КГА 🇰🇿
3.61K subscribers
3.04K photos
160 videos
4 files
469 links
Комитет гражданской авиации МТ РК
Авиационная администрация
Казахстана

💻 www.aaq.kz

www. aviation.miid.gov.kz

🤳 https://facebook.com/caakaz/


📱Instagram: https://www.instagram.com
Download Telegram
Сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Иордания үкіметаралық комиссияcының 5-ші отырысы өтті (2024 жылғы 10-11 желтоқсан, Амман қаласы)

Ағымдағы жылдың 10-11 желтоқсан күндеріАмман қаласында (Иордания) Көлік вице-министрі Т.Т. Ластаевтың қатысуымен Сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлықынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Иордания үкіметаралық комиссиясының 5-ші отырысыөтті.

Кездесуге Қазақстан РеспубликасыПремьер-Министрінің орынбасары – Ұлттықэкономика министрі Нұрлан СерікұлыБайбазаров пен Иордания ХашимитКорольдігінің Өнеркәсіп, сауда жәнеқамтамасыз ету министрі Яруб Аль-Куда теңтөрағалық етті.

Кездесу барысында Қазақстан мен Иордания арасындағы екіжақты қарым-қатынасмәселелері кеңінен талқыланды.

Сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ көлік дәліздері мен логистиканы дамыту мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, тікелей әуе қатынасын ашу,қазақстандық тараптың теміржол жобаларынақажетті конструкцияларды (рельстерді, шпалдарды, бекітпелерді және т.б.) жеткізуге дайындығы айтылды. Әуе компанияларына Қазақстан мен Иордания арасында тұрақты рейстерді орындауға мүмкіндік беретін келісімге қол қоюды пысықтау үшін 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында келіссөздер жүргізу туралы келісімге қол жеткізілді.

Отырыс қорытындысы бойынша Сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның хаттамасына қол қойылды.

Тараптар осы салалардағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтудің маңыздылығын атап өтіп, екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті тереңдетуге бағытталған жаңа бастамалар туралы келісті.

Келесі кездесу Астана қаласында өтеді деп жоспарлануда.
Прошло 5-ое заседание Казахстанско-иорданской межправительственной комиссии по торгово-экономическому, культурному и гуманитарному сотрудничеству (10-11 декабря 2024 года, г. Амман)

10-11 декабря т.г. в г.Амман (Иордания) с участием Вице-министра транспорта Ластаева Т.Т. состоялось 5-ое заседание Казахстанско-Иорданской Межправительственной комиссии по торгово-экономическому, культурному и гуманитарному сотрудничеству.

Сопредседателями заседания выступилиЗаместитель Премьер-министра – Министр национальной экономики Республики Казахстан Байбазаров Нурлан Серикович и Министр промышленности, торговли и снабжения Иорданского Хашимитского Королевства Яруб Аль-Куда.

В ходе заседания был обсужден широкий спектр вопросов, касающихся двусторонних отношений между Казахстаном и Иорданией.

Были обсуждены вопросы укрепленияторгово-экономического сотрудничества, а также развития транспортных коридоров и логистики. Отдельно была озвучена необходимость открытия прямых полетов, готовность участия казахстанской стороны в жд проектах в части поставок путевых конструкций (рельсы, шпалы, крепления и т.д.).Достигнута договоренность о проведениипереговоров в первой половине 2025 года для проработки подписания соглашения, которое позволит авиакомпаниям выполнять регулярные рейсы между Казахстаном и Иорданией.

По итогам заседания подписан протокол Межправительственной комиссии по торгово-экономическому, культурному и гуманитарному сотрудничеству.

Стороны подчеркнули значимость дальнейшего расширения сотрудничества в указанных сферах и договорились о новых инициативах, направленных на углубление стратегического партнерства между двумя странами.

Следующее заседание запланировано в г.Астана (Казахстан).
✍1👍1
Ақтау әуежайы 2024 жылғы «Үздік әуежай қызметі» пилоттық жобасын қорытындылады

