КГА 🇰🇿
3.61K subscribers
3.04K photos
160 videos
4 files
469 links
Комитет гражданской авиации МТ РК
Авиационная администрация
Казахстана

💻 www.aaq.kz

www. aviation.miid.gov.kz

🤳 https://facebook.com/caakaz/


📱Instagram: https://www.instagram.com
Download Telegram
Оның айтуынша, Қазақстан ИКАО-ның 56 елді қамтитын Еуропалық және Солтүстік Атлантикалық бюросының (EUR/NAT) серіктестерінің бірі болып табылады және азаматтық авиацияны дамытуда нақты стратегиялық көзқарас танытып отыр.
Ол Қазақстанмен бірлескен жұмыс саланың кәсіби әлеуетін нығайтуды, әртүрлі бейіндегі мамандарды даярлауды және киберқауіпсіздікті қоса алғанда, жаңа бағыттар бойынша құзыреттерді дамытуды көздейтін кешенді мастер-жоспар әзірлеуге бағытталғанын атап өтті.

Сессия барысында мемлекеттердің кадрлық әлеуетін дамытуға халықаралық қолдау көрсету, оның ішінде стратегиялық жоспарлар әзірлеу, кәсіби құзыреттерді жетілдіру және киберқауіпсіздік сияқты жаңа бағыттарды дамыту мәселелері де талқыланды.
Пікірталасты қорытындылаған Қазақстан Республикасының Көлік вице-министрі Талғат Ластаев білікті мамандар даярлау мен жастарды салаға тарту отандық авиацияның орнықты дамуының аса маңызды шарттары болып қала беретінін атап өтті.
«Қазақстан үшін адами капиталды дамыту – азаматтық авиация саласындағы басым бағыттардың бірі. Бүгінде салада 23 мыңнан астам адам еңбек етеді, оның ішінде 3 500-ден астамы – авиациялық қауіпсіздік мамандары. Олардың кәсібилігі мен біліктілігі қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады», – деді вице-министр.

Сессия қатысушылары авиациялық қауіпсіздіктің болашағы заманауи технологияларды енгізу мен халықаралық стандарттарды жетілдіруге ғана емес, сонымен қатар саланың білікті мамандарды тарту, олардың кәсіби дамуына жағдай жасау және кадрлық әлеуетті сақтап қалу қабілетіне де байланысты екені жөнінде ортақ пікірге келді.
Мамандардың жаңа буынын даярлау, кәсіби тәжірибе сабақтастығын қамтамасыз ету және жастардың мүмкіндіктерін кеңейту болашақтағы орнықты әрі қауіпсіз авиация жүйесін қалыптастырудың маңызды құрамдас бөліктеріне айналады.
Будущее авиационной безопасности и подготовку нового поколения специалистов обсудили в Астане с участием Генерального секретаря ИКАО

В рамках Недели авиационной безопасности ИКАО 2026 (ICAO Security Week 2026) в Астане состоялась панельная сессия «Следующее поколение авиационного персонала (AVSEC NGAP)», посвященная развитию кадрового потенциала и подготовке нового поколения специалистов в области авиационной безопасности.
В центре обсуждения новая стратегия ИКАО по подготовке специалистов, преодоление кадрового дефицита и формирование устойчивого профессионального потенциала отрасли в условиях современных вызовов.
В дискуссии приняли участие Генеральный секретарь ИКАО Хуан Карлос Саласар, вице-министр транспорта РК Талгат Ластаев, заместитель директора Бюро развития потенциала и осуществления ИКАО Мигель Марин, заместитель директора ИКАО по вопросам авиационной безопасности, кибербезопасности и упрощения формальностей Соня Хифди, а также молодые специалисты авиационной отрасли Казахстана – представители Международного аэропорта Астаны сотрудники службы авиационной безопасности Валерия Харламова и Олжас Куаныш.

Участники рассмотрели вопросы стратегического планирования кадровых ресурсов, внедрения обучения на основе компетенций, создания возможностей для профессионального роста и повышения привлекательности авиационной отрасли для молодежи. Особое внимание было уделено роли наставничества, международного обмена опытом и развитию карьерных перспектив молодых специалистов.
Открывая сессию, Генеральный секретарь ИКАО Хуан Карлос Саласар подчеркнул особую значимость участия молодежи в формировании будущего мировой авиации. По его словам, молодые специалисты обладают собственным уникальным взглядом на развитие отрасли, и их мнение должно быть услышано на международном уровне. Он отметил, что подобные встречи создают важную площадку для диалога между поколениями и позволяют молодым профессионалам непосредственно участвовать в обсуждении стратегических вопросов авиационной безопасности.
Валерия Харламова отметила, что работа в сфере авиационной безопасности формирует не только профессиональные компетенции, но и важные навыки коммуникации, востребованные в повседневной жизни.
«Международный обмен опытом особенно важен для молодых сотрудников, он позволяет находить новые подходы, после чего рождаются идеи для дальнейшего развития отрасли», – сказала В. Харламова.

В свою очередь, Олжас Куаныш подчеркнул, что авиация привлекает молодежь постоянным развитием, новыми задачами и возможностью профессиональной самореализации.
«Авиация объединяет людей и страны, обеспечивая связь между различными уголками мира. Это отрасль, в которой можно найти свое призвание и остаться на всю жизнь», – отметил он.
В ходе открытой дискуссии директор департамента авиационной безопасности и упрощения формальностей Управления гражданской авиации Кабо-Верде Анисио Алмейда обратил внимание на проблему удержания квалифицированных кадров. По его словам, подготовка специалистов по авиационной безопасности требует значительных усилий, при этом часть сотрудников впоследствии переходит в другие сферы, в частности туризм.
Он подчеркнул важность наставничества и формирования понятных карьерных перспектив, которые позволяют специалистам видеть возможности профессионального роста внутри авиационной отрасли.

Отвечая на этот вопрос, заместитель директора Бюро развития потенциала и осуществления ИКАО Мигель Марин отметил необходимость комплексного анализа причин оттока кадров. В качестве одного из возможных решений он привел профессиональную мобильность внутри авиационной отрасли, когда специалисты, получив дополнительную специальность идут работать в смежные направления деятельности.
В ходе дискуссии Региональный директор Европейского и Североатлантического бюро ИКАО Николас Ралло отметил важность международного сотрудничества и поддержки государств в развитии кадрового потенциала авиационной отрасли. По его словам, Казахстан является одним из партнеров Бюро ИКАО EUR/NAT, объединяющей 56 стран, и демонстрирует четкое стратегическое видение развития гражданской авиации.
Он подчеркнул, что совместная работа с Казахстаном направлена на разработку комплексного Мастер-плана, предусматривающего укрепление профессионального потенциала отрасли, подготовку специалистов различного профиля и развитие компетенций в новых направлениях, включая кибербезопасность.

На сессии также обсуждалась международная поддержка государств в развитии кадрового потенциала, в том числе подготовка стратегических планов, совершенствование профессиональных компетенций и развитие новых направлений, включая кибербезопасность.
Завершая дискуссию, вице-министр транспорта Республики Казахстан Талгат Ластаев подчеркнул, что подготовка квалифицированных специалистов и привлечение молодежи остаются важнейшими условиями устойчивого развития национальной авиационной отрасли.
«Для Казахстана развитие человеческого капитала один из приоритетов гражданской авиации. Сегодня в отрасли работают более 23 тысяч человек, в том числе свыше 3 500 специалистов по авиационной безопасности. Их профессионализм и компетентность имеют ключевое значение для обеспечения высокого уровня безопасности», – отметил вице-министр.

Участники сессии сошлись во мнении, что будущее авиационной безопасности зависит не только от внедрения современных технологий и совершенствования международных стандартов, но и от способности отрасли привлекать, развивать и удерживать квалифицированных специалистов.
Подготовка нового поколения профессионалов, преемственность опыта и расширение возможностей для молодежи станут важными составляющими устойчивой и безопасной авиационной системы будущего.
Сарапшылар шектеулі ресурстар жағдайында әуежайларды жаңғырту мәселелерін талқылады
 
Астанада өтіп жатқан ИКАО Авиациялық қауіпсіздік апталығы аясында “Бюджеттік шектеулерден тыс: қауіпсіздік жүйесін жаңғыртудың тұрақтылығын қамтамасыз ету” тақырыбындағы панельдік сессияда қатысушылар қаржылық, кадрлық және уақыт ресурстары шектеулі жағдайда заманауи авиациялық қауіпсіздік жүйелерін дамыту және олардың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.
Авиациялық қауіпсіздік шаралары тікелей жүзеге асырылатын және қабылданған шешімдердің тиімділігі іс жүзінде сыналатын әуежайлардың рөліне ерекше назар аударылды. Заманауи инфрақұрылымды тиісті деңгейде ұстап тұру жабдықтар мен
технологияларды уақтылы жаңартуды ғана емес, сонымен қатар персоналдың кәсіби құзыреттерін жүйелі түрде дамытуды, рәсімдерді жетілдіруді және енгізілетін шешімдердің ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз етуді талап етеді.
Сессияны ашқан Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің Бас атқарушы директоры Майкл Дэниел авиациялық қауіпсіздік жүйесін жаңғырту қолда бар ресурстарды
тиімді басқаруды қажет ететінін атап өтті. Оның айтуынша, Еуразияның негізгі транзиттік бағыттары тоғысқан жерде орналасқан Қазақстан үшін заманауи қауіпсіздік жүйелерін дамыту айрықша маңызға ие.
“Нағыз жаңғырту – жаңа жабдық сатып алумен шектелмейді. Бұл мәселеге кешенді көзқараспен қарауды, тәуекелдерді азайтуды, тұрақты техникалық қызмет
көрсетуді, персоналды оқытуды, жүйелерді өзара ықпалдастыруды және ұзақ мерзімді тиімділікті қамтамасыз етуді білдіреді. Сонымен қатар біз өзімізге қарапайым сұрақ қоюымыз керек: қолымыздағы құралдар мен мамандардың әлеуетін барынша тиімді пайдаланып жүрміз бе? Үкіметтер, ұйымдар, реттеуші органдар, әуежайлар және салалық серіктестер арасындағы шекараларды еңсеріп, бірлесе жұмыс істеу арқылы ортақ мәселелерді әрқайсымыз жеке әрекет еткеннен әлдеқайда тиімді шеше аламыз”, – деді М. Дэниел. Dubai Airports (БАӘ) компаниясының Ұшу қауіпсіздігі және авиациялық қауіпсіздік жөніндегі директоры Бути Ахмед Курваш авиациялық қауіпсіздік
жүйелерін жаңғыртуды жоспарлау кезінде әуежай құрылысының құнын ғана емес, оны пайдалануға, кадрлармен қамтамасыз етуге және жаңа шешімдерді енгізуге жұмсалатын ұзақ мерзімді шығындарды да ескеру қажеттігін атап өтті.
Қаржыландыру шектеулі жағдайда инвестициялар ең алдымен тәуекелдерді барынша азайтуға мүмкіндік беретін шараларға бағытталуы тиіс.
Өз кезегінде Астана әуежайының бас директоры Бекен Сейдахметов авиация саласындағы бірыңғай стандарттардың маңыздылығына тоқталды. Оның айтуынша, халықаралық авиация жүйесінің бір буынындағы қауіпсіздік деңгейі бүкіл халықаралық желінің тұрақтылығына әсер етеді. “Мемлекет басшысы еліміздің транзиттік әлеуетін нығайту, халықаралық авиациялық хабтарды дамыту, бағыттар желісін кеңейту және әуежай инфрақұрылымын жаңғырту жөнінде жүйелі түрде міндеттер қойып келеді. Практикалық бағыттардың қатарында Астана әуежайын дамыту, өңірлердегі нысандарды салу және жаңғырту, ел аумағының көліктік байланысын арттыру, сондай-ақ ұшу қауіпсіздігін мемлекеттік қадағалау жүйесін жетілдіру бар. Бұл бастамалар сала үшін жаңа мүмкіндіктер ашумен қатар, біздің жауапкершілігімізді де арттырады.
Инфрақұрылымды дамыту сенімді, орнықты әрі заманауи авиациялық қауіпсіздік жүйесін қалыптастырумен қатар жүруі тиіс”. Панельдік сессияға қатысушылар қолда бар ресурстарды неғұрлым тиімді
пайдалану, мемлекеттік органдар, әуежайлар, авиакомпаниялар және халықаралық ұйымдар арасындағы әріптестікті дамыту мүмкіндіктерін де қарастырды.
Cargolux Airlines International S.A. (Люксембург) компаниясының
корпоративтік қауіпсіздік жөніндегі директоры Ив Мабб инвестицияларды жоспарлау мен инфрақұрылымды дамытуға қатысты кез келген шешім тәуекелдерді бағалау нәтижелеріне негізделуі тиіс деген пікір білдірді:
«Жаңа қауіптердің пайда болуы тиісті технологияларды енгізуді талап етеді, ал анықталған кемшіліктерді жұмыс процестерін жетілдіру арқылы жою қажет.
Әрине, біз өзімізге барынша қолайлы технологиялық шешімдерді таңдау мүмкіндігі
болғанын қалаймыз. Алайда жүк әуе тасымалдары саласында қолданылатын көптеген
технологиялар бастапқыда жолаушылар авиациясына арналып әзірленіп, кейін біздің
қажеттіліктерімізге бейімделген. Бұл үдеріс уақытты талап етеді.
Сондықтан бүгінде жүк тасымалдаушылар үшін мүлде жаңа технологияларды енгізуден гөрі қолданыстағы жүйелердің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету және оларды үздіксіз
жетілдіру жолдарын іздеу маңыздырақ”. Еуропалық азаматтық авиация конференциясының (ECAC) авиациялық қауіпсіздік
саласындағы саясат мәселелері жөніндегі үйлестірушісі Артём Мельник авиациялық
қауіпсіздік технологияларын енгізудегі еуропалық тәжірибемен бөлісті. Ол халықаралық ынтымақтастықтың және жабдықтарды сынау нәтижелерін өзара танудың маңыздылығына ерекше тоқталды. Оның айтуынша, мұндай тәсіл қайталама тексерулерді болдырмауға, ресурстарды ұтымды пайдалануға және тиімділігі сынақтар арқылы расталған шешімдерді енгізуді жеделдетуге мүмкіндік береді.
Сессия барысында авиациялық қауіпсіздік жүйелерін жаңғырту мәселелері стратегиялық жоспарлау мен қаржыландырудан бастап, инфрақұрылымды пайдаланудың практикалық міндеттері мен мамандарды даярлауға дейін жан-жақты қарастырылды. Қатысушылар сарапшыларға белсенді түрде сұрақтар қойып, пікірталасқа қатысып, өзара тәжірибе алмасты. Мұндай формат авиациялық қауіпсіздік жүйелерін
жаңғыртудың практикалық аспектілерін тереңірек талқылауға және саланың өзекті мәселелерін шешудің тиімді тәсілдерін қарастыруға мүмкіндік берді.