ChessNews by Dastan Kapayev
1.07K subscribers
27.1K photos
5.05K videos
373 files
7.18K links
Все о шахматах в Казахстане и мире

Оперативно. Грамотно. Информативно.

Все главные события шахматной жизни: турниры, результаты, рейтинги, комментарии экспертов и фотоотчеты.

Вопросы, новости и фото присылайте t.me/dastankapaev
Download Telegram
Forwarded from TeamQazaqstan
Аруларымыз шахмат Олимпиадасында күміс жүлде жеңіп алды🥈🇰🇿

Шахматтан 16-27 қыркүйек күндері аралығында Өзбекстанның Самарқанд қаласында рекордтық 400-ге жуық команданың қатысуымен өткен Олимпиадада қыздарымыз екінші мәрте қатарынан күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Олимпиаданың шешуші 11-турында Қазақстан әйелдер құрамасы Польшамен жолықты. Осы ойында команда сапынан Елназ Қалиахмет жеңіске жетсе, екінші тақтадағы Алуа Нұрман бірінші мәрте жеңілістің ащы дәмін татты. Бибісара Асаубаева мен Меруерт Камалиденова қарсыластарымен тең түсті. Қорытынды есеп: 2:2.

Айта кетейік, 2024 жылы Мажарстанда өткен шахмат Олимпиадасында да аруларымыз өз тарихында бірінші мәрте күміс жүлдеге ие болған еді.

📍 Әйелдер. 189 команда

1️⃣🇨🇳 Қытай – 20 ұпай (9 жеңіс, 2 тең ойын)
2️⃣🇰🇿 Қазақстан – 18 ұпай (7 жеңіс, 4 тең ойын)
3️⃣🇮🇳Үндістан - 17 ұпай (7 жеңіс, 3 тең, 1 жеңіліс)

Ерлер құрамасы шешуші турда Вьетнаммен 2:2 есебімен тең түсті.

📍 Open. 205 команда

1️⃣🇺🇿Өзбекстан – 20 ұпай (10 жеңіс, 1 жеңіліс)
2️⃣🇮🇳Үндістан - 18 ұпай
3️⃣🇩🇪Германия - 18 ұпай
20-30-орын аралығы. 🇰🇿Қазақстан - 15 ұпай (6 жеңіс, 3 тең, 2 жеңіліс)

📍Отандастарымыз қалай ойнады?

1-үстел. 22 жастағы Бибісара Асаубаева — 3 жеңіс, 7 тең

2-үстел. 19 жастағы Алуа Нұрман - 5 жеңіс, 4 тең, 1 жеңіліс.

3-үстел. 21 жастағы Меруерт Камалиденова — 3 жеңіс, 4 тең, 3 жеңіліс

🆕4 үстел. 16 жастағы Елназ Қалиахмет — 6 жеңіс, 1 тең, 1 жеңіліс

🆕Резерв. 16 жастағы Зарина Нұрғалиева — 2 жеңіс, 2 тең, 1 жеңіліс

2 шахматшымыз дебютті Олимпиадасын өткізді.

📍Қандай ерекшеліктер тіркелді?

🆕Шахмат Олимпиадасы алғаш рет Өзбекстанда өтті.

💥1992 жылдан бері шахмат Олимпиадасына қатысып келе жатқан Қазақстан әйелдер құрамасы өз тарихында бірінші мәрте жарысты жеңіліссіз (7 жеңіс, 4 тең) аяқтады.

💥Бибісара Асаубаева 3 Олимпиадада қатарынан жеңіліссіз келе жатыр:

2026 жыл. 3 жеңіс, 7 тең
2024 жыл. 3 жеңіс, 6 тең
2022 жыл. 5 жеңіс, 6 тең
Forwarded from TeamQazaqstan
Женская сборная Казахстана завоевала серебряную медаль шахматной Олимпиады 🥈🇰🇿

На шахматной Олимпиаде, которая проходила с 16 по 27 сентября в Самарканде (Узбекистан) с участием рекордных почти 400 команд, женская сборная Казахстана второй раз подряд завоевала серебряные медали, сообщает пресс-служба Дирекции развития спорта Министерства туризма и спорта РК.

В решающем, 11-туре Олимпиады наша команда встретилась с Польшей. В этом матче Елназ Калиахмет одержала победу, а Алуа Нурман на второй доске впервые потерпела поражение. Бибисара Асаубаева и Меруерт Камалиденова сыграли вничью со своими соперницами. Итоговый счёт 2:2.

Напомним, что на шахматной Олимпиаде 2024 года в Венгрии наши девушки также впервые в истории завоевали серебряные медали.

📍 Женщины. 189 команд

1️⃣ 🇨🇳 Китай — 20 очков (9 побед, 2 ничьи)
2️⃣ 🇰🇿 Казахстан — 18 очков (7 побед, 4 ничьи)
3️⃣ 🇮🇳 Индия — 17 очков (7 побед, 3 ничьи, 1 поражение)

Мужская сборная Казахстана в решающем туре сыграла вничью с Вьетнамом 2:2.

📍 Open. 205 команд

1️⃣ 🇺🇿 Узбекистан — 20 очков (10 побед, 1 поражение)
2️⃣ 🇮🇳 Индия — 18 очков
3️⃣ 🇩🇪 Германия — 18 очков
20–30-места. 🇰🇿 Казахстан — 15 очков (6 побед, 3 ничьи, 2 поражения)

📍 Как выступили наши шахматистки?

1-доска. 22-летняя Бибисара Асаубаева — 3 победы, 7 ничьих.

2-доска. 19-летняя Алуа Нурман — 5 побед, 4 ничьи, 1 поражение.

3-доска. 21-летняя Меруерт Камалиденова — 3 победы, 4 ничьи, 3 поражения.

🆕 4-доска. 16-летняя Елназ Калиахмет — 6 победы, 1 ничья, 1 поражение.

🆕 Запасная. 16-летняя Зарина Нургалиева — 2 победы, 2 ничьи, 1 поражение.

Две наши шахматистки дебютировали на Олимпиаде.

📍 Какие особенности были отмечены?

🆕 Шахматная Олимпиада впервые прошла в Узбекистане.

💥 Женская сборная Казахстана, принимающая участие в шахматных Олимпиадах с 1992 года, впервые в своей истории завершила турнир без поражений — 7 побед и 4 ничьи.

💥 Бибисара Асаубаева уже на протяжении трёх Олимпиад подряд не знает поражений:

2026 год: 3 победы, 7 ничьих
2024 год: 3 победы, 6 ничьих
2022 год: 5 побед, 6 ничьих
#KazChess2026 :

Қазақстан – шахмат Олимпиадасының екі дүркін күміс жүлдегері🇰🇿♟️
⠀
Қазақстан әйелдер құрамасы екінші рет қатарынан шахмат Олимпиадасының күміс жүлдесін иеленді. 46-шы шахмат Олимпиадасының қорытынды 11-турында қыздарымыз Польша құрамасымен 2:2 есебімен тең ойнап, турнирді екінші орынмен аяқтады.
⠀
Әйелдер арасындағы бәсекеде Қытай құрамасы жеңімпаз атанды. Қазақстан үшін бұл — қатарынан екінші Олимпиада күмісі. Алғаш рет қыздарымыз 2024 жылы Будапештте өткен 45-ші шахмат Олимпиадасында күміс жүлдеге қол жеткізген еді.
⠀
Арада екі жыл өткен соң Қазақстан Самарқанда осы нәтижені қайталады.
⠀
Қазақстан құрамасында Бибісара Асаубаева, Алуа Нұрман, Меруерт Камалиденова, Елназ Қалиахмет және Зарина Нұрғалиева өнер көрсетті. Құрама капитаны — Павел Коцур.

https://www.instagram.com/p/Ddyl9I-ovsP/?stkn=MWJhNWhhMzR4aXdx
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🥈🇰🇿Шахматтан ұлттық құраманың бас бапкері Павел Коцур: шахмат әлемінде ұзақ жыл бойы үстемдік етуге келдік

📍Samarkand🇺🇿
🗓️16-27 September

https://www.instagram.com/reel/DdyqgGGthYn/?stkn=MTVzZWFyYzJiMndicg==
❤2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿♟️ Аруларымыз – шахмат Олимпиадасының екі дүркін күміс жүлдегерлері! 🥈

Қазақстан әйелдер құрамасы өз тарихында екінші рет қатарынан шахмат Олимпиадасының күміс жүлдесін жеңіп алды!

🥈 2024 — Будапешт 🇭🇺
🥈 2026 — Самарқанд 🇺🇿

Бұл – қазақ шахматы үшін үлкен жетістік әрі ел спортының халықаралық аренадағы жоғары деңгейін көрсететін тарихи нәтиже.

Қыздарымыздың әрбір партиядағы табандылығы, шеберлігі мен жеңіске деген жігері ерекше құрметке лайық. 👏

Аруларымыз, сіздермен мақтанамыз! 🇰🇿❤️
Қазақстан шахматының абыройын асқақтата беріңіздер!

https://youtu.be/S0jTXyzHHGE?si=Z13T5jV5aDxF7YSH
🔥1👏1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Елназ Қалиахмет: Алғашқы Олимпиадам үшін жақсы нәтиже деп есептеймін🥈🥇🇰🇿

📍Samarkand🇺🇿
🗓️16-27 September

https://www.instagram.com/reel/DdzJ9TJNX4R/?stkn=MXFmN3B5eTV6ZmlsaA==
🔥2
#KazChess2026 :

Он бір тур. Әр ойында соңына дейін күресу. 🇰🇿

Қазақстан әйелдер құрамасы Самарқандтан Олимпиаданың күміс жүлдесімен оралды! Бұл — бүкіл команданың ортақ жеңісі: бірде-бір оңай партия болған жоқ, әр ойыншы жалпы нәтижеге өз үлесін қосты.

Сендермен мақтанамыз! ✨

•••

Eleven rounds. Every game played to the end. 🇰🇿

Kazakhstan’s women’s team brings home Olympiad silver from Samarkand. A true team effort: no easy games, and every player contributed to the result.

So proud of you! ✨

•••

11 туров. Каждая игра с полной отдачей. 🇰🇿

Женская сборная Казахстана возвращается из Самарканда с серебром Олимпиады. Это заслуга всей команды: ни одной лёгкой партии, и каждая шкхматистка внесла свой вклад в общий результат.

Безмерно гордимся! ✨

https://www.instagram.com/p/DdzXPzuCLbt/?img_index=2&stkn=MWoyOWc2NTNhNWNybQ==
🔥2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏆🥇🇰🇿 Тарихи сәт!

16 жастағы Елназ Қалиахмет – 46-шы шахмат Олимпиадасының 4-тақтасында жеке есеп бойынша чемпион! 🇰🇿

Алдарыңызда – жас шахматшымыздың чемпиондық медалін алған сәті! 👏✨

Елназ, жарайсың! Қазақстан сенімен мақтанады! 🇰🇿❤️
🔥1
🥇🇰🇿 16 жастағы Елназ Қалиахмет – шахмат Олимпиадасының чемпионы!

46-шы шахмат Олимпиадасында дебют жасаған Елназ Қалиахмет 4-тақтада үздік нәтиже көрсетіп, жеке есепте чемпион атанды! 🏆🇰🇿

Елназ жарыс барысында 9 партия өткізіп, 7 жеңіс, 1 тең нәтиже және 1 жеңіліс тіркеді.

Жас шахматшымызды осы тарихи жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! 👏🇰🇿
Бұл – үлкен еңбек пен табандылықтың жемісі!

📍 Самарқанд, Өзбекстан 🇺🇿
🗓️ 16–27 қыркүйек, 2026
🔥2👏1
Қазақстанның әйелдер құрамасын шахмат Олимпиадасындағы күміс жүлдемен шын жүректен құттықтаймын!
Бибісара, Алуа, Меруерт, Елназ және Зарина! Құрметті команда капитаны Павел Коцур!
46-шы шахмат Олимпиадасында күміс медаль жеңіп, Қазақстанның көк байрағын биікте желбіреткендеріңіз үшін зор алғысымды білдіремін!
🥈 Екі Олимпиада қатарынан – екі күміс медаль! Бұл – қазақстандық шахмат үшін үлкен жетістік әрі ел мерейін асырған тарихи нәтиже.
Әр партияда жоғары шеберлік, табандылық пен командалық рух танытып, соңына дейін күрескендеріңіз үшін рақмет!
Осы жетістікке үлес қосқан Қазақстан шахмат федерациясының басшылығы мен ұжымына, жаттықтырушылар құрамына, мамандарға және командаға қолдау көрсеткен барша жанашырларға ерекше алғысымды білдіремін.

Бұл нәтиже – қазақстандық шахматтың жүйелі дамуы мен атқарылып жатқан ауқымды жұмыстың нақты жемісі.
Баршаңызды осы тамаша жетістікпен құттықтаймын! Алда бұдан да биік белестер, жаңа жеңістер және Олимпиаданың алтын медалі бұйырсын!

Сіздермен мақтанамыз! Алға, Қазақстан!
🔥2
#KazChess2026 :

Шахматшыларымыз — мақтанышымыз! 🇰🇿
⠀
Қазақстан әйелдер құрамасы барлық 11 турды бірде-бір командалық жеңіліссіз аяқтады. Соңғы турда Польша құрамасымен тең түсіп, 18 матчтық ұпаймен екінші орынға ие болды!
⠀
Күміс жүлдегерлеріміз — Бибісара Асаубаева, Алуа Нұрман, Меруерт Камалиденова, Елназ Қалиахмет және Зарина Нұрғалиева. Құрама капитаны — Павел Коцур.
⠀
Қыздар, бізге сыйлаған ерекше эмоция үшін рахмет! Қайсарлықтарыңыз, соңғы жүріске дейін күрескендеріңіз және Қазақстанның намысын абыроймен қорғағандарыңыз үшін алғыс айтамыз. 🤍
⠀
•••
⠀
Наши шахматисты - наша гордость!
⠀
Женская сборная Казахстана прошла все 11 туров без единого командного поражения. Ничья с Польшей в заключительном туре принесла команде 18 матчевых очков и второе место!
⠀
Наши серебряные призёры — Бибисара Асаубаева, Алуа Нурман, Меруерт Камалиденова, Елназ Калиахмет и Зарина Нургалиева. Капитан команды — Павел Коцур.
⠀
Девочки, спасибо за эмоции, которые мы прожили вместе с вами! За вашу стойкость, за борьбу до последнего хода и за то, что с гордостью и достоинством представляете Казахстан 🤍

https://www.instagram.com/reel/Dd1GsvborTq/?stkn=N3A5aGtoMmFnMmp1