КГА 🇰🇿
3.61K subscribers
2.89K photos
153 videos
4 files
455 links
Комитет гражданской авиации МТ РК
Авиационная администрация
Казахстана

💻 www.aaq.kz

www. aviation.miid.gov.kz

🤳 https://facebook.com/caakaz/


📱Instagram: https://www.instagram.com
Download Telegram
❤3
Планируется открытие прямых рейсов между Астаной и Шанхаем

В рамках рабочего визита в Китайскую Народную Республику Председатель Комитета гражданской авиации МТ РК Салтанат Томпиева провела встречу со Старшим вице-президентом по маркетингу и продажам авиакомпании China Eastern Airlines г-ном Джином Ченчу.

Основной темой переговоров стало открытие прямого авиасообщения по маршруту Астана – Шанхай. Представители авиакомпании подтвердили высокий коммерческий интерес к данному направлению и сообщили о готовности после завершения необходимых подготовительных мероприятий с осени т.г. приступить к запуску рейсов. На первоначальном этапе полеты будут выполняться три раза в неделю с последующим увеличением частоты до ежедневной.

В ходе встречи стороны также обсудили перспективы дальнейшего расширения маршрутной сети между Казахстаном и Китаем. Руководство авиакомпании выразило заинтересованность в увеличении количества рейсов в Казахстан, а также в развитии сотрудничества с казахстанскими авиаперевозчиками.

Открытие нового маршрута станет очередным шагом в реализации договоренностей по развитию воздушного сообщения между Казахстаном и Китаем. Прямое авиасообщение между столицами деловой и политической жизни двух стран будет способствовать дальнейшему росту туристических, деловых и инвестиционных связей, а также расширению транзитных возможностей Казахстана.

Справочно:
China Eastern Airlines – одна из трех крупнейших государственных авиакомпаний Китая и второй по величине авиаперевозчик страны. Базируется в Шанхае.

Эксплуатирует 834 воздушных судна. В 2025 году авиакомпания перевезла 150 млн пассажиров. Выполняет порядка 550 рейспов ежедневно из двух аэропортов Шанхая.
👏3❤1
«SAREX 03/2026»: Қазақстанда авиациялық іздестіру-құтқару бойынша ауқымды оқу-жаттығулар өтті
 
«SAREX 03/2026» ұшуларды іздестіру-құтқару қамтамасыз ету бойынша ауқымды оқу-жаттығулары көптеген зардап шеккендер бар әуе оқиғасы жағдайына барынша жақындатылған сценарий бойынша өткізілді. Оқулар барысында әуе кемесін анықтаудан бастап шартты зардап шеккендерді эвакуациялауға және олардың шартты туыстарына көмек көрсетуді ұйымдастыруға дейінгі іс-шаралардың толық кешені пысықталды.

📌Сценарийге сәйкес шартты авиациялық оқиға орны Алматы қаласы әуежайынан 100 шақырым қашықтықта, Іле өзенінің жағасындағы Тамғалы-Тас шатқалында белгіленді. Іс-шараға «Қазаэронавигация» РМК Іздестіру және құтқаруды үйлестіру орталығының күштері мен құралдары, «Қазавиақұтқару» АҚ және Қазақстан Республикасы ҰҚК Авиациялық қызметінің іздестіру-құтқару тікұшақтарының экипаждары, Алматы қаласы, Алматы облысы, Жетісу облысы және Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаменттерінің бөлімшелері, Алматы облысы мен Шымкент қаласының денсаулық сақтау қызметтері және Апаттар медицинасы орталығы, сондай-ақ Шымкент әуежайының қызметтері жұмылдырылды.

«SAREX 03/2026» оқу-жаттығуларының мақсаты – іздестіру-құтқару операцияларын жүргізуге тартылатын күштер мен құралдардың әзірлігін тексеру, мемлекеттік органдардың, жедел-құтқару қызметтерінің, әуежай қызметтерінің және өзге де ұйымдардың өзара іс-қимылын жетілдіру, сондай-ақ авиациялық оқиға туындаған жағдайда дағдарыстық басқару тетіктерін пысықтау болды.

Жаттығу барысында іздестіру-құтқару жүйесінің барлық деңгейлерінің өзара іс-қимылына ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, авариялық хабарлау және іс-қимылды үйлестіру, шартты әуе кемесін іздеу және анықтау, авариялық-құтқару жасақтарын түсіру және алғашқы медициналық көмек көрсету, зардап шеккендерді әуе және жерүсті көлігімен эвакуациялау, Шымкент әуежайының Апаттық жоспарын іске қосу, сондай-ақ Дағдарыс орталығын (Emergency Operations Center) және зардап шеккендердің туыстарына көмек көрсету орталығының (Family Assistance Center) жұмыстары пысықталды. Сонымен қатар, ведомствоаралық өзара іс-қимыл, ақпарат алмасу, шартты зардап шеккендердің туыстарын сүйемелдеу және әуежайдың Апаттық жоспарына сәйкес барлық тартылған қызметтердің іс-қимылдарын үйлестіру тетіктері тексерілді.

