Конституциялық Сот 🇰🇿
✔
6.5K subscribers
1.69K photos
267 videos
1.6K links
🇰🇿Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты

🇰🇿Конституционный Суд Республики Казахстан

https://taplink.cc/consud.kz
Download Telegram
Новая Конституция закрепила семью как самостоятельную конституционную ценность - Председатель Конституционного Суда
 
Председатель Конституционного Суда Эльвира Азимова заявила, что вступившая в силу 1 июля 2026 года обновленная Конституция Республики Казахстан закрепила семью как самостоятельную конституционную ценность и существенно усилила гарантии ее защиты. Об этом она сообщила, открывая в Астане круглый стол «Конституционные гарантии семейной политики и гендерного равенства».

По словам Председателя Конституционного Суда, конституционный смысл статьи 30 Основного Закона значительно шире ее буквального содержания.

«Семья закрепляется не только как объект социальной защиты, но и как самостоятельная конституционная ценность, основанная на достоинстве личности, свободе, равенстве супругов, взаимной ответственности членов семьи и преемственности поколений», - подчеркнула Эльвира Азимова.


Она отметила, что защита семьи и обеспечение гендерной справедливости являются взаимодополняющими задачами.

«Современное понимание гендерной справедливости выходит за рамки формального равенства. Оно предполагает создание правовых и социальных условий, при которых женщины и мужчины могут в равной мере реализовывать свои конституционные права, сочетая профессиональную деятельность, семейные обязанности и участие в общественной жизни», - сказала Председатель Конституционного Суда.


Отдельное внимание Эльвира Азимова уделила новым конституционным полномочиям Конституционного Суда. По ее словам, обновленная Конституция существенно повысила значение решений Суда. Они вступают в силу со дня принятия, являются общеобязательными на всей территории страны, окончательными и не подлежат обжалованию.

Кроме того, Основной Закон закрепил обязательность применения законов в том конституционно-правовом истолковании, которое дает Конституционный Суд, а также наделил Суд новым полномочием - рассматривать вопросы соответствия Конституции исполнения решений международных организаций и их органов. Эти изменения, отметила Эльвира Азимова, направлены на укрепление верховенства Конституции, правовой определенности, единообразия судебной практики и более эффективную защиту конституционных прав и свобод человека.

Круглый стол был организован Национальной комиссией по делам женщин и семейно-демографической политике при Президенте Республики Казахстан совместно с Конституционным Судом. В обсуждении приняли участие Уполномоченный по вопросам семьи Снежанна Имашева, Уполномоченный по правам человека Артур Ластаев, председатель Комиссии по правам человека при Президенте Республики Казахстан Жакип Асанов, вице-министр культуры и информации Евгений Кочетов, а также представители судебной системы, государственных органов, научного и экспертного сообщества и общественных организаций.

Участники обсудили конституционно-правовые основы семейной политики, реализацию гарантий защиты семьи, материнства, отцовства и детства, обеспечение равенства и недискриминации, а также значение правовых позиций Конституционного Суда для формирования единообразной правоприменительной практики.

По итогам дискуссии участники подчеркнули, что дальнейшее развитие семейной политики должно быть направлено на эффективную реализацию новых конституционных гарантий, укрепление института семьи, поддержку ответственного родительства и обеспечение гендерного равенства.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎦 Елордада отбасы саясаты мен гендерлік әділеттіліктің конституциялық кепілдіктері талқыланды.

🔗 https://youtu.be/GYMp_uVzq28?si=bskN5uzViwYqYk91
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎦 В столице обсудили конституционные гарантии семейной политики и гендерного равенства.

🔗 https://youtu.be/CNEq_ene_cI?si=3zU9yLPge6qnk13o
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎦 «Отбасы саясаты мен гендерлік әділеттіліктің конституциялық кепілдіктері» тақырыбындағы дөңгелек үстел барысында Конституциядағы отбасы мәселелері талқыланды.

🔗 https://youtu.be/3YRRpiCyj4o?si=suZHN5H9rbb8rpYC
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎦 Конституционные основы защиты семьи обсудили на круглом столе «Конституционные гарантии семейной политики и гендерного равенства».

