КГА 🇰🇿
3.61K subscribers
3.02K photos
159 videos
4 files
464 links
Комитет гражданской авиации МТ РК
Авиационная администрация
Казахстана

💻 www.aaq.kz

www. aviation.miid.gov.kz

🤳 https://facebook.com/caakaz/


📱Instagram: https://www.instagram.com
Download Telegram
Көлік қызметкерлерінің төл мерекесі құтты болсын!
 
Қазақстанның көлік саласы үздіксіз логистиканы, аймақтық коммуникацияларды және халықаралық ынтымақтастықты қамтамасыз етіп, экономиканы дамытуда шешуші рөл атқарады. Жоғары білікті мамандардың еңбегінің, кәсібилігімен жауапкершілігінің арқасында еліміздің көлік жүйесінің тұрақты және қауіпсіз жұмысы қамтамасыз етілуде.
Сіздерге зор денсаулық, жаңа кәсіби жетістіктер, табысты жобалар  тілейміз!
Еңбектеріңіз әрқашан алға басып, саланың тұрақты дамуының іргетасы болуына тілектеспіз!
 
Көлік қызметкерлері күні қарсаңында Мемлекет басшысының жарлығымен еліміздің көлік саласын дамыту, инфрақұрылымын қалыптастыру және жаңғыртудағы үлкенүлесі үшін марапатталғандар:
 
«Парасат» орденімен
 
Ағабек Әйденов – «Халықаралық Алматы әуежайы» АҚ сантехникалық жүйелерінің инженері
 
«Құрмет» орденімен

Адимолда Радильбек-
«Бурундайавиа әуекомпаниясы”
АҚ стратегиялық даму жөніндегі
вице-президенті

Олег Чеканов - «SCAT» әуекомпаниясы» Шымкент қаласындағы әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету желілік стансасының бастығы

Талғат Ластаев – ҚР көлік вице-министрі

Глухов Юрий Васильевич  –  «Қазаэронавигация» РМК Қарағанды филиалының диспетчері-нұсқаушысы
 
Кузнецов Виктор Николаевич –  «SCAT» әуе компаниясы» АҚ нұсқаушысы
 
«Ерен еңбегі үшін» медалімен
 
Балицкий Виктор Юрьевич – «Эйр Астана» АҚ нұсқаушысы
 
Мавланов Инагамжан Махаметалиевич – «Аэропорт Шымкент» АҚ көлік жүргізушісі 
 
Пірманова Нұрзейнеп Жаңабекқызы  – «Шымкент әуежайы» АҚ ұшу аппараттарын жуушысы
 
Тұрлыбеков Мұхтарбек Шекербекұлы – «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ аға авиациялықинспекторы
 
Юрий Оленев – «FlyArystan» АҚ-ның Қарағандықаласындағы әуежайда қызмет көрсету жөніндегі менеджері
 
Василий Устименко – «Өскемен әуежайы» АҚ Жедел медициналық көмекке, әуеайлаққа қызмет көрсету және шаруашылықпен қамту жөніндегі кешенді колоннасының тракторлы техника машинисі
 
Александр Ершов – «Air Astana» АҚ-ның Әуе кемелерінежедел техникалық қызмет көрсету жөніндегі аға инженері
 
Игорь Карлин – «Халықаралық Алматы әуежайы» АҚ жылыту, желдету және ауаны баптау жүйесінің жетекші инженері
 
Сейткеров Ерлан Сейткерұлы – «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ басқарма басшысы
 
Кисекова Гүлмира Қазбекқызы - «QAZAQ AIR» АҚ бас бухгалтері
 
Щербинин Павел Николаевич - «Көкшетау әуежайы» ұшулардың электрлік жарықтандыру қызметінің электригі
 
Авдеев Олег Алексеевич - «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ аэронавигация департаментінің директоры
 
🔥1
❤3
Поздравляем работников отрасли с Днём транспорта!
 
Транспортная отрасль Казахстана играет ключевую роль в развитии экономики, обеспечивая бесперебойную логистику, связь регионов и международное сотрудничество.
Благодаря труду, профессионализму и ответственности высококвалифицированных специалистов поддерживается стабильная и безопасная работа транспортной системы страны.
Желаем вам крепкого здоровья, новых профессиональных достижений, успешных проектов и дальнейшего развития отрасли! Пусть ваш труд всегда будет прочной основой устойчивого движения вперед.
 
