#KazChess2026 :
Қазақстан Президенті FIDE басшысы Тимур Турловты қабылдады ♟️
Қасым-Жомарт Тоқаев Тимур Турловты Халықаралық шахмат федерациясының президенті болып сайлануымен құттықтап, бұл Қазақстанның және отандық шахмат мектебінің әлемдік аренадағы беделінің артып келе жатқанын көрсететінін атап өтті.
Мемлекет басшысы елімізде 278 мыңнан астам адам шахматпен жүйелі түрде айналысатынын айтып, Самарқанда өткен Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында әйелдер құрамасының күміс жүлде иеленгенін ерекше атап өтті.
Президент айқындаған басым бағыттар:
▪️ ұлттық құрамаларды даярлау;
▪️ жас таланттарды анықтау және дамыту;
▪️ шахматты білім беру жүйесіне енгізу;
▪️ өңірлердегі шахмат инфрақұрылымын дамыту;
▪️ FIDE-мен ынтымақтастықты нығайту: жаттықтырушылар мен төрешілердің біліктілігін арттыру, білім беру жобаларын жүзеге асыру және Қазақстанда ірі халықаралық турнирлер өткізу.
Тимур Турлов шахматты дамытуға көрсетіп отырған қолдауы мен назары үшін Президентке алғыс айтып, шахматты әлемде кеңінен насихаттау және ұлттық федерациялармен бірлесіп жаңа жобаларды жүзеге асыру жоспарлары туралы баяндады.
https://www.instagram.com/p/DeMHWghIYTf/?stkn=ZzdweDl3d3h3M3Jt

Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Мемлекет басшысы Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) президенті Тимур Турловты қабылдады
✔️ Қасым-Жомарт Тоқаев Тимур Турловты Халықаралық шахмат федерациясының президенті болып сайлануымен құттықтады. Президенттің айтуынша, бұл Қазақстан мен отандық шахмат мектебінің әлемдік аренадағы абыройы артып келе жатқанын көрсетеді.
✔️ Мемлекет басшысы еліміз үшін шахматтың орны ерекше екеніне тоқталды. Шахмат спорттың бір түрі болуымен қатар өскелең ұрпақтың зияткерлік әлеуетін дамытудың маңызды тетігі саналады.
✔️ Соңғы жылдары қазақстандық шахмат мектебі қарқынды дамып келе жатыр. Елімізде спорттың осы түрімен 278 мыңнан астам адам жүйелі түрде айналысады.
✔️ Қасым-Жомарт Тоқаев Самарқандта өткен Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында күміс медаль иеленген әйелдер құрамасының жарқын жетістігін айрықша атап өтті.
✔️ Бұдан бөлек, Президент Қазақстан шахмат федерациясының алдында тұрған басым міндеттерді атады.
✔️ Мемлекет басшысы құрама команданың әзірлігін күшейту, жас таланттарды анықтау мен даярлаудың тиімді жүйесін құру, білім беру саласында шахматты ілгерілету және өңірлерде шахмат инфрақұрылымын дамыту қажеттігіне назар аударды.
✔️ Қасым-Жомарт Тоқаев отандық бапкерлер мен төрешілердің біліктілігін арттыру, бірлескен білім беру жобаларын іске асыру, сондай-ақ Қазақстанда шахматтан ірі халықаралық жарыстар өткізу үшін ұлттық федерация мен FIDE арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың маңызына баса мән берді.
✔️ Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Тимур Турловтың жауапты қызметіне табыс тіледі.
✔️ FIDE басшысы шахматты дамытуға ден қойып, оған қолдау көрсеткені үшін Қазақстан Президентіне ризашылығын білдірді. Сонымен қатар шахматты әлемде кеңінен насихаттау, халықаралық ынтымақтастықты нығайту және ұлттық шахмат федерацияларының қатысуымен жаңа жобаларды іске асыру жөнінде мәлімет берді.
t.me/aqorda_resmi
t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM