ChessNews by Dastan Kapayev
1.07K subscribers
27.1K photos
5.05K videos
373 files
7.19K links
Все о шахматах в Казахстане и мире

Оперативно. Грамотно. Информативно.

Все главные события шахматной жизни: турниры, результаты, рейтинги, комментарии экспертов и фотоотчеты.

Вопросы, новости и фото присылайте t.me/dastankapaev
Download Telegram
Forwarded from TeamQazaqstan
Қыздарымыз шахмат Олимпиадасының фаворитімен ұпай бөлісті♟️🇰🇿

Шахматтан Самарқанд қаласында өтіп жатқан 46-шы Олимпиаданың сегізінші турында аруларымыз 2024 жылғы Олимпиада чемпионы Үндістанмен шаршы тақта жолықты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Екінші тақтадағы Алуа Нұрман биылғы әлем чемпиондығына таласатын Рамешбабу Вайшалиді жеңіп, команданы алға шығарған еді. Алайда төртінші тақтадағы шешуші кездесуде Үндістан өкілі Савита Шри Баскар жеңіс үшін тәуекелге барып, таразы басын теңестіріп кетті.

Ал Қытай өз кезегінде Грузиядан 2,5:1,5 есебімен басым түсіп, жеке-дара көш басына шықты.

🇰🇿 Қазақстан 🆚🇮🇳Үндістан - 2:2

↔️Бибісара Асаубаева – Конеру Хампи
✅Алуа Нұрман – Рамешбабу Вайшали
↔️Меруерт Камалиденова – Дивья Дешмух
❌Елназ Қалиахмет – Савита Шри Баскар

📍 Әйелдер. 189 команда

1️⃣🇨🇳 Қытай – 15 ұпай (7 жеңіс, 1 тең ойын)
2️⃣🇰🇿 Қазақстан – 14 ұпай (6 жеңіс, 2 тең ойын)
🇲🇳Моңғолия - 14 ұпай
🇦🇲Армения - 14 ұпай

Ерлер арасындағы басты сенсация Өзбекстан мен Германия матчында тіркелді. 7 жеңіспен келе жатқан жарыс қожайындары күтпеген жерден 1,5:2,5 есебімен есе жіберді.

Қазақстан құрамасы кешегі жеңілістен кейін Босния және Герцеговинадан басым түсе алды.

🇰🇿 Қазақстан 🆚🇧🇦Босния және Герцеговина - 3:1

✅Денис Махнёв – Санджин Кулум
✅Сауат Нұрғалиев – Риджад Бурович
↔️Даниал Сапенов – Деян Мариянович
↔️Алдияр Аңсат – Далибор Стоянович

📍 Open. 205 команда

1️⃣🇺🇿Өзбекстан – 14 ұпай (7 жеңіс, 1 жеңіліс)
2️⃣🇩🇪Германия - 14 ұпай (7 жеңіс, 1 жеңіліс)
8 командада 13 ұпай бар.
33-орын. 🇰🇿Қазақстан - 11 ұпай

Ертең 9-тур ойындары өтеді.

11 турдан тұратын жарыс 27 қыркүйек күні мәресіне жетеді.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
#KazChess2026 :

Самарқандағы Олимпиаданың 8-ші туры артта қалды. Келесі турға дайынбыз! ♟️🇰🇿

•••

8-й тур Олимпиады в Самарканде позади. Готовимся к следующему! ♟️🇰🇿

https://www.instagram.com/reel/DdrOlZ9oiSv/?stkn=MTlndDM1YWttcHM2NA==