Конституциялық Сот 🇰🇿
✔
6.4K subscribers
1.68K photos
267 videos
1.59K links
🇰🇿Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты

🇰🇿Конституционный Суд Республики Казахстан

https://taplink.cc/consud.kz
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
▪️▪️

«Ата заң жобасы мемлекет болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілікті сезінетін ұзақ мерзімдіге бағытталған» – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Сергей Пономарев

****

«Проект Основного закона ориентирован на долгосрочную перспективу, в которой государство осознает ответственность перед будущими поколениями» – депутат Мажилиса Парламента РК Сергей Пономарев
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
▪️▪️

Саясаттанушы Марат Шибутов Қазақстан Конституциясының даму кезеңдері туралы айтып берді

****

Политолог Марат Шибутов об этапах развития Конституции Казахстана
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
▪️▪️

«Пысықталған жаңа Конституция жобасын республикалық референдумға шығару үшін Мемлекет басшысына ұсыну қажет деп санаймын» – Конституциялық Сот төрағасы, Конституциялық комиссияның төрағасы Эльвира Азимова

****

«Считаю необходимым предложить Главе государства вынести на республиканский референдум доработанный проект новой Конституции» – Председатель Конституционного Суда РК, Председатель Конституционной комиссии Эльвира Азимова
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
▪️▪️

В новой Конституции отразили все переходные процедуры, сроки и регламенты – Бакыт Нурмуханов

В ходе 12-ом заседания Комиссии по Конституционной реформе заместитель председателя Конституционного Суда Республики Казахстан Бакыт Нурмуханов сообщил о дополнительных нормах, включенных в проект нового Основного закона по итогам поступивших предложений.

✔️ По его словам, одним из ключевых направлений стало усиление гарантий неприкосновенности жилища. Бакыт Нурмуханов подчеркнул, что в пункте 1 статьи 28 предусмотрено дополнение, не допускающее не только лишение жилища, но и выселение из него, иначе как по решению суда. Проникновение в жилище, осуществление его осмотра и обыска допускаются в случаях и в порядке, установленных законом.

✔️ По итогам анализа дополнительно предусмотрены нормы, регламентирующие сроки вступления новой Конституции в силу и прекращения действия Конституции 1995 года. Отдельные положения будут регулировать вопросы перехода к однопалатному Курултаю и проведения его выборов. Спикер уточнил, что еще один блок касается назначения должностных лиц и формирования новых государственных органов.

«Хотел бы отметить, что ранее принятые нормативные постановления Конституционного Совета и Конституционного Суда сохраняют юридическую силу в части, не противоречащей Основному Закону», – заявил Бакыт Нурмуханов.


✔️ В завершение он сообщил о доработке текстов проекта. По словам спикера, тексты проекта Конституции на государственном и русском языках максимально усовершенствованы.

«В них обеспечено терминологическое и семантическое единообразие. Формулировки правовых норм доступны и их содержание понятны для широкой аудитории. В этом направлении особо хотел бы отметить большую работу рабочих групп из числа юристов и специалистов лингвистов. Доработанный проект новой Конституции всесторонне рассмотрен и поддержан на заседаниях Комиссии и ее рабочих групп. Он получил положительные отзывы и на встречах членов Комиссии с гражданами и представителями юридической общественности», – подытожил Бакыт Нурмуханов.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
▪️▪️

Новая Конституция готова к вынесению на всенародный референдум – Айдос Сарым

Проект новой Конституции является уникальным историческим документом, подготовленным в результате кропотливого труда экспертов и общественности. И он полностью готов для вынесения на общенародный референдум. Такое мнение озвучил депутат Мажилиса Айдос Сарым на 12-м заседании Комиссии по Конституционной реформе.

✔️ Как отметил Айдос Сарым, в ходе подготовки новой Конституции было совершено много важных прорывов.

«Благодаря слаженной совместной работе сумели найти нужные формулы и формулировки, которые уже очень скоро начнут менять жизнь наших сограждан к лучшему, менять облик нашего государства и общества», – сказал депутат.


✔️ По его словам, проект нового Основного закона в полной мере учитывает исторический контекст Казахстана и подчеркивает преемственность государства.

«Для меня как для историка и архивиста такие подходы бесценны. Я искренне считаю, что мы создали Конституцию новой судьбы, общей судьбы» – озвучил Айдос Сарым.


✔️ Он подчеркнул, что в проекте в полной мере учтены вопросы национальной безопасности, обеспечения национального единства и солидарности, нерушимости границ Казахстана.

✔️ Кроме того, впервые в своей Конституции Казахстан обозначает приоритет науки, образования, культуры и инноваций.

«Мы одним из первых государств мира в Основном законе обозначаем цифровые права граждан. Именно в этих сферах будет идти самая основная конкуренция между странами мира. Мы готовы к открытой, честной и цивилизованной конкуренции», – сказал депутат.


✔️ Депутат озвучил, что проект Конституции предопределяет в качестве национальных приоритетов принципы Закона и Порядка, а также общей экологической ответственности казахстанцев за судьбу природы страны.

«Наш проект Конституции – это Конституция свободы, порядка, законности и взаимной ответственности», – сказал Айдос Сарым.


✔️ В завершение он добавил, что в ходе подготовки нового Основного закона была проделана большая и кропотливая работа.

