Конституциялық Сот 🇰🇿
✔
6.5K subscribers
1.69K photos
267 videos
1.6K links
🇰🇿Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты

🇰🇿Конституционный Суд Республики Казахстан

https://taplink.cc/consud.kz
Download Telegram
⚖️ Конституциялық Сот: баламен қарым-қатынас жасау тәртібі туралы шешімдерді орындау кезінде жеке сот орындаушысының қызметіне шығындарды бөлу туралы нормалар Конституцияға қайшы келеді

Конституциялық Сот азаматтың өтініші бойынша «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңның 118-бабы 1-тармағы екінші бөлігінің және Әділет министрінің 2023 жылғы 27 маусымдағы № 416 бұйрығымен бекітілген жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу мөлшерлеріне ескертпенің үшінші абзацының Конституцияның 13-бабының 2-тармағына, 27-бабына және 76-бабының 3-тармағына сәйкестігін тексерді.
Дау айтылып отырған нормаларға сәйкес баламен қарым-қатынас жасау тәртібі туралы сот шешімін мәжбүрлеп орындату бойынша жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу өндіріп алушы мен борышкерге тең үлестермен жүктеледі.
Жалпы, атқарушылық іс жүргізу тетігі сот шешімінің орындалмау ауыртпалығын борышкерге жүктеуді көздейді.

Өтініштің мән-жайы

Азаматтың пікірінше, өндіріп алу бойынша қолданыстағы құқықтық тетік ата-ананың өзінен бөлек тұратын баласымен жеке қарым-қатынас жасауына қаржылық кедергілер келтіріп, құқығын шектейді.

Конституциялық Соттың ұстанымы

Конституциялық Сот өзінің шешімінде қолданыстағы заңнамада некенің (ерлі-зайыптылықтың) бұзылуы, оның жарамсыз деп танылуы немесе ата-анасының бөлек тұруы баланың ата-анасының екеуімен де және басқа да туыстарымен толық қарым-қатынас жасауын, сондай-ақ баланың да, ата-анасының да құқықтары мен мүдделерін іске асыруды шектеуге негіз болмайды нақты белгіленеді баса атап өтті. Әрбір ата-ана баласының даму және тәрбие алу процесіне тікелей қатысуға міндетті. Сот шешімдерін мәжбүрлеп орындату тетігі отбасылық қарым-қатынасты сақтап қалуда баланың мүдделерін нақты қорғауды қамтамасыз етуге және оларды ата-ананың мүліктік жағдайына байланысты етпеуге тиіс.
Конституциялық Сот бекітілген тәртіп сот шешімінің міндетті күші туралы конституциялық кепілдіктің қамтамасыз етілу тиімділігін төмендетеді, жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу жөніндегі міндетті сот шешімі өз пайдасына шығарылған адамға жүктейді деп көрсетіп өтті.

Конституциялық Соттың қорытындылары

Конституциялық Сот дау айтылып отырған нормаларды Конституцияға сәйкес келмейді деп таныды және Үкіметке баламен қарым-қатынас жасау тәртібін айқындау туралы атқарушылық құжаттар бойынша жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу мәселелерін реттейтін заңнаманы Конституциялық Соттың осы нормативтік қаулыдағы құқықтық ұстанымдарына сәйкес жетілдіру жөнінде шаралар қабылдауды ұсынды.

🔗КС нормативтік қаулысының толық мәтінімен сілтеме бойынша танысуға болады https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/documents/details/1025491?lang=kk

📱 @consot_kz

Instagram
| Facebook | TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚖️ Конституционный Суд: нормы о распределении расходов на деятельность частного судебного исполнителя при исполнении решений о порядке общения с ребенком противоречат Конституции

Конституционный Суд по обращению гражданина проверил на соответствие пункту 2 статьи 13, статье 27 и пункту 3 статьи 76 Конституции Республики Казахстан часть вторую пункта 1 статьи 118 Закона «Об исполнительном производстве и статусе судебных исполнителей» и абзац третий примечания к размерам оплаты деятельности частного судебного исполнителя, утвержденным приказом Министра юстиции от 27 июня 2023 года № 416.
Согласно оспариваемым нормам, оплата деятельности частного судебного исполнителя по принудительному исполнению судебного решения о порядке общения с детьми возлагается на взыскателя и должника в равных долях.
Тогда как в целом механизм исполнительного производства предусматривает возложение бремени неисполнения судебного решения на должника.

