КГА 🇰🇿
3.61K subscribers
2.89K photos
153 videos
4 files
455 links
Комитет гражданской авиации МТ РК
Авиационная администрация
Казахстана

💻 www.aaq.kz

www. aviation.miid.gov.kz

🤳 https://facebook.com/caakaz/


📱Instagram: https://www.instagram.com
Download Telegram
Forwarded from UKIMET
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from UKIMET
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤2
🔹Олжас Бектенов Президенттің көлік-транзиттік әлеуетті дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру бойынша кеңес өткізді
 
Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының еліміздің көлік-транзиттік әлеуетін дамыту бағытындағы тапсырмаларын орындау жөнінде кеңес өткізді.

Жиында инфрақұрылымды жаңғырту, цифрлық шешімдер енгізу және саланың ел экономикасындағы үлесін арттыру бойынша қойылған міндеттердің сапасы мен мерзімінде орындалуына назар аударылды.

Кеңес барысында 2025 жылдың қорытындысы бойынша көлік және қоймалау саласындағы жалпы өнім көлемі 12,2 трлн теңгені құрағаны аталып өтті. Биылғы қаңтар-наурыз айларында саланың өсімі 12,8%-ға жетті.

Өткен жылы автокөлікпен ел ішінде 353 млн тонна жүк тасымалданды, «Қалбатау – Майқапшағай», «Талдықорған – Өскемен», «Атырау – Астрахан» және «Қарағанды – Алматы» бағыттары бойынша жалпы ұзындығы 2 мың шақырым болатын 4 ірі жоба жұмыстары аяқталды. Қазіргі уақытта «Ақтөбе – Қызылорда», «Бейнеу – Сексеуіл», «Орталық – Батыс», «Қарағанды – Жезқазған» және Сарыағаш айналма жолы бағыттарын қамтитын транзиттік дәліздерді дамыту жұмыстары жүргізілуде. Жалпы, жол жөндеу жұмыстарының қамту көлемі 13 мың шақырымға жеткізілді.

ЕАЭО ішкі шекараларындағы автокөлік өткізу пункттерін жаңғырту аясында өткен жылы 2 учаскеде жұмыс аяқталды. Қазіргі таңда 37 нысан құрылыс жұмыстарымен қамтылған, оларды толық аяқтау 2027 жылға жоспарланған.

Транзиттік әлеуетті кешенді дамыту аясында теміржол көлігін дамыту мәселелері қаралды. 2025 жылдың қорытындысы бойынша транзиттік тасымалдау көлемі 33 млн тоннаға жетті, бұл 2024 жылғы деңгейден 20%-ға жоғары. Транзиттік тасымал үлесі жалпы көлемнің 10%-ын құрады. 2026 жылғы қаңтар-наурыз айларында транзит тағы 14%-ға өсіп, 8 млн тоннадан 9 млн тоннаға дейін жетті, бұл ретте контейнерлік тасымал 6%-ға ұлғайды.

Кеңесте Транскаспий халықаралық көлік бағытын (ТХКБ) дамытуға назар аударылды. ТХКБ бойынша жеткізу мерзімдерін қысқарту, «Алтынкөл – Поти/Батуми» бағытында өтпелі тарифтер енгізу, Әзербайжан мен Грузиядағы серіктестермен цифрлық жүйелерді интеграциялау жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі уақытта жалпы ұзындығы 3,9 мың шақырым теміржолда ірі инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылуда, оның ішінде «Мойынты – Қызылжар» және «Бақты – Аягөз» желілерін салу, сондай-ақ «Алтынкөл – Жетіген», «Шалқар – Бейнеу», «Бейнеу – Маңғыстау» және басқа да бағыттар учаскелерін жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

Ал теңіз инфрақұрылымын дамыту бойынша Ақтау және Құрық порттарын пайдалана отырып тасымалды жандандыра түсу жөніндегі жұмыстар туралы баяндалды. Осы жылы Ақтау портында су түбін 1,3 млн текше метрге дейін тереңдету жұмыстарын жүргізудің маңыздылығы атап өтілді.

Азаматтық авиация саласына келсек, 2025 жылдың қорытындысы бойынша мұнда 20,8 млн жолаушы тасымалданды, әуежайларда 31,8 млн адамға қызмет көрсетілді, олардың ішінде Астана (9,2 млн адам) және Алматы (12 млн адам) әуежайлары бар. 2028 жылға дейін 11 инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыру көзделген, оған 4 жаңа әуежай, 2 ұшу-қону жолағы, сондай-ақ 5 қаладағы инфрақұрылымдарды жаңғырту жұмыстары кіреді. Биыл халықаралық маршруттық желіні 30 елде 135 маршрутқа дейін кеңейту жоспарланып отыр (2024 жылы – 115 маршрут).

Жиында Президент тапсырмасы бойынша қабылданған шаралар нәтижесінде қазақстандық әуе компаниялар үшін отандық авиаотын құнының төмендетілгені баяндалды. Бүгінгі таңда еліміздің әуежайларында бір тонна отынның бағасы шамамен $800 тұрады, бұл оны көрші елдермен салыстырғанда тартымды ете түседі. Қабылданған кешенді шаралардың нәтижесінде Қазақстан әуежайларына жаңа шетелдік компаниялар келе бастады, олардың ішінде Centrum Air (Өзбекстан), Shiraq Avia (Армения), Martinair (Нидерланд), One Air (Ұлыбритания), Atlas Air (АҚШ), MNG Airlines (Түркия) және тағы да басқалары бар.
 
Кеңесте саланы цифрландыру мәселелері де қаралды. Қазіргі уақытта көлік қатынасы әлемнің 42 елімен жүзеге асырылуда, тасымалдауға арналған шетелдік рұқсат бланкілерінің саны 2022 жылмен салыстырғанда 3 есеге өскен. Бұл процедураны жеңілдету және жеделдету үшін бланкілерді беру процесі электронды форматқа ауыстырылды.
❤1
CarGoRuqsat жүйесі енгізілді, Қытаймен шексіз алмасу қамтамасыз етілді, шетелдік рұқсат бланкілерінің 70%-ы цифрландырылды. 2026 жылдың наурызында Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) елдерімен e-Permit пилоттық жобасы іске қосылды, сондай-ақ халықаралық тасымалдарға арналған e-CMR пилоттық жобасы жүзеге асырыла басталды. Қабылданған шаралар рәсімдердің ашықтығын арттыруға, мерзімдерін қысқартуға және әкімшілік шығындарды азайтуға бағытталған.

Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-министр Мемлекет басшысының тапсырмаларын сапалы орындауды, сондай-ақ барлық жобалардың уақытылы іске асырылуын қамтамасыз етуді тапсырды.
🔹Олжас Бектенов провел совещание по исполнению поручений Президента в области транзитно-транспортного развития
 
Премьер-министр Олжас Бектенов провел совещание по исполнению поручений Главы государства в области развития транзитно-транспортного потенциала страны.

Внимание было акцентировано на качестве и сроках исполнения задач, поставленных по модернизации инфраструктуры, внедрению цифровых решений и увеличению доли отрасли в структуре экономики страны.

В ходе совещания отмечено, что валовый выпуск в сфере транспорта и складирования по итогам 2025 года составил 12,2 трлн тенге. В январе–марте текущего года рост отрасли составил 12,8%.

Автомобильным транспортом за прошедший год перевезено 353 млн тонн грузов внутри страны. В прошлом году были завершены работы по 4 крупным проектам: «Калбатау – Майкапчагай», «Талдыкорган – Усть-Каменогорск», «Атырау – Астрахань» и «Караганда – Алматы» общей протяженностью 2 тыс. км.

В настоящее время ведется развитие транзитных коридоров, включая маршруты «Актобе – Кызылорда», «Бейнеу – Саксаульский», «Центр – Запад», «Караганда – Жезказган» и обход Сарыагаш. В целом ежегодный охват дорожными работами доведен до 13 тыс. км.

В рамках модернизации автомобильных пунктов пропуска на внутренних границах ЕАЭС в прошлом году завершены работы на 2 объектах. На сегодня строительными работами охвачено 37 объектов с полным завершением в 2027 году.

В рамках комплексного развития транзитного потенциала рассмотрены вопросы развития железнодорожного транспорта. По итогам 2025 года объем транзитных перевозок достиг 33 млн тонн, что на 20% выше уровня 2024 года. Доля транзита в общем объеме перевозок составила 10%. За январь–март 2026 года транзит вырос еще на 14% — с 8 до 9 млн тонн, при этом контейнерные перевозки увеличились на 6%.

Внимание уделено развитию Транскаспийского международного транспортного маршрута. Ведется работа по сокращению сроков доставки по ТМТМ, введению сквозных тарифов по маршруту «Алтынколь – Поти/Батуми», интеграции цифровых систем с партнерами в Азербайджан и Грузия.

В настоящее время реализуются крупные инфраструктурные проекты на железной дороге общей протяженностью 3,9 тыс. км. В их числе строительство линий «Мойынты – Кызылжар» и «Бахты – Аягоз», а также модернизация участков «Алтынколь – Жетыген», «Шалкар – Бейнеу», «Бейнеу – Мангистау» и др.

В части развития морской инфраструктуры доложено о проводимой работе по развитию перевозок с использованием портов Актау и Курык. Отмечена важность проведения в текущем году дноуглубительных работ в порту Актау объемом 1,3 млн кубометров.

В сфере гражданской авиации по итогам 2025 года перевезено 20,8 млн пассажиров, в аэропортах обслужено 31,8 млн человек, включая аэропорт Астана (9,2 млн человек) и Алматы (12 млн человек). До 2028 года предусмотрена реализация 11 инфраструктурных проектов, среди которых 4 новых аэропорта, 2 взлетно-посадочные полосы, а также модернизация имеющейся инфраструктуры в 5 городах. На текущий год запланировано расширение международной маршрутной сети до 135 маршрутов в 30 стран (в 2024 году — 115 маршрутов).

На совещании было доложено, что в результате принятых по поручению Президента мер обеспечено снижение стоимости отечественного авиатоплива для казахстанских авиакомпаний. На сегодня цена в аэропортах РК составляет порядка $800 за тонну топлива, что делает ее более привлекательной по сравнению с соседними странами. В результате принятых комплексных мер в аэропорты Казахстана привлечены новые иностранные компании, среди которых Centrum Air, Shiraq Avia, Martinair, One Air, Atlas Air, MNG Airlines и др.

Также на совещании рассмотрены вопросы цифровизации отрасли. В настоящее время перевозки осуществляются с 42 странами мира, количество иностранных бланков разрешений на перевозки по сравнению с 2022 годом выросло в 3 раза. Для упрощения и ускорения процедуры процесс их выдачи переведен в электронный формат. Внедрена система CarGoRuqsat, с Китай обеспечен безлимитный обмен, оцифровано 70% иностранных бланков разрешений.
В марте 2026 года запущен пилот e-Permit со странами ОТГ, а также начата реализация пилота e-CMR для международных перевозок. Принимаемые меры направлены на повышение прозрачности процедур, сокращение сроков оформления и снижение административных издержек.

По итогам совещания Премьер-министр поручил обеспечить качественное исполнение поручений Главы государства, а также своевременную реализацию всех проектов.
🔹Көлік саласы тұрақты өсу қарқынын сақтап отыр
 
2026 жылғы қаңтар–наурыз айларының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының көлік саласы негізгі көрсеткіштер бойынша тұрақты өсім көрсетуде. Нақты көлем индексі 112,8%-ды құрады. Көрсетілген қызметтер көлемі 2,9 трлн теңгеге жетті, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен (2,4 трлн теңге) асып түседі.

Тасымалданған жүктің жалпы көлемі өткен жылдың қаңтар–наурыз айларымен салыстырғанда 8%-ға артып, 239,8 млн тоннаны құрады (222 млн тонна). Жолаушылар тасымалының көлемі 9,3%-ға өсіп, 483,7 млн адамға жетті. Ал 2025 жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 442,5 млн жолаушыны құраған болатын.

Жыл соңына дейін оң динамиканы сақтау ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру есебінен қамтамасыз етіледі. Атап айтқанда, жұмыстың барлық түрлерімен 11 мың шақырым автомобиль жолын қамту жоспарлануда.

🚉Теміржол саласында «Дарбаза – Мақтаарал» және «Мойынты – Қызылжар» жаңа желілерінің құрылысын аяқтау жоспарланған. Бұл желінің өткізу қабілетін арттырып, елдің транзиттік әлеуетін кеңейтуге мүмкіндік береді.

✈️Азаматтық авиация саласында биыл Катонқарағай, Зайсан және Кендірлі туристік аймақтарында үш жаңа әуежайдың құрылысын аяқтау көзделген.

Көлік паркін жаңартуға ерекше көңіл бөлінуде. 2026 жылы 9 әуе кемесін сатып алу жоспарланған. Жыл басынан бері 3 ұшақ алынды: Air Astana — 1, SCAT Airlines — 2.

🚊Сонымен қатар, 1800 бірлік жылжымалы құрамды жаңарту қарастырылған, оның ішінде: 236 локомотив, 1373 жүк вагоны және 191 жолаушылар вагоны бар.

Аталған шараларды іске асыру көлік саласының тұрақты өсуін қамтамасыз етуге және 2026 жылдың қорытындысы бойынша нақты көлем индексінің жоспарлы 110% деңгейіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.