КГА 🇰🇿
3.61K subscribers
3.04K photos
160 videos
4 files
469 links
Комитет гражданской авиации МТ РК
Авиационная администрация
Казахстана

💻 www.aaq.kz

www. aviation.miid.gov.kz

🤳 https://facebook.com/caakaz/


📱Instagram: https://www.instagram.com
Download Telegram
Отандық SCAT Airlines 2026 жылы көктемде Латвияға ұша бастайды

2025 жылғы 1 қазанда Алматы қаласында Қазақстан мен Латвияның іскер топтарының 50-ге жуық өкілінің қатысуымен Қазақстан – Латвия бизнес-форумы өтті.
Форум барысында екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселесі екіжақты қаралды.
Қазақстан мен Латвия арасындағы көліктің барлық салаларындағы ынтымақтастықтың оң динамикасы атап өтілді. Мәселен, Қазақстаннан жүктерді Латвияның Рига, Вентспилс және Лиепа порттары арқылы транзитпен экспорттау Орталық Азия мен Еуропа арасындағы логистикалық желіде шешуші рөл атқарады.
Әуе қатынасын кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылды. 2026 жылдың көктемінде SCAT Airlines Қазақстан мен Латвия арасында тікелей рейс ашатыны белгілі болды. Бұл қадам жолаушылар тасымалын жеңілдетеді, іскерлік және мәдени байланыстарды нығайтады, жобаларды жүзеге асыруды жеделдетеді, туризм мен бизнесті дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады.
Тараптар сондай-ақ жүк тасымалы өсімінің дәлелі ретінде теміржол ынтымақтастығының жоғары әлеуетіне тоқталып, тікелей әуе қатынасы екіжақты қарым-қатынастарды нығайтудағы маңызды қадам болатынына сенім білдірді.
👍2
Казахстан и Латвия укрепляют сотрудничество: SCAT Airlines запустит прямое авиасообщение весной 2026 года

1 октября 2025 года в г. Алматы состоялся казахстанско-латвийский бизнес – форум с участием около 50 представителей деловых кругов Казахстана и Латвии.
В ходе форума было отмечено, что Казахстан рассматривает Латвию как важного и надежного партнёра, Латвия в свою очередь видит в Казахстан как стратегический мост между Азией и Европой. Форум стал площадкой для обсуждения новые горизонты сотрудничества.
Отмечена положительная динамика в сотрудничестве между Казахстаном и Латвией во всех отраслях транспорта, а экспорт грузов из Казахстана транзитом через латвийские порты Риги, Вентспилса и Лиепа и играет ключевую роль в логистической цепочке между Центральной Азией и Европой.
Особое внимание уделили вопросам расширения авиасообщения. Было объявлено, что уже весной 2026 года авиакомпания SCAT Airlines откроет прямой рейс между Казахстаном и Латвией. Этот шаг упростит пассажирские перевозки, укрепит деловые и культурные связи, ускорит реализацию проектов и создаст новые возможности для развития туризма и бизнеса.
Стороны также подчеркнули высокий потенциал железнодорожного сотрудничества, что подтверждается ростом грузоперевозок, и выразили уверенность, что прямое авиасообщение станет важным этапом в укреплении двусторонних отношений.
❤14
Қазақстан – ИКАО: ынтымақтастықты дамытудың басымдықтары

