КГА 🇰🇿
3.61K subscribers
3.04K photos
160 videos
4 files
469 links
Комитет гражданской авиации МТ РК
Авиационная администрация
Казахстана

💻 www.aaq.kz

www. aviation.miid.gov.kz

🤳 https://facebook.com/caakaz/


📱Instagram: https://www.instagram.com
Download Telegram
Астанада өткен ИКАО апталығында аудиттер мен олардың нәтижелерін пайдалану мәселелері талқыланды

Астанада өткен ИКАО-ның 2026 жылғы авиациялық қауіпсіздік апталығы аясында «Бақылау тізімінен тыс: аудит нәтижелерінен әлеуетті ұзақ мерзімді дамытуға дейін» тақырыбында панельдік сессия ұйымдастырылды. Сессия барысында аудит нәтижелерін анықталған кемшіліктерді жою және авиациялық қауіпсіздікті ұзақ мерзімді перспективада нығайту үшін тиімді пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сессияға Эфиопияның Ұлттық барлау және қауіпсіздік қызметінің директоры Асрат Кеджела Фейса, Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Авиациялық қауіпсіздік департаментінің бас авиациялық инспекторы Рүстем Қабанбаев, Таиланд Азаматтық авиация басқармасының Авиациялық қауіпсіздік стандарттары және жәрдемдесу департаментінің менеджері Русни Мустапа, БҰҰ Терроризмге қарсы комитеті Атқарушы директоратының Саяси талдау және зерттеулер бөлімінің басшысы Рэйчел Этли қатысты.

Рүстем Қабанбаев соңғы бір жыл ішінде жүргізілген аудит Қазақстанға авиациялық қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударуға және одан әрі жетілдіруді қажет ететін бағыттарды айқындауға мүмкіндік бергенін атап өтті.

«Негізгі жұмыс аудит аяқталғаннан кейін басталады. Бізде ведомствоаралық өзара іс-қимылдың құнды тәжірибесі қалыптасқан. Бұл тәжірибе анықталған кемшіліктерді жоюмен ғана шектелмей, олардың түпкі себептерін анықтап, шешуге мүмкіндік береді. Аудит нәтижелерінің нақты түзету шараларын қабылдауға, ведомстволар арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға және авиациялық қауіпсіздік деңгейін жүйелі түрде арттыруға негіз болғаны маңызды», – деді Р. Қабанбаев.

Өз кезегінде Русни Мустапа аудит ұлттық авиациялық қауіпсіздік жүйесінің халықаралық талаптарға сәйкестігін бағалауға, белгіленген стандарттардың қаншалықты тиімді қолданылып жатқанын анықтауға және қосымша назар аударуды қажет ететін бағыттарды айқындауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Пікірталасқа қатысушылар аудитті талаптарға сәйкестікті бағалау құралы ретінде ғана емес, жүйелі өзгерістерге негіз болатын маңызды тетік ретінде қарастыру қажеттігін ерекше атап өтті. Осы тұрғыда анықталған кемшіліктердің түпкі себептерін жою, түзету шараларын іске асыру және мамандардың кәсіби әлеуетін дамыту маңызды рөл атқарады.

Сонымен қатар ведомствоаралық өзара іс-қимыл, қауіп-қатерлер туралы ақпарат алмасу және тәуекелдерді бағалау негізінде шешім қабылдау мәселелеріне назар аударылды. Бұл тетіктер азаматтық авиацияны қорғауда және терроризмге қарсы іс-қимылда маңызды рөл атқарады.

ИКАО-ның авиациялық қауіпсіздік апталығы 2026 жылғы 20–22 қазан аралығында Астана қаласында өтті. Іс-шараға 62 елден 1100-ден астам қатысушы, оның ішінде авиациялық билік органдарының, халықаралық ұйымдардың, авиакомпаниялар мен әуежайлардың өкілдері, сондай-ақ авиация саласының сарапшылары қатысты.
👍2
Аудиты и применение их результатов обсудили на Неделе ИКАО в Астане

На Неделе ИКАО по авиационной безопасности 2026 в Астане состоялась панельная сессия «Выходя за рамки контрольного списка: от результатов аудита к долгосрочному развитию потенциала», в центре внимания которой стал вопрос о том, как использовать результаты аудитов для устранения выявленных недостатков и долгосрочного укрепления авиационной безопасности.

Участниками сессии стали директор Национальной службы разведки и безопасности Эфиопии Асрат Кеджела Фейса, главный авиационный инспектор Департамента авиационной безопасности Авиационной администрации Казахстана Рустем Кабанбаев, менеджер Департамента стандартов авиационной безопасности и содействия Управления гражданской авиации Таиланда Русни Мустапа, руководитель отдела политического анализа и исследований Исполнительного директората Контртеррористического комитета ООН Рэйчел Этли.
Рустем Кабанбаев рассказал, что за последний год аудит по авиационной безопасности помог Казахстану уделить более пристальное внимание вопросам авиационной безопасности и определить направления для дальнейшего совершенствования.
«Главная работа начинается после аудита. У нас есть ценный опыт межведомственного взаимодействия, который позволяет не только устранять выявленные замечания, но и работать над их первопричинами.

Важно, чтобы результаты аудита становились основой для конкретных корректирующих мер, укрепления взаимодействия между ведомствами и последовательного повышения уровня авиационной безопасности», – отметил Р. Кабанбаев.
Русни Мустапа в свою очередь заметила, что аудит позволяет оценить соответствие национальной системы авиационной безопасности международным требованиям, эффективность применения установленных стандартов и определить направления, требующие дополнительного внимания.

Участники дискуссии особо отметили необходимость рассматривать аудит не только как инструмент оценки соответствия, но и как основу для системных изменений. В этой связи важно устранять коренные причины нарушений, также важны реализация корректирующих мер и развитие профессионального потенциала.
Кроме того, уделили внимание межведомственному взаимодействию, обмену информацией об угрозах и принятию решений на основе оценки рисков. Эти механизмы играют важную роль в защите гражданской авиации и противодействии терроризму.

Неделя ИКАО по авиационной безопасности состоялась в Астане с 20 по 22 октября т.г., объединив более 1100 участников из 62 стран, представителей авиационных властей, международных организаций, авиакомпаний, аэропортов и экспертов авиационной отрасли.
🔥3
Air Astana әуе кемелерінде жоғары жылдамдықты Wi-Fi қызметін іске қосты

Air Astana әуе компаниясы Airbus A321LR ұшақтарын жоғары жылдамдықты спутниктік Wi-Fi жүйесімен жабдықтауға кірісті. Жоба спутниктік байланыс қызметтерін ұсынатын халықаралық SES компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылуда. Жабдықтарды орнату жұмыстарын әуе компаниясының өз техникалық базасында білікті мамандары жүргізуде.
Жоғары жылдамдықты Wi-Fi жүйесімен жабдықталған алғашқы әуе кемесі EI-KGB тіркеу нөмірлі Airbus A321LR ұшағы болды. Бортында интернет қызметі қолжетімді алғашқы рейс бүгін, 2026 жылғы 29 қазанда Алматы – Ташкент бағыты бойынша орындалды.
Жоба Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда.
2027 жылғы 31 қаңтарға дейін жалғасатын промоакция кезеңінде барлық жолаушыларға интернетке тегін қосылу мүмкіндігі ұсынылады.
2027 жылғы 1 ақпаннан бастап бизнес-класс жолаушылары мен Nomad Club бағдарламасының Gold және Diamond мәртебесіне ие қатысушылары үшін Wi-Fi қызметі тегін қолжетімді болады. Nomad Club бағдарламасының барлық деңгейдегі қатысушылары ұшақ бортында мессенджерлерді тегін пайдалана алады, ал қалған жолаушылар ақылы интернет-пакеттерді сатып ала алады.
Airbus A321LR әуе кемелерін жоғары жылдамдықты Wi-Fi жүйесімен жабдықтау жұмыстары 2027 жыл бойы кезең-кезеңімен жалғасады.
👍2
Air Astana запустила высокоскоростной бортовой Wi-Fi

Air Astana приступила к оснащению самолетов Airbus A321LR высокоскоростным спутниковым Wi-Fi. Проект осуществляется в сотрудничестве с SES, международным провайдером спутниковой связи. Установка оборудования выполняется собственными техническими специалистами авиакомпании на ее технической базе.
Первым самолетом, оснащенным системой высокоскоростного Wi-Fi, стал Airbus A321LR с регистрационным номером EI-KGB. Первый рейс с бортовым интернетом состоялся сегодня, 29 октября 2026, года по маршруту Алматы-Ташкент.
Проект реализуется при поддержке Министерства искусственного интеллекта и цифрового развития РК и Министерства транспорта РК.
В течение промо-периода, который продлится до 31 января 2027 года, бесплатный доступ к интернету будет представлен всем пассажирам.
С 1 февраля 2027 года бесплатный Wi-Fi будет доступен пассажирам бизнес-класса и участникам программы Nomad Club со статусами Gold и Diamond. Участники Nomad Club всех уровней смогут бесплатно пользоваться мессенджерами на борту, а остальные пассажиры смогут приобрести платные интернет-пакеты.
Оснащение флота Airbus A321LR высокоскоростным Wi-Fi продолжится поэтапно в течение 2027 года.
❤5
Forwarded from UKIMET
Үкіметте Петропавл қаласының әуежайын дамыту мәселелері қаралды

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Петропавл қаласының әуежайын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Кеңеске Солтүстік Қазақстан облысының әкімі, Көлік, Энергетика министрліктері басшыларының орынбасарлары және «Қызылжар халықаралық әуежайы» ЖШС басшысы қатысты.

Кеңес барысында Мемлекет басшысының әуежай инфрақұрылымын дамыту, елдің транзиттік-көлік әлеуетін арттыру, заманауи авиациялық хабтарды қалыптастыру жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында Петропавл қаласының әуежайының инфрақұрылымын жаңғырту, маршруттық желіні кеңейту, жолаушылар, жүк тасымалы көлемін арттыру мәселелері қаралды.

2025 жылы әуежай 132,5 мың жолаушыға қызмет көрсетті, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 6,5 есе көп. Соңғы жылдары жанармай құю кешенінің жұмысы қалпына келтіріліп, түнгі рейстерді орындауға қойылған шектеулер алынып тасталды.

Алдағы уақытта ұшу-қону жолағын реконструкциялау, халықаралық бағыттарды дамыту, авиациялық отынның тұрақты жеткізілуін қамтамасыз ету және мультимодальды логистикалық инфрақұрылымды қалыптастыру жоспарлануда.

Сонымен қатар жолаушылар ағыны аз өңірлік әуежайларды дамыту, олардың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, инфрақұрылымын жаңғыртуға, маршруттық желіні кеңейтуге, өңірлердің көлік қолжетімділігін арттыруға ерекше назар аударылды.

Кеңес қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдарға әуежай инфрақұрылымын одан әрі дамыту, жоспарланған жобаларды уақтылы іске асыру, елдің транзиттік әлеуетін тиімді пайдалану жөнінде тиісті тапсырмалар берілді.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from UKIMET
В Правительстве рассмотрены вопросы развития аэропорта города Петропавловска
 
Первый заместитель Премьер-министра Республики Казахстан Нурлыбек Налибаев провел совещание по вопросам развития аэропорта города Петропавловска.

Во встрече приняли участие вице-министры транспорта и энергетики, аким Северо-Казахстанской области, руководитель ТОО «Международный аэропорт Кызыл-Жар».

В целях исполнения поручений Главы государства по развитию инфраструктуры аэропортов, повышению транзитно-транспортного потенциала страны и формированию современных авиационных хабов рассмотрены вопросы модернизации инфраструктуры аэропорта города Петропавловска, расширения маршрутной сети, увеличения объемов пассажирских и грузовых перевозок.

В 2025 году аэропорт обслужил 132,5 тыс. пассажиров, что в 6,5 раз больше по сравнению с 2021-м. В последние годы была восстановлена работа топливозаправочного комплекса, сняты ограничения на выполнение ночных рейсов.

