КГА 🇰🇿
3.61K subscribers
3.03K photos
159 videos
4 files
464 links
Комитет гражданской авиации МТ РК
Авиационная администрация
Казахстана

💻 www.aaq.kz

www. aviation.miid.gov.kz

🤳 https://facebook.com/caakaz/


📱Instagram: https://www.instagram.com
Download Telegram
Еуропаға жаңа бағыттың ашылуы

ҚР Көлік министрлігі тұрақты негізде ұшу географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санын арттыру бойынша жұмыс жүргізуде.
Осылайша, ағымдағы жылдың 27 мамырынан бастап "SCAT" қазақстандық әуе компаниясы Шымкент – Будапешт бағыты бойынша Венгрияға жаңа бағыт ашуды жоспарлап отыр. Рейстер "Boeing 737" үлгісіндегі әуе кемелерінде аптасына 2 рет (сейсенбі және сенбі күндері) жиілікпен орындалатын болады.
Әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді деп күтілуде.
👍4👏1
Открытие нового направления в Европу

Министерством транспорта РК на постоянной основе ведется работа по расширению географии полетов и увеличению количества рейсов по действующим маршрутам.
Таким образом, с 27 мая текущего года казахстанская авиакомпания «SCAT» планирует открытие нового маршрута в Венгрию по направлению Шымкент – Будапешт. Рейсы будут выполняться с частотой 2 раза в неделю (по вторникам и субботам) на воздушных судах типа «Boeing 737».
Ожидается, что открытие авиасообщения будет способствовать дальнейшему развитию торгово-экономического, делового и туристического сотрудничества между двумя странами.
👍9🤪1
Үндістан мен Қазақстан астаналары арасында жаңа маршрут іске қосылады

ҚР Көлік министрлігі ұшу географиясын кеңейту және еліміздің әуе тасымалдар нарығындағы шетелдік "лоу-кост" әуе компаниялардың үлесін ұлғайту бойынша жұмысты жалғастыруда.

5 ақпанда Қазақстанның авиациялық билігі Астана қаласының халықаралық әуежайы өкілдерінің қатысуымен "Indigo" Үнді "лоу-кост" әуе компаниясының басшылығымен кездесу өткізді.

Биылғы жылдың 14 мамырынан бастап "Indigo" әуе компаниясы Астана – Дели бағыты бойынша жаңа бағыт ашуды жоспарлап отыр. Рейстер A-320/321 типті әуе кемелерінде аптасына 3 рет жиілікпен орындалады.

Қазақстан мен Үндістан астаналары арасында тікелей рейстің ашылуы елдер арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және елдің транзиттік әлеуетін дамытуға ықпал ететін болады.

Сонымен қатар, бұған дейін хабарланғандай, "Эйр Астана" қазақстандық әуе компаниясы осы жылдың 20 сәуірінен бастап "Airbus" үлгісіндегі әуе кемесінде аптасына 3 рет жиілікпен Алматы – Мумбай бағыты бойынша Үндістанға рейстер ашады.

Жалпы, көктемгі-жазғы навигация кезеңінде елдер арасындағы жолаушылар рейстерінің 5 әуе бағыты бойынша аптасына 24 рейске дейін ұлғаюы күтілуде.

Қазіргі уақытта тұрақты әуе қатынасы Алматы – Дели ("Эйр Астана" - аптасына 7 рейс, "IndiGo" - аптасына 7 рейс), Алматы – Гоа (SCAT – 2), Астана – Гоа (FlyArystan – 2) бағыттары бойынша орындалады.
👍3👏1
О запуске нового маршрута между столицами Индии и Казахстана

Министерством транспорта РК продолжается работа по расширению географии полетов и увеличению доли иностранных «низко-бюджетных» авиакомпаний на рынке авиаперевозок нашей страны.

5 февраля авиационные власти Казахстана провели встречу с руководством индийской «низко-бюджетной» авиакомпании «Indigo» при участии представителей международного аэропорта г. Астана.

