Конституциялық Сот 🇰🇿
✔
6.4K subscribers
1.68K photos
267 videos
1.6K links
🇰🇿Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты

🇰🇿Конституционный Суд Республики Казахстан

https://taplink.cc/consud.kz
Download Telegram
▪️▪️

Жаңа Ата Заңда төл мәдениет пен құндылықтарға қайшы келетін дүниелерге тосқауыл қойып отырмыз – Ерлан Қарин

Ел азаматтары мен сарапшылардың Конституциялық реформаға қатысты ұсыныстарын талқылау белсенді кезеңінен өтіп, енді оларды нақты жүзеге асыру жұмыстары басталады. Бұл туралы Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Карин айтып, әлеуметтік желілерде туындап жатқан сұрақтар мен пікірлерге қатысты өз ойын білдірді.

✔️ Мемлекеттік кеңесші атап өткендей, жаңа Ата заңның мәтіні жарияланғаннан бері қоғамда қызу талқылау жүрді. Қазақстандықтардың конституциялық реформаға қатысты белсенділігі әртүрлі платформаларда көрініс тауып, мыңдаған ұсыныстар қабылданды.

«Ел азаматтары е-Otinish және e-Gov платформаларындағы «Конституциялық реформа» арнайы бөлімі арқылы жаңа Конституцияға қатысты ұсыныстарын жолдап жатыр. Бір апта ішінде 4 мыңнан аса ұсыныс келіп түсті. Жаңа Ата Заңның мәтіні жарияланғаннан кейінгі бастапқы үш күнде күніге 1 мыңнан астам өтініш жолданса, одан кейінгі күндері өтініштер саны 500-ге дейін төмендеді. Ал кеше 100-ден аса ұсыныс келіп түсті. Бұл не дегенді білдіреді? Яғни, азаматтар жаңа Конституцияға қатысты өз ұстанымдары мен көзқарастарын негізінен толық қалыптастырды», – деді ол.


✔️ Сонымен қатар, Комиссия отырысы барысында әлеуметтік желілерде конституциялық өзгерістерге қатысты сұрақтар мен пікірлердің кездесетіні айтылды. Ерлан Карин бұл мәселеге де кеңінен тоқталды.

«Әлеуметтік желілер арқылы да пікір білдіріп жатқан адамдар бар. Мағынасы шамамен мынадай: «Жаңадан велосипед ойлап тапқанша, дамыған елдердің тексерілген, уақыттың сынынан өткен, жұмыс істеп тұрған Конституцияларын неге жай ғана көшіріп алмайсыздар?!». Және осы пікірді бір емес, бірнеше рет әртүрлі жерде қайталапты – посттың астына да қалдырыпты, жекеме де жазыпты», – деді ол.


✔️ Мемлекеттік кеңесшінің пікірінше, мұндай сұрақтар қойылса, демек қоғамда, аз болса да, осылай ойлайтын азаматтар бар екенін көрсетеді. Белгілі бір топтың көзқарасын білдіреді. Сондықтан ол өзге елдің Конституциясын неге жәй ғана көшіріп алуға болмайтынын түсіндіріп кетті.

«Біріншіден, Конституция – әр елдің айнасы. Өзге елдерде біздің мәдениетке, біздің құндылықтарға сай келмек түгілі, мүлдем жат, қайшы нормалар бар. Біз оларды қалайша қабылдауымыз керек? Біз, керісінше, жаңа Ата Заңда төл мәдениетке, төл құндылықтарға қарама-қайшы келетін дүниелерге тосқауыл қойып отырмыз. Екіншіден, бірдей мәтін бірдей нәтиже бермейді. Сондықтан, ең бастысы, мәселе мәтінде емес, мәселе – ондағы нормалардың қалай жүзеге асырылатындығында. Үшіншіден, біз өз тағдырымызды, өз болашағымызды өзіміз анықтаймыз. «Біз кімбіз? Біз қайда барамыз?» деген сұрақтарға өзге біреу сырттан емес, өзіміз тікелей жауап береміз. Сол үшін де оны жаңа преамбулада жариялап отырмыз», – деп Мемлекеттік кеңесші нақты және объективті себептерді алға тартты.


