ChessNews by Dastan Kapayev
1.07K subscribers
27.2K photos
5.05K videos
373 files
7.19K links
Все о шахматах в Казахстане и мире

Оперативно. Грамотно. Информативно.

Все главные события шахматной жизни: турниры, результаты, рейтинги, комментарии экспертов и фотоотчеты.

Вопросы, новости и фото присылайте t.me/dastankapaev
Download Telegram
#KazChess :

U8–U12 үшін жаңа формат: Әлем кубогы арқылы – Әлем чемпионатына!

FIDE 2026 жылдан бастап ең жас санаттарда (U8, U10, U12) екі кезеңді жүйе енгізеді:

♟ Маусым, Батуми – Әлем кубогы (11 тур, классика 90+30)
♟ Қараша, Батуми – тек үздік 8 ойыншы қатысатын Әлем чемпионаты

Қазақстан чемпиондары Кубокта ел намысын қорғайды, ал жүлдегерлер Азия және Батыс Азия біріншіліктеріне жолдама алады.

Жаңа жүйе – балалар шахматының мәртебесін арттырып, әлемдік аренаға шығудың тіке жолын ашады.

https://www.instagram.com/p/DVQ2clOCGV3/?igsh=dTV1aDl3MGR6ZnQx
#KazChess :

Новый формат U8–U12: через Кубок мира – на чемпионат мира

С 2026 года FIDE вводит двухступенчатую систему для младших категорий:

♟ Июнь, Батуми – Кубок мира (11 туров, классика 90+30)
♟ Ноябрь, Батуми – чемпионат мира только для топ-8 игроков

Чемпионы Казахстана выступят на Кубке мира, призёры получат путёвки на первенства Азии и Западной Азии.

В дальнейшем World Cadets’ Championships будет переименован в Детский чемпионат мира ФИДЕ (FIDE World Cup for Youngsters). Новый формат делает детские мировые турниры ещё престижнее и открывает прямой путь к мировой элите.

https://www.instagram.com/p/DVQ2clOCGV3/?igsh=dTV1aDl3MGR6ZnQx
#KazChess :

Алдағы оқу-жаттығу жиындарының кестесін ұсынамыз 🗓️
Егер сіздің қалаңыз тізімде болса — алдын ала тіркелуді ұмытпаңыз. Қатысушылар саны шектеулі.

⚠️ Күндерде өзгерістер болуы мүмкін екенін ескеріңіз.

Барлық сұрақтар мен тіркелу бойынша KazChess-тің тиісті өңірлік филиалдарына хабарласуыңызды сұраймыз.

🇰🇿🇰🇿🇰🇿

Публикуем расписание ближайших учебно-тренировочных сборов 🗓️
Если ваш город есть в списке — не забудьте зарегистрироваться заранее. Количество мест ограничено.

⚠️ Даты могут меняться, актуальную информацию и по всем вопросам, также по регистрации обращайтесь в соответствующие филиалы KazChess.

https://www.instagram.com/p/DVQD0hjCLmA/?igsh=MWNqcXN1ZGZjMjl2Yg==
#KazChess :

«Қазақстан Шахмат Федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі Қарағанды облысы Оқу-әдістемелік орталығы қабырғасында «Білім берудегі шахмат» республикалық жобасы аясында 2026 жылғы 11–13 ақпан күндері Қарағанды облысындағы жобаға қатысушы мектептердің 1-сынып мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру тренингін өткіздi.

Аталған тренинг «Шахмат негіздері» вариативтік пәнін жүргізетін педагогтердің кәсіби шеберлігін шыңдауға бағытталған. Семинар-тренингті ОӘО Мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімі меңгерушісі Мукашева Гульсым Габбасовна салтанатты түрде тренингтің ашылуын жасады.

Оқыту барысында тәжірибелі жаттықтырушылар мұғалімдердің шахматтық дағдыларын жетілдіруге қолдау көрсетіп, заманауи әрі тиімді әдістемелік тәсілдермен бөлісті. Бағдарлама педагогтердің пәндік білімін тереңдетіп қана қоймай, бастауыш сынып оқушыларына шахматты түсінікті әрі қызықты түрде меңгертудің жолдарын ұсынды.

Аталмыш тренинг мұғалімдердің кәсіби дамуына серпін беріп, білім беру үдерісінде шахматтың зияткерлік әлеуетін тиімді пайдалануға бағытталған маңызды қадам.

https://www.instagram.com/reel/DVOMol_CPsG/?igsh=MXc3Y3FqZHcybXhuaw==
#KazChess :

Тамақтану және ми жұмысы♟

Әйгілі шахматшы Магнус Карлсеннің мәзірін көрсетеміз

Магнус рационына мұқият қарайды, өйткені қорек зейінге, шыдамға және партия кезінде ойдың тұнықтығына тікелей әсер етеді.

Ал турнир кезінде сіз немен ауқаттанасыз? Комментке жазып кетіңіз👇🏻

♟♟♟

Питание и работа мозга ♟

Делимся меню знаменитого шахматиста — Магнус Карлсен

Магнус тщательно подходит к своему рациону, ведь питание напрямую влияет на концентрацию, выносливость и ясность мышления во время партии.

А какой у вас перекус во время турниров? Пишите в комментариях👇🏻

https://www.instagram.com/p/DVONYE2jKl4/?igsh=MTU1YWp0Z2dpM3JoeQ==
#KazChess :

FIDE–ISCF 2026 мектеп командалары арасындағы Әлем чемпионатының Азиялық кезеңіне іріктеу турнирі

📅 13–16 наурыз 2026
📍 Астана, Нәрікбаев көш. 3, №79 мектеп-лицейі
🏆 Жүлде қоры — 1 000 000 ₸
🗒️Тіркелу 3 наурыз, сағат 12:00-ге дейін (Астана уақыты)

❗️1 және 2 орын алған командалар Қазақстан атынан Әлем чемпионатының Азиялық кезеңіне қатысу құқығына ие болады.

Турнир командалық форматта өтеді. Жарысқа Қазақстан шахмат федерациясында  тіркелген, ҚР азаматтығы бар және бір мектепте оқитын оқушылар жіберіледі. Толық ақпаратпен сайтта таныса аласыздар.

Тіркелу мен ереже: chessinedu.kz/wstc2026
Сұрақтар бойынша: Аида Мукатова aida.m@kazchess.kz

♟️♟️♟️

Отборочный турнир на Азиатский этап Чемпионата мира среди школьных команд FIDE–ISCF 2026

📅 13–16 марта 2026
📍 г. Астана, ул. Нарикбаева 3, Школа-лицей №79
🏆 Призовой фонд — 1 000 000
🗒️ Регистрация до 3 марта, 12:00 (времени Астаны)

❗️Команды, занявшие 1 и 2 места, получают право представлять Казахстан на Азиатском этапе Чемпионата мира.

Турнир проходит в командном формате. К участию допускаются учащиеся одной школы, являющиеся гражданами РК и зарегистрированные в Казахстанской шахматной федерации. С полной информацией можно ознакомиться на сайте.

Регистрация и подробности на сайте chessinedu.kz/wstc2026
По всем вопросам: Аида Мукатова aida.m@kazchess.kz

https://www.instagram.com/p/DVNa1ghiLC7/?igsh=MW1mNzFheGNrYml1ZQ==