КГА 🇰🇿
3.61K subscribers
3.02K photos
159 videos
4 files
464 links
Комитет гражданской авиации МТ РК
Авиационная администрация
Казахстана

💻 www.aaq.kz

www. aviation.miid.gov.kz

🤳 https://facebook.com/caakaz/


📱Instagram: https://www.instagram.com
Download Telegram
Казахстан определяет приоритеты развития гражданской авиации на ближайшие годы и до 2050 года

В Астане на VIII Международном транспортно-логистическом бизнес-форуме New Silk Way обсудили перспективы развития гражданской авиации Казахстана, создание авиационных хабов и новые возможности для отечественных перевозчиков и аэропортов.
Председатель Комитета гражданской авиации МТ РК Салтанат Томпиева представила ключевые результаты и приоритеты развития отрасли в контексте реализации задач, поставленных Главой государства Касым-Жомартом Токаевым по укреплению транспортно-логистического потенциала Казахстана.
За девять месяцев 2026 года казахстанские авиакомпании перевезли 12,4 млн пассажиров, аэропорты обработали 136,5 тыс. тонн грузов. Международная маршрутная сеть охватывает 31 страну и 137 направлений, казахстанскими и иностранными авиакомпаниями открыто 24 новых авиамаршрута.
Наряду с реализацией ближайших отраслевых задач совместно с ИКАО разрабатывается мастер-план до 2050 года. Он призван определить долгосрочную модель развития отрасли.
В числе актуальных направлений также грузовая авиация. Государством уже предусмотрены меры поддержки отечественных грузовых перевозчиков, включая льготные условия ввоза отдельных категорий грузовых воздушных судов и расширение возможностей выхода на международные рынки.
Конкретные планы представили и участники авиационного рынка. Аэропорт Астаны представил стратегию развития до 2035 года, предусматривающую строительство второй взлётно-посадочной полосы, расширение грузовой инфраструктуры и цифровизацию. Аэропорт Караганды развивает концепцию QarGo Hub и прогнозирует рост грузопотока до 61 тыс. тонн в текущем году. В Актау представлен проект авиационного и логистического хаба с потенциальными инвестициями в размере 400–500 млн долларов США.
Отдельное внимание было уделено доступности внутренних авиаперевозок. Аэропорт Петропавловска обозначил вопросы, актуальные для малых региональных аэропортов, включая обеспечение их экономической устойчивости и дальнейшего развития.
Авиакомпания SCAT представила масштабную программу развития авиационного хаба в Шымкенте, предусматривающую 12 инвестиционных проектов, включая развитие технического обслуживания воздушных судов и расширение аэропортовой инфраструктуры.
Vietjet Qazaqstan поделился своим видением развития внутреннего авиационного рынка и представил предложения по повышению доступности авиаперевозок и обеспечению устойчивого роста отрасли.
Национальный грузовой перевозчик Alatau Air Cargo готовится начать полёты в ближайшее время
При этом развитие авиации рассматривается как общая задача всех субъектов отрасли. Салтанат Томпиева подчеркнула важность постоянного диалога с авиакомпаниями, аэропортами и другими участниками рынка.
Такой подход позволяет учитывать реальные потребности отрасли при принятии государственных решений и совместно определять практические шаги по развитию перевозок.
🇰🇿🇨🇿Қазақстан мен Чехия көлік саласындағы ынтымақтастықты дамытуға келісті

NEW SILK WAY халықаралық көлік-логистикалық бизнес-форумы аясында Қазақстан Республикасы Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Чехия Республикасының Көлік министрі Иван Беднарикпен екіжақты кездесу өткізді.

Тараптар көлік саласындағы ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын, соның ішінде азаматтық авиация және теміржол көлігі салаларындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша министрлер Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі мен Чехия Республикасы Көлік министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Құжат теміржол көлігі, өнеркәсіп және технологиялық даму салаларындағы стратегиялық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.

Меморандумға қол қою Қазақстан мен Чехия арасындағы екіжақты байланыстарды одан әрі нығайтуға және көлік саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге негіз болады.
🇰🇿🇨🇿Казахстан и Чехия договорились о развитии сотрудничества в транспортной сфере

На полях международного транспортно-логистического бизнес-форума NEW SILK WAY министр транспорта Республики Казахстан Нурлан Сауранбаев провёл двустороннюю встречу с министром транспорта Чешской Республики Иваном Беднариком.

Стороны обсудили перспективы расширения сотрудничества в транспортной сфере, в том числе в области гражданской авиации и железнодорожного транспорта.

По итогам встречи министры подписали Меморандум о взаимопонимании между Министерством транспорта Республики Казахстан и Министерством транспорта Чешской Республики. Документ направлен на развитие стратегического сотрудничества в области железнодорожного транспорта, промышленности и технологического развития.

Подписание меморандума станет основой для дальнейшего укрепления двусторонних связей и расширения взаимовыгодного сотрудничества между Казахстаном и Чехией в транспортной отрасли.
❤3
Қазақстанда алғаш рет ИКАО-ның 2026 жылғы Авиациялық қауіпсіздік апталығы өтеді

2026 жылғы 20–22 қазанда Астана қаласында Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің қолдауымен ИКАО-ның Авиациялық қауіпсіздік апталығы өтеді. Бұл іс-шара – авиациялық қауіпсіздік пен киберқауіпсіздік саласындағы негізгі халықаралық іс-шаралардың бірі. Қазақстан алғаш рет әлемнің түкпір-түкпірінен мемлекеттердің авиациялық билік органдары мен авиация саласының өкілдері жиналатын жаһандық форумды өткізу алаңына айналады.

Қазақстан авиациялық қауіпсіздік көрсеткіші бойынша (95,7%) әлемнің ТОП-20 елі қатарына кіреді және қазіргі уақытта осы көрсеткіш бойынша Орталық Азия өңірінде көш бастап тұр.

ИKАО-ның Қауіпсіздік апталығына қатысу үшін ИКАО Бас хатшысы Хуан Карлос Саласар Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен келеді. Іс-шараға сондай-ақ Бразилия, Венгрия, Италия, Канада, БАӘ, Португалия, АҚШ, Таиланд, Франция, Эфиопия және басқа да мемлекеттердің жоғары лауазымды өкілдері, сондай-ақ БҰҰ, AFCAC, LACAC, IATA, ECAC және GEA сияқты ірі халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады.

ИKАО-ның 2026 жылғы Қауіпсіздік апталығы аясында қатысушылар цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектінің дамуына, киберқауіптердің өсуіне, ұшқышсыз әуе кемелерінің таралуына, сондай-ақ қарулы қақтығыстар мен геосаяси тұрақсыздықтың салдарына байланысты тәуекелдерді басқарудың заманауи тәсілдерін талқылайды.

Инновациялар мен жаңа технологиялар, кадрларды дамыту және авиациялық қауіпсіздік жүйелерін нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылады.

Қауіпсіздік апталығы барысында Астана авиациялық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері бойынша халықаралық диалог алаңына айналады.

Іс-шараның ауқымы мен оған қатысатын өкілдердің жоғары деңгейі оның әлемдік авиация саласы үшін айрықша маңызға ие екенін көрсетеді. Сонымен қатар, бұл Қазақстанның жаһандық авиация қоғамдастығының белсенді қатысушысы ретіндегі халықаралық беделін нығайтып, азаматтық авиация қауіпсіздігін қамтамасыз етудің болашақтағы тәсілдерін қалыптастыруға қосатын үлесін арттырады.

Авиациялық қауіпсіздік апталығы (Aviation Security Week) 2001 жылдан бастап өткізіліп келеді. Бұл бастама ИКАО-ның қолдауымен жаһандық деңгейде және АҚШ, Канада, Австралия, Үндістан, Африка елдері, Оман және басқа да мемлекеттерде ұлттық деңгейде жүзеге асырылады.
Впервые в Казахстане пройдет Неделя авиационной безопасности ИКАО-2026

20–22 октября 2026 года в Астане, во Дворце независимости при поддержке Министерства транспорта Республики Казахстан состоится Неделя авиационной безопасности ИКАО – одно из ключевых международных мероприятий в сфере авиационной безопасности и кибербезопасности.

Впервые Казахстан станет площадкой проведения глобального форума, на который соберутся авиационные власти государств и представители авиационной отрасли со всего мира.

Казахстан входит в TOP-20 стран мира по авиационной безопасности (95,7%) и в настоящее время является лидером в регионе Центральной Азии по данному показателю.
Для участия в Неделе безопасности ИКАО в Казахстан с официальным визитом впервые прибудет Генеральный секретарь ИКАО Хуан Карлос Саласар, в мероприятии также примут участие высокопоставленные представители Бразилии, Венгрии, Италии, Канады, ОАЭ, Португалии США, Тайланда, Франции, Эфиопии и др, крупных международных организаций – ООН, AFCAC, LACAC, IATA, ECAC, GEA.

В рамках Недели безопасности ИКАО-2026 участники обсудят современные подходы к управлению рисками, связанными с развитием цифровых технологий и искусственного интеллекта, ростом киберугроз, распространением беспилотных воздушных судов, а также последствиями вооруженных конфликтов и геополитической нестабильности. В центре внимания окажутся темы инноваций и новых технологий, развития кадров и укрепления систем авиационной безопасности.
В течение Недели Астана станет площадкой международного диалога по наиболее актуальным вопросам авиационной безопасности. Масштаб и высокий уровень представительства подчёркивают особую значимость мероприятия для мировой авиационной отрасли и укрепляют международный авторитет Казахстана как активного участника глобального авиационного сообщества, вносящего свой вклад в формирование будущих подходов к обеспечению безопасности гражданской авиации.

Неделя авиационной безопасности (Aviation Security Week) проводится в различных странах мира, начиная с 2001 года.

Инициатива реализуется на глобальном уровне под эгидой ИКАО и на национальных уровнях в таких странах как США, Канаде, Австралии, Индии, странах Африки, Оман и др.
❤7
Астанада Орталық Азия және Кавказ елдерінің авиациялық қауіпсіздік жөніндегі үйлестіру тобының отырысы өтті

2026 жылғы 19 қазанда Астанада ИКАО-ның Авиациялық қауіпсіздік апталығы (ICAO Security Week 2026) аясында Орталық Азия және Кавказ елдерінің авиациялық қауіпсіздік жөніндегі үйлестіру тобының отырысы өтті. Оған Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Әзербайжан, Армения, Грузияның сондай-ақ бақылаушы ретінде Ресей Федерациясының авиациялық билік органдарының өкілдері қатысты.
Отырыс барысында қатысушылар азаматтық авиацияға төнетін өзекті қатерлерді, оның ішінде қарулы қақтығыс аймақтарына жақын жерде ұшу кезіндегі тәуекелдерді, ұшқышсыз ұшу аппараттарынан туындайтын қауіптерді және қолдан жасалған жарылғыш құрылғыларды анықтау мәселелерін талқылады.
Сондай-ақ тәуекелдерді бағалау, қорғау шараларын жетілдіру және ақпарат алмасуды жеделдету тәсілдері қарастырылды.
Бұдан бөлек, өңір мемлекеттері арасындағы практикалық ынтымақтастықты кеңейту, ИКАО аудиттеріне дайындалу және олардан өту кезінде өзара қолдау көрсету, анықталған кемшіліктерді жою, сондай-ақ авиациялық қауіпсіздік саласындағы халықаралық стандарттарды енгізу мәселелері қаралды. Өңірлік өзара іс-қимыл ИКАО талаптарына сәйкестік деңгейін арттыруға ықпал ететіні атап өтілді. Бұл мемлекеттердің аудит нәтижелерінен де көрініс табады.
Қатысушылар ИКАО-ның Авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жаһандық жоспарын (GASeP) іске асырудағы өңірлік ынтымақтастықтың маңызын атап өтіп, 2027 жылға арналған бірлескен жұмыстың басым бағыттарын талқылады.
Отырыс қорытындылары мен өңірлік ынтымақтастықтың оң тәжірибесі ИКАО-ның Авиациялық қауіпсіздік апталығы аясындағы «HLCAS/3 конференциясына дайындық жолы» атты 9-сессияда ұсынылады. Аталған сессия 2027 жылы өтетін ИКАО-ның Авиациялық қауіпсіздік жөніндегі үшінші жоғары деңгейдегі конференциясына дайындық мәселелеріне арналады.
Астанада өткен отырыс Орталық Азия және Кавказ мемлекеттерінің өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша келісілген тәсілдерді қалыптастыруға бейілділігін растады.
❤3