Ақтау халықаралық әуежайында жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған «Үздік әуежай қызметі» пилоттық жобасы аясында қызметкерлерді марапаттау рәсімі өтті.
Жобаға әуежай қызметтері, жолаушыларға қызмет көрсетумен айналысатын қызмет провайдерлері және Ақтау халықаралық әуежайында бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар қатысты.
Марапаттау рәсіміне ҚР КМ Азаматтық авиация комитетінің, Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің, Мемлекеттік кірістер кеден қызметінің, ҚР Қаржы министрлігі комитетінің өкілдері, Желілік полиция бөлімі, Ақтау әуежайының басшылығы, «АТМА – Атырау әуежайы және тасымалдау» АҚ өкілі, әуе компанияларының өкілдері, сондай-ақ үздік кәсіби қызметкерлер қатысты.
2024 жылдың сәуір айынан бастап Ақтау халықаралық әуежайының жолаушыларына сауалнаманы толтыру және жолаушыларға қызмет көрсету аймақтарында қолжетімді QR кодын сканерлеу арқылы қызмет көрсетудің әр кезеңінде қызмет көрсету деңгейін бағалауға мүмкіндік берілді.
Жолаушылармен кері байланыс негізінде кемшіліктерді жою және әуежайда көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша шаралар тұрақты түрде қабылдануда. Сондай-ақ, Ақтау әуежайында жолаушыларға қызмет көрсетумен айналысатын барлық қызметкерлерге оқыту және түсіндіру шаралары өткізілді.
2024 жылдың тамыз айында Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің авиациялық инспекторлары жолаушыларға қызмет көрсетумен айналысатын барлық қызметкерлерді қызмет көрсету деңгейін арттыру үшін жолаушылармен әдептілік, тиімді өзара әрекеттесу ережелері туралы қосымша ақпараттандыру мақсатында таныстыру семинарын өткізді.
Қыркүйекте «Air Astana» әуе компаниясы Ақтау әуежайының барлық қызметкерлеріне жолаушылармен қарым-қатынаста болатын қызмет көрсету бойынша оқу курсын ұйымдастырды.
Әуежай қызметкерлерін бағалау жүйесінің қорытындысы бойынша үздік қызметкерлерге «Air Astana», «Turkish Airlines», «Azal», «Aeroflot», «SCAT» және «Fly Arystan» авиакомпанияларының бағалы сыйлықтары мен естеліктер табыс етілді.
«Үздік әуежай қызметі» жобасы одан әрі жалғасады. 2025 жылға арналған жоспарларда осы бағыттағы жаңа бастамалар көп. Ақтау әуежайы жөнелту және ұшып келу пункті ғана емес, сонымен қатар жолаушылар өздерін қамқорлық, жайлы және қауіпсіз сезінетін орын болуға ұмтылады.
⚡3
👍2
👍2
В аэропорту Актау подвели итоги пилотного проекта Best Airport Service за 2024 год

В международном аэропорту Актау состоялось торжественное награждение сотрудников в рамках пилотного проекта Best Airport Service, направленного на повышение качества обслуживания пассажиров.
В проекте были задействованы службы аэропорта, поставщики услуг, участвующие в обслуживании пассажиров, и государственные органы, выполняющие контрольные функции в международном аэропорту Актау.
В церемонии награждения приняли участие представители Комитета гражданской авиации МТ РК, Авиационной администрации Казахстана, пограничной службы КНБ РК, таможенной службы КГД МФ РК, Линейный отдел полиции, руководство аэропорта г. Актау, представитель АО «АТМА - Аэропорт Атырау и Перевозки», представители авиакомпаний, а также сотрудники, чья работа стала примером высокого профессионализма и преданности делу.
С апреля 2024 года пассажирам международного аэропорта Актау была предоставлена возможность оценить уровень сервиса на каждом этапе обслуживания, пройдя опрос, отсканировав QR-код, доступный в зонах обслуживания пассажиров.
По отзывам пассажиров на регулярной основе предпринимаются меры по устранению недочетов и улучшению качества услуг, предоставляемых в аэропорту. Также для всех работников, задействованных в обслуживании пассажиров в аэропорту г. Актау были проведены обучающие и ознакомительные мероприятия.
В августе 2024 г. авиационные инспекторы Авиационной администрации Казахстана провели ознакомительный семинар для дополнительного осведомления всех задействованных работников в обслуживании пассажиров правилам этики и эффективного взаимодействия с пассажирами для повышения уровня сервиса.
В сентябре авиакомпания Air Astana организовала обучающий курс по сервису для всех работников аэропорта г. Актау, взаимодействующих с пассажирами.
По результатам системы оценки персонала аэропорта лучшие сотрудники были награждены ценными подарками и сувенирами от авиакомпаний Air Astana, Turkish Airlines, Azal, Aeroflot, Scat и Fly Arystan.
Проект Best Airport Service будет развиваться далее. В планах 2025 года запуск новых инициатив в этом направлении. Аэропорт Актау стремится быть не только пунктом отправления и прибытия, но и местом, где пассажиры чувствуют заботу, комфорт и безопасность.
❤4⚡1👍1🔥1
НҚА жобаларын әзірлеу бойынша семинар өтті

⚡️Көлік министрлігінде кезекті жалпыға бірдей құқықтық оқыту өтті, оның барысында Заң департаментінің қызметкерлері Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің әріптестеріне заңға тәуелді құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және келісу жөніндегі нормалар мен талаптардың қолданылуын түсіндірді.

🔘Семинарда Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысы қағидаларының, мемлекеттік тіркеуге жататын нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және келісу қағидаларының, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілердің жобаларын орналастыру және жария талқылау қағидаларының нормалары мен талаптары түсіндірілді.

Жалпыға бірдей оқыту қорытындысы бойынша құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлеріне заңға тәуелді құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, келісу сапасын арттыруға бағытталған тиісті ұсынымдар берілді, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу реттілігіне және оларды «Ашық НҚА» порталында орналастыруға байланысты проблемалар талқыланды.

