КГА 🇰🇿
3.61K subscribers
2.92K photos
156 videos
4 files
455 links
Комитет гражданской авиации МТ РК
Авиационная администрация
Казахстана

💻 www.aaq.kz

www. aviation.miid.gov.kz

🤳 https://facebook.com/caakaz/


📱Instagram: https://www.instagram.com
Download Telegram
От инфраструктуры до беспилотников: Казахстан выступил на мировой транспортной сессии в Женеве

В Женеве проходит ежегодная сессия Комитета по внутреннему транспорту Европейской экономической комиссии ООН.
Казахстанская делегация во главе вице-министра транспорта Талгата Ластаева совместно с Постоянным Представительством РК при ООН в Женеве приняла участие на 88-й сессии КВТ ЕЭК ООН.
В мероприятии приняли участие руководство Европейской экономической комиссии ООН, министры и заместители министров транспорта и отраслевых организаций со всего мира.
В рамках министерского сегмента «Стимулирование инноваций для будущего внутреннего транспорта» выступил с докладом вице-министр Талгат Ластаев. Он отметил стратегическую роль Казахстана по обеспечению устойчивости глобальных цепочек поставок и представил ключевые результаты развития транспортной инфраструктуры. Особый акцент уделен цифровой трансформации и внедрению беспилотного транспорта.
Кроме того, на полях мероприятия ООН, вице-министр провел встречу с заместителем исполнительного секретаря Европейской экономической комиссии ООН Дмитрием Марьясиным. Были обсуждены актуальные вопросы сотрудничества Министерства с ООН.
Также состоялись встречи c представителями Международного союза автомобильного транспорта, ТРАСЕКА, а также одной из крупнейших в мире логистисеских компаний Mediterranilean Shipment Company (MSC) и MSC Air Cargo.
В целом, по итогам сессии участниками Форума отмечена приверженность расширению партнерства между регионами Центральной Азии, Ближнего Востока, Европы и Северной Америки, а также укреплению роли КВТ в качестве уникальной глобальной платформы по сотрудничеству в сфере внутреннего транспорта.
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Мемлекет басшысы Air Astana компаниясының бас атқарушы директоры Питер Фостерді қабылдады

🟦Кездесуде авиация саласын дамыту мәселелері талқыланды.

🟦Қасым-Жомарт Тоқаев Air Astana компаниясының Еуразиядағы жетекші авиатасымалдаушылардың біріне айналуға Питер Фостердің елеулі үлес қосқанын атап өтті.

🟦Әңгімелесу барысында Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе қатынасын ашу, сондай-ақ аталған рейстерді орындау үшін алыс қашықтыққа ұшатын әуе кемелерін сатып алу мәселелеріне ден қойылды.

🟦Президент отандық авиацияның бәсекеге қабілеттілігін одан ары арттыру қажет екенін айтты.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Глава государства принял главного исполнительного директора Air Astana Питера Фостера

🟦В ходе встречи были обсуждены вопросы развития авиационной отрасли.

🟦Президент Касым-Жомарт Токаев отметил значительный вклад Питера Фостера, под руководством которого Air Astana превратилась в одного из ведущих авиаперевозчиков в Евразии.

🟦Отдельное внимание в ходе встречи было уделено вопросам открытия прямого авиасообщения между Казахстаном и США, а также приобретения дальнемагистральных воздушных судов, необходимых для выполнения таких рейсов.

🟦В завершение встречи Президент отметил необходимость дальнейшего повышения конкурентоспособности авиационной отрасли страны.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍6❤3😢1
Қазақстанда азаматтық авиация саласын 2050 жылға дейін дамыту жөніндегі Мастер-жоспарды (CAMP) әзірлеу жұмыстары басталды

