16–22 ақпан аралығында Жезқазған қаласында 20 жасқа дейінгі шахматшылар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Турнир классика, рапид және блиц форматтары бойынша ұйымдастырылды. Чемпионаттың жалпы жүлде қоры 2 400 000 теңгені құрады.
Жарысқа еліміздің барлық өңірлерінен келген дарынды жас шахматшылар қатысып, жүлделі орындармен қатар халықаралық жолдамалар үшін бақ сынады.
Классика қорытындысы бойынша:
Қыздар арасында:
1 орын — Камарова Жанбота (Ақмола облысы) — 7,5 ұпай, 270 000 теңге және қыркүйек айында Перуде өтетін Әлем чемпионатына жолдама.
2 орын — Холявко Мария (Алматы қаласы) — 7,5 ұпай, 210 000 теңге және Азия чемпионатына жолдама.
3 орын — Калдарова Аяулым (Шымкент қаласы) — 6,5 ұпай, 120 000 теңге.
Ұлдар арасында:
1 орын — Малыгин Владислав (Павлодар облысы) — 7,5 ұпай, 270 000 теңге және Әлем чемпионатына жолдама.
2 орын — Ахилбай Имангали (Алматы облысы) — 7 ұпай, 210 000 теңге және Азия чемпионатына жолдама.
3 орын — Тулендинов Динмухаммед (Алматы қаласы) — 7 ұпай, 120 000 теңге.
Рапид бойынша:
Қыздар арасында 1 орынды Кайырбекова Амина (Астана қаласы) — 150 000 теңге, 2 орынды Холявко Мария — 100 000 теңге, 3 орынды Калдарова Аяулым — 50 000 теңге иеленді.
Ұлдар арасында 1 орын — Амангельды Ернур (Астана қаласы) — 150 000 теңге, 2 орын — Ахилбай Имангали — 100 000 теңге, 3 орын — Тлеуханов Ерлан — 50 000 теңге.
Блиц бойынша:
Қыздар арасында 1 орын — Холявко Мария (Алматы қаласы) — 150 000 теңге, 2 орын — Заркым Айлин (Ұлытау облысы) — 100 000 теңге, 3 орын — Кайырбекова Амина — 50 000 теңге.
Турнирдің жабылу салтанатында жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталып, қатысушыларға алғыс білдірілді. Жеңімпаздар ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатының финалында өнер көрсету құқығына ие болды және халықаралық жарыстарда ел намысын қорғайды.
Жезқазған қаласында өткен бұл чемпионат қазақстандық шахматтың жаңа буынын танытқан маңызды спорттық оқиға болды.
https://www.instagram.com/reel/DVEUJa4jPK2/?igsh=MWYzNW1qdGVtZ3Y2dw==