В преддверии Дня работников Транспорта указом Главы государства за большой вклад в развитие транспортной отрасли, становление и модернизацию инфраструктуры путей сообщения страны награждены:
 
Орденом «Парасат»
 
Агабек Айденов – инженер сантехнических систем АО «Международный аэропорт Алматы»
 
Орденом «Құрмет»
 
Адимолда Радильбек - вице-президент по стратегическому развитию АО «Авиакомпания Бурундайавиа»

Олег Чеканов – начальник линейной станции ТО ВС г. Шымкент инженерно-авиационной службы АО «Авиакомпания «SCAT»
 
Талгат Ластаев – вице-министр транспорта РК
 
Глухов Юрий Васильевич – диспетчер-инструктор Карагандинского филиала РГП «Казаэронавигация»
 
Кузнецов Виктор Николаевич – инструктор АО «Авиакомпания «SCAT»
 
медалью «Ерен еңбегі үшін»
 
Балицкий Виктор Юрьевич – инструктор АО «Эйр Астана»
 
Мавланов Инагамжан Махаметалиевич – водитель АО «Аэропорт Шымкент»
 
Пирманова Нурзейнеп Жанабековна – мойщик летательных аппаратов АО «Аэропорт Шымкент»
 
Турлыбеков Мухтарбек Шекербекович – старший авиационный инспектор АО «Авиационная администрация Казахстана»
 
Юрий Оленев – менеджер по обслуживанию в аэропорту АО «FlyArystan» в г. Караганда
 
Василий Устименко – машинист тракторной техники комплексной колонны по обслуживанию скорой медицинской помощи, аэродрома и хозобеспечения службы спецтранспорта АО «Аэропорт Усть-Каменогорск»
 
Александр Ершов - старший инженер оперативного технического обслуживания воздушного судна АО «Эйр Астана»
 
Игорь Карлин - ведущий инженер систем отопления, вентиляции и кондиционирования АО «Международный аэропорт Алматы»
 
Сейткеров Ерлан Сейткерович - руководитель управления АО «Авиационная администрация»
 
Кисекова Гульмира Казбековна - главный бухгалтер АО «QAZAQ AIR»
 
Щербинин Павел Николаевич - электрик службы электросветотехнического обеспечения полетов «Аэропорт Кокшетау»
 
Авдеев Олег Алексеевич - директор департамента аэронавигации АО «Авиационная администрация Казахстана»
👏8❤3
КГА 🇰🇿 pinned «Поздравляем работников отрасли с Днём транспорта!   Транспортная отрасль Казахстана играет ключевую роль в развитии экономики, обеспечивая бесперебойную логистику, связь регионов и международное сотрудничество. Благодаря труду, профессионализму и ответственности…»
Forwarded from UKIMET
Қазақстан мен Сербия ауыл шаруашылығы саласындағы сауданы кеңейту және туризм саласындағы ынтымақтастықты нығайту жайын талқылады

8 тамызда Алматыда өткен қазақстандық-сербтік Үкіметаралық комиссиясының (ҮАК) IV отырысында Сербияға қазақстандық жоғары сапалы ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын ұлғайту туралы ұсыныс айтылды. ҮАК тең төрағалары вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мен Үкімет төрағасының орынбасары, Ішкі істер министрі Ивица Дачич.

Өз сөзінде Серік Жұманғарин екі ел арасындағы ынтымақтастықтың ең перспективалық бағыты сауда мен көлік, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, туризм, ғылым, биотехнология, білім мен мәдениет екенін атап өтті.
Аграрлық сауданың өсуі екі елдің әлеуетін айғақтайды: 2025 жылғы бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің тауар айналымы 1,5 есеге артып, 4 млн АҚШ долларына жеткен. Қазақстан астық және бұршақ дақылы, өсімдік майы, балық, ет пен сүт өнімі экспортын арттыруға мүдделі.