🔗 https://youtu.be/eetzmcy7iyE?si=TDQwAGb3Pz7jYJLS
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🌐 Әлемдегі конституциялық сот төрелігі жаңалықтары

Таиланд Конституциялық Соты 400 млрд бат көлеміндегі төтенше қарыз алу туралы жарлықты Конституцияға сәйкес деп таныды

Таиланд Конституциялық Соты Қаржы министрлігіне энергетикалық дағдарыстың салдарын еңсеру және елдің энергетикалық көшуін қолдау мақсатында 400 млрд бат көлемінде қарыз тарту өкілеттігін беретін төтенше жарлықты Конституцияға сәйкес деп таныды.

Конституциялық Сотқа Өкілдер палатасының 133 депутаты жүгінді. Олардың пікірінше, төтенше жарлық Таиланд Конституциясының 172-бабының бірінші бөлігінің талаптарына сәйкес келмейді. Аталған нормаға сәйкес мұндай актілерді тек мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігіне қатысты және өзге де шұғыл әрі бұлтартпас мән-жайлар туындаған жағдайда ғана қабылдауға болады.

Сот бірауыздан қарыз қаражатын энергетикалық дағдарыстан зардап шеккен халықты, фермерлерді және кәсіпкерлерді қолдауға бағыттауды көздейтін жарлықтың бөлігін конституциялық деп таныды.

Жарлықтың 200 млрд батты энергия тиімділігін арттыруға, қазба отыннан жаңартылатын және баламалы энергия көздеріне көшуге, сондай-ақ осы саладағы дағдылар мен инновацияларды дамытуға бағыттауды көздейтін екінші бөлігі жеті судьяның қолдауымен, екі судьяның қарсылығына қарамастан, Конституцияға сәйкес деп танылды.

Осылайша, Конституциялық Сот төтенше жарлықтың екі бөлігінің де Таиланд Конституциясының 172-бабы бірінші бөлігінің талаптарына сәйкес келетінін растады.

#КонституциялықСот #Конституция #АдамҚұқықтары #ҚұқықҮстемдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🌐 Новости мира конституционного правосудия

Конституционный Суд Таиланда признал конституционным чрезвычайный заем на 400 млрд батов
 
Конституционный Суд Таиланда признал соответствующим Конституции чрезвычайный указ, предоставляющий Министерству финансов полномочия привлечь заем в размере 400 млрд батов для преодоления последствий энергетического кризиса и поддержки энергетического перехода страны.

В Конституционный Суд обратились 133 депутата Палаты представителей. Они полагали, что чрезвычайный указ не отвечает требованиям части первой статьи 172 Конституции Таиланда, допускающей принятие таких актов только в неотложных и неизбежных обстоятельствах, связанных, в частности, с экономической безопасностью государства.

Суд единогласно признал конституционной часть указа, предусматривающую использование заемных средств для поддержки населения, фермеров и предпринимателей, пострадавших от энергетического кризиса.

Вторая часть указа, предусматривающая направление 200 млрд батов на повышение энергоэффективности, переход от ископаемого топлива к возобновляемым и альтернативным источникам энергии, а также развитие соответствующих навыков и инноваций, признана соответствующей Конституции большинством голосов – семь против двух.

Таким образом, Конституционный Суд признал обе части чрезвычайного указа соответствующими требованиям части первой статьи 172 Конституции Таиланда.

#КонституционныйСуд #Конституция #ПраваЧеловека #ВерховенствоПрава
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстан Республикасының Конституциясы мен қазақтың домбырасын Памир шыңына көтерді

Қазақстандық альпинист, музыкант, Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық-драма театрының әртісі Әлібек Қайырбек Памир тау жүйесіндегі биіктігі 6148 метр болатын Раздельная шыңына Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясы мен қазақтың домбырасын алып шықты.

Бұл экспедиция Қазақстанды, оның мәдениетін, мемлекеттік рәміздері мен ұлттық құндылықтарын халықаралық деңгейде насихаттауға бағытталған «Әлем шыңдарындағы домбыра» халықаралық мәдени-патриоттық жобасы аясында жүзеге асырылды.

Жоба аясында Әлібек Қайырбек Еуропа, Африка, Гималай, Тянь-Шань және Памирдің ең биік шыңдарына көтеріліп, қазақтың күй өнерін әлемге танытып келеді. Әрбір экспедиция Қазақстан Республикасын лайықты таныстыруға, қазақ халқының бай тарихы, мәдениеті, салт-дәстүрі мен жетістіктері туралы халықаралық қауымдастыққа кеңінен ақпарат беруге мүмкіндік береді.

