфере авиационной безопасности. Делегацию Казахстана возглавил заместитель председателя Комитета гражданской авиации МТ РК Сарсен Жарылгасов.
Участники обсудили ключевые вопросы развития отрасли, включая изменения в Международной организации гражданской авиации, совершенствование национального законодательства, поправку №19 к Приложению 17 по авиационной безопасности, а также применение современных технологий и риск-ориентированных подходов.
Казахстан представил свой опыт прохождения аудита ИКАО по программе USAP-CMA, по итогам которого уровень соответствия стандартам достиг 95,7% – один из самых высоких показателей в регионе. Также была презентована методика планирования кадровых ресурсов авиационных инспекторов, направленная на повышение эффективности контроля.
По итогам заседания стороны подтвердили заинтересованность в углублении сотрудничества, регулярном обмене опытом и выработке согласованных решений для повышения уровня авиационной безопасности и устойчивого развития гражданской авиации в регионе.
❤10
Қазақстанның авиациялық әкімшілігінде халықаралық әуе тасымалдарында формальдылықты оңайлату бойынша негізгі мәселелер қаралды

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі алаңында халықаралық әуе тасымалдары кезінде формальдылықты оңайлату жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 10-отырысы өтті.
Отырысқа Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының, әуежайлары мен әуе компанияларының өкілдері қатысты.
Жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері, оның ішінде жеке басты куәландыратын электрондық құжаттарды электрондық отырғызу талондарымен енгізу және интеграциялау қарастырылды. Отандық әуе компаниялары одан әрі бірлесіп пысықтау үшін ұсыныстарын ұсынды.
Мемлекеттік органдардың әуе кемелерін тексеру рәсімдерін жетілдіруге, нормативтік базаны дамытуға және әуежайлардың транзиттік әлеуетін пайдалануға, сондай-ақ елге кіруге рұқсат берілмеген тұлғаларды уақытша орналастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Қосымша Қазақстанның авиациялық әкімшілігі қатысушыларды 2026 жылға арналған азаматтық авиация саласындағы алдағы негізгі іс-шаралар туралы хабардар етті, олар саланы дамытуға және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.
Отырыс қорытындысы бойынша шешімдер қабылданып, оларды орындау мерзімдері айқындалды. Қазақстанның авиациялық әкімшілігі халықаралық әуе тасымалдарының тиімділігін, қауіпсіздігін және сапасын арттыру мақсатында ведомствоаралық өзара іс-қимылды үйлестіруді жалғастырады.
В ААК рассмотрели ключевые вопросы упрощения формальностей в международных авиаперевозках

В Авиационной администрации Казахстана состоялось 10-е заседание Межведомственной комиссии по упрощению формальностей при международных воздушных перевозках.
В заседании приняли участие представители государственных органов, аэропортов и авиакомпаний Республики Казахстан.
Были рассмотрены вопросы повышения качества обслуживания пассажиров, включая внедрение и интеграцию электронных документов, удостоверяющих личность, с электронными посадочными талонами. Отечественные авиакомпании представили предложения для дальнейшей совместной проработки.
Отдельное внимание уделено совершенствованию процедур проверок воздушных судов государственными органами, развитию нормативной базы и использованию транзитного потенциала аэропортов, а также вопросам временного размещения лиц, которым отказано во въезде.
Дополнительно Авиационная администрация Казахстана проинформировала участников о предстоящих ключевых мероприятиях в сфере гражданской авиации на 2026 год, направленных на развитие отрасли и укрепление международного сотрудничества.
По итогам заседания приняты решения и определены сроки их исполнения. Авиационная администрация Казахстана продолжит координацию межведомственного взаимодействия в целях повышения эффективности, безопасности и качества международных воздушных перевозок.
❤2
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
✍️Мемлекет басшысы «Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 50 а)-бабын өзгертуге қатысты хаттаманы және Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 56-бабын өзгертуге қатысты хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.


****

✍️Главой государства подписан Закон Республики Казахстан «О ратификации Протокола, касающегося изменения статьи 50 а) Конвенции о международной гражданской авиации, и Протокола, касающегося изменения статьи 56 Конвенции о международной гражданской авиации»

Текст Закона публикуется в печати.

t.me/aqorda_resmi
👍3🔥1
Қазақстан жаһандық авиация жүйесіндегі рөлін нығайтуда

Мемлекет басшысы Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 50 (a) және 56-баптарына өзгерістер енгізуді көздейтін хаттамаларды ратификациялау туралы Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұған дейін аталған түзетулер Парламент Сенатының кеңейтілген отырысында мақұлданған болатын.
Өзгерістер ИКАО Кеңесінің құрамын 36-дан 40 мүше мемлекетке дейін ұлғайтуды қарастырады.
Түзетулердің күшіне енуі үшін оларды ИКАО-ға мүше мемлекеттердің кемінде үштен екісі (128 ел) ратификациялауы қажет. Бүгінгі таңда 123-тен астам мемлекет ратификациялау рәсімін аяқтады.
Аталған Заңның қабылдануымен Қазақстан Орталық Азияда Чикаго конвенциясына енгізілген бұл өзгерістерді ратификациялаған алғашқы мемлекеттердің біріне айналды.
Бұл қадам еліміздің халықаралық міндеттемелерге, сондай-ақ тиімді басқаруды дамыту мен халықаралық ынтымақтастықты күшейтуге бағытталған Чикаго конвенциясының мақсаттары мен қағидаттарына бейілділігін растайды.
Сонымен қатар, Заңға қол қойылуы Қазақстанға ұшу қауіпсіздігі саласындағы халықаралық стандарттарды және авиациялық саясатты қалыптастыруға қатысуға мүмкіндік береді, сондай-ақ алдағы ИКАО Ассамблеясының Төтенше сессиясы аясында ИКАО Кеңесіне өз кандидатурасын ұсыну ниетін бекітеді.
❤1
❤3
Казахстан укрепляет свою роль в глобальной авиационной системе

Главой государства подписан Закон Республики Казахстан о ратификации Протоколов, предусматривающих внесение изменений в статьи 50 (a) и 56 Конвенции о международной гражданской авиации. Ранее данные поправки были одобрены Сенатом Парламента на расширенном заседании.
Изменения предусматривают увеличение численного состава Совета ИКАО с 36 до 40 государств-членов.
Для вступления поправок в силу их должны ратифицировать не менее двух третей государств – членов ИКАО (128 стран). На сегодняшний день более 123 государств уже завершили процесс ратификации.
С принятием Закона Казахстан становится одним из первых в Центральной Азии государств, ратифицировавших данные изменения к Чикагской конвенции.
Этот шаг подтверждает приверженность страны международным обязательствам, а также целям и принципам Чикагской конвенции – от развития эффективного управления до усиления международного сотрудничества.
Кроме того, подписание Закона дает Казахстану право участвовать в формировании международных стандартов безопасности полетов и авиационной политики, а также закрепляет намерение нашей страны выдвинуть свою кандидатуру в Совет ИКАО в рамках предстоящей Чрезвычайной Сессии Ассамблеи ИКАО.
🔥8❤2👍2🤓1🤪1
Қазақстанға келген жаңа Boeing 737 MAX 8 алғашқы тұрақты рейстерін орындауда
 
SCAT әуекомпаниясының флотын толықтырған екі жаңа Boeing 737 MAX 8 әуе кемесі Шымкент – Астана – Шымкент тұрақты рейстер бойынша алғашқы ұшуларын орындай бастады.
Отандық әуе компаниясының паркіне бірден екі жаңа әуе кемесінің қосылуы Қазақстанның авиация саласы үшін елеулі оқиға және қазақстандық авиация нарығының белсенді дамуының тағы бір растауы болды. Осы жылдың соңына дейін қазақстандық әуе компанияларының әуе кемелері паркін 118 ұшаққа дейін ұлғайту жоспарлануда.
ҚР КМ Азаматтық авиация комитеті әуе тасымалдарының қолжетімділігін арттыру, маршруттық желіні кеңейту және отандық авиация нарығының бәсекеге қабілеттілігін нығайту, сондай-ақ ұшу қауіпсіздігінің жоғары деңгейі мен жолаушыларға қызмет көрсету сапасын қамтамасыз ету мақсатында қазақстандық әуе компанияларының әуе кемелері паркін кеңейту бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда.
👍2