ChessNews by Dastan Kapayev
1.07K subscribers
27.1K photos
5.05K videos
373 files
7.18K links
Все о шахматах в Казахстане и мире

Оперативно. Грамотно. Информативно.

Все главные события шахматной жизни: турниры, результаты, рейтинги, комментарии экспертов и фотоотчеты.

Вопросы, новости и фото присылайте t.me/dastankapaev
Download Telegram
#KazChess2026 :

АТЫРАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

Ақыл мен парасат тоғысқан, әлемнің үздік шахматшылары бас қосқан айтулы дода!

Алпыс төрт шаршы алаңда ақыл сыналып, әр жүрісте тағдыр шешіліп, үздіктердің үздігі анықталар сәт жақындады!

Атырау төрінде шахматтан «ATYRAU OPEN 2026» халықаралық турнирі өтеді!

Бұл – жай ғана жарыс емес! Бұл – терең ой мен ұшқыр ақылдың, темірдей төзім мен асқан шеберліктің тартысы!

Каспий жағасындағы айбынды Атырау тоғыз күн бойы әлемдік шахмат додасының орталығына айналмақ!

Атырау облысы әкімдігі, Атырау облысының Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы және Қазақстан шахмат федерациясының ұйымдастыруымен өтетін дүбірлі додаға әлемнің 23 елінен 200-ден астам шахматшы қатысып, жеңіс тұғырынан көріну үшін бақ сынайды.

Әлемдік деңгейдегі гроссмейстерлер мен еліміздің үздік шахматшылары бір алаңда бас қосып, әр жүрістің құнын, әр шешімнің салмағын дәлелдемек!

12–20 қазан аралығында Атырау қаласы әлемдік шахмат шеберлерінің тартысына куә бол!

Салтанатты ашылу рәсімі – 12 қазан, сағат 16:30

Өтетін орны: Атырау қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 79, Көрме орталығы.

ҰЛЫ ЖЕҢІС – ҰТЫМДЫ ЖҮРІСТЕН БАСТАЛАДЫ!

https://www.instagram.com/reel/DeWpe3xgDIT/?vrfl=c3VyYjdjZGRyMHhq
Forwarded from KazChess
♟️ 7–17 жас аралығындағы ұлдар мен қыздар арасында рапид пен блицтен ФИДЕ әлем чемпионатына тіркелу жалғасуда.

📍 Өтетін орны: Каир, Мысыр
❗️ Тіркелудің соңғы күні: 2026 жылғы 15 қазан
💶 Тіркелу жарнасы: әр ойыншы мен әрбір еріп жүретін адам үшін 140 еуро.

Тіркеліп, халықаралық турнирге қатысуға үлгеріңіз.

•••

♟️ Продолжается регистрация на Чемпионат мира ФИДЕ по рапиду и блицу среди юношей и девушек от 7 до 17 лет.

📍 Место проведения: Каир, Египет
❗️ Крайний срок регистрации: 15 октября 2026 года
💶 Регистрационный взнос: 140 евро за каждого игрока и каждого сопровождающего.

Успейте зарегистрироваться и принять участие в международном турнире.
@kzchess_almaty:

♟️ ALMATY BLITZ CUP 2026 | 6-КЕЗЕҢНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

🔥 10 қазанда Almaty Blitz Cup турнирінің 6-кезеңі өтті. Турнирге 100-ге жуық қатысушы жиналып, жұлдызды ойыншылар құрамымен ерекшеленді!

🤝 Демеушіміз @sat_ns компаниясына ерекше алғысымызды білдіреміз! Турнирді қолдап, шахматтың дамуына үлес қосқаныңыз үшін рақмет!

Қатысушылар арасында тартысты бәсеке, жарқын партиялар мен қызықты ойындар өтті. Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды:

🏆 ЖАЛПЫ ЕСЕП

🥇 1-орын — Мамедов Эдгар
🥈 2-орын — Талгатов Назар
🥉 3-орын — Грачев Борис
4️⃣ 4-орын — Аскаров Бахтияр
5️⃣ 5-орын — Гаспарян Эрик

♟️ ҚОСЫМША НОМИНАЦИЯЛАР БОЙЫНША ЖЕҢІМПАЗДАР

🏆 Әйелдер арасында — Калиахмет Елназ
🏆 Ардагерлер арасында — Баймурзин Айтказы
🏆 1999-ға дейінгі рейтингтік санаттағы үздік нәтиже — Примбетов Казбек
🏆 1799-ға дейінгі рейтингтік санаттағы үздік нәтиже — Ескермес Абзал
🏆 1599-ға дейінгі рейтингтік санаттағы үздік нәтиже — Батыржанулы Альтаир

👏 Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді тамаша нәтижелерімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға тартысты ойындары, спорттық рухы және нағыз шахмат мерекесінің атмосферасын қалыптастырғаны үшін алғыс айтамыз!

https://www.instagram.com/reel/DeW1iKHocjv/?exln=MW5raWV2eHB2Z2cwZg==
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
@1tvkz :
@tanutro.qz :

Ресейдің Тула облысында өткен құрлықтық біріншілікте отандастарымыз 3 алтын, 10 күміс және 7 қола медаль иеленді.

12 елден келген 300-ден астам жас шахматшы қатысқан жарыста қазақстандық оқушылар классика, рапид және блиц бағыттарында жоғары нәтиже көрсетті. Жүлдегерлер қатарында 14 жастағы Алдияр Жауынбай, 11 жастағы Әлихан Сағынтаев және небәрі 7 жастағы Әлинұр Бауыржан да бар.

Жас зияткерлерімізді жеңістерімен құттықтаймыз! 🇰🇿🏆

https://www.instagram.com/reel/DeYj2NBoeY0/?vrfl=OWs2ampuemYxdTV1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
#KazChess2026 :
Atyrau Open 2026 турнирінің алғашқы күні аяқталды! ♟️

Бүгін Атырауда 2026 жылғы классикалық шахматтан Қазақстан кубогының қорытынды III кезеңі — Atyrau Open 2026 халықаралық шахмат турнирі басталды.

Жарыс Masters және Open атты екі турнирден тұрады. Негізгі Masters турниріне 108 шахматшы тіркелген, олардың 32-сі — гроссмейстер.

Atyrau Open 20 қазанға дейін жалғасады. Қатысушылар швейцариялық жүйе бойынша 9 тур ойнайды. Уақыт бақылауы — әр ойыншыға 90 минут және әр жүріс үшін қосымша 30 секунд.

Турнирге қолдау көрсетіп, Қазақстанда шахматтың дамуына үлес қосып жүрген серіктестерімізге ерекше алғыс білдіреміз!

@timurturlov
@fbroker.kz
@freedomshapagat
@atyrau_sport_turizm
@infinitygroup.kz
@elevate_kz
@bi.group.batys
dalaro.kz
ksi-pgs.kz

https://www.instagram.com/reel/DeZ71B7o0_v/?dlrf=MWx5cnhoY3piNjl2Mg==
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
#KazChess2026 :

Әлемдік шахмат жұлдыздары Атырауға не үшін келді? Бұл сұраққа KazChess-тің бірінші вице-президенті Дәрмен Сәдуақасов жауап береді.
⠀
•••
⠀
Why is world chess coming to Atyrau? KazChess 1st Vice President Darmen Sadvakassov has the answer.
⠀
•••
⠀
Почему мировые шахматы приехали в Атырау? Отвечает 1-ый вице-президент KazChess Дармен Садвакасов.

Выражаем отдельную благодарность нашим партнерам, благодаря которым этот турнир состоялся:

https://www.instagram.com/reel/DebXc83oCnj/?srtk=MW5pajEwdncwcmxkZA==
@atyrau_oblysynyn_akimdigi :

Атырауда 23 елден келген 200-ден астам шахматшы бас қосты

Атырау қаласында жалпы жүлде қоры 100 мың АҚШ долларын құрайтын “Atyrau Open 2026” халықаралық шахмат турнирі басталды. Жарыста 23 елден келген 200-ден астам шахматшы бақ сынасады. Бұл — классикалық шахматтан Қазақстан Кубогінің үшінші кезеңі. Халықаралық турнирді Атырау облысының әкімдігі, Атырау облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы мен Қазақстан шахмат федерациясы ұйымдастырды.

Шахмат бәсекесінің салтанатты ашылуына Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов қатысты. Ол қатысушыларды құттықтап, халықаралық жарыстар елдердің бір-бірімен байланысын бекем ететінін атап өтті.

— Бұл — біздің өңір үшін үлкен мәртебе әрі спорттағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтатын маңызды оқиға. Мұндай жарыстар спортшыларды кәсіби жағынан шыңдап қана қоймай, бір-бірімен тәжірибе алмасуына мүмкіндік береді. Турнирдің жоғары деңгейде өтіп, шахмат жанкүйерлеріне тартысты партиялар сыйлайтынына сенімдімін. Қатысушыларға сәттілік, әдемі комбинациялар мен жарқын жеңістер тілеймін! — деді Болат Ақшолақов.

Шахмат тақтасында Қазақстан, Өзбекстан, Үндістан, Әзербайжан, Армения, Қытай, Иран, Вьетнам, Моңғолия, Оңтүстік Корея, Швеция, Түркия және басқа да елден келген сайыскерлер кездеседі. Турнир Masters (FIDE рейтингі 2600-ден жоғары шахматшылар қатысады, жүлде қоры — 90 мың доллар) және Open (рейтингі 2600-ге дейінгі қатысушылар арасында, жүлде қоры — 10 мың АҚШ доллары) санаттары бойынша өтіп жатыр.

Ойындар 12–20 қазан аралығында швейцариялық жүйемен тоғыз тур бойынша жүреді.

Фестиваль бағдарламасында негізгі партиялардан бөлек, 10 жасқа дейінгі балалар арасындағы
блиц-турнир, жаттықтырушылар мен шахмат мұғалімдеріне арналған семинар, Ғ. А. Айдаралиев атындағы шахмат кабинетінің ашылуы, гроссмейстерлердің қатысуымен бір уақытта өтетін ойын сеансы бар.

Толық материалды Атырау облысы әкімдігінің сайтынан оқи аласыздар.

https://www.instagram.com/reel/Deb3ApLo1wt/?srtk=MWl4NGkyNGdrMjIxdw==