Раздельная шыңында Әлібек Қайырбек домбырамен қазақ күйлерін орындап, Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясын көтерді. Халықаралық экспедициялар барысында ол әртүрлі мемлекеттерден келген альпинистерге Қазақстанның тарихы, мәдениеті, мемлекеттік рәміздері және еліміздің Ата Заңы туралы таныстырады.

2025 жылы Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай Әлібек Қайырбек тарихта тұңғыш рет Конституцияны Гималайдағы Айленд-Пик шыңына алып шыққан болатын. Ал 2026 жылы ол осы патриоттық дәстүрді жалғастырып, Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясын Памир шыңына көтерді.

Бұл бастама Қазақстанның халықаралық беделін нығайтуға, конституциялық құндылықтарды, ұлттық мәдениетті және отансүйгіштік рухты дәріптеуге ықпал етеді.

📱 @consot_kz

Instagram
| Facebook | X (Twitter)
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Конституцию Республики Казахстан и казахскую домбру подняли на вершину Памира

Казахстанский альпинист, музыкант и артист Казахского национального музыкально-драматического театра имени Калибека Куанышбаева Алибек Кайырбек поднял действующую Конституцию Республики Казахстан и казахскую домбру на вершину Пик Раздельная (6148 метров) в Памире.

Восхождение состоялось в рамках международного культурно-патриотического проекта «Домбыра на вершинах мира», направленного на популяризацию Казахстана, его культуры, государственных символов и национальных ценностей на международной арене.

За годы реализации проекта Алибек Кайырбексовершил уникальные восхождения на высочайшие вершины Европы, Африки, Гималаев, Тянь-Шаня и Памира, где исполнял казахские кюи на домбре. Каждая экспедиция становится возможностью достойно представить Республику Казахстан, рассказать мировому сообществу о богатой истории, культуре, традициях и достижениях казахского народа.

На вершине Пика Раздельная Алибек Кайырбекисполнил казахские кюи на домбре, а также поднял действующую Конституцию Республики Казахстан. В ходе международных экспедиций он знакомит альпинистов из разных стран с историей Казахстана, его культурой, государственными символами и Основным Законом страны.

В 2025 году, в честь 30-летия Конституции Республики Казахстан, Алибек Кайырбек впервые в истории поднял Конституцию на вершину Айленд-Пик в Гималаях. В 2026 году он продолжил эту патриотическую традицию, подняв действующую Конституцию Республики Казахстан на вершину Памира.

Данная инициатива способствует укреплению международного имиджа Казахстана, популяризации конституционных ценностей, национальной культуры и патриотизма.

📱 @consot_kz

Instagram
| Facebook | X (Twitter)
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📌 ӨТКЕН АПТАЛАРДАҒЫ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СОТТЫҢ ЖАҢАЛЫҚТАР ДАЙДЖЕСТІ
 
📆 20.07.2026 – 02.08.2026
 
 ✅ Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының толық мәтіні мемлекеттік және орыс тілдерінде аудио және бейне форматтарда қолжетімді
🔗 толығырақ
 
✅ Жаңа Конституция отбасын дербес конституциялық құндылық ретінде бекітті – Конституциялық Соттың Төрағасы
🔗 толығырақ
 
✅ Қазақстан Республикасының Конституциясы мен қазақтың домбырасын Памир шыңына көтерді
🔗 толығырақ
 
📱 @consot_kz

Instagram
| Facebook | X (Twitter)
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📌 ДАЙДЖЕСТ НОВОСТЕЙ КОНСТИТУЦИОННОГО СУДА ЗА МИНУВШИЕ НЕДЕЛИ
 
📆 20.07.2026 – 02.08.2026
 
 ✅ Полный текст новой Конституции Республики Казахстан доступен в аудио- и видеоформатах на государственном и русском языках
🔗 подробнее
 
✅ Новая Конституция закрепила семью как самостоятельную конституционную ценность - Председатель Конституционного Суда
🔗 подробнее
 
✅ Конституцию Республики Казахстан и казахскую домбру подняли на вершину Памира
🔗 подробнее

📱 @consot_kz

Instagram
| Facebook | X (Twitter)
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔹 Конституциялық Сотта ЕҚЫҰ ДИАҚБ миссиясымен кездесу өтті
 
Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы Эльвира Азимова Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюросының (ЕҚЫҰ ДИАҚБ) миссия басшысы Винсент Пикет жетекшілік еткен делегациясымен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстанда жүргізіліп жатқан, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, Конституцияның үстемдігі қағидатын нығайтуға және жария биліктің тиімділігін арттыруға бағытталған конституциялық реформаны талқылады.

Миссия өкілдеріне мемлекеттік органдардың, сарапшылар қауымдастығының, азаматтық қоғам институттарының және ел азаматтарының кеңінен қатысуымен Конституциялық реформа жөніндегі комиссия әзірлеген Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының жобасы туралы ақпарат ұсынылды. Конституция жобасын талқылау ашық қоғамдық консультациялар форматында өтіп, азаматтардың ұсыныстарын жинауға арналған цифрлық тетіктер кеңінен қолданылғаны атап өтілді.

Кездесуде азаматтардың сайлау құқықтарының конституциялық кепілдіктеріне және Конституциялық Соттың сайлау процесі саласындағы өкілеттіктеріне ерекше назар аударылды. Конституциялық Сот Конституцияда айқындалған субъектілердің өтініштері бойынша Құрылтай депутаттарын сайлаудың дұрыс өткізілуіне қатысты дауларды қарай отырып, сайлау процесінің заңдылығына конституциялық бақылауды қамтамасыз ететіні айтылды.

Эльвира Азимова Қазақстанның ЕҚЫҰ ДИАҚБ-мен ынтымақтастықты дәйекті түрде дамытып келе жатқанын атап өтіп, халықаралық сарапшылық диалогты демократиялық институттарды нығайтудың, сайлау процестерінің ашықтығын қамтамасыз етудің және конституциялық сот төрелігін одан әрі жетілдірудің маңызды тетігі ретінде қарастыратынын жеткізді.

Кездесуге қатысушылар Конституцияның үстемдігін қамтамасыз ету, адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселелерін талқылап, конституциялық бақылау институтын одан әрі дамыту жөнінде пікір алмасты.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар конституциялық сот төрелігі, құқық үстемдігі және адам құқықтарын қорғау мәселелері бойынша сындарлы ынтымақтастық пен кәсіби диалогты жалғастыруға өзара мүдделілік танытатынын растады.

📱 @consot_kz

Instagram | Facebook | X
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔸 В Конституционном Суде состоялась встреча с миссией БДИПЧ ОБСЕ

Председатель Конституционного Суда Республики Казахстан Эльвира Азимова провела встречу с делегацией Бюро по демократическим институтам и правам человека ОБСЕ (БДИПЧ ОБСЕ) во главе с руководителем миссии Винсентом Пикетом.

В ходе встречи стороны обсудили проводимую в Казахстане конституционную реформу, направленную на совершенствование системы государственного управления, укрепление принципов верховенства Конституции и повышение эффективности публичной власти.

Представителям миссии была представлена информация о подготовке новой Конституции Республики Казахстан, разработанной Комиссией по конституционной реформе с широким участием представителей государственных органов, экспертного сообщества, институтов гражданского общества и граждан страны. Отмечено, что обсуждение проекта сопровождалось открытыми общественными консультациями и использованием цифровых механизмов сбора предложений.

Особое внимание было уделено конституционным гарантиям избирательных прав граждан и полномочиям Конституционного Суда в сфере избирательного процесса. Подчеркнуто, что Конституционный Суд рассматривает споры о правильности проведения выборов депутатов Курултая по обращениям субъектов, определенных Конституцией, обеспечивая конституционный контроль за законностью избирательного процесса.

Эльвира Азимова отметила, что Казахстан последовательно развивает сотрудничество с БДИПЧ ОБСЕ, рассматривая международный экспертный диалог как важный элемент укрепления демократических институтов, обеспечения открытости избирательных процессов и дальнейшего совершенствования конституционного правосудия.

Участники встречи также обсудили вопросы обеспечения верховенства Конституции, защиты конституционных прав и свобод человека, а также обменялись мнениями по вопросам дальнейшего развития института конституционного контроля.

По итогам встречи стороны подтвердили взаимную заинтересованность в продолжении конструктивного сотрудничества и профессионального диалога по вопросам конституционного правосудия, верховенства права и защиты прав человека.

📱 @consot_kz

Instagram
| Facebook | X
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Конституциялық Сот отбасы мен бала құқықтарын қорғаудың негізгі тәсілдерін айқындады
 
Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының отбасылық заңнама саласындағы тәжірибесі отбасыны, ана мен әке болуды және балалық шақты қорғау кепілдіктерін нығайтып, заңнаманы жетілдіруге әрі конституциялық нормалардың біркелкі қолданылуын қалыптастыруға ықпал етеді.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы Айжан Жатқанбаева Қазақстан Республикасының Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы мен Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты бірлесіп ұйымдастырған дөңгелек үстелде мәлімдеді.

