КГА 🇰🇿
3.61K subscribers
2.88K photos
153 videos
4 files
455 links
Комитет гражданской авиации МТ РК
Авиационная администрация
Казахстана

💻 www.aaq.kz

www. aviation.miid.gov.kz

🤳 https://facebook.com/caakaz/


📱Instagram: https://www.instagram.com
Download Telegram
Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) Авиациялық қауіпсіздік апталығы 2026 басталуына бір апта ғана қалды. Іс-шара 2026 жылғы 20–22 қазан аралығында Астанада өтеді. Осындай ауқымды халықаралық іс-шараның артында үлкен командалық жұмыс тұр.
Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің Авиациялық қауіпсіздік жөніндегі атқарушы директоры Жәнібек Шарипбаев DKNews.kz ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Астанада талқыланатын қазіргі авиациялық қауіпсіздіктің негізгі сын-қатерлері туралы айтып берді. Олардың қатарында киберқауіпсіздік, жасанды интеллект, ұшқышсыз авиациялық жүйелер, қақтығыс аймақтарының үстінен ұшу қауіпсіздігі, жүк тасымалының қауіпсіздігі және жаһандық күн тәртібіндегі басқа да өзекті мәселелер бар.


До начала Недели авиационной безопасности Международной организации гражданской авиации (ИКАО) 2026 в Астане остаётся всего одна неделя (20-22 октября 2026 г.). За подготовкой к этому масштабному международному мероприятию стоит большая командная работа.
Исполнительный директор по авиационной безопасности Авиационной администрации Казахстана Жанибек Шарипбаев в интервью ИАП DKNews.kz рассказал о ключевых вызовах современной авиационной безопасности, которые станут предметом обсуждения в Астане: кибербезопасность, искусственный интеллект, беспилотные авиационные системы, полёты над зонами конфликтов, безопасность грузовых перевозок и другие актуальные вопросы глобальной повестки.

https://dknews.kz/ru/eksklyuziv-dk/406638-aviacionnaya-bezopasnost-v-usloviyah-novyh-globalnyh
🔥5👍1
TransLogistica Kazakhstan 2026 көрмесінде адами капиталды дамыту мәселелері талқыланды

Астанада 29-шы Қазақстандық халықаралық «Көлік және логистика» көрмесі – TransLogistica Kazakhstan 2026 өтті. Қытай, Ресей, Люксембург, Нидерланд, Польша, Түркия, БАӘ және басқа да 20-дан астам елдің мемлекеттік органдары, халықаралық ұйымдары, көлік-логистика компаниялары мен салалық сарапшыларының басын қосқан іс-шарада көлік саласын жаңғырту, логистикалық инфрақұрылымды дамыту, IT-шешімдерді енгізу және жүк тасымалының тиімділігін арттыру мәселелері қарастырылды.
Іс-шара аясында ҚР КМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы, ИКАО Жаһандық елшілер бағдарламасының елшісі Салтанат Томпиева «Жаңа дәуірдің көшбасшы әйелдері: адамдар, технологиялар және көлік пен логистиканың болашағы» атты пленарлық сессияға спикер ретінде қатысты.
Сессияға сондай-ақ ҚР Президенті Әкімшілігі жанындағы Көлік және логистика жөніндегі жобалық кеңсенің жетекшісі Алуа Көрпебаева, ҚР «Атамекен» ҰКП Төралқасының Әйелдер кәсіпкерлігі комитетінің төрағасы Лейла Куленова, CPCS компаниясының Орталық Азия және Кавказ өңірлері бойынша жетекшісі, Women in TLP және Women in Trade & Logistics Partnerships ұйымдарының төрағасы Айжан Бейсеева, Rhenus Group компаниясының Шығыс Еуропа, Оңтүстік Кавказ және Орталық Азия бойынша басқарма жобаларының жетекшісі Александра Огнева, Kusto Logistics директоры Мадина Ахмеджанова, «Цифрлық экономиканы дамыту орталығы» ЖШС цифрлық сервистер департаментінің директоры Інкәр Хусаинова, Alstom компаниясының Батыс және Орталық Азиядағы ақпараттық жүйелер және трансформация жөніндегі бизнес-серіктесі Әлия Шалова қатысты.
Көлік-логистика саласын дамытудағы көшбасшы әйелдердің рөліне арналған сессияда кадрлар даярлау, адами капиталды дамыту, сондай-ақ цифрландыру мен жасанды интеллектінің еңбек нарығына ықпалы мәселелері көтерілді.
Өз сөзінде Салтанат Томпиева Қазақстан азаматтық авиацияның болашағын қалыптастыруға белсенді атсалысатын мемлекет ретінде саланың орнықты даму қағидаттарын ұстанып, адами капиталға инвестиция салуға ерекше көңіл бөлетінін атап өтті.
«Біз адами капиталды дамыту бағытындағы тәжірибемізді халықаралық авиация қауымдастығымен белсенді түрде бөлісіп келеміз. ИКАО-ның өңірлік семинарлары мен практикалық оқыту іс-шараларын өткізіп, салаға жас мамандарды көбірек тартуға күш салып жатырмыз. Болашақта авиацияда тек ерлерге немесе әйелдерге тән деп саналатын мамандықтардың саны айтарлықтай азаятынына сенімдімін. Ең бастысы – қыздар мен жігіттердің білім алуға, өз қабілеттерін көрсетуге және әлеуетін іске асыруға тең мүмкіндіктері болуы тиіс», – деп атап өтті С. Томпиева.
Сессия қатысушылары білікті мамандар тапшылығы, жас кадрларды дамыту және тәлімгерлік жүйесін жетілдіру, жаңа кәсіби құзыреттерді қалыптастыру, сондай-ақ болашақ мамандарды даярлау ісінде мемлекет, бизнес және білім беру ұйымдары арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.
❤2
Развитие человеческого капитала обсудили на TransLogistica Kazakhstan 2026
 
В Астане состоялась 29-я Казахстанская международная выставка «Транспорт и логистика» – TransLogistica Kazakhstan 2026. Мероприятие, объединившее представителей госорганов, международных организаций, транспортно-логистических компаний и отраслевых экспертов из более чем 20 стран (Китай, Россия, Люксембург, Нидерланды, Польша, Турция, ОАЭ, и др) охватывает актуальные вопросы модернизации транспортной отрасли, развития логистической инфраструктуры, внедрения IT-решений и повышения эффективности грузовых перевозок.
В рамках события Председатель Комитета гражданской авиации МТ РК, Посол Глобальной программы послов ИКАО Салтанат Томпиева приняла участие в качестве спикера пленарной сессии «Женщины-лидеры новой эпохи: люди, технологии и будущее транспорта и логистики».
В сессии также участвовали руководитель Проектного офиса по транспорту и логистике при Администрации Президента РК Алуа Корпебаева, Председатель Комитета женского предпринимательства Президиума НПП РК «Атамекен» Лейла Куленова,  Региональный руководитель CPCS по Центральной Азии и Кавказу, председатель Women in TLP, Председатель Women in Trade & Logistics Partnerships Айжан Бейсеева, Руководитель проектов правления Rhenus Group по Восточной Европе, Южному Кавказу и Центральной Азии Александра Огнева, Директор Kusto Logistics Мадина Ахмеджанова,  Директор департамента цифровых сервисов ТОО «Центр развития цифровой экономики» Инкар Хусаинова, Бизнес-партнер по информационным системам и трансформации в Западной и Центральной Азии Alstom Алия Шалова.  
Сессия, посвященная роли женщин-лидеров в развитии транспортно-логистической отрасли, подняла вопросы подготовки кадров, развития человеческого капитала и влияния цифровизации и искусственного интеллекта на рынок труда.
В своем выступлении Салтанат Томпиева отметила, что Казахстан как активный участник формирования будущего гражданской авиации, придерживается принципа устойчивого роста отрасли, уделяя большое внимание инвестициям в человеческий капитал.
«Мы активно делимся опытом с международным авиационным сообществом в части наращивания человеческого капитала, проводим региональные семинары и воркшопы ИКАО, привлекая все больше молодых специалистов в нашу отрасль. Убеждена, что в авиации будет гораздо меньше профессий, которые принято считать исключительно мужскими или женскими. Важно, чтобы у молодых людей, и у девушек, и у юношей были равные возможности получить образование, проявить себя и реализовать свой потенциал», – подчеркнула С. Томпиева.
Участники сессии обсудили вопросы дефицита квалифицированных специалистов, развития молодых кадров и наставничества, формирования новых профессиональных компетенций, а также взаимодействия государства, бизнеса и образовательных организаций в подготовке специалистов будущего.
❤2🔥1
Көлік вице-министрі азаматтық авиация субъектілерінің қысқы навигацияға дайындығы жөнінде кеңес өткізді

Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Талғат Ластаевтың төрағалығымен еліміздегі барлық әуежайлар мен әуе компаниялардың бірінші басшыларының қатысуымен 2026–2027 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық мәселелері бойынша кеңес өтті.

Кеңес барысында Көлік вице-министрі қысқы кезеңде азаматтық авиацияның қауіпсіз әрі үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар тапсырма берді.
Атап айтқанда, әуежай инфрақұрылымының, аэродромдық және арнайы техниканың, сондай-ақ персоналдың күрделі ауа райы жағдайларында жұмыс істеуге толық дайындығын қамтамасыз ету тапсырылды. Жабдықтарға техникалық қызмет көрсетуді уақтылы жүргізу және олардың жарамдылығын тексеру, әуежайларды көктайғаққа қарсы реагенттердің және басқа да қажетті шығыс материалдарының жеткілікті қорымен қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар ұшу-қону жолақтары мен басқа да аэродром жабындарын қар мен мұздан уақтылы тазартуға арналған техниканың дайындығын қамтамасыз ету, сондай-ақ әуе кемелерін мұздануға қарсы өңдеу жұмыстарын ұйымдастыру бойынша тапсырмалар берілді.

Вице-министр барлық дайындық шараларын алдын ала орындаудың және әуежайлар мен әуе компаниялардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындығын тұрақты бақылауда ұстаудың маңыздылығын атап өтті.
Вице-министр транспорта провел совещание по подготовке субъектов гражданской авиации к зимней навигации

Под председательством Вице-министра транспорта Республики Казахстан Талгата Ластаева состоялось совещание с первыми руководителями всех аэропортов и авиакомпаний страны по вопросам подготовки к осенне-зимнему периоду 2026–2027 годов.

В ходе совещания Вице-министр транспорта дал ряд поручений, направленных на обеспечение безопасной и бесперебойной работы гражданской авиации в зимний период.

В частности, поручено обеспечить полную готовность аэропортовой инфраструктуры, аэродромной и специальной техники, а также персонала к работе в сложных погодных условиях. Особое внимание уделено необходимости своевременного проведения технического обслуживания и проверки исправности оборудования, обеспечения аэропортов необходимыми запасами противогололедных реагентов и других расходных материалов.

Кроме того, даны указания по обеспечению готовности аэродромной техники к своевременной очистке взлетно-посадочных полос и других аэродромных покрытий от снега и наледи, а также организации противообледенительной обработки воздушных судов.

Вице-министр подчеркнул необходимость заблаговременного выполнения всех подготовительных мероприятий и обеспечения постоянного контроля за готовностью аэропортов и авиакомпаний к работе в осенне-зимний период.
Қазақстан алдағы жылдарға және 2050 жылға дейінгі кезеңге арналған азаматтық авиацияны дамыту басымдықтарын айқындауда

Астанада өткен New Silk Way VIII халықаралық көлік-логистикалық бизнес-форумында Қазақстанның азаматтық авиациясын дамыту перспективалары, авиациялық хабтар құру, отандық әуе тасымалдаушылары мен әуежайлар үшін жаңа мүмкіндіктер мәселелері талқыланды.
ҚР Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанның көлік-логистикалық әлеуетін нығайту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында саланы дамытудың негізгі нәтижелері мен басым бағыттарын таныстырды.
2026 жылдың тоғыз айында қазақстандық авиакомпаниялар 12,4 млн жолаушы тасымалдады, ал әуежайларда 136,5 мың тонна жүк өңделді. Халықаралық маршруттық желі 31 ел мен 137 бағытты қамтиды. Қазақстандық және шетелдік авиакомпаниялар 24 жаңа әуе бағытын ашты.
Саланың алдағы кезеңге арналған міндеттерін іске асырумен қатар, Халықаралық азаматтық авиация ұйымымен (ИКАО) бірлесіп, 2050 жылға дейінгі мастер-жоспар әзірленуде. Құжат саланы ұзақ мерзімді дамыту моделін айқындауға бағытталған.
Басым бағыттардың қатарында жүк авиациясын дамыту да бар. Мемлекет отандық жүк тасымалдаушыларды қолдау шараларын көздеген. Олардың қатарында жүк әуе кемелерінің жекелеген санаттарын жеңілдікпен әкелу және халықаралық нарықтарға шығу мүмкіндіктерін кеңейту бар.
Авиация нарығына қатысушылар да нақты даму жоспарларын ұсынды. Астана әуежайы 2035 жылға дейінгі даму стратегиясын таныстырды. Ол екінші ұшу-қону жолағын салуды, жүк инфрақұрылымын кеңейтуді және цифрландыруды қамтиды.
Қарағанды әуежайы QarGo Hub тұжырымдамасын дамытуда және ағымдағы жылы жүк ағыны 61 мың тоннаға дейін өседі деп болжап отыр. Ақтауда 400–500 млн АҚШ доллары көлемінде әлеуетті инвестиция тартуды көздейтін авиациялық-логистикалық хаб жобасы таныстырылды.
Ішкі әуе тасымалдарының қолжетімділігіне де ерекше назар аударылды. Петропавл әуежайы шағын өңірлік әуежайлардың экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету және одан әрі дамыту мәселелерін көтерді.
SCAT авиакомпаниясы Шымкентте авиациялық хабты дамытуға арналған ауқымды бағдарламасын таныстырды. Бағдарлама әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету саласын дамыту мен әуежай инфрақұрылымын кеңейтуді қоса алғанда, 12 инвестициялық жобаны қамтиды. Vietjet Qazaqstan ішкі авиация нарығын дамыту жөніндегі өз көзқарасын ұсынып, әуе тасымалдарының қолжетімділігін арттыру және саланың тұрақты өсуін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстарын білдірді. Ұлттық жүк тасымалдаушы Alatau Air Cargo жақын уақытта ұшуды бастауға дайындалуда.
Сонымен қатар авиацияны дамыту саланың барлық қатысушыларының ортақ міндеті ретінде қарастырылады. Салтанат Томпиева авиакомпаниялармен, әуежайлармен және нарықтың басқа да қатысушыларымен тұрақты диалог жүргізудің маңыздылығын атап өтті. Мұндай тәсіл мемлекеттік шешімдер қабылдау кезінде саланың нақты қажеттіліктерін ескеруге және тасымалдарды дамыту жөніндегі практикалық қадамдарды бірлесіп айқындауға мүмкіндік береді.
Казахстан определяет приоритеты развития гражданской авиации на ближайшие годы и до 2050 года

В Астане на VIII Международном транспортно-логистическом бизнес-форуме New Silk Way обсудили перспективы развития гражданской авиации Казахстана, создание авиационных хабов и новые возможности для отечественных перевозчиков и аэропортов.
Председатель Комитета гражданской авиации МТ РК Салтанат Томпиева представила ключевые результаты и приоритеты развития отрасли в контексте реализации задач, поставленных Главой государства Касым-Жомартом Токаевым по укреплению транспортно-логистического потенциала Казахстана.
За девять месяцев 2026 года казахстанские авиакомпании перевезли 12,4 млн пассажиров, аэропорты обработали 136,5 тыс. тонн грузов. Международная маршрутная сеть охватывает 31 страну и 137 направлений, казахстанскими и иностранными авиакомпаниями открыто 24 новых авиамаршрута.
Наряду с реализацией ближайших отраслевых задач совместно с ИКАО разрабатывается мастер-план до 2050 года. Он призван определить долгосрочную модель развития отрасли.
В числе актуальных направлений также грузовая авиация. Государством уже предусмотрены меры поддержки отечественных грузовых перевозчиков, включая льготные условия ввоза отдельных категорий грузовых воздушных судов и расширение возможностей выхода на международные рынки.
Конкретные планы представили и участники авиационного рынка. Аэропорт Астаны представил стратегию развития до 2035 года, предусматривающую строительство второй взлётно-посадочной полосы, расширение грузовой инфраструктуры и цифровизацию. Аэропорт Караганды развивает концепцию QarGo Hub и прогнозирует рост грузопотока до 61 тыс. тонн в текущем году. В Актау представлен проект авиационного и логистического хаба с потенциальными инвестициями в размере 400–500 млн долларов США.
Отдельное внимание было уделено доступности внутренних авиаперевозок. Аэропорт Петропавловска обозначил вопросы, актуальные для малых региональных аэропортов, включая обеспечение их экономической устойчивости и дальнейшего развития.
Авиакомпания SCAT представила масштабную программу развития авиационного хаба в Шымкенте, предусматривающую 12 инвестиционных проектов, включая развитие технического обслуживания воздушных судов и расширение аэропортовой инфраструктуры.
Vietjet Qazaqstan поделился своим видением развития внутреннего авиационного рынка и представил предложения по повышению доступности авиаперевозок и обеспечению устойчивого роста отрасли.
Национальный грузовой перевозчик Alatau Air Cargo готовится начать полёты в ближайшее время
При этом развитие авиации рассматривается как общая задача всех субъектов отрасли. Салтанат Томпиева подчеркнула важность постоянного диалога с авиакомпаниями, аэропортами и другими участниками рынка.
Такой подход позволяет учитывать реальные потребности отрасли при принятии государственных решений и совместно определять практические шаги по развитию перевозок.
🇰🇿🇨🇿Қазақстан мен Чехия көлік саласындағы ынтымақтастықты дамытуға келісті

NEW SILK WAY халықаралық көлік-логистикалық бизнес-форумы аясында Қазақстан Республикасы Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Чехия Республикасының Көлік министрі Иван Беднарикпен екіжақты кездесу өткізді.

Тараптар көлік саласындағы ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын, соның ішінде азаматтық авиация және теміржол көлігі салаларындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша министрлер Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі мен Чехия Республикасы Көлік министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Құжат теміржол көлігі, өнеркәсіп және технологиялық даму салаларындағы стратегиялық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.

Меморандумға қол қою Қазақстан мен Чехия арасындағы екіжақты байланыстарды одан әрі нығайтуға және көлік саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге негіз болады.
🇰🇿🇨🇿Казахстан и Чехия договорились о развитии сотрудничества в транспортной сфере

На полях международного транспортно-логистического бизнес-форума NEW SILK WAY министр транспорта Республики Казахстан Нурлан Сауранбаев провёл двустороннюю встречу с министром транспорта Чешской Республики Иваном Беднариком.

Стороны обсудили перспективы расширения сотрудничества в транспортной сфере, в том числе в области гражданской авиации и железнодорожного транспорта.

По итогам встречи министры подписали Меморандум о взаимопонимании между Министерством транспорта Республики Казахстан и Министерством транспорта Чешской Республики. Документ направлен на развитие стратегического сотрудничества в области железнодорожного транспорта, промышленности и технологического развития.

Подписание меморандума станет основой для дальнейшего укрепления двусторонних связей и расширения взаимовыгодного сотрудничества между Казахстаном и Чехией в транспортной отрасли.
❤3