КГА 🇰🇿
3.61K subscribers
2.91K photos
155 videos
4 files
455 links
Комитет гражданской авиации МТ РК
Авиационная администрация
Казахстана

💻 www.aaq.kz

www. aviation.miid.gov.kz

🤳 https://facebook.com/caakaz/


📱Instagram: https://www.instagram.com
Download Telegram
❤2🔥2
Елорда оқушыларына авиация саласына жол ашылды

Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) жаһандық елшілер бағдарламасын іске асыру аясында, авиациялық мамандықтарды жастар арасында насихаттауға және саланың тұрақты кадрлық әлеуетін қалыптастыруға бағытталған іс-шара ретінде Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитеті елорданың үздік оқушылары мен олимпиада жүлдегерлері үшін Астана әуежайына таныстыру сапарын ұйымдастырды. Аталған іс-шара ИКАО-ның Next Generation of Aviation Professionals (NGAP) бағдарламасын қоса алғанда, жас ұрпақты авиация саласына тартуға бағытталған халықаралық бастамалар аясында өткізілді.
Кездесуге Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева қатысты, ол ағымдағы жылдың қаңтар айында ИКАО жаһандық елшілер бағдарламасының елшісі болып тағайындалған. Сонымен қатар, «Қазаэронавигация» РМК бас директоры Фаат Богдашкин, «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ басқарма төрағасы Бекен Сейдахметов және Азаматтық авиация академиясының өкілдері өз тәжірибелерімен бөлісіп, авиациялық мамандықтар туралы ақпарат берді.
«Жастарды авиация саласына тарту - бұл саланың тұрақты болашағына инвестиция. Осындай тәжірибелік іс-шаралар арқылы біз балаларды тек мамандықтармен таныстырып қана қоймай, оларды жаһандық авиациялық қауымдастықтың бір бөлігі болуға ынталандырамыз. ИКАО-ның NGAP бағдарламасы мен жаһандық елшілер бастамасы жаңа буын мамандарын даярлауға берік негіз қалайды», – деп атап өтті Салтанат Томпиева.
Іс-шара барысында Air Astana компаниясының мамандары авиациялық тренажерлардың жұмысын көрсетіп, оқушыларға ұшудың шынайы жағдайларын сезінуге мүмкіндік берді, сондай-ақ штаттан тыс жағдайларда әрекет ету тәртібімен таныстырды. Қатысушылар әуе кемесін аралап, ұшқыш кабинасының құрылымымен танысты.
Әуежай қызметкерлері өрт сөндіру-құтқару бөлімшелерінің жұмысын көрсетті, сондай-ақ оқушылар кинологтардың қызметімен танысты.
«Барлығының қалай жұмыс істейтінін өз көзіммен көру өте қызықты болды. Ең қатты ұнағаны - тренажер, өзімді нағыз ұшқыш сияқты сезіндім! Осындай әсерлер сыныптастарымда да болды, кейбірі болашақ мамандығын авиациямен байланыстырғысы келді», – деді елордалық физика-техникалық лицейдің 9-сынып оқушысы Аружан Ахпанбетова.
Мұндай іс-шаралар мектеп оқушылары үшін авиация әлемін жаңаша қырынан ашып, олардың көкжиегін кеңейтеді және бұл саланың қаншалықты сан қырлы әрі перспективалы болатынын көрсетеді.
❤2
Школьникам столицы открыли путь в авиационную отрасль

В рамках реализации Программы глобальных послов ИКАО, направленной на популяризацию авиационных профессий среди молодежи и формирование устойчивого кадрового потенциала отрасли, Комитет гражданской авиации МТ РК организовал ознакомительное посещение аэропорта Астаны для школьников столицы – отличников учебы и призеров олимпиад. Мероприятие прошло в русле международных инициатив по вовлечению молодого поколения в авиацию, включая программу Next Generation of Aviation Professionals (NGAP) ИКАО.
Во встрече приняла участие Председатель Комитета гражданской авиации Салтанат Томпиева, которая в январе т.г. была назначена Послом Программы глобальных послов ИКАО. Также поделились опытом и рассказали об авиационных профессиях Генеральный директор РГП «Казаэронавигация» Фаат Богдашкин, Председатель Правления АО «Международный аэропорт Нурсултан Назарбаев» Бекен Сейдахметов, а также представители Академии гражданской авиации.
«Вовлечение молодежи в авиацию – это инвестиция в устойчивое будущее отрасли. Через такие практические мероприятия мы не только знакомим детей с профессиями, но и вдохновляем их стать частью глобального авиационного сообщества. Программа ИКАО NGAP и инициатива глобальных послов создают прочную основу для подготовки нового поколения специалистов», – отметила Салтанат Томпиева.
В рамках визита специалисты Air Astana продемонстрировали работу авиационных тренажёров, позволив ребятам испытать реалистичные условия полета, рассказали о действиях в нештатных ситуациях. Участники также посетили воздушное судно и познакомились с устройством кабины пилотов.
Сотрудники аэропортовых служб продемонстрировали работу пожарно-спасательных подразделений, дети также увидели работу кинологов.
«Было очень интересно увидеть, как всё устроено на самом деле. Больше всего понравился тренажёр, возникло ощущение, будто я настоящий пилот! Такие впечатления и у моих одноклассников, некоторые даже захотели связать свою будущую профессию с авиацией», – поделилась Аружан Ахпанбетова, ученица 9 класса физико-технического лицея столицы.
Подобные мероприятия открывают для школьников ранее неизвестный мир авиации, расширяя горизонты и демонстрируя, насколько разнообразной и перспективной может быть карьера в авиационной отрасли.
❤5
Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің қызметкерлері елордалық әуежай аумағында ағаш отырғызды

Бұл бастама еліміздегі ұлттық «жасыл» жобаларды қолдауға бағытталған және азаматтық авиация саласында экологиялық тұрақтылық қағидаттарына адалдықты, соның ішінде көміртек ізін азайтуды және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды дамытуға ұмтылысты көрсетеді.
Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің қызметкерлері Астананың халықаралық әуежайы аумағында көшеттер отырғызды.
Іс-шара қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға және тазалықты сақтауға бағытталған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында өтті.
Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің Бас атқарушы директорының міндетін атқарушы Аслан Сәтжанов атап өткендей: «Қоршаған ортаға қамқорлық әрқайсымыздың қарапайым, бірақ саналы іс-әрекеттерімізден басталады. Бүгін тазалық пен тәртіпті сақтай отырып, біз табиғатқа жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастырамыз және болашақ ұрпақ үшін еліміздің экологиялық әл-ауқатын сақтауға нақты үлес қосамыз».
❤4