КГА 🇰🇿
3.61K subscribers
2.89K photos
153 videos
4 files
455 links
Комитет гражданской авиации МТ РК
Авиационная администрация
Казахстана

💻 www.aaq.kz

www. aviation.miid.gov.kz

🤳 https://facebook.com/caakaz/


📱Instagram: https://www.instagram.com
Download Telegram
Forwarded from UKIMET
👍1
Қытайға жаңа әуе бағыты ашылады

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі ұшу географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санын арттыру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізіп келеді.
Осыған орай, ағымдағы жылдың 2 маусымынан бастап қазақстандық «Air Astana» әуе компаниясы Қытайға жаңа әуе бағытын – Астана – Гуанчжоу маршрутын ашуды жоспарлап отыр. Рейстер аптасына 2 рет «Airbus A321LR» үлгісіндегі әуе кемелерімен орындалады.
Аталған әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықтың одан әрі дамуына ықпал етеді деп күтілуде.
❤2👍1
Открывается новый авиамаршрут в Китай

Министерством транспорта РК на постоянной основе ведется работа по расширению географии полетов и увеличению количества рейсов по действующим маршрутам.
Так, с 2 июня текущего года казахстанская авиакомпания «Air Astana» планирует открытие нового маршрута в Китай по направлению Астана – Гуанчжоу. Рейсы будут выполняться с частотой 2 раза в неделю на воздушных судах типа «Airbus A321LR».
Ожидается, что открытие авиасообщения будет способствовать дальнейшему развитию торгово-экономического, делового и туристического сотрудничества между двумя странами.
👍1
Қазақстан авиациялық оқиғалардан зардап шеккендер мен олардың отбасыларына қолдау көрсету мәселелері бойынша ECAC–ICAO EUR/NAT воркшопына қатысты

Мадрид қ. (Испания) авиациялық оқиғалардан зардап шеккендерге және олардың отбасыларына көмек көрсету мәселелеріне арналған ECAC–ICAO EUR/NAT «Supporting air accident victims and their families through Family Assistance Plans» өңірлік семинары өтті. Аталған іс-шараға Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің, Air Astana, Алматы халықаралық әуежайының өкілдері қатысты.
Семинарға мемлекеттердің уәкілетті органдары, авиациялық әкімшіліктер, әуекомпаниялар, әуежайлар және зардап шеккендер отбасыларының қауымдастықтарын қоса алғанда, 70-тен астам қатысушы жиналды. Іс-шара барысында халықаралық үздік тәжірибелер, бұрынғы авиациялық оқиғалардан алынған сабақтар, сондай-ақ зардап шеккендер мен олардың отбасыларын қолдауда мемлекет пен авиация саласының рөлі талқыланды.
Қазақстандық спикерлер – Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің формальдылықты оңайлату департаментінің директоры Всеволод Ким, «Air Astana» АҚ-ның Төтенше жағдайларда әрекеттену жөніндегі супервайзері Толғанай Абдуллаева, «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ-ның операциялық қызмет көрсету департаментінің директоры Қайрат Жұматаев баяндамалар жасады.
Сарапшылар қазақстандық мамандардың жұмысын жоғары бағалап, ұсынылған материалдардың практикалық маңыздылығын және зардап шеккен отбасыларға көмек көрсету барысында әуежайлар мен әуекомпаниялар арасындағы өзара іс-қимылды талқылауға қосқан үлесін атап өтті.
Қазақстан өңірлік деңгейде Family Assistance Plans жүйесін дамытуға қатысуды және үздік тәжірибелермен алмасуды жалғастырады.
Казахстан принял участие в воркшопе ECAC–ICAO EUR/NAT по поддержке пострадавших при авиационных происшествиях и их семей

В г. Мадриде (Испания) состоялся региональный семинар ECAC–ICAO EUR/NAT «Supporting air accident victims and their families through Family Assistance Plans» по вопросам оказания помощи пострадавшим при авиационных происшествиях и их семьям, в котором приняли участие представители Авиационной администрации Казахстана (ААК), Air Astana, Международного аэропорта Алматы.
Мероприятие объединило более 70 участников из государств, авиационных администраций, авиакомпаний, аэропортов и ассоциаций семей пострадавших, где обсуждались международные лучшие практики, уроки прошлых происшествий и роли государств и отрасли в поддержке пострадавших и их семей.
С докладами на мероприятии выступили директор департамента упрощения формальностей ААК Всеволод Ким, супервайзер по действиям в аварийных ситуациях АО «Air Astana» Толганай Абдуллаева, директор департамента по оперативному обслуживанию АО «Международный аэропорт Алматы» Кайрат Жуматаев.
Эксперты высоко оценили работу казахстанских специалистов, отметив практическое содержание и вклад в обсуждение взаимодействия аэропортов и авиакомпаний при оказании помощи пострадавшим семьям.
Казахстан продолжит обмен лучшими практиками и участие в развитии Family Assistance Plans на региональном уровне.
👍3🔥2
🔹Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінде 2025 жылдың әуе, теміржол және су көлігіндегі оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру қорытындысы бойынша сұрақтар қорытындыланды
 
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Көліктегі оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру департаментімен 2025 жылғы жұмыс қорытындыларын шығару және транспорттық оқиғаларға қатысты өзекті мәселелерді талқылау мақсатында азаматтық авиация ұйымдары, тасымалдау процесіне қатысушылар және қосымша қызметтер теміржол көлігінде, су көлігінің өкілдері, ведомстволар мен құзырлы органның аймақтық бөлімшелері, сондай-ақ азаматтық авиация саласындағы құзырлы ұйым өкілдерімен кеңес өткізді.

2025 жылдың қорытындысы бойынша Департаменттің тергеп-тексеруіне жататын көліктік оқиғалар мен оқыс оқиғалар статистикасы 2024 жылмен салыстырғанда әуе көлігінде (42-ден 35-ке дейін) және теміржол көлігінде (16-дан 7-ге дейін) көрсеткіштердің төмендегенін, ал су көлігінде (3-тен 9-ға дейін) оқиғалардың артқанын көрсетеді.

Кеңес барысында 2025 жылдағы көліктік оқиғалардың тән үрдістері бойынша алдын ала талдау ұсынылды. Аяқталған тергеп-тексерулердің себептері мен ықпал етуші факторлары талқыланды. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде берілген ұсынымдар негізінде профилактикалық шараларды іске асыруды көздейтін іс-шаралар жоспарларының орындалуына ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайту мақсатында Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының (Бас көлік прокуратурасы, Ішкі істер, Сыртқы істер, Төтенше жағдайлар, Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктері) өкілдерінің қатысуымен жеке кеңес өткізілді. Қол жетуі қиын жерлерде (таулы аймақтар, акваториялар және т.б.) орын алған көлік оқиғалары кезінде жедел әрекет етуге дайындық және өзара іс-қимыл мәселелері, оқиға орнын қоршаудың және себептерін анықтау үшін ерекше маңызы бар заттай дәлелдемелерді сақтаудың маңыздылығы, сондай-ақ басқа да мәселелер талқыланды.

Сонымен бірге, кеңес барысында Бас көлік прокуратурасының бастамасымен Көлік министрлігінің, Көліктегі полиция департаментінің және Әділет министрлігінің қолдауымен әзірленген «Азаматтық авиация саласындағы әуе апаттарын тергеп-тексеру әдістемесі: тәжірибе, мәселелер, шешімдер» атты әдістеме таныстырылды. Аталған құжат бірыңғай құқық қолдану практикасын қалыптастыруға және жауапты мемлекеттік органдардың іс-қимылдарын үйлестіруге бағытталған, бұл құқық қорғау органдары тарапынан да, азаматтық авиация саласындағы тергеп-тексеру жөніндегі уәкілетті орган тарапынан да тергеп-тексерулердің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Кеңес қатысушыларына Көлік министрлігі жүргізіп жатқан авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру жүйесін трансформациялау туралы ақпарат та ұсынды. Атап айтқанда, ағымдағы жылы Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ХААҰ) стандарттары мен ұсынылатын тәжірбиесіне сәйкес тәуелсіз және тиімді тергеп-тексеру жүйесін қалыптастырудың жаңа тәсілін көздейтін «Көлік оқиғалары мен оқыс оқиғаларын тергеп-тексеру орталығы» АҚ өз жұмысын бастайды.

Тәжірибе алмасу және үздік әлемдік тәжірбиені енгізу мақсатында 2025 жылы Департамент Сингапур және Біріккен Араб Әмірліктерінің тергеп-тексеру жөніндегі уәкілетті органдарымен Өзара түсіністік туралы келісімдерге қол қойды.

Халықаралық стандарттарды сақтау және үздік әлемдік тәжірибені зерделеу негізінде Көлік министрлігі ағымдағы жылы көлік оқиғаларын тергеп-тексеру саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді жоспарлап отыр.

Кеңес қорытындысы бойынша көлік оқиғалары мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру барысында елеулі үлес қосқаны және ынтымақтастығы үшін бірқатар мемлекеттік органдар мен көлік саласының қызметкерлері Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттармен марапатталды.