Тараптар Транскаспий халықаралық көлік бағытын Еуропаға, оның ішінде Сербияға қарай ұзарту перспективасын зерттеуді жалғастыруға уағдаласты. Астана мен Белград арасында биыл тікелей әуе қатынасын ашу жайын талқылады.

Тікелей рейсті SCAT әуе компаниясы жүзеге асырады. Бүгінде екі елдің әуе компаниялары әуе рейсін іске қосудың барлық қажетті рәсімін жүргізуде. Бағыттың тартымдылығын арттыру үшін әуе жолын Белградтан Марокко, Тунис, Барселона мен Ларнакаға дейін ұзарту туралы келісім жасалуда.

Сондай-ақ, осы жылы Сербияға сауда-экономикалық миссия ұйымдастырып, алғашқы қазақстандық-сербтік іскерлік кеңес өткізу туралы шешім қабылдады. Бұл екі елдің іскерлер тобы арасындағы сауда-экономикалық қатынас пен инвестициялық байланысты нығайта түсуге мүмкіндік бермек.

Отырыс қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды бекітетін хаттамаға қол қойылды. Үкіметаралық комиссияның келесі отырысын 2026 жылы Сербияда өткізу жоспарланып отыр.

➖

Казахстан и Сербия
обсудили расширение торговли в сельском хозяйстве и сотрудничество в сфере туризма

Нарастить экспорт казахстанской высококачественной сельскохозяйственной продукции в Сербию предложили на IV заседании казахстанско-сербской Межправительственной комиссии (МПК), прошедшем в Алматы 8 августа. Сопредседателями МПК выступили вице-премьер – министр национальной экономики РК Серик Жумангарин и заместитель председателя Правительства Сербии, министр внутренних дел Ивица Дачич.

В приветственном слове Серик Жумангарин подчеркнул, что наиболее перспективными направлениями сотрудничества между странами являются торговля и транспорт, сельское хозяйство, здравоохранение, туризм, наука, биотехнологии, образование и культура.

Рост аграрной торговли подтверждает потенциал двух стран: по итогам первого полугодия 2025 г. товарооборот сельскохозяйственной продукции увеличился в 1,5 раза, достигнув $4 млн. Казахстан заинтересован в наращивании экспорта зерна и зернобобовых культур, растительных масел, рыбной, мясной и молочной продукции.

Стороны договорились продолжить изучение перспектив продления Транскаспийского международного транспортного маршрута в сторону Европы, включая Сербию, обсудили детали запуска в этом году прямого авиасообщения между Астаной и Белградом.

Прямой рейс будет выполнять авиакомпания SCAT. Сейчас авиакомпании двух стран проводят необходимые процедуры для запуска авиарейса, и в целях повышения привлекательности маршрута договариваются о продлении маршрута из Белграда далее в Марокко, Тунис, Барселону и Ларнаку.

На заседании также достигли договоренности по организации в этом году торгово-экономической миссии в Сербию и проведению первого казахстанско-сербского делового совета. Это позволит укрепить торгово-экономические отношения и инвестиционные связи между деловыми кругами двух стран.

По итогам заседания был подписан протокол, закрепляющий достигнутые договоренности. Следующее заседание Межправительственной комиссии планируется провести в 2026 г. в Сербии.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤8👍3👏1🤓1
Астанада «Орталық Азия – Қытай» (C5+1) азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастық жөніндегі жұмыс тобының екінші конференциясы өтуде

Бүгін Астана қаласында «Орталық Азия - Қытай» (C5+1) бастамасы аясында азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастық жөніндегі жұмыс тобының екінші конференциясы өз жұмысын бастады. Іс-шараға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Қытай Халық Республикасы авиациялық биліктерінің басшылары, азаматтық авиация және аэронавигациялық қызметтер ұйымдарының өкілдері, әуежайлар мен әуе компаниялардың басшылығы қатысуда.
ҚР Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева өз сөзінде еліміздегі азаматтық авиация саласының өсіп келе жатқан көрсеткіштері туралы хабарлады: өткен жылы отандық әуежайларда 29,7 млн жолаушыға қызмет көрсетілді, бұл 14% өсуді көрсетеді, халықаралық әуе қатынасы жоспарлы түрде кеңейіп келеді – ағымдағы жылы 36 жаңа әуе маршруттары ашылды, тасымалдау нарығына 7 жаңа шетелдік әуе компаниялар кіруде.
«Конференция Орталық Азия елдері мен Қытай арасындағы әріптестік қатынастарды нығайтуға, әуе қатынасын кеңейту, өңірдің авиация саласына инвестициялар мен технологияларды тарту жөніндегі жаңа бастамаларды келісуге, сондай-ақ Қазақстанның өңірлік авиациялық хаб ретіндегі рөлін арттыруға ықпал ететін болады. Бұл кездесуді Астанада өткізу азаматтық авиация саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытудағы маңызды қадам болып табылады және жаһандық авиациялық картадағы Орталық Азияның орнын күшейтеді», - деп атап өтті С.Томпиева. Оның айтуынша, 14 тамызда Қытай мен Өзбекстанның авиациялық билігімен екіжақты келіссөздер өтеді. Қытайдың авиациялық билігінің басшысы Бай Венли Қытайдың бүгінде Орталық Азияның барлық бес астанасына тікелей рейстер жасап жатқанын және аптасына тұрақты жолаушылар рейстерінің саны 151-ге дейін өскенін, бұл 2024 және 2019 жылғы көрсеткіштен екі есе дерлік жоғары екенін хабарлады.
«Өткен жылы біз авиациялық байланыс саласында керемет нәтижелерге қол жеткіздік. Қазақстанмен, Қырғызстанмен және Өзбекстанмен әуе қатынасы туралы келісім кеңейтілді, бұл әуе компаниялардың ұшуы үшін неғұрлым қолайлы жағдай туғызды. China Southern Airlines әуе компаниясы «Эйр Астана» және «Өзбекстан хаво йуллари» әуе компанияларымен код-шерингтік келісімдерге қол қойды, бұл өңірлік маршруттық желілерді кеңейтетін өзара тиімді коммерциялық ынтымақтастыққа ықпал етеді», - деді Б.Венли.
«Конференцияда біз қазақстандық әріптестерімізбен елдеріміздің астаналары мен ірі қалалары арасындағы жиіліктерді ұлғайту туралы уағдаласуды, сондай-ақ Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы ұшу географиясын одан әрі кеңейту үшін қосымша пункттер қосуды жоспарлап отырмыз», - деді конференция барысында Өзбекстан Көлік министрлігінің Әуе көлігі басқармасының басшысы Джамолиддин Назаров.
Конференцияның негізгі қатысушылары мен спикерлерінің қатарында Қырғызстанның авиациялық билік басшылары – Қанат Толғонов, Тәжікстан – Зарифжон Зарипов бар.
Конференцияның күн тәртібіне ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көлік-транзиттік интеграцияны дамыту, авиация мамандарының біліктілігін арттыру, Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы халықаралық маршруттық желіні кеңейту, жаңа технологияларды енгізу, экологиялық орнықты авиацияны дамыту саласындағы өзара іс-қимылдың түйінді мәселелері, сондай-ақ құрылған Азаматтық авиацияның Еуразиялық конференциясына (EACAC) қатысушы елдердің өзара іс-қимылы мәселелері кірді. EACAC Қазақстан Республикасының бастамасы бойынша 2024 жылы ИКАО, Еуропалық комиссия, ИАТА және басқа да халықаралық ұйымдар сияқты әлемдік сала институттарымен жұмыс шеңберінде Орталық Азия мемлекеттерінің шоғырландырылған ұстанымын білдіру үшін құрылған болатын.
❤4
Анықтама: Азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастық жөніндегі жұмыс тобының С5+1 (Орталық Азия-Қытай) форматындағы бірінші конференциясы Қытайдың Сиань қаласында 2024 жылғы 17-21 маусым аралығында өтті, оның шеңберінде Қытай мен Орталық Азия (C5+1) арасындағы Азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастық тетігі құрылды, сондай-ақ прогреске шолу жасау және болашақ ынтымақтастықты жоспарлау үшін жұмыс тобының жыл сайынғы конференциясын
өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
❤1
👍3👏1
👍2👏1