ChessNews by Dastan Kapayev
1.07K subscribers
27K photos
5.03K videos
373 files
7.16K links
Все о шахматах в Казахстане и мире

Оперативно. Грамотно. Информативно.

Все главные события шахматной жизни: турниры, результаты, рейтинги, комментарии экспертов и фотоотчеты.

Вопросы, новости и фото присылайте t.me/dastankapaev
Download Telegram
Құрметті Алима Пашанова!
Сізді бүгінгі айтулы мерейтойыңызбен және зейнет жасына шығуыңызбен шын жүректен құттықтаймын!
Сіз Түркістан облысында шахмат спортын дәріптеп, оның өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып келе жатқан бірегей тұлғасыз. Салауатты өмір салтын насихаттап, жас ұрпақтың зияткерлік қабілетін шыңдаудағы еңбегіңіз — бүгінгі алған марапаттарыңызға әбден лайықты.
Сізге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр және отбасыңызға береке тілеймін. Шәкірттеріңіз биік белестерден көрініп, еңбегіңіз жана берсін!

#KazChess2026 #Chess #KazChess
Шахматтан Блиц-марафон: 3-ші кезең басталды! ♟️
Бүгін Қазақстан шахмат федерациясы ұйымдастырған ауқымды Блиц-марафон жобасының 3-ші кезеңі өтуде.
Бұл жоба биыл екінші жыл қатарынан сәтті жүзеге асырылып келеді. Марафон жалпы саны 24 кезеңнен тұрады. Әр кезеңде қатысушылар жалпы есепте ұпай жинап, бақ сынайды. Серия қорытындысы бойынша ең үздік 16 шахматшы финалға жолдама алып, марафон жеңімпазы атағы мен жүлделі орындар үшін таласады.
💰 Жалпы жүлде қоры — 6 320 000 теңге.
Интеллектуалды спортты дамытуға бағытталған осындай сапалы жоба үшін Қазақстан шахмат федерациясына алғыс білдіреміз! Барлық қатысушыларға сәттілік пен жарқын жеңістер тілеймін!

https://s1.chess-results.com/tnr1350652.aspx?lan=11&art=2&rd=5&SNode=S0

#KazChess2026 #KazChess #chess #шахматы