КГА 🇰🇿
3.61K subscribers
3.02K photos
159 videos
4 files
464 links
Комитет гражданской авиации МТ РК
Авиационная администрация
Казахстана

💻 www.aaq.kz

www. aviation.miid.gov.kz

🤳 https://facebook.com/caakaz/


📱Instagram: https://www.instagram.com
Download Telegram
На встрече стороны подтвердили приверженность общим целям в рамках глобальной стратегии ICAO, направленной на повышение безопасности полетов и устойчивого развития авиации.
«Будучи Президентом Совета ICAO, хочу выразить свое признание прогрессивной стране, Казахстану, за быстрое развитие в секторе гражданской авиации, за разработку эффективной политики, внедрение стандартов и приверженность нашим общим целям, целям ICAO. Также очень важно гендерное равенство в отрасли. К 2030 году мы должны увеличить процент прироста женщин в авиации. Одно из достижений Казахстана – увеличение женщин в секторе авиации – это очень сильный индикатор», – подчеркнул в ходе своего визита в Казахстан Президент Совета ICAO Сальваторе Шаккитано.
❤‍🔥3
Казахстан занял лидирующие позиции в трансформации региональной авиации, отметил Президент совета Международной организации гражданской авиации Сальваторе Шаккитано в эксклюзивном интервью агентству Kazinform.
Он рассказал о стратегическом видении Казахстана, инвестициях в авиационную отрасль и целях по развитию глобальной авиационной интеграции.

https://qazinform.com/news/kazakhstan-is-a-model-for-the-region-icao-head-on-the-countrys-strategic-role-in-global-aviation-b3648f

https://kaz.inform.kz/news/icao-kazakstanga-azamattik-aviatsiyani-damitudin-bas-zhosparin-azrleuge-komektesed-salvatore-shakkitano-35ad2d/

https://kaz.inform.kz/news/icao-kazakstanga-azamattik-aviatsiyani-damitudin-bas-zhosparin-azrleuge-komektesed-salvatore-shakkitano-35ad2d/
🔥7🏆2🍾2❤1
КГА 🇰🇿 pinned «Казахстан занял лидирующие позиции в трансформации региональной авиации, отметил Президент совета Международной организации гражданской авиации Сальваторе Шаккитано в эксклюзивном интервью агентству Kazinform. Он рассказал о стратегическом видении Казахстана…»
В рамках своего первого официального визита в Казахстан Президент Совета ICAO Сальваторе Шаккитано дал интервью телеканалу 24kz, в котором отметил высокий уровень развития авиационной инфраструктуры страны, подчеркнул значимость стратегического партнерства между Казахстаном и ICAO, а также поделился своими впечатлениями от визита.

https://24.kz/ru/tv-projects/intervyu/719216-sotrudnichestvo-kazakhstana-i-ikao-salvatore-shakkitano-intervyu
👍7❤3🥰1
Глава совета ICAO: Казахстан - лидер в трансформации региональной авиации. Подробнее в интервью Президента Совета ICAO Сальваторе Шаккитано на канале Silk Way TV channel.

https://silkwaytv.kz/ru/glava-soveta-icao-kazahstan-lider-v-transformacii-regionalnoy-aviacii_56914
❤‍🔥6👨‍💻2
Forwarded from UKIMET
Мемлекет басшысының жолдарды қайта реконструкциялау және өткізу пункттерін жаңғырту жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру 2028 жылға қарай жүк тасымалын екі есеге арттырады

Үкіметте еліміздің 2025 жылғы қаңтар-маусымдағы әлеуметтік-экономикалық дамуын қорытындылау кезінде ондағы транзиттік-көлік саласының зор үлесі аталып өтті.

«Еліміздің транзиттік әлеуетін одан әрі кеңейту үшін айтарлықтай резервтер бар. Осы ретте көлік дәліздерінің өткізу қабілетін арттыру шараларын жеделдетуді тапсырамын.
Оның ішінде алдағы жылдары 3 мың шақырымнан астам автокөлік жолын күрделі жөндеу, өткізу бекеттерін жаңғырту, Қазақстан арқылы өтетін теміржол дәлізі аясында жаңа жобаларды іске асыру, халықаралық авиахабтар құру жұмыстары басты назарда болуға тиіс.
Бұл шаралар 2028 жылға қарай әуе көлігімен жүктерді тасымалдау көлемін, сондай-ақ 2027 жылға қарай теміржол транзитін 2 есеге арттыруға мүмкіндік береді.
Бұған қоса егін орағы мен жылыту маусымына дер кезінде дайындалу үшін ішкі тасымал көлемін ұлғайту қажет»,

— деп атап өтті Олжас Бектенов Үкімет отырысы кезінде.

