КГА 🇰🇿
3.61K subscribers
2.92K photos
156 videos
4 files
455 links
Комитет гражданской авиации МТ РК
Авиационная администрация
Казахстана

💻 www.aaq.kz

www. aviation.miid.gov.kz

🤳 https://facebook.com/caakaz/


📱Instagram: https://www.instagram.com
Download Telegram
ИКАО-ның штаб-пәтерінде қазақ фильмінің көрсетілімі өтті

Монреаль қаласындағы ИКАО штаб-пәтерінде Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілдігі мен ICAO Cinema Club-тың жәрдемімен алғаш рет қазақ тілінде ағылшын субтитрлерімен «Бақыт құшағында» атты қазақ фильм-мюзиклінің көрсетілімі ұйымдастырылды.
Іс-шараға ИКАО Кеңесінің Президенті Тошиюки Онума мырза, Ұйымның Бас хатшысы Хуан Карлос Саласар мырза, Қазақстан Республикасының Канададағы Елшісі Даулетбек Құсайынов мырза, сондай-ақ ИКАО жанындағы мүше мемлекеттердің Тұрақты өкілдері, Ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, ИКАО Хатшылығы мен Қазақстанның Канададағы Елшілігінің қызметкерлері және Монреаль қаласындағы қазақ диаспорасының өкілдері қатысты.
Өз сөзінде ИКАО жанындағы ҚР-дың Тұрақты өкілі Тимур Тлегенов мырза аталған іс-шараның тарихи сипатқа ие екенін атап өтті, өйткені ИКАО Штаб-пәтерінің қабырғасында алғаш рет қазақ фильмінің көрсетілімі ұйымдастырылды. Ол мұндай мәдени бастамалар өзара түсіністікті нығайтуға және мәдени алмасуды дамытуға ықпал ететініне сенім білдірді. Ерекше назар ұсынылған фильмнің маңыздылығына аударылды, ол Қазақстанның мәдени мұрасында маңызды орын алатын көрнекті қазақ композиторы Шәмші Қалдаяқовтың шығармаларына негізделген.
ИКАО Кеңесінің Президенті Тошиюки Онума мырза өз сөзінде қазақстандық делегацияға кешті тамаша ұйымдастырғаны үшін алғыс білдірді.
Сонымен қатар, ол ИКАО жанындағы Жапонияның Тұрақты өкілі ретінде қызмет атқарған кезеңінде өзінің алғашқы бастамаларының бірі жапон фильмінің көрсетілімін ұйымдастыру болғанын атап өтіп, халықаралық ынтымақтастықты нығайтудағы мәдени дипломатияның маңыздылығын ерекше атап өтті.
Көрсетілім басталғанға дейін қонақтар үшін дәстүрлі қазақ тағамдарымен қабылдау ұйымдастырылып, сондай-ақ ұлттық аспабымыз домбырада музыкалық бағдарлама ұсынылды. «Сарыарқа», «Қара Жорға», «Қараторғай», «Алатау» және басқа да белгілі қазақ шығармалары шырқалды.
Іс-шара қорытындысы бойынша қонақтар қабылдаудың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын, кештің жылы атмосферасын атап өтіп, қазақ фильмін үлкен қызығушылықпен қабылдап, ол көрермендердің оң пікірлеріне ие болды.
В штаб-квартире ИКАО состоялся показ казахского фильма

В г. Монреале, штаб-квартире ИКАО, при содействии Постоянного представительства Республики Казахстан при Международной организации гражданской авиации (ИКАО) и ICAO Cinema Club впервые был организован показ казахского фильма-мюзикла «Бақыт құшағында» на казахском языке с английскими субтитрами.
В мероприятии приняли участие Президент Совета ИКАО г-н Тошиюки Онума, Генеральный секретарь Организации г-н Хуан Карлос Саласар, Посол Республики Казахстан в Канаде г-н Даулетбек Кусаинов, а также Постоянные представители государств-членов при ИКАО, руководители структурных подразделений Организации, сотрудники Секретариата ИКАО, Посольства Казахстана в Канаде и представители казахской диаспоры в Монреале.
В своём выступлении Постоянный представитель РК при ИКАО г-н Тимур Тлегенов отметил, что данное мероприятие носит исторический характер, поскольку впервые в стенах Штаб-квартиры ИКАО организован показ казахского фильма. Он выразил уверенность, что подобные культурные инициативы будут способствовать укреплению взаимопонимания и развитию культурного обмена. Особое внимание было уделено значимости представленного фильма, основанного на произведениях выдающегося казахского композитора Шамши Калдаякова, чьё творчество занимает важное место в культурном наследии Казахстана.
Президент Совета ИКАО г-н Тошиюки Онума в своём выступлении поблагодарил казахстанскую делегацию за прекрасную организацию вечера.
Он также отметил, что в период своей работы в качестве Постоянного представителя Японии при ИКАО одной из его первых инициатив стала организация показа японского фильма, подчеркнув важность культурной дипломатии в укреплении международного сотрудничества.
Перед началом показа для гостей был организован приём с традиционными казахскими угощениями, а также представлена музыкальная программа на национальном инструменте – домбре. Прозвучали известные казахские произведения, включая «Сарыарқа», «Қара Жорға», «Қараторғай», «Алатау» и другие.
По итогам мероприятия гости отметили высокий уровень организации приёма, тёплую атмосферу вечера и с большим интересом восприняли казахский фильм, который получил положительные отклики аудитории.
❤4
🔸️Көлік министрі Шымкент әуежайындағы жаңғырту жұмыстарымен танысты

Шымкент қаласына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Шымкент халықаралық әуежайына барып, екінші ұшу-қону жолағын салу жобасының барысымен танысты.

Сонымен қатар, жобада такси жолдарын, авариялық-құтқару станцияларын, инженерлік желілерді және периметрлік қоршауларды қоса алғанда, тиісті инфрақұрылымды орнату, сондай-ақ әуеайлақты ИКАО-ның III санатты жарық сигналдық жабдықтарымен жарақтандыру көзделген.

Екінші ұшу қону жолағының құрылысы Қазақстанның аэрохабтарын дамыту шеңберінде іске асырылатын негізгі инфрақұрылымдық жобалардың бірі болып табылатыны атап өтілді.

Жоба әуежайдың өткізу қабілетін арттыруға, оның заманауи әуе кемелерін өңдеу мүмкіндігін кеңейтуге және аймақтың транзиттік және логистикалық әлеуетін нығайтуға бағытталған.

Тексеру қорытындысы бойынша министр барлық жоспарланған жұмыстарды уақтылы және сапалы аяқтауды тапсырды.

***

🔸️Министр транспорта ознакомился с модернизацией аэропорта Шымкент

В рамках рабочего визита в город Шымкент Министр транспорта Республики Казахстан Нурлан Сауранбаев посетил Международный аэропорт Шымкент, где ознакомился с ходом реализации проекта по строительству второй взлетно-посадочной полосы.

Проектом также предусмотрено устройство соответствующей инфраструктуры, включая рулежные дорожки, аварийно-спасательные станции, инженерные сети и периметровое ограждение, а также оснащение аэродрома светосигнальным оборудованием III категории ИКАО.

Отмечено, что строительство второй ВПП является одним из ключевых инфраструктурных проектов, реализуемых в рамках развития аэрохабов Казахстана.

Проект направлен на увеличение пропускной способности аэропорта, расширение возможностей по приему современных типов воздушных судов, а также укрепление транзитного и логистического потенциала региона.

По итогам осмотра Министр поручил обеспечить своевременное и качественное завершение всех предусмотренных работ.
Forwarded from UKIMET
Олжас Бектенов көлік саласын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді

📌 Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының ұлттық жүк әуе компаниясын дамыту, сондай-ақ теңіз және теміржол тасымалдарын ұлғайту бойынша тапсырмаларын орындау мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Жиында Көлік министрлігінің, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» және Turlov Private Holding жүк әуе компаниясының жұмысын ұйымдастыру және оның тұрақты дамуын қамтамасыз ету жөніндегі тәсілдері тыңдалды.

Транзиттік жүк хабы ретінде Қытай – Қазақстан – Батыс Еуропа бағыты бойынша қолайлы жағдай жасау үшін әуе кемелерін кезең-кезеңімен шығаруды, бәсекелестік құны бойынша авиаотынмен қамтамасыз етуді қоса алғанда, операциялық қызметті жедел іске қосу мәселелері қаралды. Ілеспе инфрақұрылымды дамытуға, оның ішінде әуежай қуатын, жүк терминалдарын, қойма логистикасына назар аударылады.

Сонымен қатар Орталық Азия өңірінен Кавказға және Батыс Еуропа елдеріне тасымалдау көлемін ұлғайту үшін қазақстандық «Ақтау» және «Құрық» теңіз порттарын тиеу шаралары талқыланды.

Теміржол саласы бойынша өткізу қабілетін арттыру, сондай-ақ тарифтік саясатты жетілдіру үшін инфрақұрылымды одан әрі жаңғырту және қазақстандық теміржол желісін дамыту жоспарлары айтылды.

Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-министр бірқатар тапсырма берді.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1👍1
Forwarded from UKIMET
Олжас Бектенов провел совещание по развитию транспортной отрасли

📌 Премьер-министр Олжас Бектенов провел совещание по вопросам исполнения поручений Главы государства в области развития национальной грузовой авиакомпании, а также наращивания морских и железнодорожных перевозок.

Заслушаны подходы Министерства транспорта, ФНБ «Самрук-Қазына», НК «КТЖ», холдинга Turlov Private по организации работы и обеспечению устойчивого развития грузовой авиакомпании.

Рассмотрены вопросы ускоренного запуска операционной деятельности, включая поэтапный вывод воздушных судов, обеспечение авиатопливом по конкурентной стоимости для предоставления выгодных условий по маршруту Китай – Казахстан – Западная Европа как транзитного грузового хаба. Внимание уделено развитию сопутствующей инфраструктуры, включая аэропортовые мощности, грузовые терминалы, складскую логистику.

Кроме того, обсуждены меры загрузки казахстанских морских портов «Актау» и «Курык» для увеличения объема перевозок из региона Центральной Азии на Кавказ и в страны Западной Европы.

По железнодорожной отрасли озвучены планы дальнейшей модернизации инфраструктуры и развития казахстанской ж/д сети для увеличения пропускной способности, а также совершенствования тарифной политики.

По итогам совещания Премьер-министр дал ряд поручений.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1👍1