Жалпы, семинарды өткізу нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу саласындағы практикалық білімді кеңейтуге мүмкіндік берді.
___________

Семинар по разработке проектов НПА

⚡️В Министерстве транспорта состоялся очередной правовой всеобуч, в ходе которого сотрудники Юридического департамента разъяснили коллегам из Авиационной Администрации Казахстана применение норм и требований по разработке и согласовании проектов подзаконных правовых актов.

🔘На семинаре разъяснены нормы и требования Правил законотворческой работы Правительства Республики Казахстан, разработки и согласования нормативных правовых актов подлежащих госрегистрации, а также Правил размещения и публичного обсуждения проектов нормативных правовых актов.

По итогам всеобуча сотрудникам структурных подразделений даны соответствующие рекомендации, направленные на повышение качества разработки, согласования проектов подзаконных правовых актов, а также обсуждена проблематика, связанная с последовательностью разработки нормативных правовых актов и их размещением на портале «Открытые НПА».

В целом, проведение семинара позволило расширить практические знания в области разработки нормативных правовых актов.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2❤1
Құрметті қазақстандықтар!

Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен құттықтаймыз!
Ұлы мереке халқымыздың бостандығын, бірлігі мен күшін бейнелейді.
Еліміз әрқашан бейбітшілік пен татулықта жасай берсін, дәстүрлер мен құндылықтар ұрпақтан-ұрпаққа сақталып, әрбір жаңа күн жаңа жетістіктер әкеле берсін.
Барлықтарыңызға зор денсаулық, бақыт, таусылмас қуаныш пен өркендеу тілейміз!
Тәуелсіздік күні құтты болсын!


Дорогие казахстанцы!

Поздравляем вас с Днём Независимости Республики Казахстан!
Великий праздник символизирует свободу, единство и силу нашего народа.
Пусть наша страна всегда живёт в мире и благополучии, пусть традиции и ценности передаются из поколения в поколение, и каждый новый день приносит новые достижения.
Желаем вам здоровья, счастья, мира и процветания!
С Днём Независимости!
❤3
Қазақстан делегациясы авиациялық құқық бойынша маңызды форумға қатысты

Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің өкілдері Лондонда өткен азаматтық авиация заңгерлерінің үшінші форумына (CALAF/3) қатысты. Форумды Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) және ИКАО атынан Ұлыбританияның азаматтық авиация басқармасы (UK CAA) ұйымдастырды.
Шара халықаралық авиациялық қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін талқылау үшін бас директорларды, авиация департаменттерінің басшыларын және авиациялық құқық саласындағы жетекші сарапшыларды біріктірді.
Форумды ресми түрде ИКАО Бас хатшысы Хуан Карлос Салазар, Ұлыбритания CAA төрағасы сэр Стивен Хиллиер және Ұлыбритания CAA атқарушы директоры Роб Биштон ашты.
«Азаматтық авиацияның заң кеңесшілерінің форумы бүкіл әлем бойынша авиацияның трансформациясын бағыттайтын құқықтық базаны қалыптастыратын жетекші халықаралық іс-шараға айналды», – деді Хуан Карлос Салазар өз сөзінде.
Қазіргі халықаралық азаматтық авиацияның негізін қалаған тарихи келісім Чикаго конвенциясының 80 жылдығына арналған форум айтулы оқиға болды. Іс-шара осы маңызды кезеңді атап өтуге арналған есте қаларлық панельді талқылауды қамтыды, ол халықаралық авиация құқығының негізін қалаушы қағидаттарына адал бола отырып, заманауи сын-қатерлерге бейімделу қабілетін көрсетеді.
Іс-шараға еліміздің атынан Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің ұшу қауіпсіздігін басқару, сапа, стратегия және стандарттарға сәйкестік департаментінің аға директоры Жанат Әбдіғалімов пен Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің авиациялық заңнама бөлімінің бастығы Жәлел Жүзбаев қатысты.
Форумда халықаралық авиацияның болашағын қалыптастыратын үздік нормативтік-құқықтық тәжірибелер бойынша талқылаулар өтті. Негізгі тақырыптарға тұрақты даму, авиациялық реттеуге жасанды интеллект енгізу, аэронавигацияны қолдану механизмдері және сот ісін жүргізуде қауіпсіздік ақпаратын пайдалану кірді. Іс-шарада сондай-ақ авиациялық қауіпсіздікті жақсарту үшін халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығы айтылды.
Әлемнің түкпір-түкпірінен келген сарапшылар авиациялық реттеуге экологиялық таза тәжірибені енгізуге бағытталған идеялары мен инновациялық тәсілдерімен бөлісті. Авиациядағы қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қолдаудың негізі болып табылатын халықаралық стандарттарға сәйкес келетін сенімді заң стандарттарын қамтамасыз етудегі заң кеңесшілерінің маңызды рөлі атап өтілді.