➖
Реализация поручений Президента по реконструкции дорог и модернизации пунктов пропуска к 2028 году удвоят грузоперевозки

В Правительстве в рамках подведения итогов социально-экономического развития страны за январь-июнь 2025 года отмечен вклад транзитно-транспортной отрасли.

«Имеются существенные резервы для дальнейшего расширения транзитного потенциала страны. Поручаю ускорить мероприятия по повышению пропускной способности транспортных коридоров.
Это качественная реконструкция более 3 тысяч километров автомобильных дорог в ближайшие годы, модернизация пунктов пропуска, реализация новых проектов в рамках Трансказахстанского железнодорожного коридора, создание международных авиахабов. Данные меры позволят увеличить объемы перевозки грузов воздушным транспортом в 2 раза к 2028 году, а также удвоить железнодорожный транзит уже к 2027 году.
Кроме того, в целях своевременной подготовки к уборочной кампании и отопительному сезону, следует обеспечить увеличение объемов внутренних перевозок»,

– подчеркнул Олжас Бектенов в ходе заседания Правительства.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Бұл тарихи сәт болды.
Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) Кеңесінің Президенті Сальваторе Шаккитано Қазақстан Республикасына алғаш рет келді. Бұл сапар азаматтық авиациядағы стратегиялық әріптестікті нығайтудағы маңызды қадам болды.

Это был исторический визит.
Президент Совета Международной организации гражданской авиации (ИКАО) Сальваторе Шаккитано впервые посетил Республику Казахстан. Визит стал важным шагом в укреплении стратегического партнёрства в гражданской авиации.

https://www.icao.int/Newsroom/Pages/RU/ICAO-Council-President-completes-successful-first-mission-to-Kazakhstan.aspx?fbclid=PAQ0xDSwLmjWBleHRuA2FlbQIxMQABpx2kNHwFqQ1M-e0yfW9PqZjwRiRwpIUh3XzS4pPcpQh8_jLdzE_A6xof-eQU_aem_7fz6qKmDdCqvNYY9vft0Vw
👍4❤2🔥2
Көлік вице-министрі азаматтарды қабылдады
 
Азаматтарды қабылдау орталығында Талғат Ластаев азаматтарды жеке қабылдады. Астана, Алматы қалаларының, Абай, Қостанай және Атырау облыстарының тұрғындары көлік саласына қатысты мәселелерді ортаға салды.

Азаматтар негізінен халықаралық автокөлік тасымалы, ерекше қажеттілігі бар азаматтарғаарналған инватаксилердің қолжетімділігі мен тапшылығын жою, теміржол вокзалдары мен автомобиль жолдарын жөндеу кезінде полимерлі материалдарды пайдалану, сондай-ақ Мамырсу ауылының маңында жол айрығын салу мәселелерін қозғады. Мәселен, вице-министр 2025 жылдың 19 маусымында ерекше қажеттілігі бар азаматтарды автомобиль көлігімен тасымалдау қағидаларына енгізілген өзгерістерге сәйкес, енді ерекше қажеттілігі бар азаматтарға инватакси қызметі жаңа стандарттар бойынша көрсетілетінін атап өтті. Қызмет көрсету талаптары кешкі және түнгі уақытта, демалыс және мереке күндері ерекше қажеттілігі бар балалар мен ересектерге қызмет көрсету үшін кезекші инватаксилердің болуы туралы тармақшамен толықтырылды.

Басқа да өтініштердің барлығына Талғат Ластаев жан-жақты жауаптар мен түсініктеме берді.

Вице-министр халықпен ашық диалогтың маңыздылығына тоқталып, Көлік министрлігі қызмет көрсету сапасын арттырып және көлік қызметін пайдаланушыларға барынша қолайлы жағдай жасау үшін жұмысты жалғастыратынын атап өтті.
Вице-министр транспорта провел личный прием граждан
 
На площадке ЦПГ Талгат Ластаев провел личный прием граждан. Жители из Астаны, Алматы, областей Абай, Костанайской и Атырауской обратились по широкому спектру вопросов, относящихся к транспортной отрасли.

Вопросы коснулись международных автомобильных перевозок, наличия и доступности инватакси, применения полимерных материалов при ремонте жд вокзалов и реконструкции дорог, а также строительство развязки в населенном пункте Мамырсу. Так, к примеру, вице-министр напомнил, что согласно изменениям внесенным в правила перевозки людей с инвалидностью автомобильным транспортом от 19 июня 2025 года, теперь услуги инватакси будут оказываться по новым стандартам. Требования, предъявляемые к оказанию услуги, дополнены подпунктом о наличии дежурных инватакси для обслуживания лиц с инвалидностью и детей с инвалидностью в вечернее и ночное время суток, выходные и праздничные дни.

На все остальные обращения Талгат Ластаев также дал исчерпывающие ответы и рекомендации.  

Вице-министр подчеркнул важность открытого диалога с населением. Министерство транспорта продолжит работу над повышением качества услуг и созданием комфортных условий для всех участников транспортного процесса.
❤1
Forwarded from UKIMET
Олжас Бектенов Президенттің тапсырмаларын орындау аясында авиация саласын дамыту және ұлттық жүк авиатасымалдаушыны құру мәселелері бойынша жиын өткізді

Премьер-министр Олжас Бектенов авиация саласын дамыту мәселелері бойынша жиын өткізді. Президенттің Қазақстанның авиациялық хаб ретіндегі рөлін күшейту, атап айтқанда, әуе тораптарын дамыту, жерүсті инфрақұрылымын жаңғырту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру барысы қаралды. Ұлттық жүк авиатасымалдаушыны құру мәселесіне ерекше назар аударылды. 

🔸Көлік министрлігінің мәліметінше, 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында қазақстандық авиакомпаниялар 7,2 млн жолаушы тасымалдаған, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6%-ға артық. Әуежайларда жолаушыларға қызмет көрсету көлемі 14,4 млн адамға дейін артты. Қазіргі уақытта ішкі авиатасымалдар жалпы жиілігі аптасына 849 рейс болатын 61 бағдар бойынша орындалады.

🚧 Соңғы жылдары Қазақстанда 20 ұшу-қону жолағы, 19 терминал реконструкцияланды, Түркістанда жаңа әуежай салынды. Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев биыл әуе кемелері паркін 16 бірлікке толықтыру күтіліп отырғанын, оның 6-уы бүгінде сатып алынғанын баяндады. Жалпы, 2030 жылдың соңына дейін флот 221 бірлікке дейін ұлғайтылады. Сондай-ақ 2025 жылы 36 бағдарды ашу және жаңарту жоспарлануда. Инвестициялық бағдарламалар шеңберінде авиация саласына барлығы шамамен $2,9 млрд тарту көзделіп отыр. Қаражатты ірі жобаларды жүзеге асыруға, атап айтқанда, Катонқарағай, Зайсан, Кендірлі, сондай-ақ Арқалық туристік аймақтарында жаңа әуежайлар салу, 10 ұшу-қону жолағы мен 10 терминалды реконструкциялау, арнайы техника паркін жаңарту жұмыстарына жұмсалмақ.

✈️ Жиында сондай-ақ жүк авиакомпаниясын құру жөніндегі бастаманың іске асырылу барысы қаралды. Бұл жоба әлемдік жүк авиатасымалы нарығының тұрақты өсуіне байланысты қолға алынғалы отыр. Бүгінгі таңда ондағы көлем 57,7 млн тоннаны құрайды, бұл ретте тасымалдардың шамамен 15%-ы Қазақстанның әуе кеңістігі арқылы өтеді.

✔️«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов әлемдік тәжірибеге сәйкес бастапқы кезеңде үш әуе кемесін жалға алып, кейіннен флотты он бірлікке дейін кеңейту көзделіп отырғанын баяндады. Ұлттық жүк авиатасымалдаушының операторлығымен алғашқы рейсті іске қосу 2026 жылдың басына жүзеге аспақ. Жоба өзін өзі ақтауы үшін отынмен қамтамасыз етудің кепілдендірілген көлемі қарастырылуда.

Премьер-министр жүк авиатасымалдаушыны құру бойынша барлық дайындық процестерін барынша жеделдетуді тапсырды.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанды аймақтағы жетекші авиациялық хаб ретінде күшейту міндетін қойды. Қазіргі таңда әуежай инфрақұрылымын және ішкі тасымалдарды дамыту бойынша кешенді жұмыстар жүргізуде. Соның ішінде жүк авиатасымалдаушыны құру –  негізгі жобалардың бірі. Оны жүзеге асыру транзиттік жүк ағындарын Қазақстанға қарай бұруға мүмкіндік береді және жүк авиатасымалы нарығындағы біздің ұстанымымызды күшейтеді», —

деп атап өтті Олжас Бектенов.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from UKIMET
Олжас Бектенов провел совещание по вопросам развития авиационной отрасли и создания национального грузового авиаперевозчика в рамках исполнения поручений Президента 

Премьер-министр Олжас Бектенов провел совещание по вопросам развития авиационной отрасли. Рассмотрен ход реализации поручений Президента по усилению роли Казахстана как авиационного хаба, в частности, развитию авиаузлов, модернизации наземной инфраструктуры. Особое внимание уделено вопросу создания национального грузового авиаперевозчика.

🔸По данным Министерства транспорта, за первое полугодие 2025 года казахстанскими авиакомпаниями перевезено 7,2 млн пассажиров, что на 6% больше по сравнению с аналогичным периодом прошлого года. Объем обслуживания пассажиров в аэропортах увеличен до 14,4 млн человек. В настоящее время внутренние авиаперевозки выполняются по 61 маршруту с общей частотой 849 рейсов в неделю.

🚧 За последние годы в Казахстане реконструировано 20 взлетно-посадочных полос, 19 терминалов, построен новый аэропорт в Туркестане. Министр транспорта Нурлан Сауранбаев доложил, что в текущем году ожидается пополнение парка воздушных судов на 16 единиц, 6 из которых уже приобретены. В целом до конца 2030 года флот будет увеличен до 221 единицы. Также отмечено, что в 2025 году предусмотрено открытие и возобновление 36 маршрутов. Всего в авиационную отрасль в рамках инвестиционных программ предполагается привлечь порядка $2,9 млрд. Средства планируется направить на реализацию крупных проектов, в частности по строительству новых аэропортов в туристических зонах – Катон-Карагае, Зайсане, Кендерли, а также Аркалыке, реконструкции 10 взлетно-посадочных полос, 10 терминалов, обновление парка спецтехники. 

✈️ На совещании также рассмотрен ход реализации инициативы по созданию грузовой авиакомпании. Проект обусловлен устойчивым ростом мирового рынка грузовых авиаперевозок. На сегодня их объем составляет 57,7 млн тонн, при этом около 15% перевозок проходит через воздушное пространство Казахстана. 

✔️ Председатель правления АО «ФНБ «Самұрық-Қазына» Нурлан Жакупов доложил, что в соответствии с мировой практикой на начальном этапе предусматривается аренда трех воздушных судов с последующим расширением флота до десяти единиц. Запуск первого рейса под операторством национального грузового авиаперевозчика ожидается в начале 2026 года. Отмечено, что для обеспечения рентабельности предусмотрены меры по гарантированному обеспечению топливом. 

Премьер-министр поручил максимально ускорить все подготовительные процессы по созданию грузового авиаперевозчика.

«Президент Касым-Жомарт Токаев поставил задачу усилить позиции Казахстана как ведущего авиационного хаба региона. Проводится комплексная работа по развитию аэропортовой инфраструктуры и внутренних перевозок. Проект по созданию грузового авиаперевозчика – один из ключевых. Его реализация позволит обеспечить переориентацию транзитных потоков в Казахстан и усилит наши позиции на рынке грузовых авиаперевозок», —

подчеркнул Олжас Бектенов.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤔1
Теміржол және азаматтық авация салаларындағы маршруттық желі тұрақты өсімді көрсетуде

Көлік министрлігі теміржол және азаматтық авиация салаларындағы маршруттық желі туралы хабарлайды.

🔸Теміржол көлігі

Бүгінгі таңда елімізде жолаушылар тасымалы саласында 154 теміржол маршруты орындалады.

Олардың ішінде:

• 112 маршрутты «Жолаушылар тасымалы» АҚ орындаса;
• 30 маршрут жекеменшік тасымалдаушыларға тиесілі;
• Ал қалған 12 маршрут халықаралық маршрутқа жатады.

2025 жылдың алғашқы 6 айында теміржол көлігімен 9,5 миллион жолаушы тасымалданды. Жолаушылар вагондарын жаңарту бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Жыл басынан бері шамамен 60 жаңа жолаушылар вагоны сатып алынды.

🔹Әуе қатынасы

Азаматтық авиация саласында ішкі және халықаралық бағыттардың саны артып келеді:

• Ішкі бағыттарда  61 маршрут бойынша апта сайын 849 рейс орындалады;
• Халықаралық бағыттарда 144 маршрут бойынша аптасына 842 рейс жүзеге асырылады. Қазақстаннан әлемнің 31 еліне тікелей ұшуға болады.
 
Халықаралық әуе рейстер географиясы әлемнің келесі елдерін қамтиды:

Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Грузия, Беларусь, Әзірбайжан, Туркия, Ұлыбритания, Германия, Италия, Нидерланды,Польша, Чехия, Венгрия, Черногория, БАӘ,Катар, Иран, Мысыр, Кувейт, Бахрейн, Оман,Оңтүстік Корея, Қытай, Үндістан, Вьетнам,Тайланд, Моңғолия, Малайзия, Мальдиваралдары.

2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында әуе көлігі қызметін 7,2 миллион жолаушы пайдаланған.