«Уверен, что в нынешнем виде его можно предложить Президенту для вынесения на общенародный референдум. Мы готовы создать Республиканский штаб и выехать во все регионы страны, чтобы честно и уверенно говорить с каждым гражданином страны», – заключил депутат.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
▪️▪️

«Настало время утвердить ее решением народа» — партия «Ауыл» призвала казахстанцев поддержать новую Конституцию

На 12-м заседании Комиссии по конституционной реформе председатель партии «Ауыл» Серик Егизбаев высказал свою позицию относительно проекта новой Конституции, подготовленного на основе тысяч предложений и мнений, поступивших от общества.

✔️ В своем выступлении спикер отметил, что данный документ полностью отвечает актуальным запросам общества и учитывает требования и пожелания граждан.

«В ходе обсуждения были учтены тысячи предложений. Мы выносим на решение народа нашу новую Конституцию, которая определит дальнейший путь развития страны, новую модель взаимоотношений гражданина и государства, а также направления государственного управления», – сказал он.


✔️ По словам Серика Егизбаева, документ основан на принципах приоритета человека и его ценностей, баланса ветвей власти, верховенства закона и социальной справедливости.

✔️ Кроме того, спикер сообщил, что партия «Ауыл» провела масштабную разъяснительную работу по проекту Конституции в регионах страны.

«В Караганды, Кызылорде, Северо-Казахстанской области, Костанай, Кокшетау, Шымкенте и других регионах были организованы встречи с населением, и мнение граждан было полностью учтено», — отметил председатель партии «Ауыл».


✔️ По его словам, жители сел воспринимают предлагаемые изменения не как простые законодательные поправки, а как жизненно важные шаги, которые напрямую повлияют на их повседневную жизнь. В ходе встреч граждане выразили общее мнение о том, что судьбу этой инициативы должен определить народ, подчеркнув особую значимость утверждения документа посредством всенародного решения.

«В этой связи хочу отметить важный момент: на встречах граждане единогласно говорили: Настало время утвердить этот документ решением народа. Поэтому предлагаю вынести проект Конституции на всенародный референдум. Призываю всех соотечественников поддержать нашу новую Конституцию!» — подытожил своё выступление Серик Егизбаев.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
▪️▪️

Бақыт Нұрмұханов: жаңа Конституцияда барлық өтпелі рәсімдер, мерзімдер мен регламенттер көрініс тапты

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның 12-ші отырысы барысында Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов келіп түскен ұсыныстардың қорытындылары негізінде жаңа Ата Заң жобасына енгізілген қосымша нормалар туралы хабарлады.

✔️ Оның айтуынша, негізгі бағыттардың бірі – тұрғын үйге қол сұғылмаушылық кепілдігін күшейту. Бақыт Нұрмұханов 28-баптың 1-тармағында тек тұрғын үйден айыруға ғана емес, соттың шешімінсіз одан шығаруға да жол бермейтін толықтыру көзделгенін атап өтті. Тұрғын үйге басып кiруге, оны қарап-тексеруге, тiнтуге заңда белгіленген жағдайда және көзделген тәртiппен жол берiледi.

✔️ Талдау қорытындылары бойынша жаңа Конституцияның күшіне ену және 1995 жылғы Конституцияның қолданысын тоқтату мерзімдерін регламенттейтін нормалар қосымша көзделген. Жекелеген ережелер бірпалаталы Құрылтайға көшу және оның сайлауын өткізу мәселелерін реттейтін болады. Спикер нормалардың басқа бөлігі лауазымды тұлғаларды тағайындауға және жаңа мемлекеттік органдарды қалыптастыруға қатысты екенін атап өтті.

«Конституциялық Кеңес пен Конституциялық Соттың бұрын қабылданған нормативтік қаулылары Ата заңға қайшы келмейтін бөлігінде заңды күшін сақтайтынын атап өткім келеді», – деді Бақыт Нұрмұханов.


✔️ Соңында ол жоба мәтіндерінің пысықталғаны туралы хабарлады. Спикердің айтуынша, Конституция жобасының мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндері барынша жетілдірілген.

«Оларда терминологиялық және семантикалық бірізділік қамтамасыз етілген. Құқықтық нормалардың тұжырымдамалары қолжетімді және олардың мазмұны баршаға түсінікті етіп жазылған. Бұл бағытта заңгерлер мен лингвист мамандардан құралған жұмыс топтарының үлкен жұмысын ерекше атап өткім келеді. Жаңа Конституцияның пысықталған жобасы Комиссия мен жұмыс топтарының отырыстарында жан-жақты талқыланып, қолдау тапты. Комиссия мүшелерінің азаматтармен және заң қоғамдастығы өкілдерімен өткізген кездесулерінде де оң пікірлер айтылды», - деп қорытындылады Бақыт Нұрмұханов.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
▪️▪️

Жаңа Конституция жалпыхалықтық референдумға шығаруға дайын – Айдос Сарым

Жаңа Конституция жобасы – сарапшылар мен қоғам өкілдерінің ұзақ әрі тиянақты еңбегінің нәтижесінде әзірленген бірегей тарихи құжат. Ол жалпыхалықтық референдумға шығаруға толық дайын. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Айдос Сарым Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның 12-ші отырысында мәлімдеді.

✔️ Айдос Сарымның айтуынша, жаңа Конституцияны дайындау барысында бірқатар маңызды серпінді қадамдар жасалды.

