КГА 🇰🇿
3.61K subscribers
2.95K photos
157 videos
4 files
456 links
Комитет гражданской авиации МТ РК
Авиационная администрация
Казахстана

💻 www.aaq.kz

www. aviation.miid.gov.kz

🤳 https://facebook.com/caakaz/


📱Instagram: https://www.instagram.com
Download Telegram
🔸️Көлік министрі Шымкент әуежайындағы жаңғырту жұмыстарымен танысты

Шымкент қаласына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Шымкент халықаралық әуежайына барып, екінші ұшу-қону жолағын салу жобасының барысымен танысты.

Сонымен қатар, жобада такси жолдарын, авариялық-құтқару станцияларын, инженерлік желілерді және периметрлік қоршауларды қоса алғанда, тиісті инфрақұрылымды орнату, сондай-ақ әуеайлақты ИКАО-ның III санатты жарық сигналдық жабдықтарымен жарақтандыру көзделген.

Екінші ұшу қону жолағының құрылысы Қазақстанның аэрохабтарын дамыту шеңберінде іске асырылатын негізгі инфрақұрылымдық жобалардың бірі болып табылатыны атап өтілді.

Жоба әуежайдың өткізу қабілетін арттыруға, оның заманауи әуе кемелерін өңдеу мүмкіндігін кеңейтуге және аймақтың транзиттік және логистикалық әлеуетін нығайтуға бағытталған.

Тексеру қорытындысы бойынша министр барлық жоспарланған жұмыстарды уақтылы және сапалы аяқтауды тапсырды.

***

🔸️Министр транспорта ознакомился с модернизацией аэропорта Шымкент

В рамках рабочего визита в город Шымкент Министр транспорта Республики Казахстан Нурлан Сауранбаев посетил Международный аэропорт Шымкент, где ознакомился с ходом реализации проекта по строительству второй взлетно-посадочной полосы.

Проектом также предусмотрено устройство соответствующей инфраструктуры, включая рулежные дорожки, аварийно-спасательные станции, инженерные сети и периметровое ограждение, а также оснащение аэродрома светосигнальным оборудованием III категории ИКАО.

Отмечено, что строительство второй ВПП является одним из ключевых инфраструктурных проектов, реализуемых в рамках развития аэрохабов Казахстана.

Проект направлен на увеличение пропускной способности аэропорта, расширение возможностей по приему современных типов воздушных судов, а также укрепление транзитного и логистического потенциала региона.

По итогам осмотра Министр поручил обеспечить своевременное и качественное завершение всех предусмотренных работ.
Forwarded from UKIMET
Олжас Бектенов көлік саласын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді

📌 Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының ұлттық жүк әуе компаниясын дамыту, сондай-ақ теңіз және теміржол тасымалдарын ұлғайту бойынша тапсырмаларын орындау мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Жиында Көлік министрлігінің, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» және Turlov Private Holding жүк әуе компаниясының жұмысын ұйымдастыру және оның тұрақты дамуын қамтамасыз ету жөніндегі тәсілдері тыңдалды.

Транзиттік жүк хабы ретінде Қытай – Қазақстан – Батыс Еуропа бағыты бойынша қолайлы жағдай жасау үшін әуе кемелерін кезең-кезеңімен шығаруды, бәсекелестік құны бойынша авиаотынмен қамтамасыз етуді қоса алғанда, операциялық қызметті жедел іске қосу мәселелері қаралды. Ілеспе инфрақұрылымды дамытуға, оның ішінде әуежай қуатын, жүк терминалдарын, қойма логистикасына назар аударылады.

Сонымен қатар Орталық Азия өңірінен Кавказға және Батыс Еуропа елдеріне тасымалдау көлемін ұлғайту үшін қазақстандық «Ақтау» және «Құрық» теңіз порттарын тиеу шаралары талқыланды.

Теміржол саласы бойынша өткізу қабілетін арттыру, сондай-ақ тарифтік саясатты жетілдіру үшін инфрақұрылымды одан әрі жаңғырту және қазақстандық теміржол желісін дамыту жоспарлары айтылды.

Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-министр бірқатар тапсырма берді.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1👍1
Forwarded from UKIMET
Олжас Бектенов провел совещание по развитию транспортной отрасли

📌 Премьер-министр Олжас Бектенов провел совещание по вопросам исполнения поручений Главы государства в области развития национальной грузовой авиакомпании, а также наращивания морских и железнодорожных перевозок.

Заслушаны подходы Министерства транспорта, ФНБ «Самрук-Қазына», НК «КТЖ», холдинга Turlov Private по организации работы и обеспечению устойчивого развития грузовой авиакомпании.

Рассмотрены вопросы ускоренного запуска операционной деятельности, включая поэтапный вывод воздушных судов, обеспечение авиатопливом по конкурентной стоимости для предоставления выгодных условий по маршруту Китай – Казахстан – Западная Европа как транзитного грузового хаба. Внимание уделено развитию сопутствующей инфраструктуры, включая аэропортовые мощности, грузовые терминалы, складскую логистику.

Кроме того, обсуждены меры загрузки казахстанских морских портов «Актау» и «Курык» для увеличения объема перевозок из региона Центральной Азии на Кавказ и в страны Западной Европы.

По железнодорожной отрасли озвучены планы дальнейшей модернизации инфраструктуры и развития казахстанской ж/д сети для увеличения пропускной способности, а также совершенствования тарифной политики.

По итогам совещания Премьер-министр дал ряд поручений.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1👍1
Forwarded from UKIMET
Нұрлыбек Нәлібаев Алматы қаласындағы көлік-логистикалық, энергетикалық, индустриялық және туристік жобалармен танысты

📌ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Алматы қаласына жұмыс сапары барысында мегаполистің негізгі көлік-логистикалық, энергетикалық, индустриялық және туристік нысандарын аралады. Оған қала әкімі Дархан Сатыбалды, облыс әкімдігінің басшылығы, сондай-ақ нысандарға жауапты ведомстволар мен салалық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Нұрлыбек Нәлібаев алдымен Алматы әуежайында болып, нысанның инфрақұрылымын дамыту жобаларының жай-күйімен, соның ішінде перрон ғимараты, ұшақтарды мұздан тазарту алаңы, жаңа жүк тұрақтары құрылысымен және ішкі рейстер терминалының реконструкциясымен танысты.

Алматы әуежайы жаңа халықаралық терминалының жалпы аумағы – 56 мың шаршы метр, 93 млрд теңге инвестиция салынған нысанның өткізу қуаты жылына 14 млн жолаушыға өскен. 2024 жылдың маусым айында пайдалануға берілгелі бері бұрынғы ғимаратқа түсетін жүктеме азайып, ол толықтай ішкі рейстерге қызмет көрсетуге көшті.

Премьер-министрдің бірінші орынбасарына жаңадан салынып жатқан нысандар және алдағы жоспарланған іс-шаралар туралы мәлімет берілді. «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ президенті Көсе Гөкер баяндағандай, нысанды басқаруды қолға алған TAV Havalimanları Holding A.Ş. (TAV Airports Holding) компаниясы былтыр тамыз айында жалпы сомасы $360 млн болатын алдағы бес жылға арналған бас жоспарын бекіткен. Оның аясында терминалдарды реконструкциялау, ұшу-қону жолағын күрделі жөндеу, жердегі қызмет көрсету жабдықтарын сатып алу, жүк перроны және бортта тамақтандыру нысандарын тұрғызу, қонақ үй мен көп деңгейлі паркинг салу сынды тағы да басқа жобалар қарастырылған.

Бірінші вице-премьер Мемлекет басшысы Қазақстанды аймақтағы жетекші транзиттік экономикалар деңгейіне шығару міндетін қойғанын, Үкімет бұл тапсырманы басым бағыт ретінде қарастыратынын және оған жан-жақты қолдау көрсетілетінін баса айтты.

«Бүгін Үкімет басшысының тапсырмасымен әуежайдағы жұмыс барысын көру үшін арнайы келдім. Алматы халықаралық әуежайын жаңғырту – Қазақстанды Орталық Азиядағы негізгі авиациялық хабтардың біріне айналдыруға бағытталған стратегиялық шешім. Алайда жұмыс қарқыны өте баяу. Алматы – туристер көп келетін, ең әсем қаламыздың бірі. Әуежай аумағындағы қаланың көркін бұзатын, туристерге жайсыздық тудыратын құрылыс жұмыстарын 1 шілдеге дейін аяқтау керек. Көсе Гөкер мырза, әуежай маңындағы жолаушылардың, туристердің орынды сын-ескертпелеріне негіз болған, созылып кеткен жұмыстарды аяқтайтын уақыт жетті. Туристер ағыны өсетін жаз мезгілі қарсаңында жаңғыртудың қарқынын да арттырыңыздар, халықтың жағдайын назарға алыңыздар. Ал қала әкімдігі жаңғырту жұмыстарының сапасы мен дер уақытында бітуін қатаң бақылауда ұстауы тиіс»,

— деп атап өтті Нұрлыбек Нәлібаев.

Сондай-ақ Алматы әуежайының халықаралық терминалын таяуда нөсер жаңбыр салдарынан су басу оқиғасына арнайы тоқталды. Бұл жағдай қоғамда кең резонанс тудырып, қала тұрғындары мен шетелдік қонақтар арасында жағымсыз реакцияға себеп болды. Осы ретте Премьер-министрдің бірінші орынбасары жұмыстың басты өлшемі - сапа екенін ескертіп, Алматы қаласының әкімдігіне әуежайдың көлік инфрақұрылымын қалалық қоғамдық көлік желісімен, соның ішінде метроның перспективалық бағытымен интеграциялауды тапсырды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2
Forwarded from UKIMET
Нұрлыбек Нәлібаев Алматы қаласына жұмыс сапары кезінде екінші және үшінші жылу электр орталықтарында болып, ауқымды жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты.

Алматы қаласының Алатау ауданындағы екінші жылу электр стансасы – алып шаһардағы ең ірі жылу көзі. Жаңғырту жобасының басты мақсаты – энергетика кешенін табиғи газға көшіру арқылы қаланы жылумен және энергиямен тұрақты қамтамасыз етіп, ауаға тарайтын зиянды қалдықтарды азайту. Оның аясында жылу қуаты сағатына 952 Гкал-ға дейін, ал электр қуаты 600 МВт-қа дейін жететін заманауи газ стансасын іске қосу көзделген.

Жобаны жүзеге асыру барысында үш газ турбинасы мен генератор орнатылды. Жабдықтардың 99%-ы жеткізілген. Қосалқы инфрақұрылым мен жол құрылысы аяқталды. Негізгі нысандардағы құрылыс-монтаждау жұмыстарының жалпы дайындық деңгейі шамамен 55%. Қазіргі кезде бас корпус ғимараты мен су жылыту қазандықтарында, су және газ дайындау пункттерінде, сондай-ақ электр техникалық инфрақұрылым нысандарында жұмыс жалғасуда. Барлық жұмыс, соның ішінде негізгі жабдықтарды жеткізу бекітілген кестеге сәйкес жүруде. Жобаның аяқталуы 2026 жылдың соңына жоспарланған.

Сонымен қатар Премьер-министрдің бірінші орынбасары Алматы облысы Іле ауданының аумағында орналасқан үшінші жылу электр орталығын да аралап көрді. Стансада қайта жаңғырту жұмыстары аясында кемінде 450 МВт болатын бу-газ қондырғысы салынады және тозығы жеткен жабдықтар жаңартылады. Мердігері – қазақстандық компаниялар консорциумы.

Бүгінде қадалы іргетас алаңын орнату жұмыстары жүргізілуде, газ турбиналық қондырғының алғашқы жиынтығы іргетасқа орналастырылды, жабдықтардың бір бөлігі құрылыс алаңына монтаждалып қойылды. Жоба-сметалық құжаттама мемлекеттік сараптамадан өту сатысында. Қайта жаңғыртуды аяқтау 2027 жылға жоспарланған.

Нұрлыбек Нәлібаев Алматының дамуы, қала халқының өмір сапасын жақсарту мәселесі Мемлекет басшысының ерекше назарында екенін атап өтті. Энергетикалық нысандардың сенімді әрі тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін Үкімет тарапынан барлық қажетті шаралар қабылданған. Соған сәйкес жаңғырту жұмыстарын белгіленген кестеден кешіктірмей, дер кезінде аяқтауды тапсырды.

Сондай-ақ Алматы қаласына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларының жүзеге асырылу барысымен және Индустриалды аймақтың жұмысымен танысты.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2❤1