КГА 🇰🇿
3.61K subscribers
2.95K photos
157 videos
4 files
455 links
Комитет гражданской авиации МТ РК
Авиационная администрация
Казахстана

💻 www.aaq.kz

www. aviation.miid.gov.kz

🤳 https://facebook.com/caakaz/


📱Instagram: https://www.instagram.com
Download Telegram
Главный исполнительный директор ААК Майкл Дэниел выступил с лекцией в Академии гражданской авиации

В Академии гражданской авиации состоялась встреча с Главным исполнительным директором Авиационной администрации Казахстана Майклом Дэниелом. В мероприятии приняли участие профессорско-преподавательский состав, сотрудники и обучающиеся Академии, а также международные эксперты.
Открывая встречу, ректор Академии гражданской авиации Даулет Мамеков отметил:
«Как ведущий специализированный авиационный вуз страны, Академия гражданской авиации полностью поддерживает национальные приоритеты развития отрасли. Наша ключевая задача – подготовка конкурентоспособных специалистов в соответствии с национальными и международными стандартами».
Майкл Дэниел озвучил свой взгляд на перспективы развития мировой гражданской авиации, отметив ключевые технологические и профессиональные изменения, которые уже сегодня определяют развитие отрасли. Он подчеркнул роль STEM-образования, инженерного мышления, цифровых технологий, инноваций и культуры непрерывного профессионального развития.
«Фундаментальные знания в области науки, технологий, инженерии и математики являются основой профессионального становления каждого авиационного специалиста. Однако именно талант, воображение и способность находить новые решения позволяют двигать авиацию вперед. Сегодня вы не просто осваиваете профессию –именно вашему поколению предстоит формировать будущее мировой авиации»,
– сказал М. Дэниел.
Международный эксперт-советник, профессор Абрахам Алтонаян представил перспективы развития программы MBA, направленной на подготовку руководителей нового поколения для авиационной отрасли. Руководитель Центра инженерно-технического обслуживания Джон Уэйнрайт рассказал о современных подходах к подготовке инженерно-технического персонала в соответствии с международными требованиями, подчеркнув важность практико-ориентированного обучения и развития инженерных компетенций.
В открытой дискуссии преподаватели и обучающиеся Академии обсудили с руководителем Авиационной администрации Казахстана современные тенденции развития мировой авиации, требования к профессиональным компетенциям, внедрение новых технологий, вопросы безопасности полетов и перспективы дальнейшего развития авиационного образования.
В завершение визита гостю были представлены образовательные программы Академии, современные учебно-тренировочные комплексы, научно-исследовательские проекты и перспективные направления развития вуза.
👍3🔥1
«Cathay» әуе компаниясы Қазақстанға жүк және жолаушылар рейстерін ашады
 
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі халықаралық әуе қатынастарының географиясын кеңейту және жаңа шетелдік әуе тасымалдаушыларын тарту бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде.

Осы мақсатта Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиеваның «Cathay» (Гонконг) әуе компаниясының Таяу Шығыс өңірі бойынша өңірлік менеджері Оливер Коэльоменкездесуі өтті.

Кездесу барысында Оливер Коэльо әуе компаниясының 2026 жылғы 1 тамыздан бастап «Боинг-747» үлгісіндегі әуе кемелерімен аптасына 5 рейске дейінгі жиілікпен Астана қаласына тұрақты жүк рейстерін ашу жоспары туралы хабарлады. Сонымен қатар, ол 2027 жылғы қаңтар айынан бастап «Эйрбас-330» үлгісіндегі әуе кемелерімен аптасына 3 рет жиілікпен Гонконг – Алматы бағыты бойынша тұрақты жолаушылар рейстерін іске қосуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

Салтанат Томпиева аталған жобаларды іске асыруға Қазақстан тарапы қажетті қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жүк және жолаушылар рейстерін іске қосу үшін қажетті рәсімдерді бірлесіп жалғастыруға, сондай-ақ Қазақстан мен Гонконг арасындағы әуе қатынасын дамыту мәселелері бойынша тығыз ынтымақтастықты сақтауға келісті.

Жаңа рейстердің ашылуы сауда-экономикалық және туристік байланыстардың одан әрі дамуына, логистикалық мүмкіндіктердің кеңеюіне, сондай-ақ Қазақстан мен Гонконг арасындағы ынтымақтастықтың нығаюына ықпал етеді.
 
Анықтама:
 
«Cathay» – Гонконгтың ұлттық әуе компаниясы және Азиядағы ең ірі халықаралық әуе тасымалдаушыларының бірі. Компания еншілес кәсіпорындарын қоса алғанда 237 әуе кемесін пайдаланады және 100-ден астам бағыт бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырады. Cathay Cargo 41 бағыт бойынша тұрақты жүк тасымалдарын орындайды, жыл сайын 1,67 миллион тоннадан астам жүкті тасымалдап, әлемдегі жетекші әуе жүк операторларының қатарында.
👍2
Авиакомпания «Cathay» открывает грузовые и пассажирские рейсы в Казахстан

Министерством транспорта Республики Казахстан на постоянной основе проводится работапо расширению географии международных полетов и привлечению новых иностранных авиаперевозчиков.

С этой целью состоялась встреча Председателя Комитета гражданской авиации Салтанат Томпиевой с Региональным менеджером авиакомпании «Cathay» (Гонконг) по Ближнему Востоку г-ном Оливером Коэльо.

В ходе встречи г-н Оливер Коэльо сообщил о планах авиакомпании по открытию регулярных грузовых рейсов в г. Астана с частотой до 5 рейсов в неделю на воздушных судах типа «Боинг-747» с 1 августа т.г. Кроме того, представитель авиакомпании проинформировал о намерении с января 2027 года начать выполнение регулярных пассажирских рейсов по маршруту Гонконг – Алматы с частотой 3 рейса в неделю на воздушных судах типа «Эйрбас-330».

Салтанат Томпиева подтвердила готовность казахстанской стороны оказать необходимое содействие в реализации данных проектов.

По итогам встречи стороны договорились продолжить совместную работу по выполнению необходимых процедур для запуска грузовых и пассажирских рейсов, а также поддерживать тесное взаимодействие по вопросам развития воздушного сообщения между Казахстаном и Гонконгом.

Открытие новых рейсов будет способствовать дальнейшему развитию торгово-экономических и туристических связей, расширению логистических возможностей, а также укреплению сотрудничества между Казахстаном и Гонконгом.

Справочно:
«Cathay» — национальная авиакомпания Гонконга и один из крупнейших международных авиаперевозчиков Азии. Авиакомпания, с учетом дочерних подразделений эксплуатирует порядка 237 воздушных судов, выполняет пассажирские перевозки более чем по 100 направлениям.«Cathay Cargo» осуществляет регулярные грузовые перевозки по 41 направлению, а также перевозит свыше 1,67 млн тонн грузов в год, входя в число ведущих мировых операторов авиагрузовых перевозок.
👍6❤1
Қазақстан мен Түркия астаналары арасындағы әуе рейстерінің саны артып келеді
 
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі халықаралық әуе бағыттарының географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша ұшу жиілігін арттыру бойынша үздіксіз жұмыстар жүргізуде.

Мысалы, осы жылдың тамыз айынан бастап AJET Астана-Анкара және Алматы-Анкара бағыттары бойынша әр бағытта ұшулар санын аптасына екіден жетіге дейін арттырады.

Ұшу жиілігінің артуы екі ел арасындағы іскерлік, сауда-экономикалық және туристік ынтымақтастықты одан әрі нығайтады.
👍2
Расширяется авиасообщение между столицами Казахстана и Турции
 
Министерством транспорта Республики Казахстан на постоянной основе ведётся работа по расширению географии международных авиамаршрутов и увеличению частоты рейсов по действующим направлениям.

Так, с августа текущего года авиакомпания AJET увеличивает количество рейсов по маршрутам Астана – Анкара и Алматы – Анкара с 2 до 7 в неделю по каждому из направлений.

Увеличение количества рейсов будет способствовать дальнейшему укреплению делового, торгово-экономического и туристического сотрудничества между странами.
❤1
Азаматтық авиация комитетінің төрағасы жапон бизнесінің өкілдерімен кездесті

Астанада Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева Жапония делегациясының өкілдерімен кездесті. Кездесуге Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ясумаса Ииджима мырза, KEIDANREN жанындағы Жапония – ТМД Іскерлік ынтымақтастық комитетінің төрағасы Такеши Хашимото мырза, ANA Holdings Inc. Компаниясының (құрамына All Nippon Airways әуе компаниясы кіреді) вице-президенті Такэсита Ютака мырза және жапон бизнесінің басқа да өкілдері қатысты.
Тараптар азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады. Қазіргі уақытта Қазақстан мен Жапония арасында тікелей әуе қатынасын ашу мәселесі пысықталуда. Бұл бастама екі ел арасындағы туризмді, сауда-саттықты, инвестицияларды және іскерлік байланыстарды дамытуға маңызды серпін береді.
Сонымен қатар, кездесу барысында визалық режимге және тікелей рейстерді іске қосуға қажетті ұйымдастырушылық мәселелерге қатысты мәселелер қарастырылды.
Председатель Комитета гражданской авиации провела встречу с представителями японского бизнеса

В Астане состоялась встреча Председателя Комитета гражданской авиации Салтанат Томпиевой с представителями японской делегации: Чрезвычайным и Полномочным Послом Японии в Республике Казахстан г-ном Ясумаса Ииджима, Председателем Комитета по деловому сотрудничеству Япония – СНГ при KEIDANREN г-ном Такеши Хашимото, Вице-президентом ANA Holdings Inc. (холдинг, в который входит авиакомпания All Nippon Airways) г-ном ТакэситаЮтака и другими представителями бизнеса.
Стороны обсудили перспективы развития сотрудничества в сфере гражданской авиации. В настоящее время прорабатывается вопрос открытия прямого авиасообщения между Казахстаном и Японией, которое станет важным фактором развития туризма, торговли, инвестиций и деловых связей между двумя странами. Также были затронуты вопросы визового режима и организационных аспектов, необходимых для запуска прямых рейсов.
🔥5
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінде азаматтық авиациядағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі функцияларды беру мәселелері бойынша кеңес өтті

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінде авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру мәселелері бойынша кеңес өтті.

Көліктегі оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру департаментінің директоры Нұржан Малаевтың төрағалығымен өткен кеңеске Азаматтық авиация комитетінің, «Көліктік оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру орталығы» АҚ-ның, «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ-ның, «Қазаэронавигация» РМК-ның, «Қазақстанның шағын авиация қауымдастығы» ЗТБ (КАМА) және «Жеңіл және аса жеңіл авиацияны пайдаланушылар» ЗТБ (ЭЛИСА), әуежайлар мен әуекомпанияларының өкілдері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық авиация субъектілерінің өкілдері қатысты.

Кездесу барысында қатысушыларға 2026 жылғы 13 шілдеден бастап күшіне енген «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, сондай-ақ Азаматтық және эксперименттік авиацияда деректерді ұсыну мен авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру қағидаларына енгізілген өзгерістер туралы айтылды. Аталған өзгерістерге сәйкес авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі функциялар «Көліктік оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру орталығы» АҚ-ға берілді.

Мемлекеттік органдар, Орталық және азаматтық авиация субъектілері арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі ұйымдастыру, заңнамалық нормаларды практикалық іске асыру, сондай-ақ жаңа талаптарға сәйкес тергеп-тексеруді жүргізу тәртібі мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, кеңес барысында Департаменттің 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қызметінің қорытындылары шығарылып, атқарылған жұмыстардың нәтижелері, сондай-ақ авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғалардың алдын алу жөнінде қабылданып жатқан шаралардың негізгі үрдістері, тәуекел факторлары мен тиімділігі қаралды.

Күн тәртібінің жеке тармағы ретінде шағын авиация (жеңіл және аса жеңіл авиация) саласындағы ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Қатысушылар шағын авиация субъектілеріне қойылатын талаптарды, қолданыстағы қауіпсіздік нормалары мен стандарттарының сақталуын, мемлекеттік бақылау тетіктерін жетілдіруді, сондай-ақ пайдаланушылар мен авиациялық персоналдың жауапкершілігін арттыру мәселелерін талқылады.

Кеңес қорытындысы бойынша авиация саласы субъектілерінің өзара іс-қимылын жетілдіруге, ұшу қауіпсіздігі мәдениетін нығайтуға, авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру тиімділігін арттыруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін одан әрі дамытуға бағытталған бірінші кезектегі шаралар айқындалды.