КГА 🇰🇿
3.61K subscribers
2.95K photos
157 videos
4 files
456 links
Комитет гражданской авиации МТ РК
Авиационная администрация
Казахстана

💻 www.aaq.kz

www. aviation.miid.gov.kz

🤳 https://facebook.com/caakaz/


📱Instagram: https://www.instagram.com
Download Telegram
Қазаэронавигация футбол құрамасы European Controllers Cup турнирінің екі дүркін чемпионы атанды

Албена қаласында (Болгария) European Controllers Cup (ECC 2026) халықаралық футбол турнирі аяқталды. Оның қорытындысы бойынша ҚР КМ Азаматтық авиация комитеті «Қазаэронавигация» РМК әуе диспетчерлерінің командасы 36 қатысушы команда арасында чемпиондық титулды жеңіп алды. Бұл жеңіс Қазақстан құрамасы үшін Еуропа әуе диспетчерлері арасындағы беделді турнирде қатарынан екінші болды.
Турнир барысында команда жоғары деңгейдегі кәсіби дайындықты, ұйымшылдықты және командалық рухты көрсетті. Матчтар шиеленісті және бәсекелі күресте өтті, ал қарсыластар шеберліктің жоғары деңгейін көрсетті. Қазаэронавигация командасы өзінің қажырлылығы мен жеңіске деген ұмтылысының арқасында чемпиондық атағын сақтап қала алды.
Еске сала кетейік, 2025 жылы Қазаэронавигация құрамасы Маастрихт қаласында (Нидерланды) өткен ECC 2025 турнирінде де жеңіске жеткен болатын. Осылайша, команда екінші жыл қатарынан Еуропаның әуе диспетчерлік қызметтері арасындағы ең үздік футбол құрамаларының бірі деген мәртебесін дәлелдеп отыр.
Турнир дәстүрлі түрде маңызды спорттық іс-шара ғана емес, сонымен қатар халықаралық кәсіби өзара іс-қимылды нығайту үшін тиімді алаң болып табылады. Еуропаның түрлі елдерінен келген диспетчерлік қызметтер мен авиация саласының өкілдері тәжірибе алмасуға, кәсіби мәселелерді талқылауға және бейресми жағдайда іскерлік байланыстарды кеңейтуге мүмкіндік алды.
👍2❤1
👍4🔥4
Сборная Казаэронавигации по футболу стала двукратным чемпионом турнира European Controllers Cup

В городе Албена (Болгария) завершился международный футбольный турнир European Controllers Cup (ECC 2026), по итогам которого команда авиадиспетчеров РГП «Казаэронавигация» Комитета гражданской авиации МТ РК завоевала чемпионский титул среди 36 команд-участниц. Эта победа стала для казахстанской сборной второй подряд на престижном турнире среди авиадиспетчеров Европы.
На протяжении всего турнира команда демонстрировала высокий уровень профессиональной подготовки, сплоченность и командный дух. Матчи проходили в напряженной и конкурентной борьбе, а соперники показали высокий уровень мастерства. Благодаря самоотдаче и стремлению к победе команда Казаэронавигации смогла сохранить звание чемпиона.
Напомним, что в 2025 году сборная Казаэронавигации также одержала победу на турнире ECC 2025, проходившем в городе Маастрихт (Нидерланды). Таким образом, команда второй год подряд подтверждает статус одной из сильнейших футбольных сборных среди авиадиспетчерских служб Европы.
Турнир традиционно выступает не только значимым спортивным событием, но и эффективной площадкой для укрепления международного профессионального взаимодействия. Представители диспетчерских служб и авиационной отрасли из различных стран Европы получили возможность обменяться опытом, обсудить профессиональные вопросы и расширить деловые контакты в неформальной обстановке.
🍾6❤5
Қазақстан ИКАО халықаралық алаңында авиациялық ағылшын тілі саласындағы ұлттық тәжірибесін таныстырды

Қазақстандық делегация Парижде өтіп жатқан Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) Авиациялық ағылшын тіліне қойылатын талаптарды енгізу жөніндегі мақсатты тобының (LPRI TF) 48-ші кеңесіне қатысуда.
Кеңес жұмысына 20-дан астам мемлекеттен 60-тан астам сарапшы, сондай-ақ EUROCONTROL, IFATCA және IFALPA өкілдері қатысуда. Қазақстан атынан «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ, «Air Astana» АҚ, «SCAT» АҚ, «Қазаэронавигация» РМК және «Азаматтық авиация академиясы» АҚ делегациясы қатысып жатыр. «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ-дан лицензиялау департаментінің директоры Әділжан Сұлтанов пен аға авиациялық инспектор Мадияр Қаражанов қатысуда.
Іс-шара аясында қазақстандық мамандар авиациялық ағылшын тілі деңгейін қолдау, адами фактордың әсері және бағалау рәсімдерін жетілдіру мәселелеріне арналған үш баяндама ұсынды.
Сондай-ақ «Air Astana» АҚ тілдік бағалау саласындағы отандық мамандардың кәсіби сараптамасының жоғары деңгейін көрсететін, өз күшімен әзірленген және енгізілген English Proficiency Testing System (EPTS) тестілеу жүйесін таныстырды.
Бұдан бөлек, кеңес барысында Қазақстан өкілдерінің қатысуымен дайындалған жерүсті персоналға арналған радиоалмасу жөніндегі нұсқаулықтың жобасы ұсынылды. Сонымен қатар ұшуды іздестіру-құтқару жұмыстарымен қамтамасыз етуге тартылған мамандар үшін ағылшын тілі деңгейін бағалау критерийлерін қалыптастыру тәсілдері талқыланды.
Қазіргі уақытта Қазақстанда TEA, TEAC, TEC, ELPAC және EPTS жүйелерін қолданатын бес тестілеу ұйымы жұмыс істейді. Отандық мамандардың LPRI TF жұмысына қатысуы Қазақстанның авиациялық персоналдың тілдік дайындық жүйесін дамыту және ИКАО-ның халықаралық стандарттарын енгізу бағытындағы жүйелі қызметін айқындайды.
❤1
Казахстан представил национальный опыт в сфере авиационного английского языка на международной площадке ИКАО

Казахстанская делегация принимает участие в 48-м совещании Целевой группы Международной организации гражданской авиации (ИКАО) по внедрению требований к авиационному английскому языку (LPRI TF), проходящем в Париже.
В работе совещания участвуют более 60 экспертов из свыше 20 государств, а также представители EUROCONTROL, IFATCA и IFALPA. Казахстан представлен делегацией АО «Авиационная администрация Казахстана», АО «Air Astana», АО «SCAT», РГП «Казаэронавигация» и АО «Академия гражданской авиации». От АО «Авиационная администрация Казахстана» участие принимают директор департамента лицензирования Адильжан Султанов и старший авиационный инспектор Мадияр Каражанов.
В рамках мероприятия казахстанские специалисты представили три доклада, посвящённые вопросам поддержания уровня авиационного английского языка, влияния человеческого фактора и совершенствования процедур оценки.
АО «Air Astana» также представило разработанную и внедрённую собственными силами систему тестирования English Proficiency Testing System (EPTS), демонстрирующую высокий уровень профессиональной экспертизы отечественных специалистов в области языковой оценки.
Также в ходе совещания был представлен проект руководства по радиообмену для наземного персонала, подготовленный при участии представителей Казахстана. Кроме того, обсуждены подходы к формированию критериев оценки уровня английского языка для специалистов, задействованных в поисково-спасательном обеспечении полётов.
В настоящее время в Казахстане функционируют пять тестирующих организаций, использующих системы TEA, TEAC, TEC, ELPAC и EPTS. Участие отечественных специалистов в работе LPRI TF отражает последовательную деятельность Казахстана по развитию системы языковой подготовки авиационного персонала и внедрению международных стандартов ИКАО.
❤1
ҚР Көлік министрлігі аэротакси мен қалалық әуе мобильділігінің құқықтық базасы үшін заңнамаға түзетулер пакетін әзірледі

Alatau City-де ҚР Көлік вице-министрі Талғат Ластаевтың, «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ Бас атқарушы директоры Майкл Дэниелдің, сондай-ақ «Alatau Advance Air Group Ltd» (AAAG) және «AutoFlight» компаниялары өкілдерінің қатысуымен eVTOL аэротаксиінің техникалық сынақ ұшулары өткізілді.
Аэротакси электрлі қозғалтқыштармен жұмыс істейтін инновациялық әрі экологиялық таза әуе көлігі түрі болып табылады. Әуе кемесі сағатына 200 шақырымға дейін максималды жылдамдықты дамытуға және 200 шақырымға дейінгі қашықтыққа ұшуды орындауға қабілетті, бұл қалалық және өңірлік әуе мобильділігі міндеттерін тиімді шешуді қамтамасыз етеді.
Көлік министрлігі аталған көлік түрін енгізуге қатысушы компаниялармен бірлесіп, бір жыл бойы қажетті нормативтік-құқықтық базаны қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізді. Осы қызмет шеңберінде аэротаксиді пайдалану және заманауи әуе мобильділігін дамыту мәселелерін реттеуге бағытталған заңнамалық түзетулер әзірленді.
Қазіргі уақытта дайындалған өзгерістер келісу кезеңдерінен өтіп, талқылау үдерісінде жатыр, ал оларды қабылдау және Қазақстан Республикасының заңнамасына енгізу жақын арада жоспарлануда.
Сонымен қатар, мамандандырылған инфрақұрылымды құру жұмыстары жүргізілуде. Вертипорттардың тұжырымдамасы мен дизайнын әлемнің түрлі елдерінде ұқсас нысандарды жобалау тәжірибесі бар халықаралық итальяндық компания әзірлеуде.
2028 жылға дейін барлығы алты вертипорт салу жоспарланған, олар қауіпсіздік, көліктік қолжетімділік және қолданыстағы инфрақұрылыммен интеграциялану талаптарын ескере отырып, стратегиялық маңызы бар қалалық және көліктік тораптарда орналастырылатын болады.
❤2
❤2
Министерство транспорта РК разработало пакет поправок в законодательство для правовой базы аэротакси и городской воздушной мобильности

В Alatau City проведены технические тестовые полёты аэротакси eVTOL с участием Вице-министра транспорта РК Талгата Ластаева и Главного исполнительного директора АО «Авиационная администрация Казахстана» Майкла Дэниела, а также представителей компаний Alatau Advance Air Group Ltd (AAAG) и AutoFlight.
Аэротакси представляет собой инновационный и экологически чистый вид воздушного транспорта, функционирующий на электрических двигателях. Воздушное судно способно развивать максимальную скорость до 200 км/ч и выполнять полёты на расстояние до 200 километров, обеспечивая эффективное решение задач городской и региональной воздушной мобильности.
Министерством транспорта совместно с компаниями, участвующими во внедрении данного вида транспорта, в течение года проводилась работа по формированию необходимой нормативно-правовой базы. В рамках данной деятельности разработаны поправки в законодательство, направленные на регулирование вопросов эксплуатации аэротакси и развития современной воздушной мобильности.
В настоящее время подготовленные изменения прошли этапы согласования, находятся в процессе обсуждения, а их принятие и внедрение в законодательство Республики Казахстан планируется в ближайшее время.
Параллельно ведётся работа по созданию специализированной инфраструктуры. Концепция и дизайн вертипортов разрабатываются международной итальянской компанией, имеющей опыт проектирования аналогичных объектов в различных странах мира.
Всего до 2028 года планируется построить шесть вертипортов, они будут размещены в стратегически значимых городских и транспортных точках с учётом требований безопасности, транспортной доступности и интеграции с существующей инфраструктурой.
❤2🥰1
🔷Жазғы демалыс кезеңінде пойыздар мен әуе рейстерінің саны артады
 
Қазақстанда жазғы демалыс және мектеп каникулы кезеңінде көлік қатынасының қолжетімділігін арттыру бойынша қосымша шаралар қабылдануда. Жолаушылар сұранысының артуына байланысты ҚР Көлік министрлігі көлік компанияларымен бірлесіп сұранысқа ие туристік бағыттар бойынша теміржол маршруттары мен әуе рейстерінің санын көбейтуде.

Теміржол тасымалы
2026 жылдың жазғы маусымында 15 қосымша теміржол маршруты ұйымдастырылады. Қосымша пойыздар 2026 жылғы 16 маусымнан бастап қатынай бастайды.

Бағыттар қатарында Астана, Алматы, Қарағанды, Ақтөбе, Семей, Өскемен, Қызылорда және Павлодар қалаларынан Достық пен Балқаш секілді туристік және курорттық аймақтарға қатынайтын пойыздар бар.

Аталған шаралар жазғы кезеңде пойыздарда шамамен 550 мың қосымша орын ашуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, жолаушылар ағынының артуына қарай қолданыстағы пойыз құрамдары кезең-кезеңімен ұлғайтылатын болады. Жазғы маусымда пойыз құрамдары орта есеппен 19–21 вагонға дейін көбейеді. Ал маусымаралық кезеңде бұл көрсеткіш 13–15 вагонды құрайды.

Сондай-ақ 2026 жылғы 1 маусымнан бастап Қарағанды – Балқаш бағыты бойынша №219/220 жолаушылар пойызы іске қосылады.

Әуе тасымалы
2026 жылдың маусым-тамыз айлары аралығында Астана – Балқаш, Үржар, Үшарал және Алматы – Балқаш, Үржар, Үшарал бағыттары бойынша аптасына 7 рейске дейін қосымша әуе рейстері ашылады.

Аталған бағыттар бойынша әуе билеттерінің құны әлеуметтік қолжетімді деңгейде сақталады — 16 мыңнан 20 мың теңгеге дейін. Бұл көптеген отбасыларға еліміздің туристік аймақтарында жазғы демалысты қолжетімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Жалпы, 2026 жылы Қазақстанда аптасына 813 рейс жиілігімен 60 ішкі әуе бағыты бойынша тұрақты рейстер орындалады.

Тұрақты әуе маршруттарын субсидиялау бағдарламасы аясында 24 бағытты, оның ішінде 16 туристік бағытты қолдауға 6,4 млрд теңге көлемінде қаржы қарастырылған.

Қабылданып жатқан шаралар ішкі туризмді дамытуға, өңірлердің көлік қолжетімділігін арттыруға және жазғы демалыс кезеңінде азаматтардың жайлы әрі қауіпсіз сапар жасауына қосымша мүмкіндік береді.
❤2👏1🙈1
На период летних отпусков увеличится число авиарейсов и поездов

В Казахстане принимаются дополнительные меры для повышения транспортной доступности в период летних отпусков и школьных каникул. В связи с ростом пассажирского спроса Министерство транспорта РК совместно с транспортными компаниями увеличивает количество железнодорожных маршрутов и авиарейсов по наиболее востребованным туристическим направлениям страны.

Железнодорожные перевозки
В летний сезон 2026 года будет организовано 15 дополнительных железнодорожных маршрутов. Дополнительные поезда начнут курсировать с 16 июня 2026 года.

В числе направлений — маршруты из Астаны, Алматы, Караганды, Актобе, Семея, Оскемена, Кызылорды и Павлодара до туристических и курортных зон, включая Достык и Балхаш.

Реализация данных мер позволит создать порядка 550 тысяч дополнительных мест в поездах в летний период.

Кроме того, по мере увеличения пассажиропотока будет проводиться поэтапное увеличение длины составов действующих поездов. В летний сезон количество вагонов в составах увеличивается в среднем до 19–21 вагона, тогда как в непиковый период оно составляет 13–15 вагонов.

Также с 1 июня 2026 года будет запущен пассажирский поезд №219/220 по направлению Караганда – Балхаш.

Авиаперевозки
На период с июня по август 2026 года открываются дополнительные рейсы по маршрутам Астана – Балхаш, Урджар, Ушарал и Алматы – Балхаш, Урджар, Ушарал с частотой до 7 рейсов в неделю.

Стоимость авиабилетов по данным направлениям сохраняется на социально доступном уровне — от 16 до 20 тысяч тенге, что позволит большему числу семей организовать летний отдых в туристических регионах страны.

В целом в 2026 году в Казахстане выполняются полеты по 60 внутренним маршрутам с общей частотой 813 рейсов в неделю.

В рамках программы субсидирования регулярных авиамаршрутов предусмотрено финансирование в объеме 6,4 млрд тенге для поддержки 24 маршрутов, включая 16 туристических направлений.

Реализация указанных мер способствует развитию внутреннего туризма, повышению транспортной доступности регионов и созданию комфортных условий для путешествий по Казахстану в летний период.
Forwarded from QURYLTAI
Қазақстанда жол қауіпсіздігіне, соның ішінде ұшқышсыз көлікке қатысты жаңа түзетулер қабылданды

Мәжіліс Парламент депутаттары бастамашы болған цифрландыру, дербес деректерді қорғау, жол жүрісі және көліктегі озық технологияларды реттеу мәселелері бойынша түзетулерді екінші оқылымда қабылдады.

Түзетулер болашақ жүргізушілерді даярлау сапасын бақылауды күшейтеді. Оқу автодромы ұғымы енгізіледі, оқу ұйымдарының тізілімі жасалады, автомектептердің филиалдарына қойылатын талаптар нақтыланып, профилактикалық бақылау тетіктері енгізіледі.

Сондай-ақ елді мекендерде автокөлікті оталдырып, қыздырып қоюға қатысты тыйым жойылады, шектеу тұрғын үй аймақтарында ғана сақталады.

Бұдан бөлек, электромобильдер үшін арнайы мемлекеттік нөмірлер енгізу, электровелосипедтерді тіркеу, жол қозғалысы қағидаларының қолданысын тұрғын үй кешендерінің паркингтеріне тарату және жол сапасына цифрлық мониторинг жүргізу қарастырылған.

Сонымен қатар, заң ұшқышсыз аэротакси, жүргізушісіз автомобильдерді және автоматтандырылған теміржол көлігін пайдаланудың құқықтық негізін жасайды. Озық және қалалық әуе ұтқырлығы, вертипорт, қалалық әуе ұтқырлығы аймағы, ұшқышсыз әуе қозғалысына қызмет көрсету ұғымдары енгізіледі. Сондай-ақ авиациялық техниканы пайдаланушылар, әзірлеушілер мен өндірушілер үшін жаңа сертификаттар беру көзделеді. Бұл eVTOL (тік ұшып-қонатын электрлі ұшақтар), аэротакси және басқа да жоғары автоматтандырылған әуе кемелерін қауіпсіз пайдалану үшін қажет.

t.me/mazhilis_kz
❤1
Forwarded from QURYLTAI
В Казахстане приняли новые поправки по безопасности дорожного движения, включая беспилотный транспорт

Мажилис принял во втором чтении поправки по вопросам цифровизации, защиты персональных данных, дорожного движения и регулирования передовых технологий на транспорте, инициированные депутатами Парламента.

Поправки усиливают контроль за качеством подготовки будущих водителей. Вводится понятие учебного автодрома, создается реестр учебных организаций, уточняются требования к филиалам автошкол и внедряются механизмы профилактического контроля.

Также отменяется запрет на прогрев автомобиля в населенных пунктах, ограничение остаётся только на жилые зоны.

Отдельно предусматриваются введение специальных государственных номеров для электромобилей, регистрация электровелосипедов, распространение правил дорожного движения на парковки жилых комплексов и цифровой мониторинг качества дорог.

Кроме того, закон создает правовую основу для использования беспилотных аэротакси, беспилотных автомобилей и автоматизированного железнодорожного транспорта. Вводятся понятия передовой и городской воздушной мобильности, вертипорта, зоны городской воздушной мобильности, обслуживания беспилотного воздушного движения. Также предусматривается выдача новых сертификатов для эксплуатантов, разработчиков и производителей авиационной техники. Это необходимо для безопасной эксплуатации eVTOL, аэротакси и других высокоавтоматизированных воздушных судов.

t.me/mazhilis_kz
❤2🔥1