«Бірлесе және үйлесімді атқарылған жұмыстың арқасында қажетті құқықтық нормалар мен тұжырымдарды таба алдық. Олар жуырда азаматтарымыздың өмірін оң бағытта өзгертіп, мемлекетіміз бен қоғамымыздың жаңа келбетін қалыптастыруға ықпал етеді», – деді депутат.


✔️ Оның сөзінше, жаңа Ата заңның жобасы Қазақстанның тарихи даму жолын жан-жақты ескеріп, мемлекеттіліктің сабақтастығын айқындайды.

«Тарихшы әрі мұрағатшы ретінде мұндай ұстаным мен үшін айрықша құнды. Біз жаңа тағдырдың, ортақ болашақтың Конституциясын жасадық деп шынайы сеніммен айта аламын», – деді Айдос Сарым.


✔️ Сондай-ақ, ол құжатта ұлттық қауіпсіздік, ел бірлігі мен қоғамдық келісімді сақтау, Қазақстан шекарасының мызғымастығын қамтамасыз ету мәселелері толық қамтылғанын атап өтті.

✔️ Бұдан бөлек, Қазақстан өз Конституциясында алғаш рет ғылым, білім, мәдениет және инновация салаларының басымдығын айқындап отыр.

«Біз әлемдегі алғашқы мемлекеттердің бірі болып азаматтардың цифрлық құқықтарын Ата заң деңгейінде бекітіп отырмыз. Дәл осы салаларда мемлекеттер арасындағы басты бәсекелестік жүреді. Біз ашық, адал әрі өркениетті бәсекеге дайынбыз», – деді депутат.


✔️ Сонымен қатар, оның айтуынша, Конституция жобасында «Заң мен Тәртіп» қағидаттары ұлттық басымдық ретінде айқындалып, қазақстандықтардың ел табиғатының тағдырына ортақ экологиялық жауапкершілігі бекітілген.

«Біздің Конституция жобамыз – бұл еркіндік, тәртіп, заңдылық және өзара жауапкершілік Конституциясы», – деді Айдос Сарым.


✔️ Сөз соңында ол жаңа Конституцияны әзірлеу барысында ауқымды әрі мұқият жұмыс жүргізілгенін атап өтті.

«Қазіргі нұсқада оны Президентке ұсынып, жалпыхалықтық референдумға шығаруға әбден болады деп сенемін. Біз республикалық штаб құрып, еліміздің барлық өңіріне барып, әрбір азаматпен ашық әрі сенімді диалог жүргізуге дайынбыз», – деп түйіндеді депутат.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
▪️▪️

«Халықтың шешімімен бекітетін уақыт жетті» – Ауыл партиясы қазақстандықтарды жаңа Конституцияны қолдауға шақырды

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның 12-ші отырысында «Ауыл» партиясының төрағасы Серік Егізбаев қоғамнан келіп түскен сан мыңдаған ұсыныс-пікірлер негізінде әзірленген жаңа Конституция жобасына қатысты өз көзқарасын білдірді.

✔️ Өз сөзінде спикер бұл құжаттың елдегі өзекті қоғамдық сұраныстарға толық жауап беретінін, азаматтардың талап-тілегі ескерілгенін айтты.

«Талқылау барысында қоғамнан келіп түскен мыңдаған ұсыныстар ескерілген, еліміздің болашақтағы даму барысын, азамат пен мемлекеттің өзара қарым-қатынасының жаңа моделін, мемлекеттік басқарудың бағыт-бағдарын айқындайтын жаңа Конституциямызды халықтың шешіміне ұсынғалы отырмыз», – деді ол.


✔️ Серік Егізбаевтың сөзінше, құжаттың негізінде адам және адами құндылықтар, билік тармақтарының теңгерімі, заң үстемдігі мен әлеуметтік әділеттілік қағидаттары жатыр.

✔️ Мұнымен қоса, спикер «Ауыл» партиясының тарапынан республика өңірлерінде Конституция жобасын түсіндіру бойынша кең ауқымды жұмыстардың жүргізілгенін жеткізді.

«Қарағанды, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Көкшетау, Шымкент және өзге де өңірлерде халықпен кездесулер ұйымдастырылып, елдің пікірі толық ескерілді», – деді «Ауыл» партиясының төрағасы.


✔️ Оның айтуынша, ауыл тұрғындары ұсынылып отырған өзгерістерді құр заңнамалық түзетулер ретінде емес, өздерінің тұрмыс-тіршілігіне нақты ықпал ететін өмірлік маңызы бар қадамдар деп қабылдауда. Кездесулер барысында азаматтар бұл бастаманың тағдырын халықтың өзі айқындауы қажет деген ортақ ұстаным білдіріп, құжатты жалпыхалықтық шешім арқылы бекітудің маңызы ерекше екенін атап өткен.

«Осы орайда маңызды бір жайтты айтқым келеді: кездесулерде барлық азаматтар бір ауыздан: «Бұл құжатты халықтың шешімімен бекітетін уақыт жетті» деген пікірді жиі айтты. Сондықтан, Конституция жобасын жалпыұлттық референдумға шығаруды ұсынамын. Барлық отандастырымызды жаңа Конституциямызды қолдауға шақырамын!», – деп қорытындылады сөзін Серік Егізбаев.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
▪️▪️

Келіп түскен жүйелі ұсыныстар жаңа Конституция мәтінінде көрініс тапты – Ерлан Қарин

Заңгерлер мен тіл мамандарының бірлескен жұмысының нәтижесінде жаңа Ата Заң мәтіні оқуға жеңіл, түсінуге оңай, құқықтық тұрғыдан нақты құжатқа айналды. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Конституциялық комиссияның 12-ші отырысында мәлімдеді.

✔️ Оның айтуынша, жарты жыл бойы қоғамдық талқылаулар негізінде дайындалған жаңа Конституция мәтіні екі апта бұрын жарияланып, қызу талқыланды. Осы аралықта азаматтардан 10 мыңға жуық ұсыныс келіп түсті. Бұл Конституция мәтіні жан-жақты талқылаудан өткенін, қоғам тарапынан үлкен қызығушылық болғанын және азаматтардың барынша белсенді болғанын айғақтайды.

«Жаңа Конституция жобасы жарияланғаннан кейін де келіп түскен ұсыныстар негізінде тағы қосымша нормалар, басқа да редакциялық-стилистикалық өзгерістер енгізілді. Қойылған сұрақтарға, айтылған сын-пікірлерге Комиссия мүшелері тарапынан бірден жауап я түсініктеме беріліп отырды. Осылайша, Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаты негізінде қоғаммен кері байланыс орнатылып, азаматтардың ұсыныс-пікірі мүмкіндігінше ескерілді», – деді Ерлан Қарин.


✔️ Яғни, келіп түскен барлық жүйелі ұсыныстар Конституция мәтінінде көрініс тапты. Сондықтан, әр өңірден, түрлі саладан жиналған 130 адамнан тұратын Комиссияның ашықтығы негізінде, мыңдаған азаматтың мазмұнды ұсыныс-пікірлерін ескере отырып әзірленген жаңа Конституция жобасын Халықтық Конституция деп айтуға толық негіз бар.

«Осылайша, біз мемлекет пен қоғам тұтастығының, бірлігінің жаңа үлгісін көрсеттік. Болашақта жаңа Конституция азаматтардың қолдауымен референдумда қабылданып жатса, бұл тек құқықтық құжат емес, жалпыұлттық идея мен құндылықтар тұрғысынан қоғамдық бірліктің іргетасына айналарына сенім білдіргім келеді», – деді ол.


✔️ Мемлекеттік кеңесші жаңа Конституция тұңғыш рет қазақ тілінде – мемлекеттік тілде әзірленіп, мемлекеттік, елдік, ұлттық мүдде тұрғысынан жазылғанын еске салды.

«Конституция нормаларының мәні нақтыланып, түрлі шешімдерге негіз болатын кемшіліктер жойылды. Бұл – көзге көрінбейтін, бірақ өте маңызды әрі күрделі жұмыстардың бір бөлігі ғана. Осындай жұмыстардың нәтижесінде жаңа Ата Заңның мәтіні оқуға жеңіл, түсінуге оңай, құқықтық тұрғыдан нақты құжатқа айналды», – деп түйіндеді Ерлан Қарин.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
▪️▪️

«Ақ жол» партиясы жаңа Конституция жобасын қолдайды – Азат Перуашев

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның 12-отырысында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» партиясы фракциясының жетекшісі Азат Перуашев жаңа Конституция жобасын қолдайтынын мәлімдеп, оны жалпыхалықтық референдумға шығаруды ұсынды.

✔️ Депутат жаңа Ата заңның жобасы бойынша шамамен жарты жылға созылған жұмыс барысында фракция парламенттік реформаға және құжаттың өзге де бөлімдеріне қатысты 50-ден астам түзету жолдағанын айтты.

✔️ Перуашев кәсіпкерлік құқығын қорғау, меншік нысандарының алуан түрлілігі мен кепілдіктерін сақтау, сондай-ақ банк және коммерциялық құпияны қорғау туралы ережелер жаңа Конституциядағы өзге де жаңашыл нормалармен бірге кәсіпкерлердің заңды құқықтарын қорғауға, инвестициялық ахуалды жақсартуға және жеке бизнестің дамуына оң әсер ететініне тоқталды.

«Елімізге жай ғана инвестиция емес, ең озық технологияларды әкелуге мүмкіндік беретін «жедел дамитын қалаларға» ерекше мәртебе беру мүмкіндігін аса маңызды деп санаймыз. Өйткені жаңа өнімдер, тауарлар мен қызмет түрлері пайда болғанда, оларды реттеу тетіктері әрдайым үлгере бермейді», – деп атап өтті ол.


✔️ Фракция жетекшісі партияның бір палаталы Парламентке көшу қажеттігі жөніндегі ұстанымын тағы да растады. Оның айтуынша, партия бұл модельді дәйекті түрде жақтап келеді және Конституция жобасы «Ақ жолдың» ұлттық бизнес пен отандық кәсіпкерлердің мүддесін қорғау бағытындағы көзқарастары мен қағидаттарына сәйкес келеді.

«Құжат жоғары ұйымдастырушылық әрі мазмұндық деңгейде әзірленді деп есептейміз. Әріптестеріміздің жаңа Конституция жобасын жалпыхалықтық референдумға шығару жөніндегі ұсынысын қолдаймыз», – деді Азат Перуашев.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Партия «Ақ жол» поддерживает проект новой Конституции – Азат Перуашев

На 12-ом заседании Комиссии по Конституционной реформе депутат Мажилиса Парламента Республики Казахстан, руководитель фракции партии «Ақ жол» Азат Перуашев заявил о поддержке проекта нового Основного Закона и предложил вынести его на всенародный референдум.

✔️ Депутат сообщил, что в рамках работы над проектом новой Конституции, продолжавшейся около полугода, фракция направила более 50 поправок, касающихся парламентской реформы и других разделов документа.

✔️ Перуашев подчеркнул, что положения о защите прав бизнеса, гарантий и разнообразия форм собственности, а также защиты банковской и коммерческой тайны вместе с другими новеллами новой Конституции окажут позитивное влияние на защиту законных прав предпринимателей, формирование привлекательного инвестиционного климата и развитие частного бизнеса.

«Мы считаем крайне важной возможность придания особого статуса «городам ускоренного развития», что даст возможность привлечения в нашу страну не просто инвестиций, но и новейших технологий, регулирование которых не всегда успевает за появлением новых видов продукции, товаров и услуг», – отметил он.


✔️ Руководитель фракции вновь подтвердил принципиальную позицию партии о необходимости перехода к однопалатному Парламенту. Он подчеркнул, что партия последовательно отстаивала эту модель и считает, что проект Конституции соответствует взглядам и принципам, которые «Ақ жол» защищает в интересах национального бизнеса и отечественных предпринимателей.

«Мы считаем, что разработка документа состоялась на высоком организационном и содержательном уровне. Поддерживаем предложение коллег о вынесении данного проекта новой Конституции на всенародный референдум», – заявил Азат Перуашев.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
▪️▪️

«Respubliсa» партиясы жаңа Конституция жобасын қолдайды – Айдарбек Қожаназаров

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның 12-ші отырысында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Respubliсa» партиясы фракциясының жетекшісі Айдарбек Қожаназаров жаңа Конституция жобасын қолдайтынын мәлімдеді және оның еліміздің ары қарай дамуы үшін стратегиялық маңызға ие екенін атап өтті.

«Ұсынылып отырған Конституция жобасы дайын үлгілердің көшірмесі емес. Иә, біз халықаралық тәжірибені зерделеп, кәсіби қауымдастықпен кеңестік. Алайда түпкілікті мәтін – дербес таңдауымыздың нәтижесі. Ол біздің қоғамның құндылық негіздерін бейнелейді, тарихи сабақтастықты сақтайды әрі жаңа сын-қатерлерді ескереді», – деді депутат.


✔️ Құжаттың мазмұны туралы тоқталған Қожаназаров егемендіктің иесі әрі биліктің бірден-бір бастауы – халық екенін атап өтті. Мемлекеттің тұрақтылығы келісім мен ынтымаққа негізделеді. Оның айтуынша, болашақ даму бағыттары мен цифрлық трансформацияға ерекше көңіл бөлінген. Сонымен қатар ол басқару құрылымындағы өзгерістерге де тоқталды.

«Бір палаталы Парламент – Құрылтай қалыптастырылады, оның бақылау функциялары күшейтіледі. Партиялардың маңызы артып, олардың қоғам алдындағы саяси жауапкершілігі күшейеді. Бұл қадамдар институционалдық тепе-теңдікті қамтамасыз етуге бағытталған», – деді фракция жетекшісі.


✔️ Сөз соңында Айдарбек Қожаназаров жаңа Ата Заң ұзақ мерзімді институционалдық жаңғыру құралы екенін жеткізді.

«Жалпы алғанда, жаңа Конституция – жай ғана құқықтық құжат емес. Бұл – институттарды жаңартуға арналған құрал. Біз өкілеттік пен жауапкершілік арасындағы сәйкестік, стратегиялық жауапкершілік пен қоғамдық сенім қалыпты қағидаға айналатын, мықты, әділетті әрі тұрақты Қазақстанның негізін қалаймыз», – деп түйіндеді ол.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
▪️▪️

Партия «Respubliсa» поддерживает проект новой Конституции – Айдарбек Ходжаназаров

На заседании Комиссии по Конституционной реформе депутат Мажилиса Парламента Республики Казахстан, руководитель фракции партии «Respubliсa» Айдарбек Ходжаназаров заявил о поддержке проекта новой Конституции и отметил его стратегическое значение для дальнейшего развития страны.

«Представленный проект Конституции не является механическим заимствованием готовых моделей. Да, мы изучали международную практику и консультировались с профессиональным сообществом, но итоговый текст – результат самостоятельного выбора. Он отражает ценностную основу нашего общества, сохраняет связь с историческим опытом и при этом учитывает новые вызовы», – заявил депутат.


✔️ Говоря о содержании документа, Ходжаназаров отметил, что носителем суверенитета и источником власти является народ, а устойчивость государства опирается на согласие и солидарность. Особое внимание, по его словам, уделено будущему развитию и цифровой трансформации. Он также отметил изменения в архитектуре управления.

«Формируется однопалатный Парламент – Курултай, усиливаются его контрольные функции, расширяется участие партий и повышается их политическая ответственность перед обществом. Эти шаги направлены на достижение институционального баланса», – заявил руководитель фракции.


✔️ В завершение Айдарбек Ходжаназаров подчеркнул, что новый Основной Закон является инструментом долгосрочного институционального обновления.

«В целом новая Конституция – это не просто правовой документ. Это инструмент обновления институтов, рассчитанный на долгий горизонт. Мы формируем основу для сильного, справедливого и устойчивого Казахстана – государства, в котором соответствие полномочий и ответственности, стратегическая ответственность и доверие общества становятся нормой, а не исключением», – заключил он.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
▪️▪️

Магеррам Магеррамов: Қазақстан Халық партиясы Қазақстанның жаңа Конституциясының жобасын қолдайды

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Халық партиясы фракциясының жетекшісі Магеррам Магеррамов Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның 12-ші отырысында жаңа Конституция жобасының маңыздылығы туралы айтып, құжаттың өңірлерде кеңінен қолдау тапқанын жеткізді.

✔️ Депутат құжатта «Әділетті Қазақстан» қағидатының айқындалғанын атап өтті.

«Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы алғаш рет Преамбула мен жалпы ережелер деңгейінде мемлекеттік дамудың іргелі бағдары ретінде «Әділетті Қазақстан» құндылығын белгіледі. Әділетті Қазақстан қағидаты Қазақстан Халық партиясы толық қолдайтын әлеуметтік әділеттілікті білдіреді. Әділетті Қазақстан – «Заң мен Тәртіп» қағидатын сөзсіз ұстанатын ел; тең мүмкіндіктер елі, кепілдендірілген құқықтар мен бостандықтар елі», – деді депутат.


✔️ Сондай-ақ, ол тарихи сабақтастық пен ұлттық құндылықтарға назар аударды. Оның айтуынша, жаңа Конституцияның Преамбуласында қоғамдық бейбітшілік пен орнықты дамудың жалғыз қолайлы негізі ретінде этносаралық және конфессияаралық келісімге айтарлықтай көңіл бөлінген. Оның сөзінше, еңбек етуге құқығы туралы норма ерекше қолдау тапты.

✔️ Институционалдық өзгерістер туралы айта келе, Магеррамов мемлекеттік биліктің жаңа құрылымы жайында сөз қозғады. Бірпалаталы Парламентті, «Халық кеңесі» жоғары консультативтік органын құру, сондай-ақ Конституция жобасының түбегейлі жаңалықтары жаңа бағдар береді. Депутаттың айтуынша, қазір мемлекет тек процестерді басқаруға ғана емес, азаматтарға қызмет етуге негізделген.

✔️ Магеррамов жобаның кеңінен қолдау тапқанына тоқталып, оны референдумға шығаруды ұсынды.

«Мен қазақстандықтардың басым көпшілігінің жаңа Конституция жобасын толық қолдайтынын сеніммен айта аламын. Мұны тек Комиссияның ғана емес, сонымен қатар еліміздің барлық өңірлеріндегі жаңа Конституция жобасын әртүрлі қоғамдық, әлеуметтік топтармен, қоғамдық ұйымдармен және еңбек ұжымдарымен талқылау аясында кездесулерді өткізген Халық партиясы филиалдарының жұмысына байланысты айтып отырмын»,– деді ол.


✔️ Мәжіліс депутаты Қазақстан Халық партиясының фракциясы тарапынан Парламент Мәжілісінде барлық филиалдарының, сарапшылардың, ғылыми және заң қоғамдастығы өкілдерінің, кәсіпкерлердің, үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен кеңейтілген отырыс өткізілгенін атап өтті. Отырысқа 100-ге жуық адам қатысып, азаматтар жаңа Конституция жобасына бірауыздан қолдау білдірді.

«Жаңа Конституцияның жобасы – өткен кезең мен бүгінгі басымдықтарды түсіне отырып, Қазақстанның болашақтағы жаңа бағдары туралы шешім қабылдаған халықтың бірлігі мен біртұтастығының белгісі деп айтуға болады. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, біз жаңа Конституцияның жобасын жалпыхалықтық референдумға шығаруды ұсынамыз», – деп қорытындылады сөзін Магеррам Магеррамов.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
▪️▪️

Народная партия Казахстана поддерживает проект новой Конституции Казахстана – Магеррам Магеррамов

На очередном заседании Комиссии по Конституционной реформе депутат Мажилиса Парламента Республики Казахстан, руководитель фракции Народной партии Казахстана Магеррам Магеррамов высказался о значении проекта новой Конституции и заявил о широкой поддержке документа в регионах.


✔️ Говоря о ценностной основе документа, депутат подчеркнул закрепление принципа «Справедливый Казахстан».

«Проект новой Конституции Республики Казахстан впервые закрепляет на уровне Преамбулы и общих положений ценностную установку «Справедливый Казахстан» как фундаментальный ориентир государственного развития. Принцип Справедливого Казахстана олицетворяет социальную справедливость, приверженцем которого является Народная партия Казахстана. Справедливый Казахстан – это страна, где безусловны следования принципу «Закона и Порядка»; страна равных возможностей, гарантированных прав и свобод, где обязанности так же неотъемлемы, как и права и свободы человека», – отметил депутат.


✔️ Он также акцентировал внимание на исторической преемственности и национальных ценностях. По его словам, в Преамбуле новой Конституции существенное внимание уделено межэтническому и межконфессиональному согласию как единственно здоровой основе общественного мира и устойчивого развития. Особую поддержку, по его словам, получила норма о праве на труд.

✔️ Говоря об институциональных изменениях, Магеррамов указал на новую архитектуру государственной власти. Создание однопалатного Парламента, высшего консультативного органа Халық кеңесі, а также принципиальные новшества проекта Конституции задают новый ориентир. По словам депутата, государство теперь строится на служении гражданам, а не только на администрировании процессов.

✔️ Магеррамов заявил о широкой поддержке проекта и предложил вынести его на референдум.

«Я могу с полной уверенностью сказать о широкой поддержке подавляющим большинством казахстанцев проекта Новой Конституции и это я говорю, опираясь на работу не только Комиссии, но, и партийных филиалов Народной партии во всех регионах страны, которые проводили встречи по обсуждению проекта новой Конституции с разными общественными, социальными группами, общественными организациями и трудовыми коллективами», – заявил он.


✔️ Депутат отметил, что В Мажилисе Парламента фракция Народной партии Казахстана провела расширенное заседание с участием всех филиалов партии, экспертов, представителей научного и юридического сообщества, предпринимателей, неправительственных организаций. На заседании приняло участие порядка 100 человек и Гражданами была высказана единодушная поддержка проекта новой Конституции

«С полным основанием можно констатировать, что проект новой Конституции – это продукт единства и сплоченности народа, который, осознавая свое прошлое и понимая настоящее, принял решение о будущем новом облике Казахстана. Учитывая изложенное, мы предлагаем вынести проект новой Конституции на всенародный референдум», – заключил Магеррам Магеррамов.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
▪️▪️

Жаңа Конституция орнықты әрі адамға бағдарланған саясаттың негізін қалыптастырады – Асхат Рахымжанов

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің әлеуметтік сипатын күшейтіп, саясаттың өзегіне адамды қоя отырып, азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысу мүмкіндігін кеңейтеді. Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның кезекті отырысында Ата Заң жобасын қолдау жөніндегі ұстанымы мен дәйектерін Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының төрағасы Асхат Рахымжанов мәлімдеді.

✔️ Ол Конституция жобасы ең алдымен әділдікке, теңдікке, құқықтарды қорғауға және мемлекеттің халық алдындағы жауапкершілігін арттыруға бағытталғанын атап өтті.

«Қоғамдық бірлестіктердің қызмет ету еркіндігін бекіту және азаматтардың қоғамдық өмірге қатысу аясын кеңейту – нағыз азаматтық қоғамды дамытуға жол ашады. Мұндай қоғамда кәсіподақтар, қоғамдық ұйымдар мен бастамашыл топтар еңбек адамдарының, жастардың және әлеуметтік осал санаттағы азаматтардың мүдделерін еркін қорғай алады. Бұл – тең мүмкіндіктер мен мемлекеттің әлеуметтік жауапкершілігі қағидаттарымен тікелей байланысты», – деді ЖСДП төрағасы.


✔️ Сонымен қатар, Асхат Рахымжанов осынау конституциялық нормалар маңызы адам мүддесіне бағдарланған орнықты саясаттың негізін қалыптастыру үшін маңызды екенін жеткізді.

«Мемлекеттік шешімдер қабылданғанда болашақ ұрпақтың мүддесі міндетті түрде ескерілуі керек. Әсіресе еңбек, жұмыспен қамту, экология және әлеуметтік қорғау салаларында бұл өте маңызды. Осыған байланысты ұсынылып отырған конституциялық нормалар тұрақты әрі адам мүддесін басты орынға қоятын саясаттың негізін қалыптастырады», – деп түйіндеді сөзін комиссия мүшесі.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
▪️▪️

Новая Конституция формирует базу для устойчивой и человекоцентричной политики – Асхат Рахимжанов

Проект Новой Конституции усиливает социальный характер государства, ставя человека в центр политики и расширяя возможности граждан для активного участия в общественной жизни. Позицию и аргументы в поддержку проекта Основного закона на очередном заседании Комиссии по конституционной реформе озвучил председатель Общенациональной социал-демократической партии Асхат Рахимжанов.

✔️ Он подчеркнул, что проект Конституции, прежде всего, нацелен на справедливость, равенство, защиту прав и ответственность государства перед людьми.

«Закрепление свободы деятельности общественных объединений и расширение участия граждан в общественной жизни – создает условия для развития подлинного гражданского общества, в котором профсоюзы, общественные организации и инициативные группы могут свободно представлять интересы людей труда, молодежи, социально-уязвимых категорий. Это напрямую связано с идеей равных возможностей и социальной ответственности государства», – заявил руководитель ОСДП.


✔️ Рахимжанов также отметил важность конституционных положений заключается в формировании базы для устойчивой политики, ориентированной на интересы человека.

«Исключительно важно, чтобы государственные решения принимались с учетом интересов будущих поколений, в том числе в вопросах труда, занятости, экологии и социальной защиты. В этом смысле предлагаемые конституционные нормы создают основу для устойчивой и ориентированной на человека политики», – заключил член Комиссии.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
▪️▪️

Сергей Пономарев: жаңа Конституция Қазақстандағы келісім мен бірлікті қамтамасыз етудің сенімді тірегіне айналады

Мәжіліс депутаты Сергей Пономарев Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның 12-ші отырысында жаңа Конституцияның жобасы – біртұтас, теңдестірілген және жете пысықталған құжат, бүкілхалықтық референдумға шығаруға дайын деген пікірді айтты.

✔️ Сергей Пономарев оның жаңа Конституция жобасын қолдаудағы ұстанымы қазақстандық қоғамның бүгінгі күні өмір сүруі мен азаматтардың сұраныстарын түсінуіне негізделгенін атап өтті.

«Қоғамдық және парламенттік жұмыста адамдар мемлекеттен түсінікті ережелер, бәріне бірдей қарым-қатынас пен ертеңгі күнге деген сенімділікті күтеді. Бұл үміт Ата Заңда қандай құндылықтар мен қағидаттар бекітілгеніне тікелей байланысты», – деді ол.


✔️ Депутат, сайып келгенде ұсынылған түзетулердің мәні адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау екенін атап өтті.

«Жаңа Конституцияның жобасы дәл осы логикаға құрылған. Ол адам құқықтары кепілдіктерінің біртұтас жүйесін қалыптастырады және декларациялармен шектелмей, оларды қорғаудың нақты тетіктерін жасайды», - деп атап өтті Сергей Пономарев.


✔️ Оның айтуынша, жаңа Ата Заң жобасы мемлекеттік дамудың мейілінше тұрақты және жауапты моделін құра отырып, қоғамдық сұранысқа жауап береді.

✔️ Ол мемлекет болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілікті сезінетін ұзақ мерзімді перспективаға бағытталған. Бұл қоршаған ортаны сақтау, қоғамдық қауіпсіздік, тұрақты экономика мен әлеуметтік тұрақтылықты өзара байланысты элементтер ретінде қамтамасыз етуге қатысты.

✔️ Сергей Пономарев жаңа Конституция жобасының маңызды бөлігі – азаматтық қоғамның рөлін күшейту екенін атап өтті.

«Қоғамдық бірлестіктер қызметінің еркіндігі және азаматтардың қоғамдық өмірге қатысу мүмкіндіктерін кеңейту тұрақты диалог пен қоғамдық бақылау үшін жағдай жасайды. Бұл басқару жүйесін мейілінше ашық және түсінікті етеді, ал қабылданған шешімдер мейілінше салмақты болады», - деді депутат.


✔️ Депутат қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтудың аса маңызды екенін ерекше атап өтті.

«Әр адамның қадір-қасиетін құрметтеу, тең құқықтық пен қоғамдық үдерістерге белсене қатысу тұрақтылық пен қауіпсіздіктің берік негізін құрайды», - деді Сергей Пономарев.


✔️ Оның айтуынша, жаңа Конституцияның жобасы – бұл қоғамның нақты талап-тілегін көрсететін және Мемлекет басшысы айтқан басымдықтарға сәйкес келетін тексерілген және біртұтас құжат.

«Ол қазіргі және болашақ ұрпақтың мүдделеріне сүйене отырып, мемлекеттің адам құқықтары, экономика, қауіпсіздік және әлеуметтік сала үшін жауапкершілігінің түсінікті бағдарларын қалыптастырады. Ұсынылған жоба – пысықталған және теңдестірілген құжат және осы тұрғыда оны бүкілхалықтық референдумға шығаруға болады», - деп түйіндеді депутат.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
▪️▪️

Сергей Пономарев: новая Конституция станет надежной опорой обеспечения согласия и единства в Казахстане

Проект новой Конституции РК является целостным, сбалансированным и проработанным документом, готовым к вынесению на всенародный референдум. Такое мнение озвучил депутат Мажилиса Сергей Пономарев на 12-м заседании Комиссии по Конституционной реформе.

✔️ Сергей Пономарев отметил, что его позиция в поддержку проекта новой Конституции основана на понимании того, как сегодня живет казахстанское общество и какие запросы формируются у граждан.

«В общественной и парламентской работе постоянно сталкиваешься с тем, что люди ожидают от государства понятных правил, равного отношения и уверенности в завтрашнем дне. Эти ожидания напрямую связаны с тем, какие ценности и принципы закреплены в Основном законе», – сказал он.


✔️ Депутат подчеркнул, что в конечном счете суть предлагаемых поправок сводится к одному: защите прав и свобод человека и гражданина.

«Именно в этой логике выстроен проект новой Конституции. Он формирует целостную систему гарантий прав человека и создает реальные механизмы их защиты, а не ограничивается декларациями», – отметил Сергей Пономарев.


✔️ По его словам, проект нового Основного закона отвечает на общественный запрос, выстраивая более устойчивую и ответственную модель государственного развития.

✔️ Он ориентирован на долгосрочную перспективу, в которой государство осознает ответственность перед будущими поколениями. Это касается сохранения окружающей среды, обеспечения общественной безопасности, устойчивой экономики и социальной стабильности как взаимосвязанных элементов.

✔️ Как отметил Сергей Пономарев, важным элементом проекта новой Конституции является усиление роли гражданского общества.

«Свобода деятельности общественных объединений и расширение возможностей участия граждан в общественной жизни создают условия для постоянного диалога и общественного контроля. Это делает систему управления более открытой и понятной, а принимаемые решения – более взвешенными», – сказал депутат.


✔️ Депутат отдельно подчеркнул, что особое значение имеет укрепление общественного согласия и единства.

«Именно уважение достоинства каждого человека, равноправие и включенность в общественные процессы создают прочную основу для стабильности и безопасности», – сказал Сергей Пономарев.


✔️ По его словам, проект новой Конституции представляет собой выверенный и целостный документ, который отражает реальные ожидания общества и соответствует тем приоритетам, о которых говорит Глава государства.

«Он формирует понятные ориентиры ответственности государства за права человека, экономику, безопасность и социальную сферу, исходя из интересов нынешних и будущих поколений. Представленный проект является проработанным и сбалансированным документом, и в таком виде может быть вынесен на всенародный референдум», – заключил депутат.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM