КГА 🇰🇿
3.61K subscribers
2.89K photos
153 videos
4 files
455 links
Комитет гражданской авиации МТ РК
Авиационная администрация
Казахстана

💻 www.aaq.kz

www. aviation.miid.gov.kz

🤳 https://facebook.com/caakaz/


📱Instagram: https://www.instagram.com
Download Telegram
Павлодар әуежайының ұшу-қону жолағын реконструкциялаудан кейін тұрақты әуе қатынасы қайта жанданады
 
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша және көлік-логистикалық әлеуетті дамыту тұжырымдамасын іске асыру аясында Павлодар қаласы әуежайының ұшу-қону жолағын реконструкциялау жұмыстары аяқталды.

Реконструкция аясында ұшу-қону жолағы жаңартылып, ені 45 метрден 60 метрге дейін кеңейтілді. Бұл заманауи әуе кемелерін қабылдау мүмкіндігін арттырып, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бүгін Павлодар әуежайының қайта жаңғыртылған ұшу-қону жолағынан кейінгі алғашқы әуе рейсі Астана – Павлодар – Астана бағыты бойынша орындалды. Рейстің іске қосылуына арналған іс-шараға Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі МаксатКалиакпаров пен Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов қатысты.

Рейстерді Vietjet Qazaqstan әуе компаниясы орындайды.

Бір бағыттағы әуе билетінің құны 15 000 теңгені құрайды.

Аталған бағыт бойынша әуе билеттерін сату 2026 жылғы тамыз айының бірінші жартысынан бастап жүзеге асырылуда.

1 қыркүйектен бастап коммерциялық әуе рейстерін іске қосу жоспарлануда. FlyArystan әуе компаниясы Павлодар – Алматы – Павлодар бағыты бойынша күнделікті рейстерді қайта жандандырады.

Халықаралық әуе қатынасы бойынша 1 қыркүйектен бастап «Сибирь» әуе компаниясы Павлодар – Новосибирск бағыты бойынша аптасына 7 рет әуе рейсін орындауды жоспарлап отыр.
❤1
В Павлодаре после реконструкции ВПП возобновляется регулярное авиасообщение
 
По поручению Главы государства и в целяхреализации Концепции развития транспортно-логистического потенциала завершены работы по реконструкции взлётно-посадочной полосыаэропорта города Павлодара.

В рамках реконструкции взлётно-посадочная полоса обновлена и расширена с 45 до 60 метров, что позволит увеличить возможности для приёмасовременных воздушных судов и повысить безопасность полётов.  

Сегодня состоялся первый рейс после реконструкции ВПП аэропорта Павлодар по маршруту Астана – Павлодар – Астана. В мероприятии по запуску рейса приняли участие вице-министр транспорта Максат Калиакпаров и аким Павлодарской области Асаин Байханов.

Министерством транспорта Республики Казахстан проведена работа по запуску субсидируемого авиамаршрута Астана – Павлодар –Астана. Полеты будут осуществляться с частотой 4 раза в неделю.

Рейсы будет выполнять авиакомпания VietjetQazaqstan.

Стоимость авиабилета в одном направлении составит 15 000 тенге.

Продажа авиабилетов на указанный маршрут осуществляется с первой половины августа 2026 года.

С 1 сентября планируется запуск коммерческих авиарейсов. АО FlyArystan возобновит ежедневные рейсы по маршруту Павлодар – Алматы – Павлодар.

В части международного авиасообщения с 1 сентября авиакомпания «Сибирь» планирует выполнять рейсы по маршруту Павлодар – Новосибирск с частотой 7 раз в неделю.
🔥2🤩1
Арқалықта 30 жылдан кейін тұрақты әуе қатынасы қайта жанданды

Мемлекет басшысының Арқалық қаласының әуежайын реконструкциялау жөніндегі тапсырмасына сәйкес, ҚР Көлік министрлігі Астана–Арқалық бағыты бойынша алғашқы рейсті іске қосты. Рейстерді SCAT әуе компаниясы орындайды.

2026 жылғы 22 тамыздан бастап Астана – Арқалық – Астана бағыты бойынша рейстер аптасына 2 рет, бір бағытқа 10 000 теңге тарифпен, ал Алматы – Арқалық – Алматы бағыты бойынша рейстер аптасына 2 рет, бір бағытқа 25 000 теңге тарифпен орындалады.

Бұдан бөлек, облысішілік субсидияланатын Қостанай – Арқалық – Қостанай әуе бағыты іске қосылады. Рейстер аптасына 2 рет орындалып, бір бағытқа билет құны 10 000 теңгені құрайды.

Бұған дейін, 2026 жылғы 12 тамызда, Арқалық әуежайының үш әріптік IATA коды – AYK қалпына келтірілді. Бұл әуежайдың тұрақты әуе қатынасын қайта бастауға дайындығын қамтамасыз етудегі маңызды кезең болды.

Әуежайдың жұмысы тоқтатылғаннан кейін отыз жыл өткен соң қайта жанданып отыр. Әуе қатынасының ашылуы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына маңызды серпін беріп, Арқалық қаласының көлік қолжетімділігін арттырады, тұрғындардың мобильділігін, іскерлік байланыстарды дамытуға және инвестициялар тартуға жаңа мүмкіндіктер ашады.

Рейстерді ашу іс-шарасына ҚР Көлік вице-министрі Талғат Ластаев, Қостанай облысы әкімінің орынбасары Берік Таңжарықов, әкімдік өкілдері, авиация саласының және қоғам өкілдері қатысты.
🔥4🤩1