С 14 мая 2025 года авиакомпания «Indigo»планирует открытие нового направления по маршруту Астана – Дели. Рейсы будут выполняться с частотой 3 раза в неделю на воздушных судах типа А-320/321.

Открытие прямого рейса между столицами Казахстана и Индии будет способствовать дальнейшему сотрудничеству между странами и развитию транзитного потенциала страны.

Наряду с этим, как сообщалось ранее, казахстанская авиакомпания «Эйр Астана» с 20 апреля 2025 года открывает рейсы в Индию по маршруту Алматы – Мумбаи с частотой 3 раза в неделю на воздушном судне типа «Airbus».

В целом, в период весенне-летней навигации ожидается увеличение пассажирских рейсов между странами до 24 рейсов в неделю по 5 авиамаршрутам.

Справочно:
В настоящее время регулярное авиасообщение выполняется по маршрутам Алматы – Дели («Эйр Астана» - 7 рейсов в неделю, «IndiGo» - 7 рейса в неделю), Алматы – Гоа, 2 (SCAT – 2), Астана – Гоа, 2 (FlyArystan – 2).
👏3👍1🤔1
Қазақстанның авиациялық қауіпсіздік мамандары 2024 жылдың қорытындылары мен жаңа міндеттер талқылады

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі авиациялық қауіпсіздік мәселелері бойынша жыл сайынғы республикалық қорытынды кеңес өткізді, онда 2024 жылдың қорытындылары шығарылып, авиациялық қауіпсіздік саласындағы алда тұрған міндеттемелер мен тапсырмалар талқыланды.
Отырысқа қатысушылар жұмыс нәтижелерін және сала алдында тұрған жаңа міндеттерді қарастырып, елдегі авиациялық қауіпсіздік деңгейін одан әрі арттыру бойынша ұсыныстар әзірледі. Талқылаулардың маңызды бөлігі авиациялық қауіпсіздік шараларын жетілдіру және жолаушыларды қорғау мақсатында нормативтік құжаттарға, оның ішінде ұлттық авиациялық ережелер мен рәсімдерге толықтырулар мен өзгерістер енгізу мәселесі болды.
Ұлттық стандарттардың халықаралық талаптарға сәйкестігін бағалаудың маңызды кезеңі болып табылатын авиациялық қауіпсіздік саласындағы ИКАО аудитіне дайындыққа, атап айтқанда, авиациялық объектілерді қорғау, әуежайларға кіруді бақылау, жолаушыларды, багажды, жүктерді тексеру, киберқауіпсіздік, персоналды оқытуға ерекше көңіл бөлінді. Сарапшылар аудитті сәтті аяқтауға көмектесетін озық тәжірибелерімен бөлісті.
Шара аясында авиациялық саладағы қауіпсіздікті дамыту мен нығайтуға елеулі үлес қосқан авиациялық қауіпсіздік қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті. Сала мамандары авиациялық қауіпсіздік саласындағы жетістіктері үшін ерекше белгі және алғыс хаттармен марапатталды.
Қазақстанның авиациялық әкімшілігі барлық қатысушылар мен қонақтарға кездесуге белсенді қатысқандары үшін алғысын білдірді. Іс-шара тәжірибе алмасудың, өзекті мәселелерді талқылаудың және Қазақстанның авиациялық қауіпсіздігін одан әрі дамытуға және жақсартуға бағытталған жаңа шешімдерді әзірлеудің тиімді алаңына айналды.
👍1
Итоги 2024 года и новые вызовы обсудили специалисты авиационной безопасности Казахстана

В Авиационной администрации Казахстана состоялось ежегодное республиканское итоговое совещание по авиационной безопасности, на котором подвели итоги 2024 года и обсудили ключевые аспекты предстоящих задач в сфере авиационной безопасности.
Участники совещания рассмотрели результаты работы и новые вызовы, с которыми столкнулась отрасль, а также выработали рекомендации по дальнейшему повышению уровня авиационной безопасности в стране. Важной частью обсуждений стали вопросы внесения дополнений и изменений в нормативные документы, включая национальные авиационные правила и процедуры, с целью улучшения мер авиационной безопасности и защиты пассажиров.
Особое внимание уделили подготовке к аудиту ИКАО в сфере авиационной безопасности, – а именно физической охраны объектов авиации, контроля доступа в аэропорты, досмотра пассажиров, багажа, грузов, кибербезопасности, подготовки персонала – который является важным этапом в оценке соответствия национальных стандартов международным требованиям. Эксперты поделились опытом и лучшими практиками, которые помогут обеспечить успешное прохождение аудита.
В рамках мероприятия состоялась церемония чествования сотрудников служб авиационной безопасности, которые внесли значительный вклад в развитие и укрепление безопасности в авиационной отрасли. Специалисты отрасли были отмечены нагрудными знаками отличия и благодарственными письмами за достижения в сфере авиационной безопасности.
Мероприятие стало эффективной платформой для обмена опытом, обсуждения актуальных вопросов и выработки новых решений, направленных на дальнейшее развитие и совершенствование авиационной безопасности в Казахстане.
❤3👍3
2024 жылғы жолаушыларға қызмет көрсету, багажды және жүктерді өңдеу жұмыстарының нәтижелері және 2025 жылға арналған жоспарлар бойынша қорытынды кеңес

Қазақстанның авиациялық әкімшілігінде (ҚАӘ) Қазақстан Республикасының әуежайларында жолаушыларға қызмет көрсету, багажды және жүктерді өңдеу мәселелері бойынша қорытынды кеңес өтті. Іс-шараға ҚР КМ Азаматтық авиация комитетінің, ҚАӘ, еліміздің әуежайлары мен әуекомпанияларының өкілдері қатысты. Қызмет көрсету сапасын арттыруға және жолаушылардың құқықтарын сақтауға бағытталған жаңа заңнамалық өзгерістер енгізу мәселелері, 2024 жылы жолаушыларға, багажға және жүктерге жерүсті қызмет көрсету бойынша ҚАӘ тексерулерінің қорытындылары, сондай-ақ 2025 жылға арналған жоспарлар талқыланды.
Сондай-ақ, әуежайлар тарапынан 2024 жылға арналған формальдылықты жеңілдету желісі бойынша кеңестердің жаңартылған бағдарламалары мен қорытынды хаттамаларын ұсынуды қоса алғанда, формальдылықты жеңілдету бөлігінде авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында тексерулер жүргізу жөніндегі ИКАО әмбебап бағдарламасы бойынша алдағы аудитке дайындық мәселесі көтерілді.
"Алматы халықаралық әуежайы" АҚ, "Қорқыт Ата Әуежайы" АҚ, "Шымкент әуежайы" АҚ өкілдерінің Алматы, Қызылорда және Шымкент қалаларының әуежайларындағы жаңа жолаушылар терминалдарының жұмыс тиімділігі туралы баяндамалары айтылды.
Өткен жылы отандық әуекомпаниялар 14,3 млн жолаушыны тасымалдады (2023 жылмен салыстырғанда 9%-ға көп). Қазақстан әуежайларында қызмет көрсетілген жолаушылар саны 29,7 млн адамды құрады (2023 жылмен салыстырғанда 14%-ға көп). Өсіп келе жатқан жолаушылар ағыны аясында ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып, жолаушыларды тасымалдау технологиялық процестерді үнемі жетілдіруді, инфрақұрылымды жарамды күйде ұстауды және жаңартуды, сондай-ақ жолаушыларға багажды және жүктерді өңдеуде қызмет көрсетуге тартылған қызметкерлерді тұрақты оқытуды талап етеді.
Осыған байланысты ҚАӘ өкілдері жолаушыларға қызмет көрсету, багажды және жүктерді өңдеу саласындағы жердегі қызмет көрсетуді бақылау шеңберінде тексеру кезінде авиация инспекторлары анықтаған бұзушылықтардың негізгі түрлерін айтып берді.
Жиында "Ақтау халықаралық әуежайы" АҚ бірінші басшысы Меруерт Жолдыбаева жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған Ақтау әуежайындағы "BEST AIRPORT SERVICE" пилоттық жобасының нәтижелерін ұсынды. Ақтау әуежайы басқа әуежайларды жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін жобаға қосылуға шақырды.
ҚР Азаматтық авиация қызметкерлері күніне орайластырылған кеңестің соңында ҚР әуежайлары мен әуекомпанияларының жолаушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру қызметінің ерекше көзге түскен қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті. Авиация саласын дамытуға қосқан үлесі мен жетістіктері үшін, сондай-ақ іске берілгендігі үшін оларға ҚР КМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы мен Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің бас директоры атынан Алғыс хаттар табыс етілді.
👍1👏1
Итоговое совещание по результатам работы в обслуживании пассажиров, обработки багажа и грузов за 2024 год и планам на 2025 год

В Авиационной администрации Казахстана (ААК) состоялось итоговое совещание по вопросам обслуживания пассажиров, обработки багажа и грузов в аэропортах Республики Казахстан. В мероприятии приняли участие представители Комитета гражданской авиации МТ РК, ААК, аэропортов и авиакомпаний страны. Обсуждались вопросы введения новых законодательных изменений, направленных на повышение качества обслуживания и соблюдение прав пассажиров, итоги проверок ААК в 2024 году по наземному обслуживанию пассажиров, багажа и грузов, а также планы на 2025 год.
Также был поднят вопрос подготовки со стороны аэропортов к предстоящему аудиту по универсальной программе ИКАО по проведению проверок в сфере обеспечения авиационной безопасности в части упрощения формальностей, включая представление обновленных программ и итоговых протоколов совещаний по линии упрощения формальностей за 2024 год.
Прозвучали доклады представителей АО «Международный аэропорт Алматы», АО «Аэропорт Коркыт-Ата», АО «Аэропорт Шымкент» об эффективности работы новых пассажирских терминалов в аэропортах гг. Алматы, Кызылорды и Шымкента.
В минувшем году отечественные авиакомпании перевезли 14,3 млн пассажиров (на 9% больше, чем в 2023 году). Количество обслуженных пассажиров в аэропортах Казахстана составило 29,7 млн человек (на 14% больше, чем в 2023 году). На фоне растущего пассажиропотока перевозка пассажиров с обеспечением безопасности полетов и авиационной безопасности требует постоянного совершенствования технологических процессов, поддержания в годном состоянии и обновления инфраструктуры, а также регулярного обучения работников, задействованных в обслуживании пассажиров в обработке багажа и грузов.
В этой связи участники от ААК представили основные виды нарушений, выявленные авиационными инспекторами во время проверок в рамках контроля за наземным обслуживанием в области обслуживания пассажиров, обработки багажа и грузов.
На совещании первый руководитель АО «Международный аэропорт Актау» представила Меруерт Жолдыбаева результаты пилотного проекта «BEST AIRPORT SERVICE» в аэропорту Актау, направленный на повышение качества обслуживания пассажиров. Аэропорт Актау призвал другие аэропорты присоединиться к проекту для улучшения качества обслуживания пассажиров в аэропортах.
В завершение совещания, приуроченного ко Дню работников гражданской авиации РК, состоялась торжественная церемония награждения отличившихся сотрудников службы организации обслуживания пассажиров аэропортов и авиакомпаний РК. За их вклад и достижения в развитие авиационной отрасли, а также за преданность делу им были вручены благодарственные письма от председателя Комитета гражданской авиации МТ РК и генерального директора Авиационной администрации Казахстана.
🔥3❤2
Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) Қазақстанның азаматтық авиация саласын 2050 жылға дейін дамытудың стратегиялық бас жоспарын әзірлейді

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі мен Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) 2025 жылғы 10-12 ақпанда Абу-Даби қаласында (БАӘ) өтіп жатқан ИКАО-ның 2025 ж. енгізуді жаһандық қолдау жөніндегі Жаһандық Симпозиум шеңберінде (GISS-2025, Global Implementation Support Symposium) Қазақстанның азаматтық авиация саласын дамытудың 2050 жылға дейінгі стратегиялық Мастер-жоспарын әзірлеу жөніндегі тиісті құжатқа қол қойды.

Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласын дамытудың бас жоспары Қазақстанның азаматтық авиация саласын одан әрі жоспарлаудың кешенді стратегиясы мен алгоритмін әзірлеуге мүмкіндік береді, онда әуежайларды, аэронавигацияны, әуекомпанияларды дамыту, ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздік деңгейін арттыру, әуе көлігінің қолжетімділігі мен ырықтандыруы және т.б. қарастырылған.

Айта кету керек, ИКАО ең білікті сарапшыларға ие және ИКАО-ға мүше мемлекеттердің даму стратегияларын әзірлеуде мойындалған көшбасшы болып табылады.

Қазақстан Орталық Азия мен ТМД кеңістігінде транзиттік-көліктік әлеуетті дамыту және Қазақстанды ірі байланыстырушы өңірлік авиациялық хабқа айналдыру жөніндегі ұлттық міндеттерге сәйкес Қазақстанның авиациялық секторын тұрақты дамыту, жаңғырту және тиімді пайдалану көзқарасын және ИКАО-мен стратегиялық ынтымақтастық орнатқан бірінші мемлекет болғанын ерекше атап өткен жөн.

Қазақстандық тараптың атынан келісімге ҚР Көлік вице-министрі Талғат Ластаев, ал ИКАО атынан Ұйымның Бас хатшысы Хуан Карлос Салазар қол қойды.

Қол қою рәсіміне сондай-ақ ИКАО Кеңесінің Президенті Сальваторе Шаккитано мырза және Қазақстан Республикасының ИКАО жанындағы Тұрақты өкілі Тимур Тілегенов мырза қатысты.
❤1👍1🔥1
👍2❤1🔥1
👍2❤1🔥1
👍2❤1
Международная организация гражданской авиации (ИКАО) разработает стратегический Мастер-план развития отрасли гражданской авиации Казахстана до 2050 года

Между Министерством транспорта Республики Казахстан и Международной организацией гражданской авиации (ИКАО) подписан соответствующий документ по разработке стратегического Мастер-план развития отрасли гражданской авиации Казахстана до 2050 года в рамках Глобального Симпозиума ИКАО по глобальной поддержке внедрения 2025 года (GISS-2025, Global Implementation Support Symposium), который проходит в Абу Даби (ОАЭ) с 10 по 12 февраля 2025 года.

Мастер-план по развитию отрасли гражданской авиации РК позволит выработать комплексную стратегию и алгоритм дальнейшего планирования отрасли гражданской авиации Казахстана, который будет в себя включать разделы по развитию аэропортов, аэронавигации, авиакомпаний, повышению уровня безопасности полетов и авиационной безопасности, доступности и либерализации воздушного транспорта и др.

Необходимо отметить, что ИКАО обладает наиболее квалифицированными экспертами и является признанным лидером в разработке стратегий развития государств-членов ИКАО.

Следует особо отметить, что Казахстан стал первой страной в Центральной Азии и на пространстве СНГ, установивший стратегический характер сотрудничества с ИКАО и видение для устойчивого развития, модернизации и эффективной эксплуатации авиационного сектора Казахстана в соответствии с национальными задачами по развитию транзитно- транспортного потенциала и превращения Казахстана в крупнейший связующий региональный авиационный хаб.

От Казахстанской Стороны подписантом выступил Вице-министр транспорта Талгат Ластаев, от ИКАО – Генеральный секретарь Организации Хуан Карлос Саласар.

В церемонии подписания также принял участие Президент Совета ИКАО г-на Сальваторе Шаккитано и Постоянный представитель Республики Казахстан при ИКАО г-н Тимур Тлегенов.
❤7🔥4👏2