Іс-шара барысында Конституциялық Соттың балаларды асырап алу, ата-аналардың отбасылық құқықтары мен міндеттерін жүзеге асырудағы теңдігі, балаға күтім жасауды жүзеге асыратын ата-аналардың зейнетақы кепілдіктері, әкімшілік жауаптылықтың жекелеген шараларын қолдану, сондай-ақ алименттік міндеттемелерді орындау мәселелері бойынша құқықтық ұстанымдары таныстырылды.

Айжан Жатқанбаева Қазақстан Республикасының жаңартылған Конституциясы отбасыны қорғау кепілдіктерін күшейткенін атап өтті. Ата Заңда неке мемлекет тіркейтін ер мен әйелдің ерікті әрі тең құқықты одағы ретінде бекітілген. Сондай-ақ отбасы, ана болу, әке болу және балалық шақ мемлекеттің қорғауындағы дербес конституциялық құндылықтар ретінде танылды.

«Отбасы – адамның жеке өмірінің ғана емес, қоғамның аса маңызды әлеуметтік институты. Отбасының конституциялық қорғалуы некенің еріктілігі, ерлі-зайыптылардың тең құқықтылығы, ата-аналардың өзара жауапкершілігі және баланың құқықтары мен заңды мүдделерінің басымдығы қағидаттарына негізделеді», – деп атап өтті Конституциялық Соттың судьясы.

 
Ата-аналардың теңдігі және баланың мүдделерінің басымдығы
Конституциялық Сот практикасының маңызды бағыттарының бірі отбасылық қатынастарда ерлер мен әйелдердің теңдігі қағидатын іске асыруға байланысты мәселелерді қарау болды.

Балаларды асырап алу туралы заңнаманың жекелеген ережелерінің Конституцияға сәйкестігін қарау барысында Конституциялық Сот ұқсас жағдайдағы адамдардың теңдігі қағидатын сақтаудың және жыныс белгісі бойынша құқықтық реттеуде негізсіз айырмашылықтарға жол бермеудің маңызын атап өтті.

Сонымен бірге Сот теңдік қағидаты балалық шақты ерекше конституциялық қорғаумен өзара байланыста қаралуға тиіс екенін көрсетті. Баланы отбасына орналастыру мәселелерін шешу кезінде оның ең үздік мүдделерін қамтамасыз ету және қажетті қорғау кепілдіктерін сақтау шешуші өлшем болып табылады.

Істі қарау қорытындысы бойынша балаларды асырап алу саласындағы құқықтық қатынастарды реттеуді жетілдіруге бағытталған құқықтық ұстаным қалыптастырылды.
Ақпарат үшін: Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2024 жылғы 23 шілдедегі №49-НҚ нормативтік қаулысы: https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/documents/details/695569?lang=kk
 
Ата-аналардың әлеуметтік кепілдіктері
Конституциялық Сот сондай-ақ зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде балаға күтім жасау кезеңін есепке алу мәселесі бойынша құқықтық ұстаным қалыптастырды.

Соттың пайымдауынша, мұндай кезең нақты күтімді жүзеге асырған жұмыс істемейтін ата-ананың кез келгеніне – анасына немесе әкесіне – есепке алынуға тиіс.
Бұл ұстаным ата-аналардың теңдігі туралы конституциялық қағидатқа және олардың балаларды тәрбиелеу мен дамыту үшін ортақ жауапкершілігін тануға негізделген. Тиісті тәсілдер Қазақстан Республикасының заңнамасында көрініс тапты.

Сонымен қатар Сот ата-аналардың зейнетақы құқықтарын қалыптастыру кезінде балаға күтім жасау кезеңін есепке алу тетіктерін одан әрі жетілдіру қажеттігіне назар аударды.
Ақпарат үшін: Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2025 жылғы 7 ақпандағы №66-НҚ нормативтік қаулысы: https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/documents/details/795361?lang=kk
Отбасын қорғау және теңдік қағидаты мен арнайы кепілдіктер арасындағы теңгерім

Кәмелетке толмаған балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған ата-аналарға қатысты әкімшілік қамаққа алуды қолдану мәселесін қарау кезінде Конституциялық Сот ана болуды және балалық шақты қорғауға арналған арнайы кепілдіктер объективті мән-жайларды ескере отырып қолданылуы мүмкін екенін көрсетті.

Сот теңдік қағидаты, егер арнайы қорғау шаралары нақты теңдікке қол жеткізуге бағытталып, баланың құқықтары мен мүдделерін қорғау қажеттілігіне негізделсе, оларды белгілеуді жоққа шығармайтынын атап өтті.

Сонымен қатар Конституциялық Сот құқық қолдану практикасының біркелкілігін қамтамасыз ету мақсатында баланы жалғыз өзі тәрбиелеп отырған адамның құқықтық мәртебесін айқындау бөлігінде заңнаманы жетілдіру қажеттігіне назар аударды.
Ақпарат үшін: Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2026 жылғы 18 мамырдағы № 80-НҚ нормативтік қаулысы: https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/documents/details/1013209?lang=kk
 
Баланың лайықты материалдық қамтамасыз етілу құқығы

Конституциялық Сот практикасында алименттік міндеттемелерді орындау мәселелері ерекше орын алады.

Сот балаларға қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-аналардың табиғи құқығы әрі міндеті болып табылатынын, ал ана мен әке баланың жан-жақты дамуына қажетті жағдайлар жасау үшін тең дәрежеде жауапты екенін дәйекті түрде негізге алады.

Алимент мөлшерін есептеу кезінде жеке кәсіпкерлердің табысын айқындау мәселесін қарау барысында Конституциялық Сот қолданыстағы құқықтық реттеуді Конституцияға сәйкес деп таныды. Сонымен бірге табысты айқындау тәртібі салық заңнамасының тетіктеріне негізделетінін атап өтті.

Сонымен қатар Сот ата-аналардың мүліктік мүдделері мен баланың лайықты материалдық қамтамасыз етілу құқығы арасындағы әділ теңгерімді қамтамасыз ету үшін құқықтық реттеуді одан әрі жетілдіру қажеттігін көрсетті.
Ақпарат үшін: Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2024 жылғы 28 маусымдағы №46-НҚ нормативтік қаулысы: https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/documents/details/684256?lang=kk

Тағы бір істе Конституциялық Сот бірнеше өндіріп алушы болған жағдайда алименттік міндеттемелерді орындау мәселесін қарады.

Сот мұндай дауларды шешу кезінде ата-аналардың материалдық және отбасылық жағдайын ескеру, сондай-ақ осыған ұқсас құқықтық қатынастарды реттеудің заңнамалық тетіктерін одан әрі дамыту қажеттігін атап өтті.
Ақпарат үшін: Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы №58-НҚ нормативтік қаулысы: https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/documents/details/769746?lang=kk
 
Конституциялық Соттың отбасылық заңнаманы дамытудағы рөлі

Айжан Жатқанбаева Конституциялық Сот өтініштерді қарау барысында дауланатын нормалардың Конституцияға сәйкестігін тексеріп қана қоймай, құқықтық реттеуге жүйелі талдау жүргізетінін атап өтті.

Конституциялық Сот практикасында баланың отбасылық байланыстарға құқығын іске асыру, баланың ұлтын айқындау, ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу, ерлі-зайыптылардың банктік құпиясын сақтау және отбасылық заңнаманың өзге де мәселелері бойынша құқықтық ұстанымдар қалыптастырылды.

«Мемлекеттің отбасылық саясатының тиімділігі оның Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігімен және адам құқықтары мен бостандықтарын нақты қорғауды қамтамасыз ету қабілетімен айқындалады. Конституциялық Сот азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғаудың пәрменді тетігі болып табылады, ал оның құқықтық ұстанымдары заңнаманы жетілдіруге және құқық қолдану практикасының біркелкілігін дамытуға ықпал етеді», – деп атап өтті судья.


Осылайша, Конституциялық Соттың практикасы теңдік, әлеуметтік әділеттілік қағидаттары мен отбасы мен балалық шақты ерекше қорғау қажеттілігі арасындағы теңгерімді қамтамасыз етуге дәйекті түрде бағытталған.

Қалыптасқан құқықтық ұстанымдар заңнаманы одан әрі дамытудың, адам құқықтарының конституциялық кепілдіктерін нығайтудың және баланың құқықтары мен заңды мүдделерінің басымдығын қамтамасыз етудің маңызды бағдары болып табылады.