Алғаш рет «SAREX» ауқымды оқу-жаттығуларына бақылаушы ретінде Қырғыз Республикасының Азаматтық авиация мемлекеттік агенттігі мен Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері қатысты. Халықаралық қатысу авиациялық іздестіру және құтқару саласындағы үздік тәжірибелермен алмасуға және өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік берді.

«SAREX 03/2026» оқу-жаттығулары барысында Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің Апаттық жоспарын іске қосу элементі де пысықталды. Оның аясында құрылымдық бөлімшелердің әзірлігі, оның ішінде оқу-жаттығу барысында келіп түскен ақпаратты жинау, өңдеу және мониторинг жүргізу жүйесінің жұмысы тексерілді.

Осындай ауқымды оқу-жаттығуларды өткізу Қазақстанның азаматтық авиация саласындағы халықаралық міндеттемелерін орындаудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Олар Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенциясына (Чикаго конвенциясы) енгізілген 12-қосымша «Іздестіру және құтқару (Search andRescue)» және 9-қосымша «Ресімдерді жеңілдету (Facilitation)» стандарттары мен ұсынылатын практикасының талаптарына сәйкес ұйымдастырылады.

Оқу-жаттығулар ұлттық авиациялық іздестіру-құтқару жүйесінің әзірлік деңгейін, сондай-ақ авиациялық оқиғалар кезінде зардап шеккендер мен олардың отбасы мүшелеріне көмек көрсету тетіктерінің тиімділігін бағалауға мүмкіндік берді.
❤2
Полномасштабные учения по поисково-спасательному обеспечению полетов прошли в Алматинской области и Шымкенте
 
Полномасштабные учения по поисково-спасательному обеспечению полетов «SAREX 03/2026» прошли в условиях, максимально приближенных к реальному авиационному происшествию с большим количеством пострадавших, с отработкой всего комплекса мероприятий от обнаружения воздушного судна до эвакуации условно пострадавших и организации помощи их условным родственникам.

Согласно сценарию учений, условное место авиационного события было определено в 100 км от аэропорта города Алматы, в урочище Тамгалы-Тасвдоль берега реки Или. Были привлечены силы и средства Координационного центра поиска и спасания РГП «Казаэронавигация», экипажи поисково-спасательных вертолетов АО «Казавиаспас» и Авиационной службы КНБ РК, подразделения Департаментов по чрезвычайным ситуациям городов Алматы, Алматинской области, области Жетісу и города Шымкент, служб здравоохранения и Центра медицины катастрофа Алматинской области и города Шымкент, также службы аэропорта Шымкент.

📌Учения «SAREX 03/2026» были организованы сцелью проверки готовности сил и средств, совершенствования взаимодействия государственных органов, оперативно-спасательных служб, служб аэропорта и иных организаций, привлекаемых к проведению поисково-спасательных операций, а также отработки механизмов кризисного управления при возникновении авиационного происшествия.

Особое внимание было уделено взаимодействию всех уровней поисково-спасательной системы, включая аварийное оповещение и координацию действий; поиск и обнаружение условного воздушного судна; высадку аварийно-спасательных формирований и оказание первой медицинской помощи; эвакуацию пострадавших воздушным и наземным транспортом; активацию Аварийного плана аэропорта Шымкент и развертывание Кризисного центра (Emergency Operations Center) и Центра помощи родственникам пострадавших (Family Assistance Center) с обеспечение отработки межведомственного взаимодействия, информационного обмена, сопровождения условных родственников пострадавших и координации действий всех задействованных служб в соответствии с

Аварийным планом аэропорта.
Впервые в формате полномасштабных учений «SAREX» в качестве наблюдателей приняли участие делегаты Государственного агентства гражданской авиации, а также МЧС Кыргызстана. Международное присутствие позволило обменяться лучшими практиками и укрепить региональное сотрудничество в области авиационного поиска и спасания.

В ходе «SAREX 03/2026» был включен элемент активации аварийного плана Авиационной администрации Казахстана, в рамках которого была проверена готовность структурных подразделений, включая сбор, обработку и мониторинг получаемой по учению информации.

Проведение подобных полномасштабных учений является важным элементом выполнения Казахстаном международных обязательств в области гражданской авиации в соответствии со Стандартами и Рекомендуемой практикой Международной организации гражданской авиации (ИКАО), предусмотренными Приложением 12 «Поиск и спасание (Search and Rescue)» и Приложением 9 «Упрощение формальностей (Facilitation)» к Конвенции о международной гражданской авиации (Чикагской конвенции). Учения позволили проверить готовность национальной системы авиационного поиска и спасания, а также эффективность механизмов оказания помощи пострадавшим и членам их семей.
👍5
Қазақстан мен АҚШ авиациялық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстанның Авиациялық әкімшілігінде Экспорттық бақылау және шекара қауіпсіздігі бағдарламасының (EXBS) басшылығымен және АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің өкілдерімен кездесу өтті.

Тараптар бірлескен жұмыстың нәтижелерін қорытындылап, авиациялық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықтың алдағы бағыттарын талқылады. EXBS бағдарламасы аясында Қазақстанға көрсетіліп жатқан практикалық қолдауға ерекше назар аударылды.

Ынтымақтастық жылдары EXBS қолдауымен Қазақстанның авиация саласы мамандары үшін мамандандырылған оқыту бағдарламалары мен халықаралық таныстыру сапарлары ұйымдастырылды. Сонымен қатар еліміздің әуежайларына олардың техникалық әлеуетін нығайтуға және авиациялық қауіпсіздік шараларының тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін заманауи тексеру жабдықтары берілді.

Кездесуге қатысушылар мамандарды даярлау, халықаралық тәжірибе алмасу және Қазақстанның авиациялық қауіпсіздік жүйесін одан әрі жетілдіру бағыттарындағы бірлескен жұмысты жалғастыруға дайын екендерін растады.

Қазақстанның Авиациялық әкімшілігі америкалық тарапқа тұрақты қолдауы және еліміздің авиациялық қауіпсіздік жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.
👍1
Казахстан и США укрепляют сотрудничество в сфере авиационной безопасности

В Авиационной администрации Казахстана состоялась встреча с руководством Программы экспортного контроля и безопасности границ (EXBS) и представителями Посольства США в Республике Казахстан.

Стороны подвели итоги совместной работы и обсудили дальнейшие направления сотрудничества в сфере авиационной безопасности. Особое внимание было уделено практической поддержке, оказываемой Казахстану в рамках Программы EXBS.

За годы сотрудничества при поддержке EXBS для специалистов авиационной отрасли Казахстана были организованы специализированные обучения и международные ознакомительные визиты. Кроме того, аэропортам страны было предоставлено современное досмотровое оборудование, способствующее укреплению их технического потенциала и повышению эффективности мер авиационной безопасности.

Участники встречи подтвердили готовность продолжить совместную работу, в том числе в области подготовки специалистов, обмена международным опытом и дальнейшего совершенствования системы авиационной безопасности Казахстана.

Авиационная администрация Казахстана выразила признательность американской стороне за последовательную поддержку и вклад в развитие авиационной безопасности страны.
👍2
Қазақстанда мемлекеттік әуежайларды цифрландыру және биометриялық сәйкестендіру жүйесін енгізу мәселелері талқыланды

Астанада Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің басшылығы мен SITA компаниясы өкілдерінің жұмыс кездесуі өтті.

Кездесудің негізгі мақсаты мемлекеттік әуежайларға SITA компаниясы жүргізген аудит қорытындыларын талқылау және азаматтық авиация саласын кешенді цифрландыру бойынша алдағы стратегиялық қадамдарды айқындау болды.

Бұған дейін Азаматтық авиация комитетінің қолдауымен SITA компаниясы еліміздегі 14 мемлекеттік әуежайға аудит жүргізуді аяқтады. Бағалау нәтижесіне сәйкес, әуежайлардың басым бөлігінде жолаушыларға қызмет көрсету және багажды өңдеудің негізгі жүйелерімен жарақтандыру деңгейі жеткіліксіз болып отыр (орташа көрсеткіш – 38%). Соның салдарынан көптеген технологиялық үдерістер әлі де қолмен орындалады.

Кездесу барысында еліміздің әуежайларын озық цифрлық жүйелермен жабдықтау мәселелері қаралды. Атап айтқанда, жолаушыларды тіркеу, багажды өңдеу және есепке алу процестерін автоматтандыру, жолаушылар ағынын басқару, сондай-ақ авиациялық қауіпсіздік деңгейін арттыру, ұшу алдындағы рәсімдерден өту уақытын қысқарту және жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту мақсатында заманауи биометриялық технологияларды енгізу мәселелері талқыланды.

Кездесуде Астана қаласында әуежайлардың цифрлық жүйелерін орталықтандырылған басқару орталығын құруға ерекше назар аударылды. Бұл орталық негізгі процестерді нақты уақыт режимінде мониторингтеуді, үйлестіруді және жедел басқаруды қамтамасыз етеді.

Талқылаудың жеке бағыты ретінде SITA компанияcының Қазақстанда салынып жатқан үш әуежайды – Зайсан, Кендірлі және Катонқарағайдағы әуежайларды – заманауи цифрлық шешімдермен жабдықтауға қатысу мәселесі қарастырылды. Тараптар аталған әуежайларда халықаралық стандарттарға сәйкес жолаушыларды тіркеу, багажды өңдеу, жолаушылар ағынын басқару, биометриялық сәйкестендіру жүйелері мен басқа да цифрлық сервистерді қамтитын кешенді технологиялық шешімдерді енгізу мүмкіндігін талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстанның авиация саласын цифрландыруға, авиациялық қауіпсіздік деңгейін арттыруға және жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын жақсартуға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыру және өзара ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі екенін растады.

SITA – авиация саласына арналған цифрлық шешімдерді әзірлеу және енгізу бойынша әлемдік жетекші компаниялардың бірі болып табылатын жаһандық IT-компания.
👏3