В дальнейшем планируются реконструкция взлетно-посадочной полосы, развитие международных направлений, обеспечение стабильных поставок авиационного топлива и формирование мультимодальной логистической инфраструктуры.

Внимание уделено вопросам развития региональных аэропортов с низким пассажиропотоком, обеспечения их стабильного функционирования, модернизации инфраструктуры, расширения маршрутной сети и повышения транспортной доступности регионов.

По итогам совещания государственным органам и организациям даны поручения по своевременной реализации запланированных проектов и эффективному использованию транзитного потенциала страны.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1
Air Astana мен China Southern Airlines стратегиялық серіктестік туралы келісімге қол қойды

Air Astana мен China Southern Airlines Қазақстан мен Қытай арасындағы әуе қатынасын нығайтуға, саяхаттау мүмкіндіктерін кеңейтуге, сондай-ақ жолаушылар үшін қолайлылықты арттыруға және таңдау әртүрлілігін қамтамасыз етуге бағытталған стратегиялық серіктестік туралы келісімге қол қойды.
Қол қою рәсіміне ҚР Көлік вице-министрі Талғат Ластаев, Air Astana әуе компаниясының серіктестіктер мен альянстар жөніндегі вице-президенті Ричард Леджер, China Southern Airlines атқарушы вице-президенті Цзэн Юнчао, сондай-ақ әуе компаниялар мен авиация саласы ұйымдарының өкілдері қатысты.
Бұл екі елдің әуе компаниялары арасындағы алғашқы стратегиялық серіктестік болып табылады. Ол қолданыстағы код-шерингтік ынтымақтастықты дамытудың жаңа кезеңіне айналып, коммерциялық байланыстарды одан әрі тереңдетуге негіз қалайды.
Келісім шеңберінде әуе компаниялар рейстер кестесін үйлестіреді, код-шерингтік қызметтерді кеңейтеді және бірлескен маркетингтік бастамаларды іске асырады. Маршруттық желілер мен коммерциялық модельдерді жақындастыру арқылы бұл серіктестік тасымалдаудың бірыңғай шарттарын, қолайлы түйісулерді және Қазақстан, Қытай мен одан тыс аймақтардағы бағыттарға кеңірек қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, екі әуе компанияның рейстерімен саяхаттауды жеңілдетуге бағытталған.
ҚР Көлік вице-министрі Талғат Ластаев:
«Елдеріміз арасындағы рейстер саны 2025 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 52%-ға артты, 21 бағыт бойынша аптасына 117 тұрақты рейс. 2026 жылдың басынан бері бір миллионнан астам жолаушы тасымалданды. Министрліктің жоспарында Қытаймен маршруттық желіні одан әрі кеңейтіп, бағыттар санын 30-ға дейін жеткізу көзделген».