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінде вице-министр Талғат Ластаев пен ИКАО сарапшылар тобының жоба үйлестірушісі, ханым Луиза СТОЛС арасында азаматтық авиация саласын 2050 жылға дейін дамыту жөніндегі Мастер-жоспарды (CAMP) әзірлеу жұмыстарының басталуына орай кездесу өтті.
Кездесу барысында вице-министр ИКАО сарапшылары әзірлейтін CAMP Қазақстанның азаматтық авиация жүйесін сапалы әрі теңгерімді дамытуға арналған стратегиялық бағдар болатынын атап өтті.
Сондай-ақ ол қазіргі уақытта азаматтық авиация саласын дамыту мемлекеттік деңгейде басты басымдықтардың бірі екенін айтты. Елде әуежай инфрақұрылымын кең көлемде жаңғырту жұмыстары жүргізілуде, отандық авиакомпаниялар жыл сайын Батыста өндірілген заманауи әуе кемелерімен өз әуе паркін жаңартып және ұлғайтып келеді.
Сонымен қатар, жалпы авиация, пилотсыз авиация секторы белсенді дамып жатыр және саланың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған тәсілдер енгізілуде.
Жоба үйлестірушісі
Азаматтық авиация комитеті мен Қазақстанның авиациялық әкімшілігі жұмысымен және саланың басымдықтары мен
даму көрсеткіштерімен танысты.
Луиза СТОЛС ханымның сапары аясында саланың негізгі қатысушыларымен кездесулер, қолданыстағы стратегиялық құжаттарды талдау және CAMP-тың жұмыс жоспарын әзірлеу қарастырылған.
ИКАО сарапшылары әзірлейтін CAMP жобасы — азаматтық авиация саласын дамытуға арналған ұзақ мерзімді, шынайы және бәсекеге қабілетті модельді қалыптастыруға мүмкіндік беретін тәуелсіз әрі кәсіби сараптамалық бағалау болып табылады.
❤1🔥1
❤1🔥1
В Казахстане началась работа по разработке Мастер‑плана развития гражданской авиации Казахстана (CAMP) до 2050 года

В Министерстве транспорта Республики Казахстан состоялась встреча вице‑министра Талгата Ластаева с координатором проекта группы экспертов ИКАО, г-жой Луизой СТОЛС, в рамках начала работ по разработке Мастер‑плана развития отрасли гражданской авиации Казахстана (CAMP) до 2050 года.
В ходе обсуждения вице‑министр обозначил, что разрабатываемый экспертами ИКАО CAMP станет стратегическим ориентиром качественного и сбалансированного развития всей системы гражданской авиации Казахстана, с учетом лучших международных практик. Им также было отмечено, что на сегодня развитию гражданской авиации в Казахстане уделяется приоритетное внимание на государственном уровне. Проводится масштабная модернизация аэропортовой инфраструктуры, отечественные авиакомпании ежегодно обновляют и расширяют парк воздушных судов современными самолетами западного производства. Наряду с этим активно развивается авиация общего назначения, сектор беспилотной авиации, а также внедряются подходы, направленные на обеспечение устойчивого развития отрасли.
Координатор проекта
ознакомилась с деятельностью
Комитета гражданской авиации
и Авиационной администрации
Казахстана, а также с приоритетами и ключевыми показателями развития
отрасли. В рамках визита г-жи Луизы СТОЛС запланированы встречи с ключевыми участниками отрасли, анализ действующих стратегических документов, а также подготовка рабочего плана CAMP.
Разработка CAMP экспертами ИКАО является независимой и профессиональной экспертной оценкой, которая позволит сформировать долгосрочную, реалистичную и конкурентоспособную модель развития отрасли гражданской авиации Казахстана.
❤1🔥1
Forwarded from UKIMET
Конституциялық реформалар және көлік әлеуетін дамыту: Роман Скляр Көлік министрлігінің алқа отырысын өткізді

📌 Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен Көлік министрлігінің алқа отырысы өтті. Іс-шараға Президент Әкімшілігінің, Үкімет Аппаратының өкілдері, ведомствоға қарасты ұйымдардың басшылары және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.

Өз сөзінде Премьер-министрдің бірінші орынбасары Р. Скляр алқа отырысы еліміздегі саяси трансформация және Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын әзірлеу аясында өтіп жатқанын атап өтті.

💬Жаңа Конституция жобасы қоғамның белсенділігі мен саяси мәдениетін арттыру шараларын көздейтін, мемлекетіміздің дамуының сапалық жаңа деңгейін белгілейтін тұжырымдамалық жаңа құжат болып саналады💬, — деді ол.


➖

Конституционные реформы и развитие транспортного потенциала: Роман Скляр провел коллегию Минтранспорта

📌 Под председательством первого заместителя Премьер-министра Романа Скляра состоялось заседание коллегии Министерства транспорта. Участие в нем также приняли представители Администрации Президента, Аппарата Правительства, подведомственных организаций и местных исполнительных органов.

Открывая коллегию, Роман Скляр акцентировал внимание на важности текущего этапа развития государства – подготовке новой Конституции и продолжении политических реформ.

💬Проект новой Конституции является концептуально новым документом, в котором предусмотрены меры по повышению активности и политической культуры общества, зафиксирован качественно новый уровень развития нашего государства💬, — отметил первый вице-премьер.


📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Көлік министрлігінде 2025 жылдың қорытындылары шығарылып, 2026 жылға арналған міндеттер айқындалды
 
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен Көлік министрлігінің алқа отырысы өтті. Іс-шараға Президент Әкімшілігінің, Үкімет Аппаратының өкілдері, ведомствоға қарасты ұйымдардың басшылары және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.

Жиында Көлік министрі мен оның орынбасарлары Мемлекет басшысының тапсырмаларының орындалуы және 2025 жылғы саланың негізгі көрсеткіштері туралы есеп беріп, алдағы кезеңге арналған басым бағыттарды айқындады.

Өз сөзінде Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары Р. Скляр алқа отырысы еліміздегі саяси трансформация және Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын әзірлеу аясында өтіп жатқанын атап өтті.

«Жаңа Конституция жобасы қоғамның белсенділігі мен саяси мәдениетін арттыру шараларын көздейтін, мемлекетіміздің дамуының сапалық жаңа деңгейін белгілейтін тұжырымдамалық жаңа құжат болып табылады», – деді ол.

Теміржол саласында ірі инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылды. Атап айтқанда, Достық – Мойынты учаскесі мен Алматы станциясының айналма теміржол желісі іске қосылды, 1,5 мың шақырымнан астам жол жаңартылды, шамамен 320 млн тонна жүк тасымалданды.

Автомобиль жолдары саласында 13 мың шақырымға жуық жолда құрылыс және жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қызылорда – Жезқазған (Қызылорда облысы аумағындағы), Қалбатау – Майқапшағай және Ұзынағаш – Отар жобалары аяқталды.

Азаматтық авиация саласында ұшу қауіпсіздігі бойынша ИКАО стандарттарына сәйкестік деңгейі 95,7 пайызға жетті. Еліміздегі әуежайлар 30 млн-нан астам жолаушыға қызмет көрсетті, халықаралық маршруттар желісі кеңейтілуде.

2026 жылға арналған жоспарлар шеңберінде теміржол саласында «Дарбаза – Мақтаарал», «Мойынты – Қызылжар» желілерінің құрылысы, «Алтынкөл – Жетіген» және «Бейнеу – Маңғыстау» учаскелерін жаңғырту жұмыстарын аяқтау, сондай-ақ «Бақты – Аягөз» жобасын жалғастыру көзделген. Бұдан бөлек, вокзалдарды жаңғырту жұмыстарын аяқтау және жолаушылар мен жүк вагондары паркін одан әрі жаңарту жоспарлануда.

Автожол саласында жалпы ұзындығы 11 мың шақырымды қамтитын жол құрылысы мен реконструкциялау жұмыстары жалғасады. Атап айтқанда, «Қызылорда – Жезқазған» автожолында (Ұлытау облысы аумағында) жұмыстар жүргізіледі. «Орталық – Батыс» жобасын іске асырудың белсенді кезеңі басталады. Сонымен қатар «Қарағанды – Жезқазған», «Ақтөбе – Қызылорда» және «Бейнеу – Сексеуіл» жобаларын бастау жоспарланған.

Мультимодальды тасымалды дамыту мақсатында Ақтау және Құрық порттарының инфрақұрылымын жаңғырту, оның ішінде айлақтарды реконструкциялау және түбін тереңдету жұмыстарын аяқтау көзделуде.

Әуе хабтарын және авиациялық инфрақұрылымды дамыту аясында Астана мен Шымкентте екінші ұшу-қону жолақтарын салу, Алматы әуежайының ішкі рейстер терминалын және Ақтау әуежайының перронын реконструкциялау, Атырау қаласында жаңа терминал салу, Павлодар әуеайлағын жаңғырту, Арқалық әуежайын қалпына келтіру, сондай-ақ Катонқарағай, Зайсан және Кендірлі курорттық аймақтарындағы әуежайлар құрылысын аяқтау жоспарланып отыр.

2026 жылдың соңына дейін отандық әуе компаниялары 9 жаңа әуе кемесін сатып алып, әуе паркінің санын шамамен 118 бірлікке дейін ұлғайтуды жоспарлауда. Бұл жолаушылар тасымалы сыйымдылығын арттыруға, жаңа халықаралық бағыттарды ашуға және рейстер жиілігін көбейтуге мүмкіндік береді.

Алқа отырысының қорытындысы бойынша Роман Скляр көлік-логистика саласын одан әрі дамыту бойынша қосымша міндеттерді айқындап, нақты тапсырмалар берді.
В Министерстве транспорта подвели итоги 2025 года и определили задачи на 2026 год
 
Сегодня под председательством Первого заместителя Премьер-Министра Романа Скляра состоялось заседание коллегии Министерства транспорта, в котором приняли участие представители Администрации Президента, Аппарата Правительства, подведомственных организаций и местных исполнительных органов.

Министр транспорта и его заместители представили отчеты об исполнении поручений Главы государства и ключевых показателях отрасли за 2025 год, а также обозначили приоритетные направления на предстоящий период.

В своем выступлении Первый заместитель Премьер-Министра
Р. Скляр отметил, что заседание коллегии проходит на фоне продолжающейся политической трансформации и подготовки новой Конституции Республики Казахстан.
«Проект Основного закона является концептуально новым документом, в котором предусмотрены меры по повышению активности и политической культуры общества, зафиксирован качественно новый уровень развития нашего государства.»

Отмечено, что в железнодорожной сфере реализованы крупные инфраструктурные проекты, в том числе участок Достық – Мойынты и обводная железнодорожная линия станции Алматы, проведено обновление свыше 1,5 тысячи километров путей, обеспечена перевозка порядка 320 миллионов тонн грузов.

В автодорожной отрасли охвачено строительно-ремонтными работами порядка 13 тысяч километров, завершены проекты Кызылорда – Жезказган в пределах Кызылординской области, Калбатау – Майкапшагай и Узынагаш – Отар.
В гражданской авиации уровень соответствия стандартам ИКАО по авиационной безопасности достиг 95,7 %, аэропорты страны обслужили свыше 30 миллионов пассажиров, расширяется международная маршрутная сеть.
На 2026 год в железнодорожной отрасли запланировано завершение строительства линий Дарбаза – Мактарал и Мойынты – Қызылжар, модернизация участков Алтынколь – Жетыген и Бейнеу – Мангистау, продолжение реализации проекта Бахты – Аягоз, а также дальнейшее обновление вокзалов и парка пассажирских и грузовых вагонов.

В автодорожной сфере будет продолжена работа по строительству и реконструкции автомобильных дорог общей протяженностью около 11 тысяч километров, в том числе на участках Кызылорда – Жезказган в границах Улытауской области, Центр – Запад, Караганда – Жезказган, Актобе – Кызылорда и Бейнеу – Саксаульский.

В целях развития мультимодальных перевозок предусмотрено завершение модернизации портовой инфраструктуры портов Актау и Курык, включая реконструкцию причалов и проведение дноуглубительных работ.

В рамках развития авиационных хабов и инфраструктуры планируется строительство вторых взлетно-посадочных полос в Астане и Шымкенте, реконструкция терминала внутренних рейсов в Алматы и перрона в Актау, строительство нового терминала в Атырау, реконструкция аэродрома Павлодара, восстановление аэропорта Аркалыка и завершение строительства аэропортов в курортных зонах Катон-Карагай, Зайсан и Кендерли.

До конца 2026 года авиакомпании намерены приобрести девять новых воздушных судов, что позволит довести парк до 118 единиц и расширить провозные возможности, а также географию и частоту полетов.

По итогам заседания коллегии Роман Скляр обозначил дополнительные задачи по дальнейшему развитию транспортно-логистического потенциала страны и дал конкретные поручения.
 
Азаматтық авиациясының дамуы: 2025 жылдың қорытындылары және алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер
 
Қазақстанның авиация саласы негізгі көрсеткіштер бойынша тұрақты өсім көрсетіп келеді.

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Роман Скляр, Президент Әкімшілігінің, ҚР Үкімет Аппаратының өкілдері, КМ-не қарасты ұйымдардың басшылары және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысқан Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің алқа отырысында айтылды.

2025 жылғы желтоқсанда Мемлекет басшысы өткізген кеңесте нақты тапсырмалар беріліп, саланы дамытудың кешенді үш жылдық жоспары бекітілген болатын. Бұл авиация саласының еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы стратегиялық маңызын, өңірлердің көлік қатынасын қамтамасыз етудегі, халықаралық байланыстарды нығайтудағы және Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттырудағы рөлін айқындайды.

2025 жылдың қорытындысы бойынша еліміздегі әуежайларда 31,8 млн жолаушыға қызмет көрсетілді (2024 жылы – 29,7 млн) және 173,3 мың тонна жүк тасымалданды (алдыңғы жылы – 170,9 мың тонна). Әуе компанияларының жалпы жолаушылар ағыны 20,7 млн адамды құрады, оның ішінде 15,4 млн жолаушыға отандық тасымалдаушылар арқылы қызмет көрсетілді.

«Салалық көрсеткіштердің өсуімен қатар қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Қазақстанның авиациялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық стандарттарға сәйкестік деңгейі 95,7%-ды құрады, бұл әлемдік және өңірлік орташа көрсеткіштерден айтарлықтай жоғары әрі әлемнің ТОП-20 елінің қатарына кіреді. Жолаушылардың құқықтарының сақталуын бақылау күшейтілді: тасымалдаушылар мен әуежайларға 27 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылды.

ҚазМұнайГаз-Аэро компаниясының отын жеткізілімдеріне тікелей қолжетімділігі қамтамасыз етілді, бұл өз кезегінде авиаотынның тоннасының орташа бағасын төмендетуге мүмкіндік берді», – деп мәлімдеді Көлік вице-министрі Талғат Ластаев.

2025 жылы 994 тексеру жүргізіліп, 960 рұқсат беру құжаты берілді. Тергеу жүйесін күшейту мақсатында еліміздің басшылығының қолдауымен авиациялық оқиғаларды тергеу жөніндегі Мамандандырылған орталық құрылды. Бұл бағытта халықаралық стандарттарға сәйкестік деңгейін 80%-ға дейін арттыру міндеті қойылды.

Ішкі әуе тасымалдарын Қазақстанның бес әуе компаниясы 56 бағыт бойынша жүзеге асыруда. Қашық орналасқан өңірлердің көлікке қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін субсидиялау тетігі қолданылуда: 2025 жылы 23 бағытқа қолдау көрсетіліп, шамамен 520 мың жолаушы тасымалданды. 2026 жылы желіні одан әрі кеңейте отырып, 24 бағытты субсидиялау көзделген.

Цифрлық шешімдер қарқынды енгізілуде: төлқұжаттық бақылаудың автоматтандырылған жүйелері, жолаушыларды биометриялық сәйкестендіру және жүктерді өңдеу уақытын бір тәуліктен бір сағатқа дейін қысқартқан e-Freight халықаралық стандарты. Сондай-ақ Urban Air Mobility-ді дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде – оның ішінде ұшқышсыз ұшу аппараттары мен eVTOL технологияларын пайдалану үшін нормативтік-құқықтық базаны дайындау, сондай-ақ вертипорттар құру.

Қазіргі уақытта салада шамамен 25 мың адам еңбек етеді, жыл сайынғы қажеттілік 600-ден астам маманды құрайды. Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында халықаралық серіктеспен бірлесіп, азаматтық авиацияның сертификатталған оқу орталығын құру жоспарлануда.

2025 жылғы шілдеде ИКАО Кеңесі Президенті Сальваторе Шаккитаноның Қазақстанға жасаған алғашқы ресми сапары барысында азаматтық авиацияны 2050 жылға дейін дамыту жөніндегі Мастер-жоспарды бірлесіп әзірлеу туралы декларацияға қол қойылды.

2026 жылғы ақпан-наурыз айларында жобаны жүзеге асыруды бастау үшін ICAO сараптамалық миссиясы келеді. Сондай-ақ Қазақстан 2026 жылғы қарашада ICAO Кеңесіне сайлауға қатысуды жоспарлап отыр.