История обращения

По мнению гражданина, действующий правовой механизм взыскания ограничил его родительские права, создав финансовые препятствия для личного общения со своими детьми, проживающими отдельно от него.

Позиция Конституционного Суда

Конституционный Суд в своем решении подчеркнул, что действующее законодательство четко устанавливает: расторжение брака (супружества), признание его недействительным или раздельное проживание родителей не могут служить основаниями для ограничения полноценного общения ребенка с обоими родителями и другими родственниками, реализации прав и интересов как ребенка, так и его родителей. Каждый родитель обязан непосредственно участвовать в процессе развития и воспитания своего ребенка. Механизм принудительного исполнения судебных решений должен обеспечивать реальную защиту интересов ребенка в поддержании семейных связей и не ставить их в зависимость от имущественного положения родителей.
Конституционный Суд указал, что закрепленный порядок снижает эффективность обеспечения конституционной гарантии об обязательной силе судебного решения, возлагает обязательства по оплате деятельности частного судебного исполнителя на лицо, в пользу которого такое судебное решение вынесено.

Выводы Конституционного Суда

Конституционный Суд признал не соответствующими Конституции оспариваемые нормы и рекомендовал Правительству принять меры по совершенствованию законодательства, регулирующего вопросы оплаты деятельности частного судебного исполнителя по исполнительным документам об определении порядка общения с ребенком, в соответствии с правовыми позициями Конституционного Суда, изложенными в данном нормативном постановлении.

🔗С полным текстом нормативного постановления КС можно ознакомиться по ссылке https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/documents/details/1025491?lang=ru
 
📱 @consot_kz

Instagram
| Facebook | TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
АТА-АНАҒА БАЛАСЫН КӨРУГЕ КЕДЕРГІ КЕЛТІРЕТІН ЗАҢ КОНСТИТУЦИЯҒА САЙ ЕМЕС ДЕП ТАНЫЛДЫ

📱 https://youtu.be/EKs45KWTsXA?si=XxQr_jbkLbp5frmh

Конституциялық Сот: баламен қарым-қатынас жасау тәртібі туралы шешімдерді орындау кезінде жеке сот орындаушысының қызметіне шығындарды бөлу туралы нормалар Конституцияға қайшы келеді
Толығырақ: https://t.me/consot_kz/2828

Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2026 жылғы 11 маусымдағы №86-НҚ нормативтік қаулысы

Толығырақ: https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/documents/details/1025491?lang=kk
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
КОНСТИТУЦИОННЫЙ СУД ОТМЕНИЛ СПОРНУЮ НОРМУ

📱 https://youtu.be/FThHBDzWjHs?si=es7lEMf31PKzKWq1

Конституционный Суд: нормы о распределении расходов на деятельность частного судебного исполнителя при исполнении решений о порядке общения с ребенком противоречат Конституции
Подробнее: https://t.me/consot_kz/2829

Нормативное постановление Конституционного Суда Республики Казахстан от 11 июня 2026 года № 86-НП
Подробнее: https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/documents/details/1025491?lang=ru
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
КОНСТИТУЦИОННЫЙ СУД ОТМЕНИЛ ЕЩЕ ОДНУ СПОРНУЮ НОРМУ, КОТОРАЯ КАСАЛАСЬ ВСТРЕЧ РОДИТЕЛЕЙ С ДЕТЬМИ ПОСЛЕ РАЗВОДА

📱 https://youtu.be/opN6qEGEM9w?si=gShmOAwi2IBE0l9u

Конституционный Суд: нормы о распределении расходов на деятельность частного судебного исполнителя при исполнении решений о порядке общения с ребенком противоречат Конституции
Подробнее: https://t.me/consot_kz/2829