Монреальда өтіп жатқан ИКАО Ассамблеясының 42-сессиясы аясында Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева мен ИКАО Кеңесінің президенті Сальваторе Шаккитаномен кездесті.
Тараптар Қазақстанның азаматтық авиациядағы басымдықтарын: SARP-мен одан әрі үйлестіру, ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті арттыру, халықаралық байланыс пен транзиттік әлеуетті дамыту, сондай-ақ тұрақты күн тәртібі – SAF және шығарындыларды азайту мәселелерін талқылады.
Салтанат Томпиева Қазақстан ИКАО Ассамблеясының сессиясына алғаш рет 33 авиациялық бастама ұсынғанын атап өтті. Біздің еліміз ең үздік халықаралық стандарттарды жүйелі түрде енгізуде және қауіпсіздікті, қызмет көрсету сапасын жақсартатын практикалық жобаларға бағытталған.
Сальваторе Шаккитано Қазақстанның азаматтық авиацияны дамытудағы жетістіктерін жоғары бағалап, ИКАО-ның тұрақты қолдау көрсететінін айтты. Тараптар таяу болашаққа арналған жобалар, соның ішінде ИКАО өңірлік бастамалары бойынша ИКАО-мен мазмұнды үйлестіруді жалғастыруға уағдаласты.
❤1👍1🔥1
👍3🔥2
Казахстан – ИКАО: приоритеты растущего сотрудничества

На полях 42-й сессии Ассамблеи ИКАО в Монреале состоялась рабочая встреча Председателя Комитета гражданской авиации МТ РК Салтанат Томпиевой с Президентом Совета ИКАО Сальваторе Шаккитано.
Стороны обсудили приоритеты Казахстана в гражданской авиации: дальнейшую гармонизацию с SARPs, повышение уровня безопасности полётов и авиационной безопасности, развитие международной связанности и транзитного потенциала, а также устойчивую повестку – SAF, снижение выбросов.
Салтанат Томпиева отметила, что впервые Казахстан внес 33 авиационные инициативы на сессии Ассамблеи ИКАО, наша страна последовательно внедряет лучшие международные стандарты и нацелен на практические проекты, которые повысят безопасность, качество сервиса.
Сальваторе Шаккитано высоко оценил прогресс Казахстана в развитии гражданской авиации и заверил в дальнейшей поддержке со стороны ИКАО.
Была достигнута договорённость о продолжении предметной координации с ИКАО по проектам на ближайший период, в том числе по региональным инициативам ИКАО.
👍4❤2🔥1🥰1
Қостанайда жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруға арналған «Best Airport Service» жобасы іске қосылды

Жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруды көздейтін «Best Airport Service» жобасы аясында Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің қызметкерлері Қостанай халықаралық әуежайында оқыту семинарын өткізді.
Жоба жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру және авиациялық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырудың тиімді стратегиясын құруға бағытталған. Best Airport Service мемлекеттік органдарды, соның ішінде Қостанай әуежайында жұмыс істейтін қызметтерді және әуе компания өкілдіктерін қамтитын кешенді тәсілді қарастырады.
Жоба жыл бойына қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған іс-шараларды қамтиды. Сонымен қатар, қызмет көрсету сапасына жолаушылардың қанағаттануын талдау үшін әуежай ішкі және халықаралық бағыттар бойынша жолаушылар арасында арнайы сауалнама жүргізілетін болады.
Талдау негізгі мәселелерді анықтай отырып, екі кезеңде өтеді, одан кейін Қазақстанның авиациялық әкімшілігі мен әуежай басшылығы оларды бірлесе шешетін болады.
👏1🤪1
В Костанае стартовал проект Best Airport Service по повышению качества обслуживания пассажиров

Сотрудники Авиационной администрации Казахстана провели обучающий семинар на базе Международного аэропорта Костаная в рамках реализации проекта Best Airport Service, направленного на повышение качества обслуживания пассажиров.
Цель проекта – создание эффективной стратегии улучшения качества обслуживания пассажиров и формирование культуры авиационной безопасности. Best Airport Service предусматривает комплексный подход, в работе которого будут задействованы государственные органы, включая службы аэропорта и представительства авиакомпаний, представленные в аэропорту Костаная.
Проект предусматривает проведение мероприятий на протяжении текущего года, направленных на повышение качества обслуживания. Кроме этого, с целью проведения анализа удовлетворенности пассажиров качеством обслуживания, в аэропорту будет проведен специальный опрос среди пассажиров по внутренним и международным направлениям.
Анализ будет проведен в два этапа, который позволит выявить основные проблемы, после чего Авиационная администрация Казахстана совместно с руководством аэропорта проведет работу по их устранению.
👏2🤪2👍1🔥1
ҚАӘ инспекторлары Астана және Алматы қалаларының әуежайларында рейстердің уақтылы орындалуы мен әуе жолаушыларының құқықтарын қорғауды тексереді