Air Astana вице-президенті Ричард Леджер:
«Қытай Air Astana үшін стратегиялық маңызды нарық болып табылады, ал Қазақстан Еуропа мен Азияны байланыстыратын көлік хабы ретінде тиімді географиялық орналасуға ие. China Southern Airlines компаниясымен стратегиялық серіктестігіміз — осы рөлді дамытудағы және қытайлық жетекші әуе тасымалдаушыларының бірімен коммерциялық қарым-қатынастарды тереңдетудегі маңызды қадам. Бірін-бірі толықтыратын маршруттық желілерімізді біріктіре отырып және коммерциялық ұсыныстың негізгі элементтерін үйлестіре отырып, біз жолаушыларға саяхаттаудың көбірек мүмкіндіктерін, қолайлы түйісулерді, сондай-ақ екі авиакомпанияның рейстерінде бірыңғай қызмет көрсету шарттары мен ережелерін ұсынуға ұмтыламыз».
China Southern Airlines атқарушы вице-президенті Цзэн Юнчао:
«Қытай мен Қазақстан „Бір белдеу — бір жол“ бастамасы шеңберіндегі маңызды серіктестер болып табылады. Бұл стратегиялыққ ынтымақтастық екі ел арасындағы авиациялық байланысты дамытудың маңызды нәтижесіне айналды және өркендеп келе жатқан өңірлік нарықты қалыптастыруға деген ортақ ұмтылысымызды көрсетеді. Бұл екі әуекомпания үшін де әр тараптың артықшылықтарын пайдалануға және ресурстарды бірлесіп жұмылдыруға мүмкіндік беретін стратегиялық таңдау болып табылады. Жолаушылар үшін ең сезінерлік нәтиже — саяхаттың қолайлылығын арттыру: ұшудың көбірек нұсқалары, қайта отырудың жеңілдетілген процедуралары және жайлы сапар».
Air Astana Астана мен Алматыдан Үрімжі, Бейжің, Гуанчжоу және Шанхай қалаларына рейстер орындайды, қарбалас маусымда аптасына 36-ға дейін тұрақты барып-қату рейсін ұсынады. China Southern Airlines Үрімжі, Бейжің, Гуанчжоу және Сиань қалаларынан Алматы мен Астанаға рейстерді жүзеге асырады, қарбалас маусымда аптасына 29-ға дейін тұрақты барып-қату рейсін ұсынады. Осылайша, екі авиакомпания бірлесіп екі ел арасында кең ауқымды әуе қатынасы желісін қамтамасыз етеді, бұл маршруттық желіні одан әрі жетілдіруге, саяхаттың қолайлылығын арттыруға және жолаушылардың таңдауын кеңейтуге берік негіз қалайды.
Стратегиялық серіктестік Қазақстан мен Қытай арасындағы іскерлік, туристік, білім беру және отбасылық сапарларды дамытуға, сондай-ақ Қазақстан мен Қытай арқылы екі тасымалдаушының желісі бойынша басқа қалаларға сапар шегетін жолаушылар үшін транзиттік мүмкіндіктерді нығайтуға ықпал етеді.

Анықтама
China Southern Airlines — штаб-пәтері Гуанчжоуда орналасқан коммерциялық авиакомпания. 2026 жылдың ортасындағы жағдай бойынша оның паркінде 973 жолаушылар мен жүк әуе кемесі бар.
Компания Қытай Азаматтық авиация басқармасының (CAAC) «Ұшу қауіпсіздігі үшін гауһар сыйлығы — үш жұлдыз» марапатына, сондай-ақ AirlineRatings.com порталының ең жоғары жеті жұлдызды қауіпсіздік рейтингіне ие болған алғашқы әуе тасымалдаушы болды.
China Southern Airlines қатарынан 16 жыл бойы China Brand Power Index рейтингінде авиакомпаниялар категориясы бойынша бірінші орынды иеленіп келеді және қатарынан тоғыз жыл бойы CAPSE Best Airline Award марапатын алып келеді.
👍1
Air Astana и China Southern Airlines подписали соглашение о стратегическом партнерстве

Air Astana и China Southern Airlines подписали соглашение о стратегическом партнерстве, направленное на укрепление авиасообщения между Казахстаном и Китаем, расширение возможностей для путешествий и повышение удобства и разнообразия выбора для пассажиров.
В церемонии подписания приняли приняли участие Вице-министр транспорта РК Талгат Ластаев, вице-президент Air Astana
по партнерствам и альянсам Ричард Леджер, исполнительный вице-президент China Southern Airlines Цзэн Юнчао, представители авиакомпаний и организаций авиационной отрасли.
Это первое стратегическое партнерство между авиакомпаниями двух стран, которое станет новым этапом развития уже действующего код-шерингового сотрудничества и создаст основу для дальнейшего углубления коммерческих связей.
В рамках соглашения авиакомпании будут координировать расписания рейсов, расширять код-шеринговые услуги и реализовывать совместные маркетинговые инициативы. Благодаря сближению своих сетей и коммерческих моделей данное партнерство призвано упростить путешествия рейсами обеих авиакомпаний, обеспечив более единообразные условия перевозки, более удобные стыковки и более широкий доступ к пунктам назначения в Казахстане, Китае и за их пределами.
«Количество рейсов между нашими странами в сравнении с аналогичным периодом 2025 года увеличилось на 52%, 117 регулярных рейсов в неделю по 21 маршрутам. С начала 2026 года перевезено более одного миллиона пассажиров. В планах Министерства дальнейшее расширение маршрутной сети с Китаем увеличив до 30 направлений», - отметил Талгат Ластаев.
«Китай является стратегически важным рынком для Air Astana, а Казахстан занимает выгодное положение в качестве транспортного узла, соединяющего Европу и Азию. Наше стратегическое партнерство с China Southern Airlines – важный шаг в развитии этой роли и углублении коммерческих отношений с одним из ведущих китайских авиаперевозчиков. Объединяя наши взаимодополняющие маршрутные сети и согласовывая ключевые элементы коммерческого предложения, мы стремимся предоставить пассажирам больше возможностей для путешествий, более удобные стыковки, а также более единообразные условия и правила обслуживания на рейсах обеих авиакомпаний», - сказал Ричард Леджер.
«Китай и Казахстан являются важными партнерами в рамках инициативы „Один пояс - один путь“. Это стратегическое сотрудничество стало значимым результатом развития авиационной связанности между двумя странами и отражает наше общее стремление к формированию процветающего регионального рынка. Для обеих авиакомпаний это стратегический выбор, позволяющий использовать преимущества каждой из сторон и совместно задействовать ресурсы. Для пассажиров наиболее ощутимым результатом станет повышение удобства путешествий: больше вариантов перелетов, более простые процедуры пересадки и более комфортное путешествие», - заявил Цзэн Юнчао.
Air Astana выполняет рейсы из Астаны и Алматы в Урумчи, Пекин, Гуанчжоу и Шанхай, предлагая в пиковый сезон до 36 регулярных рейсов туда и обратно в неделю. China Southern Airlines выполняет рейсы из Урумчи, Пекина, Гуанчжоу и Сианя в Алматы и Астану, предлагая в пиковый сезон до 29 регулярных рейсов туда и обратно в неделю. Вместе эти авиакомпании обеспечивают обширную сеть авиасообщений между двумя странами, создавая прочную основу для дальнейшего улучшения маршрутной сети, удобства путешествий и расширения выбора для пассажиров.
Стратегическое партнерство будет способствовать развитию деловых, туристических, образовательных и семейных поездок между Казахстаном и Китаем, а также усилению транзитных возможностей для пассажиров, следующих через Казахстан и Китай в другие города по сети обоих авиаперевозчиков.

Справка
China Southern Airlines - коммерческая авиакомпания со штаб-квартирой в Гуанчжоу. По состоянию на середину 2026 года ее парк насчитывает 973 пассажирских и грузовых воздушных судна.
Компания стала первым авиаперевозчиком, удостоенным награды «Бриллиантовая премия за безопасность полетов — три звезды» от Управления гражданской авиации Китая (CAAC), а также высшего рейтинга безопасности в семь звезд от AirlineRatings.com.
China Southern Airlines занимает первое место в категории авиакомпаний в рейтинге China Brand Power Index на протяжении 16 лет подряд и девять лет подряд получает награду CAPSE Best Airline Award.
🍾1
Қазақстан мен Сингапур азаматтық авиация саласындағы техникалық ынтымақтастықты тереңдетуде

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі (ҚАӘ) мен Сингапурдың Азаматтық авиация басқармасы (CAAS) азаматтық авиация саласындағы техникалық ынтымақтастықты тереңдету, екі ел мен өңірлер арасындағы байланыстарды нығайту, сондай-ақ жолаушылар және жүк тасымалы көлемін ұлғайту мақсатында Ниет туралы мәлімдемеге (SOI) қол қойды. Құжатқа ҚАӘ Бас атқарушы директоры Майкл Дэниел мен CAAS Бас директоры Хан Кок Хуан қол қойды.
Қазақстан мен Сингапур тиісінше Орталық Азия мен Оңтүстік-Шығыс Азиядағы маңызды авиациялық хабтар болып табылады. Соңғы жылдары екі ел арасындағы әуе қатынасы айтарлықтай қарқын алды.
Ниет туралы мәлімдеме аясында ҚАӘ мен CAAS азаматтық авиация саласындағы қадағалаудың негізгі бағыттарын қамтитын ұзақ мерзімді стратегиялық әріптестік орнатуға ұмтылады. Ынтымақтастықтың негізгі бағыттарына ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздік, авиацияның орнықты дамуы, инновациялар мен жаңа технологиялар, сондай-ақ авиациялық инспекторларды даярлау және кадрлық әлеуетті дамыту кіреді.
Бұл құжат 2024 жылы жасалған Оқыту саласындағы ынтымақтастық туралы қолданыстағы келісім шеңберінде Қазақстанда авиациялық даярлау бағдарламаларын іске асырумен ғана шектелген бұрынғы ынтымақтастық аясын едәуір кеңейтеді.
ҚАӘ мен CAAS кеңейтілген ынтымақтастықты 2027 жылдың бірінші жартысында CAAS делегациясының Қазақстанға сапары кезінде қол қою жоспарланған жаңа Өзара түсіністік туралы меморандум (MoU) арқылы бекіту жөнінде жұмыс істейтін болады.
Меморандум Сингапур мен Қазақстан арасындағы азаматтық авиация саласындағы техникалық ынтымақтастыққа арналған жоғары деңгейдегі ортақ платформаны институционалдық негізде бекітеді. Оның аясында ҚАӘ бас атқарушы директоры мен CAAS бас директорының тең төрағалығымен жыл сайынғы кездесулер өткізу көзделеді. Кездесулер Қазақстан мен Сингапурда кезекпен өткізіліп, ынтымақтастықтың барысын бағалауға және оны одан әрі дамыту мүмкіндіктерін айқындауға мүмкіндік береді.
ҚАӘ Бас атқарушы директоры Майкл Дэниел: «CAAS-пен ынтымақтастықты нығайту – авиация мамандарымыздың кәсіби құзыреттерін одан әрі арттыру жолындағы маңызды қадам. Біз тәуекелге бағдарланған қадағалау, ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздік, сондай-ақ инспекторларды даярлау салаларында тәжірибе және озық практикалармен алмасудың маңыздылығын жоғары бағалаймыз. Біз CAAS-пен қалыптасқан әріптестігімізді дамытып, мамандандырылған оқыту мен кәсіби даму мүмкіндіктерін кеңейтуге, сондай-ақ Қазақстанда қауіпсіз, тиімді және орнықты азаматтық авиацияны дамыту мүддесінде тығыз ынтымақтастық орнатуға ұмтыламыз», – деп атап өтті.
CAAS Бас директоры Хан Кок Хуан: «Ниет туралы мәлімдемеге қол қою азаматтық авиация саласындағы екі органның техникалық ынтымақтастықты тереңдетуге, елдеріміз бен өңірлеріміз арасындағы байланысты нығайтуға, мамандар арасындағы өзара іс-қимыл мен іскерлік байланыстарды жандандыруға және жаңа экономикалық мүмкіндіктер ашуға деген ортақ ұстанымын көрсетеді. Біз авиация салаларымызға әріптестікті тұрақты негізде дамытуға мүмкіндік беретін жыл сайынғы ресми кездесулер форматын қалыптастыруға ниеттіміз», – деп мәлімдеді.

Анықтама
Сингапурдың Азаматтық авиация басқармасының (CAAS) миссиясы – Сингапурдың өркендеуіне елеулі үлес қосатын қауіпсіз әрі серпінді авиациялық хаб пен азаматтық авиация жүйесін дамыту.
CAAS қызметінің негізгі бағыттарына авиация саласындағы қауіпсіздікті қадағалау және оны арттыруға жәрдемдесу, авиациялық хаб пен авиация саласын дамыту, аэронавигациялық қызмет көрсету, адами ресурстарды дамыту мақсатында авиациялық даярлауды ұйымдастыру және халықаралық азаматтық авиацияның дамуына үлес қосу кіреді.
Қосымша ақпарат:
www.caas.gov.sg.
❤3