✔️ Ерлан Карин тоқталып өткен тағы бір мәселе – Комиссияның құрамына қатысты. Ол қолданыстағы Конституцияны үш шетелдік сарапшыны қосқанда неге тек 12 адам жазғанын, ал жаңа Ата Заңды 130 адамнан тұратын комиссияның әзірлеуінің логикасы мен себептерін түсіндірді.

«Қазір еліміздің жаңа Конституциясын осыдан отыз жыл бұрынғыдай жабық кеңседегі 12 адам емес, әрбір өңірден жиналған, түрлі саланың өкілдерінен құралған, тікелей эфирде, ашық форматта жұмыс істейтін 130 адамнан тұратын ауқымды Комиссия жазып жатыр. Арамызда бірде-бір шетелдік азамат жоқ. Өз Ата Заңымызды, өз құқықтық жүйемізді өзіміз жасайтын қабілетіміз бар. Яғни, жаңа Ата Заң Қазақстанның мемлекеттілігі, орнықтылығы тұрғысынан, өз мүддесі тұрғысынан әзірленуде. Бізге біреу сырттан келіп ақыл айтып жатқан жоқ. Сол үшін де тағы да қайталап айтамын, бұл шын мәнінде – халықтық Конституция», – деп ол өз сөзін түйіндеді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Конституциялық Сот 🇰🇿
▪️▪️ Жаңа Ата Заңда төл мәдениет пен құндылықтарға қайшы келетін дүниелерге тосқауыл қойып отырмыз – Ерлан Қарин Ел азаматтары мен сарапшылардың Конституциялық реформаға қатысты ұсыныстарын талқылау белсенді кезеңінен өтіп, енді оларды нақты жүзеге асыру…
▪️▪️

Жаңа Конституциямыздағы жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі, бағдар болатынын сенімді түрде айта аламыз – Ерлан Қарин

Ата Заңның жаңа мәтініндегі жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі де бағдар да болатын жаңашылдықтар. Бұл туралы Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин мәлімдеді.

✔️ Оның айтуынша, кейбір азаматтар әлеуметтік желі арқылы «Әуреге түскенше, өзге елдің Конституциясын көшіріп ала салу керек қой» деген де пікірлерін жолдап жатыр.

«Соңғы уақытта цифрландыру, цифрлық технология секілді мүлде жаңа бағыттардың дамып, өркендеуіне байланысты көптеген мемлекеттер тиісті нормаларды конституциялық-құқықтық жүйеге енгізуді ойластыруда. Біздің ел алғашқылардың бірі болып цифрлық деректерді қорғау нормасын Конституцияға енгізіп отыр. Яғни, жаңа мәтіндегі жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі де бағдар да бола алады», – деп атап өтті Ерлан Қарин.


✔️ Мемлекеттік кеңесші Конституцияның 21-бабының 1 және 2 тармақтарында жеке өмірге қол сұқпау құқығына, жеке және отбасы құпиясының болу құқығына, дербес деректерді заңсыз жинаудан, өңдеуден және пайдаланудан қорғау құқығына заңмен кепілдік берілетінін айтты.

«Яғни, цифрлық кеңістікте жеке деректерді қорғауды адам құқықтарын қорғаудың жаңа өлшемі ретінде тұңғыш рет Конституцияда белгілеп отырған елдердің біріміз. Бұл – жаңа Конституцияның болашаққа бағытталғандығының тағы бір дәлелі», – деп нақтылап өтті ол.


✔️ Ерлан Қариннің айтуынша, аймақтың құқықтық жүйесіндегі үлкен жаңашылдық – әйгілі Миранда ережесінің конституциялық деңгейде бекітілуі. Бұл өзгеріс азаматтардың құқықтық тұрғыдан қорғалуын арттырып, құқық қорғау органдарының қызметіне жаңа талаптар қояды.

✔️ Сонымен қатар, жаңа саяси институттардың енгізілуі – Орталық Азия аймағы үшін ғана емес, жалпы айналамыздағы үлкен кеңістік үшін де саяси жаңашылдық болып саналады. Ерлан Қарин бұл тұрғыда бір палаталы парламент, вице-президент институты, «Халық кеңесі» жоғары консультативтік органы, Конституциялық соттың енгізілуі – көптеген елдердің саяси жүйесімен салыстырғанда, үлкен саяси инновациялық қадам екенін атап өтті.

«Президент ұсынған конституциялық өзгерістерді тек қана жалпыхалықтық референдум арқылы жүзеге асыру бастамасы да – біздің аймақ үшін маңызды шешімдердің бірі. Көптеген лауазымды тұлғалардың қызметіне қатысты бір реттік мерзім белгілеу де – Ата Заң жобасындағы маңызды жаңашылдықтың бірі», – деп түсіндірді Мемлекеттік Кеңесші.


✔️ Сондай-ақ, Мемлекеттік Кеңесші атап өткендей, әйелдер мен балалардың құқығын қорғау, қоршаған ортаны – табиғатты аялау, волонтерлік, ата-аналарға жауапкершілік секілді қоғамдық дамуда пайда болып отырған жаңа талаптар, құндылықтар жаңа Ата Заңда қамтылды. Бұл да жаңа Конституцияның қоғамның қазіргі жағдайына, даму деңгейіне сәйкес екенін көрсетеді.

«Жаңа Ата Заңдағы бірқатар саяси және институционалдық жаңашылдықтар аймақтағы және әлемдік конституциялық тәжірибеде сирек кездеседі. Түйіндеп айтқанда, басқа елдердің Конституциясын көшіру, қайталау – біздің жолымыз емес. Керісінше, келешекте Қазақстан жаңа Конституция арқылы өзге елдерге өзіндік үлгі, бағдар болмақ» – деп қорытындылады сөзін Ерлан Қарин.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
▪️▪️

Конституциялық комиссияның отырысы аяқталды.

Эльвира Азимова Конституциялық комиссияның келесі отырысы 9 ақпан күні өтетінін хабарлады.

****

Заседание Конституционной комиссии завершилось.

Эльвира Азимова сообщила, что следующее заседание Конституционной комиссии состоится 9 февраля.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📢 Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) кезекті отырысы өтеді

Іс-шара әлеуметтік желідегі ресми парақшаларда:

📱consot_kz

📱constcouncil.kz

📱Конституциялық реформа 2026

тікелей эфирде көрсетіледі.

Тікелей эфир сағат 16:00-де басталады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📢 Сегодня состоится очередное заседание Комиссии по Конституционной реформе (Конституционной комиссии)

Мероприятие будет транслироваться в прямом эфире на официальных страницах в социальных сетях:

📱consot_kz

📱constcouncil.kz

📱 Конституциялық реформа 2026

Начало трансляции в 16:00 часов.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Конституциялық комиссияның кезекті отырысы басталды

***

Началось очередное заседание Конституционной комиссии
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
▪️▪️

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов волонтерлік қызметті конституциялық деңгейде бекіту туралы пікір білдірді

****

Заместитель председателя Конституционного Суда Бакыт Нурмуханов о закреплении волонтерской деятельности на конституционном уровне
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
▪️▪️

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» партиясы фракциясының жетекшісі Азат Перуашев жаңа Конституцияда меншік нысандары институтын кеңейту туралы айтты

****

Депутат Мажилиса Парламента РК, руководитель фракции партии «Ақ жол» Азат Перуашев о расширении института форм собственности в проекте Новой Конституции
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Live stream finished (1 hour)
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
▪️▪️

«Конституцияда жарияланған адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтары кез-келген заңды қабылдаудың негізгі критерийі мен мақсаты болуы тиіс» – Нархоз Университетінің профессоры Виктор Малиновский

****

«Провозглашённые Конституцией права и свободы человека и гражданина должны выступать основополагающим критерием и целью принятия любого закона» – профессор Университета Нархоз Виктор Малиновский
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
▪️▪️

«Конституция жобасы мына екі ұғымды нақты ажыратады: адамның құқықтары мен бостандықтары, азаматтың құқықтары мен міндеттері»
– Әділет министрлігінің Заңнама және құқықтық ақпарат институтының басшысы Индира Әубәкірова

****

«Проект Конституции чётко разделяет два понятия: права и свободы человека, права и обязанности гражданина» – директор Института законодательства и правовой информации Министерства юстиции Индира Аубакирова
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
▪️▪️

Конституция жобасы референдумға шығаруға дайын – саясаттанушы Марат Шибұтов

****

Политолог Марат Шибутов считает,
что проект Конституции готов к вынесению на референдум
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
▪️▪️

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов
жаңа Конституцияның негізгі артықшылықтары мен новеллалары туралы пікір білдірді

****

Депутат Мажилиса Парламента РК Мурат Абенов о ключевых преимуществах и основных новеллах новой Конституции
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
▪️▪️

«Еңбек адамның жеке тәуекелі емес, лайықты өмірдің негізі деп танылады» – ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин

****

«Труд признается не личным риском человека, а основой достойной жизни» – Председатель Федерации профсоюзов РК Сатыбалды Даулеталин
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
▪️▪️

Конституциялық комиссия жаңа Ата Заңда волонтерлік қызмет мәртебесін бекітуді қолдады

Азаматтар, қоғамдық ұйымдар, ғалымдар мен заңгерлер қауымдастығының бірқатар ұсынысы негізінде Қазақстаның жаңа Конституциясының жобасына жаңа маңызды толықтырулар енгізілді. Оларды Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның оныншы отырысында Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов таныстырды.

✔️ Ол Комиссияға волонтерлік қызметті конституциялық деңгейде бекіту туралы ұсыныстар түскенін хабарлады. Нәтижесінде, қолданыстағы «Волонтерлік қызмет туралы» Заңды және қоғамның дамуы мен қоршаған ортаны қорғаудағы волонтерліктің маңыздылығын ескере отырып, олар қолдау тапқанын мәлімдеді.

«31-баптың 2-тармағында Қазақстан Республикасында ерікті әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік қамсыздандырудың өзге де нысандарын құру, волонтерлік қызмет және қайырымдылықтың ынталандырылатыны жөнінде толықтыру енгізілді», – деді Конституциялық сот төрағасының орынбасары.


✔️ Ол бұл идеяны іске асыру жаңа Конституция жобасының басқа ережелерін үйлесімді түрде толықтыратынын мәлімдеді. Атап айтқанда, Преамбула мен Қазақстан Республикасының түбегейлі қағидаттарын, оның ішінде жауапты және жасампаз патриотизм идеяларын ілгерілету, еңбекқорлық құндылықтарын бекіту және т.б.

✔️ Бақыт Нұрмұханов басқа да өзгерістер Құрылтайдың қызметін ұйымдастырумен байланысты екенін айтты.

🔹 Мәселен, комитеттер мен комиссиялардың құрылу тәртібі, өкілеттіктері, қызметін ұйымдастыруды заңмен айқындайтын жобаның 59-бабының 3-тармағын алып тастауды ұсынды.

✔️ Ол қазіргі уақытта жоғары өкілді органның комитеттері мен комиссияларының қызметі мәселелері «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңмен, «ҚР Парламентінің комитеттері мен комиссиялары туралы» Заңмен, Парламент пен оның палаталарының регламенттерімен реттелетінін еске салды.

«Бұл түзету аталған Конституциялық заңда осы мәселелерді қамтуға және оларды құқықтық реттеу деңгейін арттыруға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Бақыт Нұрмұханов.


✔️ Ол сондай-ақ Конституция жобасының мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндерін жетілдіру жұмыстары жалғасып жатқанын хабарлады.

✔️ Бақыт Нұрмұхановтың айтуынша, жұмыс тобы құқықтық нормалар мазмұнының қолжетімділігі мен түсініктілігін қамтамасыз ету үшін тұжырымдарды оңтайландыру бойынша шаралар қабылдауда. Бұл ретте жобалардың терминологиялық және семантикалық бірыңғайлығын қамтамасыз етуге ерекше назар аударылуда.

🔹 Атап айтқанда, Үкімет, Парламент, Президент Әкімшілігі, Конституциялық комиссияның редакциялық-терминологиялық жұмыс тобы, «Қазақ тілі» Халықаралық қоғамы мамандары мен жұмысқа тартылған лингвистердің ұсыныстары негізінде жекелеген редакциялық және стилистикалық түзетулер жүзеге асырылды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
▪️▪️

Конституционная комиссия поддержала закрепление статуса волонтерской деятельности в новом Основном законе

На основании ряда предложений от граждан, общественных организаций, ученых и юридического сообщества в проект новой Конституции РК были внесены новые важные дополнения. Их презентовал заместитель председателя Конституционного суда Бакыт Нурмуханов на десятом заседании Комиссии по Конституционной реформе.

✔️ Он сообщил, что в адрес Комиссии поступили предложения о закреплении волонтерской деятельности на конституционном уровне. В результате, учитывая наличие действующего Закона «О волонтерской деятельности» и важность волонтерства в развитии общества и защите окружающей среды, они были поддержаны.

«В пункте 2 статьи 31 сделано дополнение, что в Республике Казахстан поощряются добровольное социальное страхование, создание иных форм социального обеспечения, волонтерская деятельность и благотворительность», – озвучил заместитель председателя Конституционного суда.


✔️ Он добавил, что реализация данной идеи органично дополняет другие положения проекта новой Конституции. В частности, Преамбулу и основополагающие принципы Республики Казахстан, в числе которых продвижение идей ответственного и созидательного патриотизма, утверждение ценностей трудолюбия и т.д.

✔️ Как отметил Бакыт Нурмуханов, другие изменения связаны с организацией деятельности Курултая.

🔹 Так, предлагается исключить пункт 3 статьи 59 проекта, согласно которому порядок образования, полномочия, организация деятельности комитетов и комиссий определяются законом.

✔️ Он напомнил, что в настоящее время вопросы деятельности комитетов и комиссий высшего представительного органа регламентируются Конституционным законом «О Парламенте Республики Казахстан и статусе его депутатов», Законом «О комитетах и комиссиях Парламента РК», регламентами Парламента и его палат.

«Данная поправка позволит охватить эти вопросы в названном Конституционном законе и повысить уровень их правового регулирования», – подчеркнул Бакыт Нурмуханов.


✔️ Он также сообщил, что продолжается работа по совершенствованию текстов проекта Конституции на государственном и русском языках.

✔️ По словам Бакыта Нурмуханова, рабочей группой принимаются меры по оптимизации формулировок, чтобы обеспечить доступность и понятность содержания правовых норм. При этом особое внимание обращается на обеспечение терминологического и семантического единства проектов.

🔹 В частности, на основе предложений специалистов Правительства, Парламента, Администрации Президента, редакционно-терминологической рабочей группы Конституционной комиссии, Международного общества «Қазақ тілі» и привлеченных лингвистов осуществлены отдельные редакционные и стилистические правки.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
▪️▪️

Қазақстанның жаңа Конституциясында меншік нысандарын барынша нақтылай түсу ұсынылды

Мәжіліс депутаты, «Ақ жол» партиясы фракциясының жетекшісі Азат Перуашев ҚР жаңа Конституциясында меншік нысанын барынша нақтылап бекітуді ұсынды. Ол өз ұсынысын Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның оныншы отырысында айтты.


✔️ Азат Перуашев меншік институтының мәртебесі инвестициялық тартымдылық пен экономиканың оң бизнес-ахуалы үшін маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

✔️ Оның айтуынша, қолданыстағы Конституцияда меншіктің тек екі түрі қарастырылған: мемлекеттік және жеке меншік. Сонымен бірге қазіргі экономистер кем дегенде меншікті 5-6 түріге бөледі.

«Финляндия, Литва, Латвия, Әзірбайжан және басқа елдердің конституцияларында мемлекеттік және жеке меншікпен қатар муниципалдық нысан көрсетілген. Қытай, Бразилия, Үндістан конституцияларында бұған ұжымдық немесе кооперативтік меншік қосылған. Кейбір елдерде жария меншік, яғни жария қор нарығында орын алатын компаниялардың меншігі ерекше көзге түседі. Бірқатар басқа елде экономикалық алуандылықты ынталандыру мақсатында Конституциядағы меншік нысандарының тізбесі мүлде шектелмеген», – деді ол.


✔️ Азат Перуашевтің пікірінше, нарықтық қатынастардың бүгінгі дамуы қосымша муниципалдық меншікті, ПМИК пен кондоминиумдардың, АШӨК мен кәсіпкерлердің мүлкін анықтау қажеттілігін туғызады.

✔️ Ол сондай-ақ Мемлекет басшысы кооперативтерді ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін ең тиімді қызмет түрлерінің бірі ретінде белгілеген Президенттің қаңтардағы «Түркістан» газетіне берген сұхбатын еске салды.

«Бірақ кооператив бүгінде Азаматтық кодексте түсіндірілгендей жеке меншіктің қарапайым жиынтығы ма? Пайшылардың латифундистермен, кредиттік серіктестіктердің қарыз алушылармен көпжылдық даулары және басқа да мысалдар бұл мәселе қолданыстағы заңнамада толық пысықталмағанын көрсетеді», - деп атап өтті депутат.


✔️ Оның айтуынша, тура осылайша бірлескен меншіктің басқа түрлері туралы да айтуға болады, өйткені бүгінде бизнесте жеке кәсіпорындар ғана емес, сонымен қатар мемлекет қатысатын жеке құрылтайшылардың кәсіпорындары, АШӨК атынан шығатын муниципалды органдармен байланысқан бизнес және т.б. дамуда.

✔️ Азат Перуашев индустрия мен креативті экономиканың әртүрлі жаңа нысандарының қарқынды өсуін ескере отырып, уақыт өте келе цифрлық меншіктің жаңа нысандарын анықтау қажеттілігі туындауы мүмкін екенін айтты.

«Осыған байланысты меншік мәселесін шешудегі негізгі қағидат деп нарықтық қатынастар, яғни бәсекелестік, монополияларға қарсы іс-қимыл өлшемшарттары, нақтылап айтқанда – әртүрлі тәсілдерді таңдау мүмкіндігі екенін атап өту қажет деп санаймын», – деді депутат.


🔹 Осыған байланысты «Ақ жол» партиясы фракциясының жетекшісі жаңа Конституцияда меншік нысанын барынша нақтылау мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

🔹 Атап айтқанда, 8-баптың 1-тармағын мынадай редакцияда жазуды ұсынды: «Қазақстан Республикасында меншіктің барлық нысандары танылады, кепілдендіріледі және тең дәрежеде қорғалады».

«Бұл тек мемлекеттік және жеке меншікті ғана емес, экономиканы әртараптандыру және ұлттың әл-ауқатының өсуін қамтамасыз ету мақсатында бизнестің, қоғамның және мемлекеттің ресурстары мен мүмкіндіктерін экономикалық айналымға кеңінен тарту мүмкіндігін ашатын және қорғауды білдіретін барлық басқа да ықтимал нысандарды қолдауды білдіреді», – деп атап өтті Азат Перуашев.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
▪️▪️

В Казахстане предложили важную новеллу о формах собственности для новой Конституции РК

Депутат Мажилиса, руководитель фракции партии «Ақ жол», Азат Перуашев предложил закрепить более широкое определение форм собственности в новой Конституции РК. Свое предложение он озвучил на десятом заседании Комиссии по Конституционной реформе.


✔️ Как подчеркнул Азат Перуашев, статус института собственности играет важную роль для инвестиционной привлекательности и позитивного бизнес-климата экономики.

✔️ По его словам, в действующей Конституции предусмотрены только два вида собственности: государственная и частная. При этом современные экономисты выделяют как минимум 5-6 различных видов собственности.

«В Финляндии, Литве, Латвии, Азербайджане и других странах, наряду с государственной и частной собственностью, в конституциях отражена муниципальная форма. В конституциях Китая, Бразилии, Индии к ним добавлена коллективная или кооперативная собственность. В некоторых странах особо выделяется публичная собственность, то есть собственность компаний, котирующихся на публичном фондовом рынке. В ряде других стран в целях стимулирования экономического разнообразия перечень форм собственности в Конституции вообще не ограничен», – озвучил он.


✔️ По мнению Азата Перуашева, сегодняшнее развитие рыночных отношений создает необходимость дополнительно определять муниципальную собственность, имущество КСК и кондоминиумов, СПК и предпринимателей.

✔️ Он также напомнил январское интервью Президента газете «Туркестан», в которой Глава государства обозначил кооперативы одной из наиболее эффективных форм деятельности для сельхозпроизводителей.

«Но является ли кооператив простой суммой частных собственностей, как сегодня трактует Гражданский кодекс? Многолетние споры пайщиков с латифундистами, кредитных товариществ с заемщиками и другие примеры говорят о том, что этот вопрос в действующем законодательстве до конца не проработан», – отметил депутат.


✔️ По его словам, аналогичным образом можно говорить и о других видах совместной собственности, поскольку сегодня в бизнесе развиваются не только частные предприятия, но и предприятия частных учредителей с участием государства, бизнеса с муниципальными органами в лице СПК и т.д.

✔️ Азат Перуашев добавил, что, учитывая бурный рост различных новых форм индустрии и креативной экономики, со временем может появиться потребность в определении новых форм цифровой собственности.

«В этой связи считаю нужным подчеркнуть, что базовым принципом при решении вопроса собственности выступают рыночные отношения, то есть критерии конкуренции, противодействия монополиям, шире говоря – возможность выбора из разнообразных подходов», – сказал депутат.


🔹 В этой связи руководитель фракции партии «Ақ жол» предложил предусмотреть в новой Конституции РК возможности более широкого определения форм собственности.

🔹 А именно изложить пункт 1 статьи 8 в следующей редакции: «В Республике Казахстан признаются, гарантируются и равным образом защищаются все формы собственности».

«Это подразумевало бы поддержку и защиту не только государственной и частной собственности, но и всех других возможных форм, что открыло бы возможность более широкого вовлечения в экономический оборот ресурсов и возможностей бизнеса, общества и государства в целях диверсификации экономики и обеспечения роста благосостояния нации», – подчеркнул Азат Перуашев.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
▪️▪️

Индира Әубәкірова: жаңа Конституция адам құқықтары мен азамат құқықтарының аражігін айқын белгілейді

Заңнама және құқықтық ақпарат институтының директоры Индира Әубәкірова Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның оныншы отырысында жаңа Ата заң жобасының 14-бабының 2, 3 және 5-тармақтарына енгізіліп отырған өзгерістердің мәнін түсіндірді.

✔️ Оның айтуынша, бұл түзетулер жай ғана абстрактілі құқықтық ұғымдарды емес, әрбір адамның күнделікті өміріне тікелей әсер ететін маңызды дүниелерді қамтиды.

«Мәселе күрделі заң терминдерінде емес, әрбір адамға қандай құқықтар туғаннан бері тиесілі, қай құқықтар тек азамат мәртебесімен байланысты және мұның не үшін маңызды екенінде жатыр», – деп атап өтті спикер.


✔️ Индира Әубәкірова Конституция жобасында адам құқықтары мен бостандықтары азаматтың құқықтары мен міндеттерінен нақты ажыратылғанын айтты.

«Құқықтар мен бостандықтар әрбір адамға дүниеге келген сәттен бастап тиесілі. Яғни, мемлекет оларды бермейді және өз қалауы бойынша алып қоя алмайды», – деді ол.


✔️ Мұндай құқықтар абсолютті әрі ажырамас сипатқа ие және азаматтыққа, ұлтқа немесе әлеуметтік мәртебеге тәуелді емес. Сондықтан, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар да бұл құқықтарды Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең дәрежеде пайдалана алады.

✔️ Индира Әубәкірова 14-баптың 3-тармағына ерекше тоқталып, азаматтың құқықтары азаматтықпен тікелей байланысты екенін алға тартты. Оның айтуынша, мұндай құқықтар адамның мемлекетпен тұрақты құқықтық байланысына негізделеді және ол өзара құқықтар мен міндеттердің болуын білдіреді. Осы себепті шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар азаматтарға ғана тән жекелеген құқықтарды тек заңда нақты көрсетілген жағдайларда ғана пайдалана алады.

✔️ Сондай-ақ, ол 14-баптың 5-тармағына түсініктеме беріп, құқықтар мен бостандықтарды жүзеге асырудың шегін белгілеу оларды шектеу деген сөз емес екенін айтты. Бұл шек, керісінше, бір адамның еркіндігі екінші адамның құқықтары мен бостандығына нұқсан келтірмеуі үшін қажетті тепе-теңдікті сақтауға бағытталған. Конституция жобасында құқықтар мен бостандықтарды іске асыру өзге адамдардың құқықтарын құрметтеу, конституциялық құрылыстың негіздерін сақтау, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, халықтың денсаулығы мен қоғамдық моральды қорғау талаптарымен тығыз байланысты екені айқын көрсетілген.

✔️ Әубәкірованың айтуынша, ұсынылып отырған өзгерістер құқықтық айқындықты күшейтіп, нормаларды еркін әрі субъективті түрде түсіндіру қаупін азайтуға мүмкіндік береді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM