ChessNews by Dastan Kapayev
1.07K subscribers
27.2K photos
5.05K videos
373 files
7.19K links
Все о шахматах в Казахстане и мире

Оперативно. Грамотно. Информативно.

Все главные события шахматной жизни: турниры, результаты, рейтинги, комментарии экспертов и фотоотчеты.

Вопросы, новости и фото присылайте t.me/dastankapaev
Download Telegram
Александр Витальевич Бабенко :

Туркестан 21 января в рамках подготовки Кубка Сената провели рабочее совещание с руководством ДЧС Туркестанской области. Отдельное спасибо Багдату Темирболатовичу- руководителю Департамента - за понимание и поддержку

https://www.instagram.com/p/DT0N0kJDXss/?igsh=MXB6NGx3ZXJ2enhseQ==
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
#Pavlodar :
Павлодар облысында ғылым және білім саласы қызметкерлері арасында жылдам шахматтан Павлодар облысының чемпионаты — Senat Open – 2026 басталды.

24 қаңтар күні Павлодар қаласындағы Шахмат үйінде Сенат Кубогы – 2026 жарысының 1/8 финалының ашылуы және басталуы өтті. Турнир Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының және Қазақстан шахмат федерациясының (KazChess) қолдауымен ұйымдастырылуда.

Жарысқа Павлодар облысының 3 қаласы мен 10 ауданынан 140 қатысушы қатысуда.
Жарыс швейцариялық жүйе бойынша 9 турда өткізіледі.

Барлық қатысушыларға сәттілік, тартысты партиялар мен жарқын жеңістер тілейміз!

https://www.instagram.com/reel/DT4rPqlCH7U/?igsh=MTZqY210ZHoyMmR5Mg==
@kaz_chess_atyrau :

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының «Senat Open» ашық біріншілігінің аясында өткізіліп жатырған жылдам шахматтан Сенат кубогының 1/8 іріктеу кезеңі - денсаулық сақтау саласының қызметкерлері арасында Атырау облысы чемпионаты өтті♟️

Жарыс Атырау облысы тұрғындары арасында шахматты зияткерлік дамудың құралы ретінде насихаттау және танымал ету, денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің спорттық дайындық деңгейін арттыру, сондай-ақ 2026 жылғы Сенат Кубогының 1/4 кезеңіне қатысатын ең мықты спортшыларды анықтау мақсатында өткізілді.

Турнир нәтижесінде Денсаулық сақтау қызметкерлері арасында:

V орын – Жаксиев Қошқарбай
IV орын – Сағат Назира
ІІІ орын – Джубаев Нурлан
ІІ орын – Утепов Нуркен
І орын - Имантаев Бақдаулет

Әйелдер арасындағы үздік көрсеткіш:

– Хамитова Нургуль

Әр ауданның үздік қатысушысы номинациясы:

Жылыой ауданы – Косымбаева Айнур
Индер ауданы – Аринғазиев Арман

Денсаулық сақтау саласының қызметкерлі арасында келесі ¼ іріктеу кезеңіне жолдама алған 20 қатысушы:

1– Имантаев Бақдаулет
2– Утепов Нуркен
3- Джубаев Нурлан
4- Хамитова Нургуль
5- Жаксиев Қошқарбай
6- Сағат Назира
7- Ғаббасқызы Жания
8- Мархабай Әзімбай
9- Аязбай Құралбек
10- Имаматдинов Алиакбар
11- Ізбасарұлы Жанарыс
12- Есмурзин Асхат
13- Аринғазиев Арман
14- Медеуова Аида
15- Алдияров Ержан
16- Орынбасарұлы Айбек
17- Юсубалиев Фархад
18- Косымбаева Айнур
19- Издибаев Ернар
20- Джайлаубаева Жаннат

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!♟️

https://www.instagram.com/reel/DT5qZUNiDkW/?igsh=MXVycDhtZjZmc2t0Zw==
@saryarqa_samaly :

Қаламызда ҚР Парламенті Сенаты мен Қазақстан шахмат федерациясының қолдауымен ұйымдастырылған шахмат турнирінің кезекті іріктеу кезеңі өтті. Бұл жолы өңірдегі білім және ғылым саласының қызметкерлері зияткерлік додада бақ сынады.

Жарысқа Павлодар облысының үш қаласы мен 10 ауданынан 140 қатысушы тіркелді. Турнир швейцариялық жүйе бойынша 9 турдан тұрды. Ерекшелігі — ойынның жылдам форматта өтуі: әр қатысушыға 10 минут уақыт берілді.

Облыстық Қоғамдық кеңестің төрағасы Бәкір Демеуов шахматтың маңыздылығына тоқталды. Оның айтуынша, Қазақстан шахматы бүгінде әлемдік бестікке еніп отыр, бұл жетістікте жастардың үлесі зор. Шахмат — патриоттық сана мен интеллектуалдық қабілетті арттыратын ерекше спорт түрі. Сондықтан мұндай жарыстардың жиі өтуі маңызды.

Ал Қазақстан шахмат федерациясының өңірлік филиалының атқарушы директоры Арыстан Қапаев бұл іріктеу кезеңінің екіншісі екенін атап өтті. Бұған дейін ардагерлер арасында өткен. Алдағы уақытта түрлі сала мамандары арасында тағы 7 іріктеу турнирі ұйымдастырылады. Бүгінгі жарыста үздік шыққан 20 қатысушы мамыр айында өтетін 1/4 финалдық кезеңге жолдама алады. Барлық сала бойынша жеңімпаздар Астанада өтетін финалдық кезеңде бақ сынайды.

Фото: Исабек Есенжол.

https://www.instagram.com/p/DT5W4jADfu3/?img_index=12&igsh=MjFpZXM1MmVpbTcw