Кейінгі уақытта еліміздің әуе компанияларына ұшулардың орындалуы мен жолаушыларға қызмет көрсетудің сапасына байланысты шағымдар саны артты. Air Astana өкілдерінің деректері бойынша, соңғы айларда әуе компанияның рейстерін орындаудың көрсеткіші 77% құрайды.
Жолаушылар құқығын қорғау Қазақстан Республикасының Көлік вице-министрі Талғат Ластаевтың төрағалығымен өткен кеңестің басты тақырыбы болды. Еліміздің әуе компаниялары мен әуежайлары өкілдерінің қатысуымен өткен кездесуде рейстердің кешігуіне, әуе кемелерін ауыстыруға, әуежайлардағы ұзын-сонар кезектерге және басқа да жолаушылар құқықтарының бұзылуына байланысты мәселелер қаралды. Ұшудың уақтылы орындалуын қамтамасыз етуге және алдағы қысқы маусымға дайындыққа ерекше назар аударылды.
Қазіргі уақытта әуе кемесі ауыстырылған жағдайда өтемақы төлеу тек бизнес-класс жолаушылары үшін көзделген. Вице-министр әуе компанияларға әуе кемесін ауыстыруға тыйым салуды пысықтауды, сондай-ақ Fly Arystan-ның fly Arystan-ға, Air Astana-ның Air Astana-ға борттарын ауыстыру жөніндегі міндетті көздеуді тапсырды. Сондай-ақ, Талғат Ластаев рейстерді уақтылы орындау тәртібін арттыру бойынша, әсіресе маусымдық жағдайында қосымша шаралар қабылдауды тапсырды.
Сонымен қатар, қызмет көрсету сапасына және жердегі қызметтердің жұмысына байланысты жағдайлар, атап айтқанда персоналдың жолаушылармен дұрыс жұмыс істемеуі қарастырылды. Әуе компаниялар мен әуежайлардың басшылығына қызмет көрсету сапасын күшейту, қызмет көрсету мәдениеті бойынша тренингтер өткізу, кезектерді болдырмау үшін тексеру жұмысын ретке келтіру және елордалық әуежайда ағымдағы жөндеуді уақтылы аяқтау тапсырылды.
Рейстерге тіркелудің қолжетімділігі мәселесі жеке көтерілді. Fly Arystan-да онлайн тіркелу ұшудан 30 күн бұрын қол жетімді, бірақ әуежайда тіркелу кезінде қызмет ақылы болады. Бұл егде жастағы жолаушылар мен мобильді құрылғыларды пайдаланбайтын мүгедектерге қиындық тудырады. Министрлік осындай санаттағы азаматтарға қызмет көрсетудің қосымша тетіктерін әзірлеуді тапсырды.
Кеңес қорытындысы бойынша әуе компаниялар мен әуежайлардың жұмысына тексеру жүргізу туралы шешім қабылданды. Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің (ҚАӘ) инспекторлары екі апта бойы Астана және Алматы әуежайларының ұшу залдарында болып, рейстердің кешігуіне мониторинг жүргізіп, жолаушыларға сауалнама жүргізетін болады.
Көлік министрлігі жолаушылардың құқықтары мен мүдделері азаматтық авиация саласындағы мемлекеттік саясаттың сөзсіз басымдығы болып қала беретінін атап өтті.
👏3
🔥4
Инспекторы ААК проверят в аэропортах гг. Астаны и Алматы соблюдение пунктуальности рейсов и защиты прав авиапассажиров

В последнее время возросло количество жалоб на авиакомпании страны в части пунктуальности полетов и обслуживания пассажиров. По данным представителей Air Astana, по итогам последних месяцев показатель пунктуальности выполнения рейсов авиакомпании составляет 77%.
Защита прав пассажиров стала главной темой совещания под председательством вице-министра транспорта Республики Казахстан Талгата Ластаева. В ходе встречи с участием представителей авиакомпаний и аэропортов страны были рассмотрены вопросы, связанные с задержкой рейсов, заменой воздушных судов, очередями в аэропортах и другими нарушениями прав пассажиров. Особое внимание было уделено обеспечению пунктуальности полётов и подготовке к предстоящему зимнему сезону.
В настоящее время в случае замены воздушного судна выплата компенсации предусмотрена только для пассажиров бизнес-класса. Вице-министр поручил проработать запрет авиакомпаниям на замену воздушного судна, кроме того, предусмотреть обязательный резерв по замене бортов Fly Arystan на Fly Arystan, Air Astana на Air Astana. Талгат Ластаев поручил принять дополнительные меры по повышению дисциплины своевременного выполнения рейсов, особенно в условиях сезонной нагрузки.
Кроме того, были рассмотрены случаи, связанные с качеством обслуживания и работой наземных служб, а именно некорректное обращение персонала с пассажирами. Руководству авиакомпаний и аэропортов поручено усилить качество обслуживания, подготовку и проведение тренингов по культуре обслуживания, упорядочить работу досмотра во избежание очередей и своевременно закончить текущий ремонт в столичном аэропорту.
Отдельно был поднят вопрос доступности регистрации на рейсы. Онлайн-регистрация Fly Arystan доступна за 30 дней до вылета, однако при регистрации в аэропорту услуга является платной. Это создаёт трудности для пожилых пассажиров и людей с ограниченными возможностями, не пользующихся мобильными устройствами. Министерством дано поручение разработать дополнительные механизмы обслуживания таких категорий граждан.
По итогам совещания принято решение о проведении проверок работы авиакомпаний и аэропортов. Инспекторы Авиационной администрации Казахстана (ААК) в течение двух недель будут находиться в залах вылета и прилета в аэропортах Астаны и Алматы и проводить мониторинг задержек рейсов и анкетирование пассажиров.
Министерство транспорта подчеркнуло, что права и интересы пассажиров остаются безусловным приоритетом государственной политики в сфере гражданской авиации.
🔥5👏4❤1
Тайландтық лоукостер Thai AirAsia X Алматы мен Бангкок арасында әуе рейсін ашады
 
2025 жылғы 7 қазанда Көлік вице-министрі Талғат Ластаев Thai Air Asia X компаниясының бас атқарушы директоры Паттра Бусаравонгсе ханыммен кездесті.
Паттра Бусаравонгсе әуе компаниясының 2025 жылдың 1 желтоқсанында аптасына төрт рейспен Airbus A330 ұшағын пайдалана отырып, Алматы мен Бангкок арасындағы әуе қатынасын ашу жоспарын жариялады.
Сонымен қатар, Thai Air Asia X Алматыдан Еуропаның Берлин (Германия) және Манчестер (Ұлыбритания) қалаларына Қазақстанның «ашықаспан» режимінде  «әуе еркіндігінің» 5-ші дәрежесімен рейстерді орындауға қызығушылық танытты.
ҚР Көлік министрлігі қажетті көмек көрсетуге дайын екенін айтып, елдер арасындағы туризм мен іскерлік байланыстарды дамыту үшін әуе рейстерін ашудың маңыздылығын атап өтті.
Анықтама:
Thai Air Asia X – Жапонияға, Кореяға, Үндістанға, Австралияға, Иранға, Оманға және басқа елдерге орта және ұзақ мерзімді халықаралық рейстерді орындайтын Тайланд әуе компаниясы. Әуе компаниясының паркі тоғыз Airbus A330 ұшағынан тұрады.
👏2
👍4