Нормативное постановление Конституционного Суда Республики Казахстан от 11 июня 2026 года № 86-НП
Подробнее: https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/documents/details/1025491?lang=ru
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚖️ Конституциялық Сот «Шымбұлақ» шатқалына көлік құралдарының кіруіне шектеуді конституциялық емес деп таныды және экологиялық мүдделер мен азаматтардың құқықтары арасындағы тепе-теңдік қажеттілігін атап өтті

Конституциялық Сот Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласының жекелеген аумақтарына көлік құралдарының кіруін шектеу туралы» 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 2/122 қаулысының 1-тармағының Конституцияға сәйкестігін тексерді. Аталған тармақта «Шымбұлақ» шатқалының ерекше қорғалатын табиғи аймағының аумағына электр қозғалтқышындағы (электромобиль) көлік құралдарынан басқа көлік құралдарының кіруіне шектеу қойылады.

Өтініштің мән-жайы

Тексеруге Іле Алатауы ұлттық табиғи паркінің құрамына кіретін, бірақ аумақтық жағынан Алматы қаласының шегінде орналасқан «Тұйықсу» шатқалында тұратын азаматтың өтініші негізі болды. Осы шатқал тұрғындары өз үйіне Медеу-Шымбұлақ автомобиль жолымен «Шымбұлақ» шатқалы арқылы («Медеу» өңірлік табиғи паркінің құрамына кіреді) жете алады, алайда «Тұйықсу» шатқалына асфальт төселген жолдың болмауы жүруді қиындатады. Өтініш берушінің пікірінше, әкімдік қаулысы осы жерде көлікті пайдаланудың ерекшелігін ескермей, өз үйіне жетуін және еркін жүріп-тұру құқығын шектеп қойды.

Конституциялық Соттың ұстанымы

Конституциялық Сот өзiнiң қорытынды шешiмiнде мемлекет құқықтар мен бостандықтарға құқықтық шектеудi белгiлей отырып, адам құқықтары мен бостандықтары, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтары, жария мүдделер арасында әдiл теңгерiмдi қамтамасыз етуге тиiс деп атап өттi.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы құқықтық режимдер, сол сияқты экологиялық талаптар табиғи аумақтарды қорғау және сақтау жөнiндегi iс-шаралар кешенiн жүргiзудi көздейдi. Әртүрлi қызмет үшін тыйым салулар мен шектеулерді белгiлеу, егер бұл конституциялық маңызды мақсатқа – адамның өмiр сүруі мен денсаулығы үшiн ажырамас және бөлінбейтін игілік ретінде қолайлы қоршаған ортаны қорғауға қол жеткiзу үшiн қажет болса, олар осындай шараларға жатқызылуы мүмкiн.
Мұндай шектеулер мен тыйым салулар қатаң түрде тек заңға сәйкес мемлекеттік органдардың құзыреті шегінде және Конституцияның талаптарын, 39-бабының 1-тармағына сәйкес жол берілу жағдайларын қоса алғанда, сақтай отырып белгіленуі мүмкін.
Тексеру нәтижелері бойынша Конституциялық Сот дау айтылып отырған қаулыны қабылдау Алматы қаласы әкімдігінің өкілеттігіне жатпайтынын анықтады. Экологиялық кодексте көлік құралдарының кіруін шектеу және тиісті нормативтік құқықтық актіні шығару жөніндегі өкілеттіктер облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті өкілді органының (мәслихаттың) құзыретіне кіреді.
Сонымен қатар, заң деңгейінде әкімдіктің қоршаған табиғи ортаны қорғау мәселелеріне байланысты қоршаған ортаны қорғау саласындағы және жол жүрісі саласындағы құзыреті туралы жекелеген нормалар бекітілген. Мәселен, «Жол жүрісі туралы» Заңның 17-бабы 2-тармағы 8) тармақшасының үшінші абзацына сәйкес атқарушы органдары өз құзыреті және өңір шегінде қаланың жекелеген аумақтарына көлік құралдарының кіруіне түрлі шектеулер енгізу, оның ішінде жол жүрісін реттеудің техникалық құралдары (жол белгілері, жол таңбалары) арқылы жол жүрісін ұйымдастырудың арнайы аймақтарын белгілеуге құқылы. Осыған байланысты Конституциялық Сот ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда көлiк құралдарының қозғалысын шектеу конституциялық маңызды мақсатты – қоршаған ортаны қорғауды және экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудi көздеуi мүмкiн деп атап өттi. Алайда, мұндай мақсат болғанның өзінде де шектеу өзі әсер ететін адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін ескеруге және оларға шамадан тыс ауыртпалық түсірмеуге тиіс.

Конституциялық Соттың қорытындылары

Тексеру нәтижелері бойынша Конституциялық Сот Алматы қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 2/122 қаулысының 1-тармағын Конституцияға сәйкес келмейді деп таныды.

🔗КС нормативтік қаулысының толық мәтінімен сілтеме бойынша танысуға болады https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/documents/details/1026173?lang=kk

📱 @consot_kz

Instagram
| Facebook | TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚖️ Конституционный Суд признал неконституционным ограничение въезда в урочище «Шымбулак» и указал на необходимость баланса между экологическими интересами и правами граждан

Конституционный Суд проверил на соответствие Конституции пункт 1 постановления акимата города Алматы от 8 апреля 2016 года № 2/122 «Об ограничении въезда транспортных средств на отдельных территориях города Алматы». Указанный пункт ограничивает въезд транспортных средств на территорию особо охраняемой природной зоны урочища «Шымбулак», кроме транспортных средств на электрическом двигателе (электромобиль).

История обращения

Основанием для проверки стало обращение гражданки, проживающей в урочище «Туюксу», которое входит в состав Иле-Алатауского национального природного парка, но территориально находится в пределах города Алматы. Доступ к жилищу для тех, кто проживает в этом урочище, возможен путем проезда через урочище «Шымбулак» (входит в состав регионального природного парка «Медеу») по автомобильной дороге Медеу–Шымбулак, однако проезд затруднен из-за отсутствия асфальтированной дороги в урочище «Туюксу». По мнению заявительницы, постановление акимата ограничило доступ к собственному жилью и право на свободное передвижение без учета специфики использования транспорта в этой местности.

Позиция Конституционного Суда

Конституционный Суд в своем итоговом решении отметил, что, устанавливая правовые ограничения прав и свобод, государство должно обеспечивать справедливый баланс между правами и свободами человека, правами и свободами других лиц, и публичными интересами.
Правовые режимы на особо охраняемых природных территориях, равно как и экологические требования, предполагают проведение комплекса мероприятий по защите и сохранению природных территорий. К таким мерам может относиться установление запретов и ограничений для различной деятельности, если это необходимо для достижения конституционно значимой цели охраны окружающей среды, благоприятной для жизни и здоровья человека, как неотъемлемого и неотчуждаемого блага. 
Подобные ограничения и запреты могут устанавливаться только в строгом соответствии с законом, в пределах компетенции государственных органов и при соблюдении требований Конституции, включая условия их допустимости согласно пункту 1 статьи 39.
По результатам проверки Конституционный Суд установил, что принятие оспариваемого постановления не входит в полномочия акимата города Алматы. Экологическим кодексом полномочия по ограничению въезда транспортных средств и изданию соответствующего нормативного правового акта отнесены к компетенции местного представительного органа (маслихата) области, города республиканского значения, столицы.
Вместе с тем на уровне закона закреплены отдельные нормы о компетенции акимата в сфере охраны окружающей среды и сфере дорожного движения, связанные с вопросами охраны окружающей природной среды. Так, в соответствии с абзацем третьим подпункта 8) пункта 2 статьи 17 Закона Республики Казахстан от 17 апреля 2014 года «О дорожном движении»  исполнительные органы в пределах своей компетенции и региона вправе устанавливать специальные зоны организации дорожного движения путем введения различных ограничений на въезд транспортных средств на отдельные городские территории, в том числе с помощью технических средств регулирования дорожного движения (дорожных знаков, дорожной разметки). В этой связи Конституционный Суд указал, что ограничение движения транспортных средств на особо охраняемых природных территориях может преследовать конституционно значимую цель охраны окружающей среды и обеспечения экологической безопасности. Однако даже при наличии такой цели ограничение должно учитывать права и законные интересы лиц, на которых оно распространяется, и не возлагать на них чрезмерное бремя.

Выводы Конституционного Суда

По результатам проверки Конституционный Суд признал не соответствующим Конституции пункт 1 постановления акимата города Алматы от 8 апреля 2016 года № 2/122.

🔗С полным текстом нормативного постановления КС можно ознакомиться по ссылке https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/documents/details/1026173?lang=ru
 
📱 @consot_kz

Instagram
| Facebook | TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚖️ Конституциялық Сот азаматтардың жұмысқа қайта оралу және сот шешімдерін қайта қарау кезінде сот арқылы қорғалу құқығын шектейтін нормаларды Конституцияға сәйкес емес деп таныды

Конституциялық Сотқа азаматтардан Еңбек кодексінің (ЕК) 160-бабы бесінші бөлігі бірінші және екінші абзацтарының, Азаматтық процестік кодекстің (АПК) 455-бабы екінші және үшінші бөліктерінің Конституцияға сәйкестігін қарау туралы өтініштер келіп түсті.

Өтініштің мән-жайы

Бірінші жағдайда азамат қызметтік тексеру материалдарының негізінде ішкі істер органдарынан жұмыстан шығарылған. Соттар құқық қорғау органдарындағы еңбек қатынастарының ерекшелігін ескерместен, ЕК-нің осы нормаларында белгіленген сотқа жүгіну мерзімін өткізіп алуына сілтеме жасап, жұмысқа қайта алу туралы талабын қанағаттандырудан бас тартқан. Кейіннен қылмыстық істі сотта қарау нәтижелері бойынша оның қызметтік тәртіпті бұзу фактілері анықталмаған. Алайда АПК-нің қолданыстағы нормалары оған жұмысқа қайта алу туралы шешімдерді қайта қарауды талап етуге мүмкіндік бермей отыр.
Екінші жағдайда да өтініш беруші АПК-нің аталған нормаларын тексеруді сұрайды, себебі бұл нормалар бір-біріне қайшы келетін сот актілерінің болуына жол беріп, оның сот арқылы қорғалу құқығын шектейді. Сот мамандандырылған әкімшілік соттың шешімі қайта қарауға негіз болмайды дегенге сілтеме жасап, азаматтық іс бойынша шешімді қайта қараудан бас тартқан.

Конституциялық Соттың ұстанымы

Тексеру нәтижелері бойынша Конституциялық Сот АПК-нің дау туғызып отырған нормалары сот актілерін жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша қайта қараудың жалпы қағидатын бұзады, соның салдарынан азаматтар заңды күшіне енген басқа сот актісі бұрын қабылданған шешімде негізге алынған мән-жайларды теріске шығарған жағдайларда өз құқықтарын қорғау мүмкіндігінен айырылып отырғанын атап өтті. Сот ЕК мен АПК-нің дау туғызып ережелерін азаматтың сот арқылы тиімді қорғалу құқығын шектейді деп таныды.

Конституциялық Соттың қорытындылары

Конституциялық Сот қорытынды шешімінде тексерілген нормаларды Конституцияға сәйкес келмейді деп танып, еңбек заңнамасына өзгерістер енгізілгенге дейін – жеке еңбек дауларын қарау бойынша келісу комиссиясына жүгінбей, сотқа жүгінуге құқығы бар еңбек қатынастарына қатысушылар үшін сотқа жүгінудің бір жылдық мерзімін қолдану қажет деп қаулы шығарды. Сонымен қатар, заңға өзгеріс енгізілгенге дейін – жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайларға қатысты азаматтық істер бойынша шешімдерді қайта қараған кезде АПК-нің 455-бабының бірінші бөлігін – бұрын қаралған істі дұрыс шешу үшін айтарлықтай маңызы бар, бұған дейін сотқа белгілі болмаған заңды фактілер қайта қарау үшін негіз болып табылады деген норма басшылыққа алыну керек.

🔗КС нормативтік қаулысының толық мәтінімен сілтеме бойынша танысуға болады https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/documents/details/1026176?lang=kk

📱 @consot_kz

Instagram
| Facebook | TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚖️ Конституционный Суд признал неконституционными нормы, ограничивающие право граждан на судебную защиту при восстановлении на работе и пересмотре судебных решений

В Конституционный Суд Республики Казахстан поступили обращения граждан о рассмотрении на соответствие Конституции абзацев первого и второго части пятой статьи 160 Трудового кодекса (ТК), частей второй и третьей статьи 455 Гражданского процессуального кодекса (ГПК).

История обращения

В первом случае гражданин был уволен из органов внутренних дел на основе материалов служебного расследования. Суды отказали в удовлетворении его иска о восстановлении на работе со ссылкой на пропуск срока обращения в суд, установленного указанными нормами ТК без учета специфики трудовых отношений в правоохранительных органах. В последующем по результатам судебного рассмотрения уголовного дела факты нарушения им служебной дисциплины не были установлены. Однако действующие нормы ГПК не позволяют ему требовать пересмотра решений о восстановлении на работе.
Во втором случае заявитель также просила проверить указанные нормы ГПК, поскольку они ограничивают ее право на судебную защиту, допуская наличие противоречащих друг другу судебных актов. Суд отказал ей в пересмотре решения по гражданскому делу со ссылкой на то, что решение специализированного административного суда не является основанием для пересмотра.

Позиция Конституционного Суда

По результатам проверки Конституционный Суд отметил, что оспариваемые нормы ГПК нарушают общий принцип пересмотра судебных актов по вновь открывшимся или новым обстоятельствам, в результате чего граждане лишаются возможности защитить свои права в случаях, когда вступивший в законную силу другой судебный акт опровергает обстоятельства, положенные в основу ранее состоявшегося решения. Суд признал оспариваемые положения ТК и ГПК ограничивающими право гражданина на эффективную судебную защиту.

Выводы Конституционного Суда

В итоговом решении Конституционный Суд признал проверенные нормы не соответствующими Конституции и постановил, что до внесения изменений в трудовое законодательство по спорам о восстановлении на работе для участников трудовых отношений, которые вправе обратиться в суд без обращения в согласительную комиссию по рассмотрению индивидуальных трудовых споров необходимо применять годичный срок обращения в суд. Также до изменения закона при пересмотре решений по гражданским делам по вновь открывшимся или новым обстоятельствам следует руководствоваться частью первой статьи 455 ГПК о том, что основаниями для пересмотра являются ранее неизвестные суду юридические факты, имеющие существенное значение для правильного разрешения предыдущего дела.

🔗С полным текстом нормативного постановления КС можно ознакомиться по ссылке https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/documents/details/1026176?lang=ru
 
📱 @consot_kz

Instagram
| Facebook | TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📌 ЖАРИЯ ЕТІЛГЕН НОРМАТИВТІК ҚАУЛЫЛАР БОЙЫНША ДАЙДЖЕСТ

📆 08.06.2026 – 12.06.2026
 
✅ Қызметкер сотқа жалақыны өндіріп алу жәнеүстеме жұмыс үшін ақы төлеу талаптарыбойынша бір жылдық мерзімге қарсы шықты. Конституциялық Сот бұл мерзім жұмыскергетиесілі төлемдерді талап қоюдың жалпы үшжылдық мерзімі шегінде өндіріп алуға кедергікелтірмейтінін атап өтті.
📄 08.06.2026ж. №81-НҚ КС НҚ
🔗 https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/documents/details/1023078?lang=kk

✅ Азамат Жоғарғы Соттың нормативтік түсіндірмесіне қарсы шықты, оған сәйкес жаза мерзімінің белгіленген бөлігін өтеу шартты түрде мерзімінен бұрын босату үшін сөзсіз негіз болып табылмайды. Конституциялық Сот ЖоғарғыСоттың даулы түсіндірмесі оның өкілеттігішегінде берілгенін, Конституцияға сәйкескелетінін және сот практикасында біркелкіліктіқамтамасыз етуге бағытталғанын, алайдамұндай істерді объективті қарау және соттыңшектеусіз қалауының алдын алу мақсатындазаңнаманы жетілдіру қажет екенін атап өтті.
📄 09.06.2026ж. №82-НҚ КС НҚ
🔗 https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/documents/details/1023861?lang=kk
 
✅ Азамат жекелеген жағдайларда байланысжелілерінің және (немесе) құралдарыныңжұмысын, байланыс қызметтерін көрсетуді, интернет-ресурстарға қол жеткізуді және(немесе) оларда орналастырылған ақпараттытоқтата тұруға мүмкіндік беретін норманыңконституциялылығына күмән келтірді. Конституциялық Сот осы норманыКонституцияға сәйкес деп таныды және осындайіс-әрекеттер үшін бағалау критерийлері мен уақытша параметрлерін нақтылау бөлігіндебайланыс саласындағы құқықтық реттеудіжетілдіру қажеттігін атап өтті.
📄 09.06.2026ж. №83-НҚ КС НҚ
🔗 https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/documents/details/1023865?lang=kk
 
✅ Квазимемлекеттік сектордың бұрынғықызметкері сыбайлас жемқорлық қылмысжасағаны үшін еңбек шартын бұзу туралынормаға қарсы шықты. Конституциялық Сот оның мемлекеттік функцияларды орындауғауәкілеттік берілген адамдарға теңестірілгенадамдарға ғана қолданылатынын түсіндірді.
📄 09.06.2026ж. №84-НҚ КС НҚ
🔗 https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/documents/details/1023866?lang=kk
 
✅ Азаматтар сотталушыны белгіленген мерзімөткеннен кейін қамауда ұстау мүмкіндігінкөздейтін ҚПК нормаларына дау айтты. Конституциялық Сот сотталушыны сот белгілеген мерзімнен тыс қамауда ұстаудымағыналы түсінуге мүмкіндік беретін норманыконституциялық емес деп таныды жәнеқылмыстық-процестік заңда көзделген шектірұқсат етілген мерзім өткеннен кейінсотталушыны қайтадан қамауда ұстаудыболдырмайтын нормаларға түсіндірме берді.
📄 10.06.2026ж. №85-НҚ КС НҚ
🔗 https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/documents/details/1024707?lang=kk
 
✅ Азамат баламен қарым-қатынас тәртібі туралысот шешімін орындау бойынша жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу өндіріпалушы мен борышкерге тең үлестерменжүктелетін тәртіпке қарсы шықты. Конституциялық Сот өндіріп алушы оныңпайдасына шығарылған сот шешімін мәжбүрлепорындау бойынша шығыстарды көтермеуі керекдеген қорытындыға келді және даулынормаларды Конституцияға сәйкес емес дептаныды.
📄 11.06.2026ж. №86-НҚ КС НҚ
🔗 https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/documents/details/1025491?lang=kk
 
✅ Азамат ішкі жану қозғалтқышы бар көлікқұралдарының «Шымбұлақ» шатқалыныңаумағына кіруін шектеуге қарсы шығып, оныңтұрғын үйіне кіруді және еркін жүріп-тұру құқығыншектейді деп есептеді. Конституциялық Сот енгізілген құқықтар мен бостандықтарды шектеуөкілеттіктерін асыра пайдалануменқабылданғанын көрсетті, осыған байланыстыдаулы норманы Конституцияға сәйкес емес дептаныды.
📄 12.06.2026ж. №87-НҚ КС НҚ
🔗 https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/documents/details/1026173?lang=kk
 
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
✅ Азаматтар жұмыстан босатылғаннан кейінжұмыста қалпына келтіру және жаңа жағдайлартуындаған кезде сот шешімдерін қайта қараумүмкіндігі туралы даулар бойынша сотқа жүгінумерзімдері туралы мәселе қойды. Конституциялық Сот мұндай даулар бойыншасотқа жүгінудің қысқартылған мерзімінбелгілейтін, сондай-ақ бұрын қаралған істің мән-жайларын жоққа шығаратын заңды күшіне енгенсот актісі болған кезде сот шешімдерін қайтақарау мүмкіндігін шектейтін нормаларды Конституцияға сәйкес емес деп таныды.
📄 12.06.2026ж. №88-НҚ КС НҚ
🔗 https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/documents/details/1026176?lang=kk
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📌 ДАЙДЖЕСТ ПО ОГЛАШЕННЫМ НОРМАТИВНЫМ ПОСТАНОВЛЕНИЯМ

📆 08.06.2026 – 12.06.2026
 
 
✅ Работник оспорил годичный срок обращения в суд по требованиям о взыскании заработной платы и оплаты за сверхурочную работу. Конституционный Суд указал, что данный срок не препятствует взысканию причитающихся работнику выплат в пределах общего трехлетнего срока исковой давности.
📄 НП КС №81-НП от 08.06.2026г.
🔗 https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/documents/details/1023078?lang=ru
 
✅ Гражданин оспорил нормативное разъяснение Верховного Суда, согласно которому отбытие установленной части срока наказания не является безусловным основанием для условно-досрочного освобождения. Конституционный Суд указал, что оспариваемое разъяснение Верховного Суда дано в пределах его полномочий, соответствует Конституции и направлено на обеспечение единообразия в судебной практике, однако законодательство нуждается в совершенствовании с целью объективного рассмотрения подобных дел и предупреждения неограниченной судебной дискреции.
📄 НП КС №82-НП от 09.06.2026г.
🔗 https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/documents/details/1023861?lang=ru
 
✅ Гражданин поставил под сомнение конституционность нормы, позволяющей в отдельных случаях приостанавливать работу сетей и (или) средств связи, оказание услуг связи, доступ к интернет-ресурсам, и (или) размещенной на них информации. Конституционный Суд признал данную норму соответствующей Конституции и указал на необходимость совершенствования правового регулирования в сфере связи в части уточнения оценочных критериев и временных параметров для таких действий.
📄 НП КС №83-НП от 09.06.2026г.
🔗 https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/documents/details/1023865?lang=ru
 
✅ Бывший работник квазигосударственногосектора оспорил норму о расторжении трудового договора за совершение коррупционного преступления. Конституционный Суд разъяснил, что она применяется только к лицам, приравненным к лицам, уполномоченным на выполнение государственных функций.
📄 НП КС №84-НП от 09.06.2026г.
🔗 https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/documents/details/1023866?lang=ru
 
✅ Гражданами оспаривались нормы УПК, предусматривающие возможность содержания подсудимого под стражей после истечения установленного срока. Конституционный Суд признал норму, допускающую смысловое понимание содержания под стражей подсудимого сверх установленного судом срока, не конституционной и дал истолкование норм исключающее повторное содержание подсудимого под стражей после истечения предельно допустимого срока, предусмотренного уголовно-процессуальным законом.
📄 НП КС №85-НП от 10.06.2026г.
🔗 https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/documents/details/1024707?lang=ru
 
✅ Гражданин оспорил порядок, при котором оплата деятельности частного судебного исполнителя по исполнению решения суда о порядке общения с ребенком возлагается на взыскателя и должника в равных долях. Конституционный Суд пришел к выводу, что взыскатель не должен нести расходы по принудительному исполнению судебного решения, вынесенного в его пользу, и признал оспариваемые нормы не соответствующими Конституции.
📄 НП КС №86-НП от 11.06.2026г.
🔗 https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/documents/details/1025491?lang=ru
 
✅ Гражданин оспорил ограничение въезда транспортных средств с двигателем внутреннего сгорания на территорию урочища «Шымбулак», полагая, что оно ограничивает доступ в его жилищу и право на свободное передвижение. Конституционный Суд указал, что введенное ограничение прав и свобод принято с превышением полномочий, в связи с чем признал оспариваемую норму не соответствующей Конституции.
📄 НП КС №87-НП от 12.06.2026г.
🔗 https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/documents/details/1026173?lang=ru
 
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
✅ Граждане поставили вопрос о сроках обращения в суд по спорам о восстановлении на работе после увольнения и возможности пересмотра судебных решений при появлении новых обстоятельств. Конституционный Суд признал не соответствующими Конституции нормы, устанавливающие сокращенный срок обращения в суд по таким спорам, а также ограничивающие возможность пересмотра судебных решений при наличии вступившего в законную силу судебного акта, опровергающего обстоятельства ранее рассмотренного дела.
📄 НП КС №88-НП от 12.06.2026г.
🔗 https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/documents/details/1026176?lang=ru
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM