Конституциялық Сот 🇰🇿
✔
6.3K subscribers
1.68K photos
267 videos
1.59K links
🇰🇿Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты

🇰🇿Конституционный Суд Республики Казахстан

https://taplink.cc/consud.kz
Download Telegram
🇰🇿🇪🇺 Конституциялық Соттың төрағасы мен Еуропалық Одақ Елшісі ынтымақтастық бағыттарын талқылады

Конституциялық Соттың төрағасы Эльвира Азимова Қазақстан Республикасындағы Еуропалық Одақ Елшісі Алешка Симкичпен кездесті. Кездесуге Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов қатысты.

Кездесу қатысушылары болашақ ынтымақтастық және Еуропалық Одаққа мүше елдердің конституциялық соттарымен тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, қатысушыларға Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның жұмыс нәтижелері туралы ақпарат берілді.


🇰🇿🇪🇺 Председатель Конституционного Суда и Посол Европейского Союза обсудили направления сотрудничества

Председатель Конституционного Суда Эльвира Азимова встретилась с Послом Европейского Союза в Республике Казахстан г-жой Алешкой Симкич. Во встрече принял участие заместитель Председателя Конституционного Суда Бакыт Нурмуханов.

Участники встречи обсудили вопросы дальнейшего сотрудничества и обмена опытом с конституционными судами государств-членов ЕС. Участникам встречи рассказали об итогах работы Комиссии по конституционной реформе.

📱 @consot_kz

Instagram
| Facebook | TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💐 Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз!


💐 Поздравляем с Международным женским днем!
Венециандық комиссия алтыдан астам елдің заңнамалық бастамаларын талқылады

Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы Эльвира Азимова 5-7 наурыз күндері Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық комиссияның (Венециандық комиссия) 146-пленарлық сессиясының жұмысына қатысты.

Пленарлық сессия жұмысына Венециандық комиссия мүшелері, конституциялық соттардың төрағалары мен судьялары, әділет министрліктерінің өкілдері, сондай-ақ 49-дан астам елдің жетекші заңгерлері мен ғалымдары қатысты.

Отырысқа сондай-ақ Еуропа Кеңесі органдарының өкілдері, соның ішінде Министрлер комитеті, Парламенттік ассамблея және Еуропа Кеңесінің жергілікті және өңірлік билік органдарының Конгресі қатысты.

Сессия барысында Еуропа Кеңесінің Бас хатшысы Ален Берсемен пікір алмасу өтті.

Комиссия алты мемлекетке қатысты дайындалған бірқатар қорытындыларды қарады. Атап айтқанда:

Финляндия Конституциясына сот билігінің тәуелсіздігін қамтамасыз етуге қатысты түзетулер жобасы;
Литваның Ұлттық радио және теледидар туралы заң жобасына енгізілген және қабылданған түзетулері;
Молдова Республикасының сайлаудағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған заңнамалық түзетулері;
Перудегі сот билігі саласындағы конституциялық және заңнамалық реформалары;
Польша судьяларының мәртебесі туралы заң жобасы;
Словакия Республикасының құқықты теріс пайдаланғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке қатысты заңнамалық түзетулердің жобасы.

Сонымен қатар, Комиссия еуропалық конституциялық соттар мен халықаралық трибуналдардың прецеденттік тәжірибесі аясында зорлық-зомбылық сипатындағы порнография контекстінде негізгі құқықтар мен бостандықтардың теңгерімі туралы аралық баяндаманың жобасын талқылады.

Сондай-ақ Молдова Республикасы Конституциялық соты үшін дайындалған amicus curiae қорытындысы қаралды. Онда конституциялық емес деп танылған саяси партиялардың құқықтық мұрагері болып табылатын партиялардың мәртебесі және оларға қатысты шараларды қолдану мәселелері талданған.

Отырыс барысында Венециандық комиссия 2025 жылғы қызметі туралы жыл сайынғы есебін ұсынды. Құжатқа сәйкес, есепті кезеңде Комиссия 19 мемлекетке, сондай-ақ Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық сот пен Адам құқықтары жөніндегі Америкааралық сотқа қатысты 45 қорытынды мен amicus curiae сараптамалық пікірін қараған.

📱 @consot_kz

Instagram
| Facebook | TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Венецианская комиссия обсудила законодательные инициативы более шести стран

Председатель Конституционного Суда Республики Казахстан Эльвира Азимова 5-7 марта приняла участие в работе 146-й пленарной сессии Европейской комиссии за демократию через право при Совете Европы (Венецианская комиссия).

В работе пленарной сессии приняли участие члены Венецианской комиссии, председатели и судьи конституционных судов, представители министерств юстиции, а также ведущие юристы и ученые из более чем 49 стран.

В заседании также участвовали представители органов Совета Европы, включая Комитет министров, Парламентскую ассамблею и Конгресс местных и региональных властей Совета Европы.

В ходе сессии состоялся обмен мнениями с Генеральным секретарем Совета Европы Аленом Берсе.

Комиссия рассмотрела ряд заключений, подготовленных в отношении шести государств. В частности, были обсуждены:

проект поправок к Конституции Финляндии, касающихся обеспечения независимости судебной власти;
проект и принятые поправки к Закону о Литовском национальном радио и телевидении;
законодательные поправки Республики Молдова, направленные на противодействие коррупции на выборах;
конституционные и законодательные реформы в сфере судебной власти в Перу;
проект закона Польши о статусе судей;
проект законодательных поправок Словацкой Республики, касающихся уголовной ответственности за злоупотребление правом.

Кроме того, Комиссия обсудила проект промежуточного доклада о балансе между основными правами и свободами в контексте насильственной порнографии в прецедентной практике европейских конституционных судов и международных трибуналов.

Также было рассмотрено заключение amicus curiae, подготовленное для Конституционного суда Республики Молдова и посвященное вопросам статуса и применения мер в отношении партий-преемников политических партий, признанных неконституционными.

В ходе заседания Венецианская комиссия представила ежегодный отчет о деятельности за 2025 год. Согласно документу, в течение года Комиссия рассмотрела 45 заключений и экспертных мнений amicus curiae для 19 стран, а также для Европейского суда по правам человека и Межамериканского суда по правам человека.

📱 @consot_kz

Instagram
| Facebook | TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Венециандық комиссияға Қазақстандағы конституциялық реформа туралы ақпарат ұсынылды

Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы Эльвира Азимова Венециандық комиссияның 146-пленарлық сессиясының қатысушыларына Қазақстанда жүргізіліп жатқан конституциялық реформа және мемлекеттің институционалдық жүйесін одан әрі жетілдіруге, сондай-ақ құқық үстемдігі қағидаттарын нығайтуға бағытталған жаңа Конституция жобасы туралы ақпарат берді.

«2026 жылғы конституциялық реформа жаңа Конституция жобасын әзірлеу арқылы іске асырылуда. Бұл жоба 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумға шығарылатын болады. Реформаның негізгі мақсаты – билік тармақтары арасындағы теңгерімді жаңарту және мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру. Жаңа Конституция жобасы конституциялық құрылыстың басым құндылығы ретінде адам құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін күшейтуге бағытталған», – деп атап өтті Конституциялық Соттың Төрағасы.


Ол жаңа Конституция жобасын әзірлеумен және азаматтардан келіп түскен ұсыныстарды қараумен айналысқан Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның қызметі туралы да айтып берді. Оның сөзінше, жұмыс ашық және айқын процесс форматында жүргізілді, оған ұсынылған бастамаларды талдауды, сондай-ақ әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында кең ауқымды талқылаулар өткізуді қамтыды.

Жаңа Конституция жобасын әзірлеу барысында Венециандық комиссияның сараптамалық қорытындылары да ескерілді.

Сонымен қатар, Эльвира Азимова Конституциялық сот төрелігі жөніндегі кіші комиссия төрағасының орынбасары ретінде кіші комиссия отырысына қатысты. Бұл лауазымға оның кандидатурасын 2025 жылғы желтоқсанда Данышпандар комитеті ұсынып, Венециандық комиссия мүшелері бірауыздан қолдаған болатын. Кіші комиссия құрамын қалыптастыру кезінде Комитет ротация қағидатын, сондай-ақ гендерлік және географиялық теңгерімді қамтамасыз ету қағидаттарын басшылыққа алды.

📱 @consot_kz

Instagram
| Facebook | TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Венецианской комиссии представили информацию о конституционной реформе в Казахстане

Председатель Конституционного Суда Республики Казахстан Эльвира Азимова проинформировала участников 146-й пленарной сессии Венецианской комиссии о проводимой в Казахстане конституционной реформе и проекте новой Конституции, направленной на дальнейшее совершенствование институциональной системы государства и укрепление принципов верховенства права.

«Конституционная реформа 2026 года реализуется посредством подготовки проекта новой Конституции, который будет вынесен на республиканский референдум 15 марта 2026 года. Основной целью реформы является обновление баланса между ветвями власти и повышение эффективности государственного управления. Проект новой Конституции ориентирован на усиление гарантий прав и свобод человека как приоритетной ценности конституционного строя», — отметила Председатель Конституционного Суда.


Она рассказала о деятельности Комиссии по конституционной реформе, которая занималась подготовкой проекта новой Конституции и рассмотрением предложений, поступивших от граждан. По ее словам, работа велась в условиях открытого и прозрачного процесса, включавшего анализ представленных инициатив, а также широкие обсуждения в социальных сетях и средствах массовой информации.

При подготовке проекта новой Конституции также учитывались экспертные заключения Венецианской комиссии.

Кроме того, Эльвира Азимова приняла участие в заседании Подкомиссии по конституционному правосудию в качестве заместителя председателя подкомиссии. Ее кандидатура на эту должность была выдвинута в декабре 2025 года Комитетом мудрецов и единогласно поддержана членами Венецианской комиссии. При формировании состава подкомиссии Комитет руководствовался принципами ротации, а также обеспечения гендерного и географического баланса.

📱 @consot_kz

Instagram
| Facebook | TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Ерлі-зайыптылар бір-бірінің банктік шоттары туралы біле ала ма: бұл мәселені Конституциялық Сот қарайды

Конституциялық Сот ерлі-зайыптылардың банк құпиясына қол жеткізу мәселесін қарайды. Азаматшаның өтініші негізінде Конституциялық Сот «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңының 50-бабы 4-тармағының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін тексереді.

➤ Аталған нормаға сәйкес, банк құпиясын құрайтын мәліметтер тек клиенттің өзіне немесе шот (мүлік) иесінің келісімімен үшінші тұлғаға ғана ашылуы мүмкін.

Өтініш иесінің ұстанымы

Азаматша көрсетілген ереже іс жүзінде ерлі-зайыптылардың бірінің ортақ жинақтар туралы ақпарат алу мүмкіндігін шектейді және ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіндегі үлеске құқықты іске асыруға кедергі келтіреді деп есептейді.

Істің мән-жайы

Өтініште көрсетілгендей, некені бұзғаннан кейін ортақ мүлікті бөлу туралы талап-арыз дайындау барысында өтініш беруші бұрынғы жұбайының неке кезеңінде жинақтаған қаржылық қаражаты туралы мәліметтерді ала алмаған.

Осыған байланысты ол екінші деңгейдегі банктерге қатысты тиісті ақпаратты ұсыну міндетін жүктеу туралы талап-арызбен сотқа жүгінген. Алайда сот талаптарды қанағаттандырудан бас тартқан.

Отырысқа қатысушылар

Отырысқа өтініш иесі мен оның заң консультанты, Парламент Палаталарының, Бас прокуратураның, Ұлттық Банктің, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің, Әділет министрлігінің, Заңнама және құқықтық ақпарат институтының, сондай-ақ Парламентаризм институтының өкілдері қатысты.

Баяндамашы судья: Қ.С. Мусин

❗Конституциялық Соттың қорытынды шешімі Конституциялық заңның 65-бабына сәйкес КС ресми сайтында сілтеме бойынша, «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланатын болады.

📱 @consot_kz

Instagram
| Facebook | TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Могут ли супруги узнать о банковских счетах друг друга: вопрос проверит Конституционный Суд

Конституционный Суд рассмотрит вопрос о доступе супругов к банковской тайне. На основании обращения Конституционный Суд гражданки проверит на соответствие Конституции пункта 4 статьи 50 Закона «О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан».

➤ Согласно данной норме, сведения, составляющие банковскую тайну, могут быть раскрыты только клиенту либо третьему лицу с согласия владельца счета (имущества).

Позиция заявительницы

Гражданка считает, что указанное положение фактически лишает одного из супругов возможности получить информацию о совместных накоплениях и препятствует реализации права на долю в общем имуществе супругов.

Обстоятельства дела

Как следует из обращения, при подготовке иска о разделе совместно нажитого имущества после расторжения брака заявительница не смогла получить сведения о финансовых сбережениях бывшего супруга, накопленных в период брака.

В связи с этим она обратилась в суд с иском к банкам второго уровня об обязании предоставить соответствующую информацию. Однако суд отказал в удовлетворении требований.

Участники заседания

В заседании приняли участие заявительница и ее юридический консультант, представители Палат Парламента, Генеральной прокуратуры, Национального Банка, Агентства по регулированию и развитию финансового рынка, Министерства юстиции, Института законодательства и правовой информации, а также Института парламентаризма.

Судья-докладчик: Мусин К.С.

❗️Итоговое решение Конституционного Суда будет опубликовано в соответствии со статьей 65 Конституционного закона на официальном сайте КС по ссылке, в газетах «Егемен Қазақстан» и «Казахстанская правда».

📱 @consot_kz

Instagram
| Facebook | TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Конституциялық Сот шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды қолдану туралы норманың Конституцияға сәйкестігін тексереді

Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты азаматтың шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды және жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыруды қолдану жөніндегі сот практикасын реттейтін норманың Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы өтінішін қарады.

➤ Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың, жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстырудың және тағайындалған жаза мерзімін қысқартудың сот практикасы туралы» 2015 жылғы 2 қазандағы № 6 нормативтік қаулысының 9-тармағының бірінші абзацын тексеру туралы өтініш қарауға негіз болды.

➤ Өтініште көтерілген конституциялық мәселе Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы сотталғандардың шартты түрде мерзімінен бұрын босатылу және жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру құқықтарын іске асыруға ықпал ететін ережелерді белгілеуге құқылы ма, әлде мұндай мәселелерді тек Парламент қабылдайтын заң ғана реттеуі тиіс пе деген мәселеге қатысты.

Өтініш иесінің ұстанымы

Өтініш иесінің пікірінше, аталған норма Конституцияның 39-бабы 1-тармағына қайшы келеді. Оның пайымдауынша, шартты түрде мерзімінен бұрын босату құқығын және жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру мүмкіндігін белгілеу немесе шектеу Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабы 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламентінің құзыретіне жатады.

Істің мән-жайы

Ақтөбе қаласының № 2 соты 2025 жылғы 23 шілдедегі қаулысымен өтініш иесінің жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру туралы өтінішін қанағаттандырудан бас тартты.
Апелляциялық саты бұл шешімді өзгеріссіз қалдырды.

Отырысқа қатысушылар

Отырысқа өтініш иесі, Бас прокуратураның, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың, Республикалық адвокаттар алқасының, Әділет министрлігінің, Ішкі істер министрлігінің, Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының, заңнама және құқықтық ақпарат, парламентаризм институттарының өкілдері, сондай-ақ сарапшы қатысты.

Баяндамашы судья: Е.Ә. Оңғарбаев

❗Конституциялық Соттың қорытынды шешімі Конституциялық заңның 65-бабына сәйкес КС ресми сайтында сілтеме бойынша, «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланатын болады.

📱 @consot_kz

Instagram
| Facebook | TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Конституционный Суд проверит конституционность нормы о применении условно-досрочного освобождения

Конституционный Суд Республики Казахстан рассмотрел обращение гражданина о проверке на соответствие Конституции нормы, регулирующей судебную практику условно-досрочного освобождения и замены неотбытой части наказания более мягким видом наказания.

➤ Поводом для рассмотрения стало обращение о проверке абзаца первого пункта 9 нормативного постановления Верховного Суда Республики Казахстан от 2 октября 2015 года № 6 «О судебной практике условно-досрочного освобождения от отбывания наказания, замены неотбытой части наказания более мягким видом наказания и сокращения срока назначенного наказания».

➤ Конституционный вопрос обращения заключается в том, вправе ли нормативное постановление Верховного Суда устанавливать положения, влияющие на реализацию права осужденных на условно-досрочное освобождение и замену неотбытой части наказания более мягким видом наказания, либо такие вопросы должны регулироваться исключительно законом, принимаемым Парламентом.

Позиция заявителя

По мнению заявителя, указанная норма противоречит пункту 1 статьи 39 Конституции. Он полагает, что установление либо ограничение права на условно-досрочное освобождение, а также на замену неотбытой части наказания более мягким видом наказания относится к компетенции Парламента Республики Казахстан в соответствии с пунктом 3 статьи 61 Конституции.

Обстоятельства дела

Постановлением суда № 2 города Актобе от 23 июля 2025 года заявителю было отказано в удовлетворении ходатайства о замене неотбытой части наказания более мягким видом наказания.
Апелляционная инстанция оставила данное решение без изменений.

Участники заседания

В заседании приняли участие заявитель, представители Генеральной прокуратуры, Национального центра по правам человека, Республиканской коллегии адвокатов, Министерства юстиции, Министерства внутренних дел, Академии правоохранительных органов при Генеральной прокуратуре, Институтов законодательства и правовой информации, парламентаризма, а также эксперт.

Судья-докладчик: Онгарбаев Е.А.

❗️Итоговое решение Конституционного Суда будет опубликовано в соответствии со статьей 65 Конституционного закона на официальном сайте КС по ссылке, в газетах «Егемен Қазақстан» и «Казахстанская правда».

📱 @consot_kz

Instagram
| Facebook | TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстан БҰҰ Әйелдер жағдайы жөніндегі комиссиясының 70-ші сессиясында гендерлік теңдікке бейілділігін растады

ҚР Конституциялық Сотының Төрағасы Эльвира Азимова бастаған қазақстандық делегация БҰҰ Әйелдер жағдайы жөніндегі комиссиясының 70-ші сессиясының жұмысына қатысты.

Комиссияның жалпы талқылауы барысында Эльвира Азимова гендерлік теңдікті қамтамасыз ететін құқықтық және институционалдық тетіктерді нығайту, сондай-ақ әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту бойынша Қазақстанның тәжірибесін ұсынды. Конституциялық Соттың Төрағасы өз сөзінде орнықты дамудың маңыздылығын, сот төрелігінің рөлін және мемлекеттік саясаттың барлық деңгейлерінде әйелдер құқығын қорғауға кешенді көзқарасты атап өтті.

«Гендерлік теңдікке қол жеткізу және барлық егде жастағы әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту» тақырыбында өткен министрлік дөңгелек үстелге қатысу шеңберінде егде жастағы әйелдерді қолдауға, олардың әлеуметтік белсенділігін арттыруға, сондай-ақ құқықтық қорғау мен әлеуметтік қызметтерге тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған Қазақстанның практикалық бастамаларына назар аударылды.

Комиссияның сессиясы барысында қазақстандық делегацияның сөз сөйлеуі елдің гендерлік теңдік саласындағы халықаралық міндеттемелерді іске асыруға, тәжірибе алмасуға белсенді қатысуға және барлық жастағы әйелдердің, оның ішінде егде жастағы әйелдердің құқықтарын қорғау жөніндегі жаһандық тәжірибелерді ілгерілетуге бейілділігін атап өтті.

Сонымен қатар сапар аясында Э.Азимова БҰҰ Даму бағдарламасының Әкімшісі Александр Де Кроомен кездесу өткізді. Тараптар гендерлік теңдікті ілгерілету саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуды, сондай-ақ Алматыдағы Орталық Азия мен Ауғанстан үшін БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі Өңірлік орталығының Орталық Азиядағы орнықты даму және әріптестік үйлестіруді кеңейту бағдарламаларын іске асырудың негізгі хабы ретіндегі рөлін талқылады.

📱 @consot_kz

Instagram
| Facebook | TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Казахстан подтвердил приверженность гендерному равенству на 70-й сессии Комиссии ООН по положению женщин

Казахстанская делегация во главе с Председателем Конституционного Суда Эльвирой Азимовой приняла участие в работе 70-й сессии Комиссии ООН по положению женщин.

В ходе общих дискуссий Комиссии Эльвира Азимова представила опыт Казахстана по укреплению правовых и институциональных механизмов, обеспечивающих гендерное равенство, а также расширение прав и возможностей женщин. В своем выступлении Председатель Конституционного Суда подчеркнула значение устойчивого развития, роли правосудия и комплексного подхода к защите прав женщин на всех уровнях государственной политики.

В рамках участия в Министерском круглом столе на тему «Достижение гендерного равенства и расширение прав и возможностей всех пожилых женщин», было акцентировано внимание на практических инициативах Казахстана, направленных на поддержку пожилых женщин, повышение их социальной активности, а также обеспечение равного доступа к правовой защите и социальным услугам.

Выступления казахстанской делегации в ходе сессии Коммиссии подчеркнули приверженность страны реализации международных обязательств в области гендерного равенства, активному участию в обмене опытом и продвижению глобальных практик по защите прав женщин всех возрастов, включая пожилых женщин.

Кроме того, в рамках визита Э.Азимова провела встречу с Администратором Программы развития ООН Александром Де Кроо. Стороны обсудили укрепление международного сотрудничества в области продвижения гендерного равенства, а также роль Регионального центра ООН по целям устойчивого развития для Центральной Азии и Афганистана в Алматы как ключевого хаба для реализации программ устойчивого развития и расширения партнерской координации в Центральной Азии.

📱 @consot_kz

Instagram
| Facebook | TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстан БҰҰ Әйелдер жағдайы жөніндегі комиссиясының 70-ші сессиясының алаңдарында гендерлік теңдікті ілгерілету бойынша бастамалар ұсынды

ҚР Конституциялық Сотының Төрағасы Эльвира Азимова бастаған қазақстандық делегация БҰҰ Әйелдер жағдайы жөніндегі комиссиясының 70-ші сессиясы шеңберінде бірқатар қосымша шараларға қатысты.

Мерейтойлық сессия аясында ҚР БҰҰ жанындағы Тұрақты Өкілдігі Бразилия, Шығыс Тимор, Мальдив және Уругвайдың дипломатиялық миссияларымен бірлесіп «БҰҰ-әйелдер» Атқарушы директоры Сима Бахустың қатысуымен «Барлық әйелдер мен қыздар үшін гендерлік теңдікті қамтамасыз ету үшін орнықты қаржыландыруды жеделдету жолдары» тақырыбында шара өткізді.

Сессия барысында БҰҰ-ға мүше мемлекеттер мен халықаралық әріптестер орнықты қаржыландыруды жұмылдыру және гендерлік теңдікті ілгерілетуге бағытталған инвестициялық құралдарды дамыту мәселелерін талқылады.

«Сот төрелігінің болашағы: әйелдердің сот төрелігіне қол жеткізуінің технологиялық жолдары» атты сайд-ивентте қазақстандық делегация әйелдердің құқықтық қорғау тетіктеріне қауіпсіз және тиімді қол жеткізуін кеңейтудегі цифрлық технологиялардың әлеуетін атап өтті. Дербес деректерді қорғау мәселелеріне, технологияларды қолданудың этикалық аспектілеріне, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және осы саладағы ұлттық тәжірибемен алмасуға ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар ҚР БҰҰ жанындағы Тұрақты Өкілдігі БҰҰ Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасымен және Даму бағдарламасымен бірлесіп «Энергетикалық ауысу жағдайында сот төрелігіне қол жеткізу: Қазақстандағы және басқа елдердегі аса маңызды минералдар секторындағы гендерлік бағдарланған басқару» тақырыбында шара ұйымдастырды. Конституциялық Соттың Төрағасы Эльвира Азимова мен БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі, БҰҰ Даму бағдарламасы Әкімшінің көмекшісі және Еуропа мен ТМД үшін өңірлік бюросының директоры Ивана Живкович құттықтау сөз сөйледі.

Шараға қатысушылар гендерлік өлшемді табиғи ресурстарды басқаруға біріктірудің, сондай-ақ энергетикалық ауысу жағдайында әйелдер мен жергілікті қауымдастықтар үшін сот төрелігіне тиімді қол жеткізуді қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.

📱 @consot_kz

Instagram
| Facebook | TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Казахстан представил инициативы по продвижению гендерного равенства на полях 70-й сессии Комиссии ООН по положению женщин

Казахстанская делегация во главе с Председателем Конституционного Суда Эльвирой Азимовой приняла участие в ряде сайд-ивентов в рамках 70-й сессии Комиссии ООН по положению женщин.

На полях юбилейной сессии состоялось мероприятие на тему «Пути ускорения устойчивого финансирования для обеспечения гендерного равенства для всех женщин и девочек», организованное Постоянным представительством РК при ООН совместно с дипломатическими миссиями Бразилии, Восточного Тимора, Мальдив и Уругвая с участием Исполнительного директора «ООН-женщины» Симы Бахус.

В ходе сессии государства-члены ООН и международные партнеры обсудили вопросы мобилизации устойчивого финансирования и развития инвестиционных инструментов, направленных на продвижение гендерного равенства.

На сайд-ивенте «Будущее правосудия: технологические пути доступа женщин к правосудию» казахстанская делегация подчеркнула потенциал цифровых технологий в расширении безопасного и эффективного доступа женщин к механизмам правовой защиты. Особое внимание было уделено вопросам защиты персональных данных, этическим аспектам применения технологий, а также укреплению международного сотрудничества и обмену национальным опытом в данной сфере.

Кроме того, Постоянное представительство РК при ООН совместно с Программой ООН по окружающей среде и Программой развития ООН организовало мероприятие на тему «Доступ к правосудию в условиях энергетического перехода: гендерно-ориентированное управление в секторе критически важных минералов в Казахстане и за его пределами». С приветственными словами выступили Председатель Конституционного Суда Эльвира Азимова и Помощник Генерального секретаря ООН, Помощник администратора и Директор Регионального бюро ПРООН для Европы и СНГ Ивана Живкович.

Участники мероприятия подчеркнули важность интеграции гендерного измерения в управление природными ресурсами, а также обеспечения эффективного доступа к правосудию для женщин и местных сообществ в условиях энергетического перехода.

📱 @consot_kz

Instagram
| Facebook | TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Конституциялық Сотқа жаңа Конституция бойынша референдумды бақылауға келген халықаралық бақылаушылар келді

Конституциялық Соттың Төрағасы Эльвира Азимова ТМД Парламентаралық Ассамблеясының 58 халықаралық бақылаушыларымен, Түркітілдес мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясының делегациясымен және ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының делегациясымен үш бөлек кездесу өткізді.

Кездесулерге Конституциялық Сот Төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов және Аппарат өкілдері қатысты.

Халықаралық бақылаушыларға республикалық референдумға шығарылған жаңа Конституция және оның жобасын дайындау жөніндегі Комиссияның жұмысы туралы толық ақпарат ұсынылды.

«Жаңа Конституцияда адамның өзі, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің ең жоғары құндылықтары болып табылатыны туралы қағидаттар мен шарттар күшейтілді. Бұл қазіргі заманғы сын-қатерлерді, даму стратегиясының міндеттерін, сондай-ақ цифрлық трансформация мен жасанды интеллект дәуіріндегі Ата заңның үстемдігін ескере отырып қарастырылған», — деп атап өтті Эльвира Азимова.


📱 @consot_kz

Instagram
| Facebook | TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM