КГА 🇰🇿
3.61K subscribers
2.89K photos
153 videos
4 files
455 links
Комитет гражданской авиации МТ РК
Авиационная администрация
Казахстана

💻 www.aaq.kz

www. aviation.miid.gov.kz

🤳 https://facebook.com/caakaz/


📱Instagram: https://www.instagram.com
Download Telegram
Қазақстанның авиациялық әкімшілігі мен ИКАО қызметкерлерді оқыту бойынша құжатқа қол қойды

Марракеш қаласында (Марокко) өтіп жатқан ICAO Global Implementation Support Symposium 2026 аясында Қазақстанның авиация әкімшілігі (ҚАӘ) мен ИКАО Training Services Agreement келісімін ұзартуға қол қойды.

Бұл қадам ИКАО-мен қолданыстағы келісім аясында 2026 жылы ҚАӘ қызметкерлерін оқыту бағдарламасын іске асыруға бағытталған және авиация мамандарының біліктілігін арттыру мен кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған виртуалды және аудиториялық оқу курстарынан өтуді көздейді.

Осылайша, 2026 жылы келісімді іске асыру аясында оқыту негізгі бағыттар бойынша 23 курсты қамтиды, оның қорытындысы бойынша ИКАО халықаралық сертификаттары табысталады.

ҚАӘ атынан құжатқа Бас атқарушы директордың м.а. Аслан Сәтжанов қол қойды. Ол бұл оқиға адами капиталды дамытуға, халықаралық стандарттарға сәйкес авиация мамандарын даярлау жүйесін нығайтуға, ұшу қауіпсіздігі деңгейін арттыруға, сондай-ақ саладағы оқытудың озық тәжірибелері мен орнықты тетіктерін енгізуге бағытталған ҚАӘ мен ИКАО арасындағы стратегиялық серіктестіктің кезекті кезеңі екенін атап өтті.
❤4
Авиационная администрация Казахстана и ИКАО подписали документ по обучению работников

В рамках ICAO Global Implementation Support Symposium 2026 в г. Марракеш (Марокко) Авиационная администрация Казахстана (ААК) подписала соглашение о продлении Training Services Agreement между ААК и ИКАО.

Нынешнее подписание направлено на реализацию программы обучения работников ААК в 2026 году в рамках действующего соглашения с ИКАО и предусматривает прохождение учебных виртуальных и аудиторных курсов, направленных на повышение квалификации авиационных специалистов и развитие профессиональных компетенций.

Таким образом, в 2026 году в рамках реализации соглашения обучение будет включать23 курса по ключевым направлениям, по итогам которого будут вручены международные сертификаты ИКАО.

От имени ААК документ подписал И.о. главного исполнительного директора Аслан Сатжанов, который отметил, что это событие является очередным этапом стратегического партнерства между ААК и ИКАО, направленного на развитие человеческого капитала и укрепление системы подготовки авиационных специалистов в соответствии с международными стандартами, повышение уровня безопасности полетов, а также внедрение передовых практик и устойчивых механизмов обучения в отрасли.
👍2🔥2
Қазақстан ИКАО алаңында авиациялық қауіпсіздік саласындағы өңірлік ынтымақтастықты ілгерілетуде

Қазақстан Республикасы Канаданың Монреаль қаласындағы ИКАО штаб-пәтерінде Халықаралық азаматтық авиация ұйымы ұйымдастырған Авиациялық қауіпсіздік жөніндегі сарапшылар панелінің отызыншы отырысына (AVSECP/37) қатысты.

Отырыста ИКАО-ның іске асыруды қолдау және әлеуетті арттыру жөніндегі бастамасы аясында Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Авиациялық қауіпсіздік департаментінің бас авиациялық инспекторы, ИКАО-ның авиациялық қауіпсіздік жөніндегі сарапшылар панелінің оқыту жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Рүстем Қабанбаев Қазақстан Республикасынан «Өңірлік ынтымақтастықты нығайту: Орталық Азия мен Кавказ елдерінің авиациялық қауіпсіздік жөніндегі үйлестіру тобының Қазақстан Республикасын ICAO USAP-CMA аудитіне дайындаудағы рөлі» атты жұмыс құжатын ұсынды. Атап айтқанда, авиациялық қауіпсіздікті қадағалауды және ИКАО-ның Қауіпсіздікті тексерудің әмбебап бағдарламасы - үздіксіз мониторинг тәсіліне (USAP-CMA) дайындықты жақсартудағы өңірлік ынтымақтастықты кеңейтудің маңыздылығы атап өтілді.

Авиациялық қауіпсіздік жөніндегі үйлестіру тобы 2021 жылы Орталық Азия мен Кавказ елдері арасында білім алмасуға, әлеуетті арттыру бастамаларына және қауіпсіздік шараларын үйлестіруге жәрдемдесу мақсатында құрылған болатын.

AVSECP/37 қатысушылары өңірлік ынтымақтастықты авиациялық қауіпсіздіктің жаһандық тұрақтылығын нығайтудың негізгі факторы ретінде мойындай отырып, Қазақстан Республикасының тұжырымдарын оң бағалады. Қазақстанның қосқан үлесі өңірдегі тиімді өзара іс-қимыл мен көшбасшылықтың үлгісі ретінде атап өтілді.

Кеңесте сонымен қатар авиациялық қауіпсіздіктің бірқатар маңызды мәселелері, соның ішінде жаңа қатерлер, саясат пен реттеудегі өзгерістер, инновациялар мен әлеуетті арттыру стратегиялары қаралды. Бұл ИКАО-ның қауіпсіз және сенімді халықаралық әуе көлігін қамтамасыз ету жөніндегі миссиясын одан әрі нығайта түсті.

Қазақстан авиациялық қауіпсіздікті арттыру және анағұрлым қауіпсіз авиациялық ортаны құру жөніндегі жаһандық күш-жігерді қолдау мақсатында ИКАО-мен және халықаралық серіктестермен тығыз ынтымақтастыққа ұмтылуда.
👍6
Казахстан продвигает региональное сотрудничество в авиационной безопасности на площадке ИКАО

Республика Казахстан приняла участие в тридцать седьмом заседании Панели экспертов по авиационной безопасности (AVSECP/37), организованном Международной организацией гражданской авиации в штаб-квартире ИКАО в Монреале, Канада.

На заседании, в рамках инициативы ИКАО по поддержке реализации и наращиванию потенциала, главный авиационный инспектор Департамента авиационной безопасности Авиационной администрации Казахстана, член рабочей группы по обучению Панели экспертов по авиационной безопасности ИКАО Рустем Кабанбаев представил рабочий документ от Республики Казахстан «Укрепление регионального сотрудничества: роль Координационной группы по авиационной безопасности стран Центральной Азии и Кавказа в подготовке Республики Казахстан к аудиту ICAO USAP-CMA». В частности, подчеркивалась важность расширения регионального сотрудничества в улучшении надзора за авиационной безопасностью и готовности к Универсальной программе аудита безопасности ICAO – подходу непрерывного мониторинга (USAP-CMA).

Координационная группа по авиационной безопасности была создана в 2021г. в целяхсодействия обмену знаниями, инициативам по наращиванию потенциала и гармонизации мер безопасности между странами Центральной Азии и Кавказа.

Участники AVSECP/37 приветствовали выводыРеспублики Казахстан, признав актуальность регионального сотрудничества как ключевого фактора укрепления глобальной устойчивости авиационной безопасности. Вклад Казахстана был отмечен как пример эффективного взаимодействия и лидерства в регионе.

На совещании также был рассмотрен широкий круг важнейших вопросов авиационной безопасности, включая новые угрозы, изменения в политике и регулировании, инновации и стратегии наращивания потенциала, что еще больше укрепило миссию ИКАО по обеспечению безопасного и надежного международного воздушного транспорта.

Казахстан по-прежнему привержен тесному сотрудничеству с ИКАО и международными партнерами в целях повышения авиационной безопасности и поддержки глобальных усилий по созданию более безопасной авиационной среды.
👍7
Қазақстан авиациялық қауіпсіздік бойынша әлемдегі ТОП-20 елдің қатарына енді
 
ICAO Global Implementation Support Symposium (GISS 2026) симпозиумы аясында Халықаралық азаматтық авиация ұйымы Кеңесінің Президенті Тошиюки Онума мен ҚР Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиеваның кездесуі өтті. Іс-шараға ИКАО-ның EUR/NAT бюросының өңірлік директоры Николас Ралло және Қазақстан Республикасының ИКАО-дағы Тұрақты өкілі Тимур Тлегенов қатысты.

ААК төрағасы Тошиюки Онуманы ИКАО Кеңесінің Президенті лауазымына сайлануымен құттықтап, оның елеулі кәсіби тәжірибесі халықаралық азаматтық авиацияның одан әрі серпінді дамуына ықпал ететініне сенім білдірді.

«Мен сіздің еліңіздің белсенді ұстанымын және ИКАО қызметіне қосып жатқан үлесін әрдайым жоғары бағалаймын. Сіздердің ұйым принциптеріне адалдықтарыңыз бен атсалысуларыңызды тек мен ғана емес, барлығы анық көріп отыр. Мен үшін ұйымның мүше мемлекеттерге нақты қандай қолдау көрсете алатынын және олардың қажеттіліктерін түсіну өте маңызды. Осы тұрғыдан алғанда, бұл өте жағымды сигнал және ол сіздердің тараптарыңыздан байқалады», – деді Т. Онума.

Өз кезегінде Николас Ралло Қазақстанның бірегейлігін атап өтіп, еліміздің авиация саласындағы соңғы жылдардағы жетістіктеріне тоқталды: «Біз стратегия мен серіктестіктің үлгісін көрсетіп отырған мемлекетті көріп отырмыз. Бұрын ИКАО-дан қолдау алып келсе, қазір Қазақстан өз білімімен және іс-тәжірибесімен бөлісе отырып, басқа мемлекеттерге қолдау көрсетуде.
Бұл үшін біз өте ризамыз».
Салтанат Томпиева саланың даму көрсеткіштері туралы баяндады: «Авиациялық қауіпсіздік көрсеткіші 2009 жылғы 62%-дан 2025 жылдағы 95,7%-ға дейін өсті, бұл Қазақстанға әлемдегі ТОП-20 елдің қатарына кіруге мүмкіндік берді. 2025 жылы Қазақстандағы жолаушылар ағыны пандемияға дейінгі кезеңмен салыстырғанда 80%-ға артты. Ұшу қауіпсіздігі бойынша Қазақстанның көрсеткіші 2009 жылғы 47%-дан 2025 жылы 82%-ға дейін көтерілді. Бұл өсім әлемдік орташа деңгейден (69,3%) және жалпыеуропалық көрсеткіштен (76%) 35%-ға жоғары».

Қазақстанның Чикаго конвенциясының 50 (а) және 56-баптарына енгізілген түзетулерді ратификациялауы маңызды қадам болды. Заңға қол қою Қазақстанды ИКАО Ассамблеясының алдағы Төтенше сессиясы барысында ИКАО Кеңесіне ұсынуға мүмкіндік береді. Халықаралық азаматтық авиация ұйымы туралы конвенцияға түзетулерді ратификациялау ИКАО Кеңесі мен ИКАО Аэронавигациялық комиссиясының құрамын кеңейту туралы шешімдердің күшіне енуін қамтамасыз етеді.

Қазақстан – теңізге шыға алмайтын, жалпы халқы 500 миллионнан асатын 32 дамушы елдің (LLDC) ішіндегі ең ірісі. Қазіргі уақытта ИКАО Кеңесінде осы санаттағы елдердің ішінен тек Мали мен Уганда ғана мүшелік мәртебеге ие.

Салтанат Томпиева, сондай-ақ ИКАО Кеңесінің Президентіне көлік оқиғаларын тергеу жөніндегі тәуелсіз органның құрылғаны туралы хабарлады.

Кездесу соңында ААК төрағасы ИКАО Кеңесінің Президентін Қазақстанға келуге және авиациялық қауіпсіздік саласындағы маңызды халықаралық іс-шаралардың бірі – осы жылдың қазан айының 20-22 аралығында Қазақстанда өткізу жоспарланған 2026 жылғы ИКАО-ның авиациялық қауіпсіздік апталығы жаһандық симпозиумына (ICAO Security Week) қатысуға шақырды.

Бұл іс-шара еліміздің тарихында ИКАО аясында өтетін алғашқы ауқымды халықаралық оқиға және өңірдегі авиациялық қауіпсіздік бойынша ең ірі форумдардың бірі болатыны атап өтілді.

ICAO GISS 2026 симпозиумына қатысу аясында Салтанат Томпиева ИКАО-ның Бас хатшысы Хуан Карлос Саласармен, ИКАО-ның EUR/NAT бюросының өңірлік директоры Николас Ралломен, Марокко Корольдігі азаматтық авиациясының Бас директоры Тарик Талибимен, сондай-ақ Канада, Франция, Дания, Сингапур, Индонезия, Үндістан, Экваторлық Гвинея, Гвинея-Бисау, Ангола, Нигерия министрліктері мен авиациялық билік орындарының басшыларымен кездесті.
Сонымен қатар, Араб азаматтық авиация ұйымы (ACAO), Африка азаматтық авиация комиссиясы (AFCAC) және Латын Америкасы азаматтық авиация комиссиясының (LACAC) басшылығымен келіссөздер жүргізді.

Кездесулер қорытындысы бойынша Халықаралық азаматтық авиация ұйымы шеңберінде ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге, озық тәжірибелермен алмасуға және бірлескен бастамаларды дамытуға өзара мүдделілік расталды.
Казахстан вошёл в ТОП-20 мира по авиационной безопасности
 
На полях ICAO Global Implementation Support Symposium (GISS 2026) состоялась встреча Президента Совета Международной организации гражданской авиации Тошиюки Онума с Председателем Комитета гражданской авиации МТ РК Салтанат Томпиевой. В мероприятии приняли участие Региональный директор Бюро ИКАО EUR/NAT Николас Ралло, Постоянный представитель РК в ИКАО Тимур Тлегенов.

Председатель КГА поздравила Тошиюки Онума с избранием на пост Президента Совета ИКАО, выразив уверенность, что его значительный профессиональный опыт будет способствовать дальнейшему динамичному развитию международной гражданской авиации.

«Я всегда высоко оцениваю очень активную позицию вашей страны и её вклад в деятельность ИКАО. Не только я, все ясно видят и понимают вашу вовлечённость и приверженность принципам организации. Крайне важно для меня  понимать, что именно организация может сделать для государств-членов и какие у них реальные потребности в поддержке. С этой точки зрения это очень позитивный сигнал, и он на вашей стороне», – сказал Т. Онума.

В свою очередь Николас Ралло отметил уникальность Казахстана, подчеркнув достижения авиационной отрасли в стране за последние годы: «Мы видим государство, которое демонстрирует модель стратегии, модель партнёрства, которое раньше получало поддержку от ИКАО, а теперь само поддерживает другие государства, делясь знаниями и демонстрируя практический опыт. И за это мы очень благодарны».

О показателях развития отрасли в Казахстане сообщила Салтанат Томпиева: «Показатель авиационной безопасности вырос с 62% в 2009 году до 95,7% в 2025 году, что позволило Казахстану войти в ТОП 20 мира. В 2025 году пассажиропоток в Казахстане вырос на 80% по сравнению с допандемийным периодом. По безопасности полётов показатель Казахстана вырос с 47% в 2009 году до 82% в 2025 году, рост на 35% превышает среднемировой уровень (69,3%) и общеевропейский показатель (76%)».

Важным шагом стала ратификация Казахстаном поправок к статьям 50 (a) и 56 Чикагской конвенции. Подписание Закона дает возможность выдвижения Казахстана в Совет ИКАО в ходе предстоящей Чрезвычайной Сессии Ассамблеи ИКАО. Ратификация поправок к Конвенции Международной организации гражданской авиации обеспечивает вступление в силу решений о расширении состава Совет ИКАО и Аэронавигационной комиссии ИКАО.

Казахстан – крупнейшая из 32 развивающихся стран, не имеющих выхода к морю, с общим населением более 500 млн человек. В настоящее время в Совете статус члена имеют лишь две страны LLDC – Мали и Уганда.

Салтанат Томпиева проинформировала также Президента Совета ИКАО о создании независимого органа по расследованию транспортных происшествий.

В завершение встречи Председатель КГА пригласила Президента Совета ИКАО посетить Казахстан и принять участие в одном из ключевых международных событий в сфере авиационной безопасности – Глобальном симпозиуме Недели ИКАО по авиационной безопасности 2026 года (ICAO Security Week), который планируется провести 20-22 октября текущего года в Казахстане.

Отмечено, что мероприятие станет первым в истории страны масштабным международным событием под эгидой ИКАО и одним из крупнейших форумов по авиационной безопасности в регионе.

В рамках участия в ICAO GISS 2026 Салтанат Томпиева дополнительно встретилась с Генеральным секретарем ИКАО Хуаном Карлосом Саласаром, Директором Регионального бюро ИКАО EUR/NAT Николасом Ралло, Генеральным директором гражданской авиации Королевства Марокко Тариком Талиби, а также с главами министерств и авиационных властей Канады, Франции, Дании, Сингапура, Индонезии, Индии, Экваториальной Гвинеи, Гвинеи-Бисау, Анголы, Нигерии, а также с руководством Арабской организации гражданской авиации (ACAO), Африканской комиссии гражданской авиации (AFCAC), Латиноамериканской комиссии по гражданской авиации (LACAC).
🔥4❤1
По итогам встреч подтверждена взаимная заинтересованность в дальнейшем расширении сотрудничества, обмене лучшими практиками и развитии совместных инициатив в рамках Международной организации гражданской авиации.
🔥4❤1
ИКАО Бас хатшысы Хуан Карлос Саласармен кездесу

Марракеш қаласында (Марокко) өткен ICAO Global Implementation Support Symposium 2026 аясында Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) Бас хатшысы Хуан Карлос Саласар мен ҚР КМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиеваның кездесуі өтті. Кездесуге сондай-ақ ИКАО EUR/NAT бюросының Өңірлік директоры Николас Ралло мен ҚР-ның ИКАО жанындағы Тұрақты өкілі Тимур Тілегенов қатысты.

Тараптар азаматтық авиацияны дамытудың өзекті мәселелерін, атап айтқанда ұшу қауіпсіздігін арттыруды, адами капиталды дамытуды, инфрақұрылымды жаңғыртуды және халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуді талқылады.

ИКАО Бас хатшысы Қазақстанның ИКАО халықаралық бастамаларын іске асыруға қосқан үлесінің маңыздылығын атап өтті.

«Қазақстан азаматтық авиацияда жүйелі жұмысты, күшті көшбасшылықты және жаһандық бастамаларға белсенді қатысуды ұштастыра отырып, сенімді ілгерілеу көрсетіп отыр. Сіздер тиімді дамудың үлгісін көрсетіп, сәтті тәжірибеңізді кеңінен бөлісіп жатырсыздар. Бұл өте құнды», - деп атап өтті Хуан Карлос Саласар.
Өз кезегінде С. Томпиева ИКАО-мен ынтымақтастықтың Қазақстан үшін стратегиялық маңызға ие екенін баса айтты.

«Аумағы жағынан әлемдегі ірі мемлекеттердің бірі және теңізге тікелей шыға алмайтын дамушы ел ретінде біз азаматтық авиацияны көліктік байланыстың басты құралы ретінде ерекше бағалаймыз. Біздің басым мақсаттарымыз – ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ИКАО стандарттарына толық сәйкестік, 2050 жылға дейінгі азаматтық авиацияны дамытудың бас жоспарын (CAMP) тиімді іске асыру және Қазақстан Республикасын ИКАО Кеңесіне мүшелікке кандидат ретінде ұсыну», – деп қорытындылады Азаматтық авиация комитетінің төрағасы.

Тараптар ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың және Ұйымның жаһандық бастамаларына қатысудың маңыздылығын атап өтті.

Кездесудің соңында Салтанат Томпиева Хуан Карлос Саласарды Қазақстанға келуге және авиациялық қауіпсіздік саласындағы маңызды халықаралық іс-шаралардың біріне – биылғы жылдың 20–22 қазанында Қазақстанда өткізілуі жоспарланған ИКАО Авиациялық қауіпсіздік аптасының (ICAO Security Week 2026) қатысуға шақырды.

Кездесу тараптардың қауіпсіз, тұрақты және тиімді халықаралық азаматтық авиацияны қамтамасыз ету мақсатында конструктивті диалогты дамытуға және ынтымақтастықты нығайтуға өзара мүдделілігін растады.
👍2