КГА 🇰🇿
3.61K subscribers
2.95K photos
157 videos
4 files
456 links
Комитет гражданской авиации МТ РК
Авиационная администрация
Казахстана

💻 www.aaq.kz

www. aviation.miid.gov.kz

🤳 https://facebook.com/caakaz/


📱Instagram: https://www.instagram.com
Download Telegram
CAMP әзірлеу аясындағы стратегиялық талдау семинары Қазақстанның авиациялық әкімшілігінде өтті

Қазақстанда 2050 жылға дейінгі Азаматтық авиацияны дамытудың бас жоспарын (CAMP) әзірлеу жөніндегі жоба аясында Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) сарапшылары жұмысын жалғастыруда. Осы жоба шеңберінде Қазақстанның авиациялық әкімшілігінде ИКАО сарапшыларының, ҚР Көлік министрлігінің және Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің ұйымдастыруымен «CAMP әзірлеу барысында сыртқы ортаны стратегиялық талдау» тақырыбында семинар өтті.
Семинардың негізгі модераторлары ретінде ИКАО-ның CAMP жобасының үйлестірушісі Луиза Столс және ИКАО-ның әуежайларды жоспарлау жөніндегі сарапшысы Маурисио Гутьеррес сөз сөйледі.
Іс-шараға әуе компанияларының, әуежайлардың, аэронавигациялық қызмет көрсету ұйымдарының, авиациялық техниканы техникалық қызмет көрсету және жөндеу ұйымдарының, сондай-ақ авиациялық оқу орталықтарының өкілдері қатысты. Семинар барысында қатысушылар халықаралық тәжірибеде кеңінен қолданылатын PESTLE және SWOT әдістемелерін пайдалана отырып, стратегиялық сыртқы ортаға талдау жүргізді.
Бірлескен жұмыс барысында Қазақстанның азаматтық авиациясының дамуына әсер ететін негізгі саяси, экономикалық, әлеуметтік, технологиялық, құқықтық және экологиялық факторлар айқындалып, саланың күшті және әлсіз тұстары, даму мүмкіндіктері мен ықтимал қауіптері жан-жақты талданды.
Семинар барысында алынған нәтижелер Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын қауіпсіз, орнықты және тиімді дамытуға бағытталған стратегиялық басымдықтарды айқындауға және ұзақ мерзімді даму көзқарасын қалыптастыруға негіз болады.
Семинар по стратегическому анализу в рамках подготовки CAMP состоялся в Авиационной администрации Казахстана

В Казахстане продолжают свою работу эксперты ИКАО по разработке Генерального плана развития гражданской авиации Казахстана до 2050 года (CAMP). В Авиационной администрации Казахстана в рамках реализации проекта состоялся семинар «Стратегический анализ внешней среды при разработке CAMP», организованный экспертами ИКАО совместно с Министерством транспорта РК и Авиационной администрацией Казахстана.
Основными модераторами семинара выступили координатор проекта CAMP от ИКАО Луиза Столс и эксперт ИКАО по планированию развития аэропортов Маурисио Гутьеррес.
Участники мероприятия, а это представители авиакомпаний, аэропортов, организаций по аэронавигационному обслуживанию, по техническому обслуживанию и ремонту авиационной техники, а также авиационных учебных центров провели стратегический анализ внешней среды с использованием международно признанных методик PESTLE и SWOT.
Совместная работа была направлена на определение ключевых политических, экономических, социальных, технологических, правовых и экологических факторов, влияющих на развитие гражданской авиации Казахстана, а также выявление сильных и слабых сторон отрасли, возможностей и потенциальных угроз.
Полученные в ходе семинара результаты станут основой для определения стратегических приоритетов и формирования долгосрочного видения безопасного, устойчивого и эффективного развития гражданской авиации Республики Казахстан.
👍2
Қазақстанда аэротакси мен ұшқышсыз авиацияны дамытуға арналған заңнамалық негіз қалыптастырылды

2026 жылғы 24 маусымда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрландыру, дербес деректерді қорғау, жол қозғалысы және көліктегі озық технологияларды реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Қабылданған түзетулер «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілді.
Аталған қадам инновациялық авиацияны дамытуға және озық технологияларды ұлттық авиация жүйесіне интеграциялауға арналған заманауи нормативтік-құқықтық базаны ресми түрде қалыптастырады.
Осы шешім арқылы Қазақстан қалалық әуе мобильдігі (Urban Air Mobility – UAM) нарығын құқықтық тұрғыдан реттеп, АҚШ (FAA), Еуропалық одақ (EASA), Оңтүстік Корея және Қытаймен қатар eVTOL (тік ұшып-қонып, электр қуатымен жұмыс істейтін әуе кемелері) саласындағы дамыған нормативтік-құқықтық базасы бар мемлекеттердің қатарына қосылды.

Заңға мынадай 7 негізгі түзету енгізілді:
- «жетілдірілген әуе мобильдігі» (Advanced Air Mobility) ұғымы енгізіліп, оның түрлері – қалалық және өңіраралық әуе мобильдігі айқындалды;
- тік ұшып-қону мүмкіндігі бар электр әуе кемелерін (eVTOL) және жетілдірілген әуе мобильдігіне жатқызылған өзге де әуе кемелерін пайдаланудың құқықтық негізі қалыптастырылды;
- жетілдірілген әуе мобильдігінің инфрақұрылымы ретінде вертипорттардың құқықтық мәртебесі бекітіліп, олардың жұмыс істеу ерекшеліктері айқындалды;
- авиациялық техниканы әзірлеушілер мен өндірушілерді, қалалық әуе мобильдігі операторларын және азаматтық қашықтан басқарылатын авиациялық жүйелерді сертификаттаудың жаңа тетіктері енгізілді;
- ұшқышсыз әуе қозғалысына қызмет көрсету жүйесінің (UTM) құқықтық мәртебесі айқындалды.
Бұл жүйе ұшқышсыз авиациялық жүйелердің ұшуын цифрлық басқаруды, ақпарат алмасуды, сәйкестендіруді, маршруттауды және әуе кеңістігін пайдалануды үйлестіруді көздейді;
- ұшқышсыз әуе қозғалысына қызмет көрсететін цифрлық инфрақұрылым мен киберқауіпсіздікке қойылатын талаптар белгіленді;
- азаматтық ұшқышсыз авиациялық жүйелерді мемлекеттік реттеу тетіктері жетілдіріліп, оларды тіркеу, пайдалану, сертификаттау және ұшуларды ұйымдастыру мәселелері қамтылды.

Қабылданған заңнамалық өзгерістер инновациялық авиациялық технологияларды тәжірибелік кезеңнен толыққанды құқықтық ортаға көшіруге мүмкіндік береді. Бұл инвестиция тартуға, жаңа технологияларды енгізуге және жоғары технологиялық бизнесті дамытуға ашық әрі айқын жағдай қалыптастырады.
В Казахстане создана законодательная основа для развития аэротакси и беспилотной авиации

24 июня 2026 года Глава государства подписал Закон Республики Казахстан «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам цифровизации, защиты персональных данных, дорожного движения и регулирования передовых технологий на транспорте». Принятые поправки вносятся в Закон Республики Казахстан «Об использовании воздушного пространства Республики Казахстан и деятельности авиации».
Данный шаг официально формирует современную нормативную базу для развития инновационной авиации и интеграции передовых технологий в национальную авиационную систему.
Этим решением Казахстан юридически закрепил правила для рынка городской воздушной мобильности – Urban Air Mobility (UAM) и вошел в число стран с развитой регуляторной базой eVTOL (электрическое воздушное судно с возможностью вертикального взлета и посадки) наряду с США (FAA), Евросоюзом (EASA), Южной Кореей и Китаем.

Внесены 7 ключевых поправок:
- введено понятие «передовой воздушной мобильности» (Advanced Air Mobility), определены ее виды – городская и региональная воздушная мобильность;
- создана правовая основа для эксплуатации электрических воздушных судов с возможностью вертикального взлета и посадки (eVTOL) и иных воздушных судов, допущенных к передовой воздушной мобильности;
- закреплен правовой статус вертипортов, как инфраструктуры передовой воздушной мобильности и определены особенности их функционирования;
- введены новые механизмы сертификации разработчиков и изготовителей авиационной техники, эксплуатантов городской воздушной мобильности, гражданских дистанционно пилотируемых авиационных систем;
- создан правовой статус системы обслуживания беспилотного воздушного движения (UTM), предусматривающая цифровое управление полетами беспилотных авиационных систем, обмен информацией, идентификацию, маршрутизацию и координацию использования воздушного пространства;
- установлены требования к кибербезопасности и цифровой инфраструктуре, обеспечивающей обслуживание беспилотного воздушного движения;
- усовершенствовано государственное регулирование гражданских беспилотных авиационных систем, включая вопросы регистрации, эксплуатации, сертификации и организации полетов.

Принятые законодательные изменения переводят инновационные авиационные технологии из экспериментальной плоскости в полноценную правовую среду, обеспечивая прозрачные условия для привлечения инвестиций, внедрения новых технологий и развития высокотехнологичного бизнеса.
👍1
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Президент Air Astana компаниясының бас атқарушы директоры Ибрагим Жанлыелді қабылдады

🟦Мемлекет басшысына Орталық Азия мен Кавказда жетекші орын алатын Air Astana компаниясының операциялық және қаржылық көрсеткіштері туралы мәлімет берілді.

🟦Қасым-Жомарт Тоқаевқа Air Astana әуе паркін 2026-2027 жылдары Boeing 787 Dreamliner жаңа буын ұшақтарымен толықтыруды жоспарлап отырғаны баяндалды.

🟦Компания Airbus A320neo және A321neo маркалы 50 ұшаққа және Boeing 787-9 маркалы 15 әуе кемесіне тапсырыс берген. Олар 2036 жылға дейін жеткізіледі.

🟦Ибрагим Жанлыел Президентке компанияның ұзақмерзімді даму стратегиясын таныстырды. Аталған құжат Қазақстанның өңірлік авиациялық хаб ретіндегі орнын нығайтуға және компания қызметін халықаралық деңгейде кеңейтуге бағытталған.

🟦Air Astana бағыт санын көбейтіп, мультимодальді тасымалды дамытуды, сондай-ақ ұшу жиілігін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Цифрландыру мен жаңа технологияларды енгізуге баса мән беріледі.

📌Қасым-Жомарт Тоқаев әуе паркін толықтыру, бағыттар желісін арттыру және тасымалдау әлеуетін нығайту секілді стратегиялық мақсаттарды тиімді іске асырудың маңызына тоқталды. Президент АҚШ және Жапония елдерімен тікелей әуе тасымалын ұйымдастыруды басымдық ретінде атады.

❗️Мемлекет басшысы рейстің кешігуі, борттың ауысуы секілді жолаушылар тарапынан үнемі сын айтылатын мәселелерге назар аударып, қазақстандықтар жиі саяхаттайтын елдермен әуе тасымалын дамытуға шақырды.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Президент принял главного исполнительного директора Air Astana Ибрагима Жанлыела
 
🟦Глава государства был проинформирован об операционных и финансовых показателях компании Air Astana – ведущей авиационной группы Центральной Азии и Кавказа.

🟦Касым-Жомарту Токаеву было доложено, что Air Astana планирует пополнить авиапарк воздушными судами нового поколения Boeing 787 Dreamliner, поставка которых ожидается в 2026–2027 годах.

🟦Компания разместила заказы на поставку до 50 самолетов семейства Airbus A320neo и A321neo, а также до 15 дополнительных Boeing 787-9 с поставками до 2036 года.

🟦Ибрагим Жанлыел представил Президенту долгосрочную стратегию развития компании, направленную на укрепление позиций Казахстана в качестве регионального авиационного хаба и расширение международного присутствия группы.

🟦Air Astana планирует развивать маршрутные сети и мультимодальные перевозки, а также увеличить частоту полетов. Особое внимание будет уделено цифровизации и внедрению новых технологий.

📌Касым-Жомарт Токаев отметил важность эффективной реализации таких стратегических целей, как увеличение флота, расширение маршрутной сети и укрепление транзитного потенциала. В частности, одним из приоритетов он назвал обеспечение прямого сообщения с США и Японией.

❗️Глава государства обратил внимание на регулярную обоснованную критику населения по поводу задержек авиарейсов и замены бортов, а также призвал развивать авиасообщение со странами, для которых Казахстан представляет интерес с точки зрения туризма.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Майкл Дэниел АҚШ тәуелсіздігінің 250 жылдығына арналған салтанатты іс-шараға қатысты

Қазақстан Республикасындағы Америка Құрама Штаттарының Төтенше және Өкілетті Елшісі Джули Стаффттың шақыруымен Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің Бас атқарушы директоры Майкл Дэниел АҚШ тәуелсіздігінің 250 жылдығына арналған ресми қабылдауға қатысты.
Іс-шараға Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының, дипломатиялық корпустың, халықаралық ұйымдардың және бизнес қауымдастығының өкілдері жиналды. Құттықтау сөзінде АҚШ Елшісі Джули Стаффт Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтіп, азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастықтың ерекше рөліне тоқталды.
Майкл Дэниелдің бұл басқосуға қатысуы Қазақстанның авиациялық әкімшілігі мен америкалық серіктестер арасындағы өзара іс-қимылдың жүйелі түрде дамып келе жатқанын көрсетеді. Бұған дейін ҚАӘ делегациясы АҚШ-қа жұмыс сапарымен барып, Федералдық авиация басқармасы (FAA) және Көлік қауіпсіздігі әкімшілігі (TSA) өкілдерімен кездесті. Кездесулер барысында авиациялық қауіпсіздікті жетілдіру, халықаралық озық тәжірибені енгізу, тәжірибе алмасу және кәсіби ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.
Қазақстанның авиациялық әкімшілігі FAA, TSA және Қазақстан Республикасындағы АҚШ Елшілігімен қалыптасқан серіктестікті жоғары бағалайды және ұшу қауіпсіздігін арттыруға, халықаралық әуе қатынасын дамытуға және Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған бірлескен жұмысты жалғастырады.
👍2👏1
🔥4❤3
Майкл Дэниел принял участие в мероприятии, посвященном 250-летию независимости США

По приглашению Чрезвычайного и Полномочного Посла Соединенных Штатов Америки в Республике Казахстан Джули Стаффт Главный исполнительный директор Авиационной администрации Казахстана Майкл Дэниел принял участие в официальном приеме, посвященном 250-летию независимости Соединенных Штатов Америки.
Мероприятие объединило представителей государственных органов Республики Казахстан, дипломатического корпуса, международных организаций и делового сообщества. В своем приветственном обращении Посол США Джули Стаффт отметила важность укрепления партнерских отношений между Соединенными Штатами и Казахстаном, подчеркнув значимость развития сотрудничества в различных сферах, включая гражданскую авиацию.
Участие руководителя Авиационной администрации Казахстана (ААК) в мероприятии стало продолжением активного взаимодействия с американскими партнерами в области гражданской авиации. Ранее делегация ААК посетила США, где провела рабочие встречи с представителями Федерального управления гражданской авиации США (FAA) и Администрации транспортной безопасности США (TSA). В ходе переговоров были обсуждены вопросы совершенствования авиационной безопасности, внедрения передовых международных стандартов, обмена опытом и дальнейшего расширения профессионального сотрудничества.
Авиационная администрация Казахстана высоко ценит сложившееся партнерство с FAA, TSA и Посольством США в Республике Казахстан и намерено продолжать совместную работу по повышению уровня безопасности полетов, развитию международного авиационного сообщения и укреплению сотрудничества между Казахстаном и Соединенными Штатами Америки.
👍4🔥1