Forwarded from TeamQazaqstan
Шахмат Олимпиадасындағы алтыншы жеңіс♟️🇰🇿
Шахматтан Самарқанд қаласында 46-шы Олимпиаданың алтыншы тур ойындары өтті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Әйелдер арасында Қазақстан құрамасы 2025 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері әрі 5 жеңіс сериясымен келе жатқан Әзербайжанмен жолықты.
Бүгін шахмат Олимпиадасын қолдауға арнайы түрде Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі Ералы Тоғжанов келіп, Бибісара Асаубаеваның үстелінде салтанатты алғашқы жүрісін жасады.
Ал кездесудің өзінде Алуа Нұрманның жеңісі командаға кезекті 2 ұпай сыйлады.
Әйелдер. 189 команда
🇰🇿Қазақстан🆚🇦🇿Әзербайжан 2,5:1,5
↔️Бибісара Асаубаева - Говхар Бейдуллаева
✅Алуа Нұрман - Гюнай Мамедзаде
↔️Меруерт Камалиденова - Ханым Баладжаева
↔️Зарина Нұрғалиева - Гюльнар Мамедова
Ерлер арасында Қазақстан құрамасы да рейтингте деңгейлес келе жатқан Колумбияны оңай жеңіп, төртінші жеңістерін (1 жеңіліс және 1 тең) тіркеді.
Ерлер. 205 команда
🇰🇿Қазақстан🆚🇨🇴Колумбия - 3,5:0,5
✅Денис Махнёв - Сантьяго Лопез Райо
✅Сауат Нұрғалиев - Эстебан Вальдеррама
✅Даниал Сапенов - Мануэль Кампос Гомез
↔️Жандос Ағманов - Кристиан Камило Риос Гомез
Енді командалар 1 күндік үзіліске кетеді.
11 турдан тұратын жарыс 27 қыркүйек күні мәресіне жетеді.
📍Samarkand🇺🇿
🗓️16-27 September

👍1
Шахмат Олимпиадасындағы алтыншы жеңіс! ♟️🇰🇿
Самарқандта өтіп жатқан 46-шы шахмат Олимпиадасында Қазақстан құрамалары алтыншы турды сәтті өткізді.
🇰🇿 Әйелдер құрамасы 2025 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Әзербайжан құрамасын 2,5:1,5 есебімен жеңіп, қатарынан алтыншы жеңісіне қол жеткізді!
Бұл кездесуде Алуа Нұрман жеңіске жетіп, команданың маңызды ұпайын әкелді. Бибісара Асаубаева, Меруерт Камалиденова және Зарина Нұрғалиева өз партияларын тең аяқтады.
Бүгін Қазақстан құрамасын қолдауға арнайы келген Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы Елшісі Ералы Тоғжановқа алғысымды білдіремін. Елші Бибісара Асаубаеваның тақтасында алғашқы жүрісті жасап, шахматшыларымызға сәттілік тіледі.
🇰🇿 Ерлер құрамасы Колумбия құрамасын 3,5:0,5 есебімен жеңіп, Олимпиададағы төртінші жеңісін тіркеді.
Денис Махнёв, Сауат Нұрғалиев және Даниал Сапенов жеңіске жетсе, Жандос Ағманов партиясын тең аяқтады.
👏 Екі құрамамызды да алтыншы турдағы тамаша нәтижелерімен құттықтаймын!
Алда бір күндік үзіліс. Шахматшыларымызға күш жинап, келесі турларға жоғары дайындықпен оралуды тілеймін.
Қазақстан алға! 🇰🇿♟️
📍 Самарқанд, Өзбекстан
🗓️ 16–27 қыркүйек 2026