ChessNews by Dastan Kapayev
1.07K subscribers
27.2K photos
5.05K videos
373 files
7.19K links
Все о шахматах в Казахстане и мире

Оперативно. Грамотно. Информативно.

Все главные события шахматной жизни: турниры, результаты, рейтинги, комментарии экспертов и фотоотчеты.

Вопросы, новости и фото присылайте t.me/dastankapaev
Download Telegram
#KazChess:

Алдияр Ансат Ташкентте өткен III халықаралық «Al-Beruniy» шахмат фестивалінің Futures турнирінде жеңіске жетті 🔥

Әлемнің түрлі елдерінен келген мықты қарсыластарға қарсы ойнап, 4 партияда жеңіске жетіп, 5 ойынды тең аяқтаған Алдияр 6,5 ұпай жинады. Қосымша көрсеткіштер бойынша қарсыластарынан озып, турнир чемпионы атанды.

Бұл нәтиже оған рейтингін +12,8-ге арттыруға мүмкіндік берді.
Алдиярдың алдында енді маңызды мақсат - FIDE рейтингісін 2500-ге жеткізу. Осы межеден асқанда ол толыққанды гроссмейстер атағын ресми түрде иеленеді.

Жарайсың, Алдияр!♟️

https://www.instagram.com/p/DVGKXN7jDen/?igsh=MXUxb3VzZGliaTNkMw==
🔥1
@gmca.kz:

🏆 ПОЗДРАВЛЯЕМ С ДВОЙНЫМ УСПЕХОМ НА ЧЕМПИОНАТЕ РК СРЕДИ ЮНИОРОВ ДО 20 ЛЕТ!

🌟 Амангельды Ернур стал чемпионом Республики Казахстан по рапиду среди юношей до 20 лет, а также серебряным призёром по блицу!

Уверенная игра, хладнокровие в решающих партиях и заслуженное золото в рапиде 👏♟️
И отличное выступление в блице, где Ернур завоевал серебряную медаль, подтвердив высокий класс и стабильность 🔥

Два турнира — две медали. Блестящий результат!

От всей души поздравляем тренерский штаб в составе Жалмаханова Рамазана, Уразаева Арыстанбека, Петра Костенко, Павла Коцура и Исмагамбетова Ануара с этим значимым достижением.
Спасибо за профессионализм, вклад и качественную подготовку призёра и чемпиона 💪

@kzchessfederation
@astana_chess_federation

https://www.instagram.com/p/DVEoL0giJys/?igsh=MXE1ZXBldGdqM3UyZw==
❤1👍1
@kzchessfederation_aktobe:

Жексенбі күні интеллектуалдық спорт түрінен облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің шахмат клубында БАҚ өкілдері мен блогерлер арасында «Senat Open — 2026» турнирінің 1/8 іріктеу кезеңі өтті.

Зияткерлік сайыста ақпарат саласының қызметкерлері бір алаңға жиналып, шеберліктерін көрсетіп, өзара достық байланыстарын нығайтты.

Турнирдің ашылу салтанатында сөз сөйлеген «Ақтөбе Медиа» ЖШС директоры, Қазақстан Журналистер одағы облыстық филиалының төрағасы Раукен Отыншин Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде шахматтың дамуына ерекше көңіл бөлетінін, бірегей спорт түрі адамның ақыл-ойын және қарым-қабілетін ұштауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

— Қазақстан Республикасы Сенатының бастамасымен қолға алынған «Senat Open» шахмат турнирінің ашық кубогы бірнеше жылдан бері өңірімізде ұйымдастырылып келеді. Бұл жарысқа осыған дейін әр салада қызмет етіп жүрген азаматтар қатысты. Олардың арасында журналистер де бар. Шахмат — ақыл-парасаттың ойыны. Оны кез келген адам ойнай алмайды. Сондықтан бүгінгі жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеймін! — деген ол былтыр Қазақстан Журналистер одағы облыстық филиалы бірнеше мәрте осындай тартысты ойындар өткізгенін жеткізді.

Бұл жолы БАҚ өкілдері арасындағы турнирге облыс орталығынан және аудандардан шахматқа қызығушылығы бар азаматтар келіп қатысты. Швейцарлық жүйе бойынша өткен жарыста жалпы саны 35 адам өзара сынға түсті.

Нәтижесінде 20 қатысушы мамыр айында өтетін 1/4 финалға жолдама алды. Ал 5 адам үздіктер қатарынан көрінді. Атап айтсақ, Темір ауданынан келген Гүлім Жұмагүл — I орынды, хромтаулық Мұхамбет Қамиев — II орынды, Мұғалжар ауданынан келіп қатысқан Ислам Бақтыбай ІІІ орынды жеңіп алды. Сондай-ақ әйелдер арасында «Үздік ойыншы» атағын Елена Рышкина иеленді.

Айта кету керек, аталған турнирге «Ақтөбе Медиа» ЖШС-ның қызметкерлері мен ардагер журналистер қатысты.

Өз тілшіміз.

https://www.instagram.com/p/DVG37LEiOHz/?igsh=ajdzcmUwZ2JzcDVj
👍1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
@elkz_portal:

Сәлем, достар! Бүгін бізде қонақта – халықаралық дәрежедегі гроссмейстер, Қазақстанның шахмат спортының мақтанышы, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Гүлісхан Нахбаева.

Бұл шығарылымда біз қонағымызбен шахматтағы жетістіктері, халықаралық жарыстардағы тәжірибесі, интеллектуалдық спорттың ерекшеліктері туралы әңгімелестік. Сондай-ақ гроссмейстердің 1000 кітап оқуға деген қызығушылығы, білім мен спорттың байланысы, жастарға берер кеңесі жайында сөз қозғадық.

https://www.instagram.com/reel/DVGzbsujJlT/?igsh=MXVnemEyMHM1MDQwOA==
👍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
@elkz_portal:

«1000 кітап оқыдым» – гроссмейстер Гүлісхан Нахбаева

Бұл туралы ол El.kids ютуб арнасына берген сұхбатында айтты. Толық шығарылымды біздің каналымыздан көріңіз!

https://www.instagram.com/reel/DVG-tuzjC32/?igsh=dGxicTZhZ3UxMDZo
👍1
Уважаемый Азамат Габитович!
От всей души поздравляю Вас с присвоением высокого почетного звания — «Заслуженный тренер Республики Казахстан»!
Эта награда является официальным признанием Вашего исключительного вклада в развитие отечественных шахмат и свидетельством Вашего высочайшего профессионализма. Ваши глубокие знания, педагогический талант и преданность делу позволили воспитать плеяду выдающихся спортсменов, прославляющих нашу страну на мировом уровне.
Победы Ваших воспитанников — это результат Вашего многолетнего труда, терпения и верности спортивным идеалам. Желаю Вам крепкого здоровья, неиссякаемой энергии и новых стратегических успехов в воспитании будущих чемпионов мира!

https://www.instagram.com/p/DVJD28LjC1L/?igsh=MTRidTBic2Z4Y2lyNQ==
❤1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
2026 жылғы 18-22 ақпан аралығында Жетісу облысында Қазақстан шахмат федерациясының оқу-жаттығу жиыны өтті. Оған іріктеуден өткен 21 оқушы қатысты.
Аймақтармен жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыс нақты нәтижелер беруде: еліміздің барлық облыстарында ойыншылардың кәсіби деңгейі артып, жарыстарда тұрақты көрсеткіштер байқалуда. Мұндай жиындар болашақ жеңістердің берік негізін қалайды. Оқу-жаттығу жиынын ұйымдастырып, жергілікті жерлердегі таланттарға қолдау көрсеткені үшін Қазақстан шахмат федерациясына алғыс білдіреміз.

#KazChess #KazChess2026