Конституциялық Сот 🇰🇿
✔
6.5K subscribers
1.68K photos
267 videos
1.6K links
🇰🇿Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты

🇰🇿Конституционный Суд Республики Казахстан

https://taplink.cc/consud.kz
Download Telegram
Конституциялық Сот педагогтік қызметпен айналысуға тыйым салудың конституциялылығын тексереді

📨 Конституциялық Сот Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 26-бабы 2-тармағының 3) тармақшасының Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы өтінішті іс жүргізуге қабылдады.

Өтініш иесі аталған нормада белгіленген педагогтік қызметпен айналысуға тыйым салу іс жүзінде өмір бойына қолданылатын сипатқа ие және жасалған іс-әрекеттің санаты мен ауырлық дәрежесі ескерілместен қолданылатынын, бұл еңбек ету бостандығына құқық пен теңдік қағидатына нұқсан келтіруі мүмкін деп есептейді.

Қарау нәтижелері туралы Конституциялық Соттың ресми сайтында және Telegram-арнасында хабарланатын болады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Конституционный Суд проверит конституционность запрета на занятие педагогической деятельностью

📨 Конституционный Суд принял к производству обращение о проверке на соответствие Конституции подпункта 3) пункта 2 статьи 26 Трудового кодекса Республики Казахстан.

Заявитель считает, что установленный нормой запрет на занятие педагогической деятельностью фактически носит пожизненный характер и применяется без учета категории и степени тяжести совершенного деяния, что может затрагивать право на свободу труда и принцип равенства.

О результатах рассмотрения будет сообщено на официальном сайте и в Telegram-канале Конституционного Суда.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Конституциялық Сот нотариаттық қызметтерге ақы төлеуден босату туралы норманың конституциялылығын тексереді

📨 Конституциялық Сот Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 25-бабының 3) тармақшасының Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы өтінішті іс жүргізуге қабылдады.

Өтініш иесі жекелеген азаматтарды нотариаттық әрекеттер жасағаны үшін ақы төлеуден босату жекеше нотариустардың тиісті сыйақысыз қызмет көрсетуіне алып келеді және олардың кәсіби қызметін жүзеге асыруы үшін тең емес жағдайлар туғызады деп есептейді. Өтініш иесінің пікірінше, мұндай міндет жекеше нотариустардың конституциялық құқықтарына, оның ішінде теңдікке, жеке бас бостандығы мен қадір-қасиетіне берілетін кепілдіктерге әсер етуі мүмкін.

Қарау нәтижелері туралы Конституциялық Соттың ресми сайтында және Telegram-арнасында хабарланатын болады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Конституционный Суд проверит конституционность нормы об освобождении от оплаты нотариальных услуг

📨 Конституционный Суд принял к производству обращение о проверке на соответствие Конституции подпункта 3) статьи 25 Закона Республики Казахстан «Об адвокатской деятельности и юридической помощи».

Заявительница считает, что освобождение отдельных граждан от оплаты за совершение нотариальных действий приводит к оказанию частными нотариусами услуг без соответствующего вознаграждения и создает неравные условия для осуществления их профессиональной деятельности. По мнению заявительницы, такая обязанность может затрагивать конституционные права частных нотариусов, включая гарантии равенства, личной свободы и достоинства.

О результатах рассмотрения будет сообщено на официальном сайте и в Telegram-канале Конституционного Суда.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Конституциялық Сотта жас қызметкерлер арасында «Тіл шебері» байқауы өтті

Қазақстан халқының тілдері күні және көрнекті ағартушы, ғалым-лингвист Ахмет Байтұрсынұлының туған күні қарсаңында Конституциялық Сотта «Тіл шебері» байқауы өтті.

Байқауға Конституциялық Сот Аппаратының жас қызметкерлері қатысты. Олар бес тақырыптық кезең барысында қазақ тілін, Қазақстанның тарихы мен дәстүрлерін білу деңгейін, сондай-ақ зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін көрсетті.

Байқау жас қызметкерлердің тіл мәдениетін арттыруға және нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу кезінде лингвистикалық талаптарды сақтаудың маңыздылығына назар аударуға бағытталды. Құқықтық нормаларды сауатты, анық әрі бірмәнді тұжырымдау олардың құқықтық мағынасын дәл әрі дұрыс жеткізу үшін ғана емес, құқық қолдану практикасында, әсіресе азаматтар үшін, құқықтық мазмұнның түсінікті болуын қамтамасыз етуде де айрықша маңызға ие.
В Конституционном Суде состоялся конкурс «Тіл шебері» среди молодых сотрудников

В преддверии Дня языков народа Казахстана и дня рождения выдающегося просветителя и ученого-лингвиста Ахмета Байтурсынова в Конституционном Суде состоялся конкурс «Тіл шебері».

В конкурсе приняли участие молодые сотрудники Аппарата Конституционного Суда, которые в рамках пяти тематических этапов продемонстрировали знание казахского языка, истории и традиций Казахстана, а также эрудицию и творческие способности.

Проведение конкурса призвано повысить языковую культуру молодых сотрудников и подчеркнуть важность соблюдения лингвистических требований при подготовке нормативных правовых актов. Грамотное, ясное и однозначное изложение правовых норм имеет принципиальное значение для обеспечения не только точной и корректной передачи их правового смысла, но и доступности понимания правового содержания в правоприменительной практике, особенно для граждан.
Конституциялық Сот: банкроттық рәсіміне қол жеткізу шарттарында кемсітушілік белгілері жоқ

Конституциялық Сот кредитордың санатына қарай сот арқылы банкроттық рәсіміне қол жеткізудің әртүрлі болуына қатысты мәселе көтерілген өтінішті қарады.

Өтініш берушінің пікірінше, мұндай талап мүліктік жағдайы бірдей азаматтардың құқықтық жағдайында айырмашылық туғызуы мүмкін.

Іс материалдарын зерделеу нәтижесінде Конституциялық Сот дауланып отырған норманың Конституцияға қайшы келмейтінін анықтады. Заңнамада сот арқылы банкроттық рәсімін қолданудың бірыңғай шарттары белгіленген және тиісті өтінішпен жүгінуге құқығы бар адамдар тобына шектеу қойылмаған.

Өтініш берушінің сот арқылы қорғалу құқығының бұзылғаны туралы уәждері де расталмады. Оның заңды соттардың дұрыс қолдануына және істің нақты мән-жайларына баға беру туралы талабы Конституциялық Соттың өкілеттігіне жатпайды.

Осылайша, өтінішті конституциялық іс жүргізуге қабылдауға негіздер анықталған жоқ.

📱 @consot_kz

Instagram | Facebook | X
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Конституционный Суд: условия доступа к судебному банкротству не содержат признаков дискриминации

Конституционный Суд рассмотрел обращение, в котором ставился вопрос о зависимости доступа к процедуре судебного банкротства от категории кредитора.

По мнению заявителя, это может приводить к различному правовому положению граждан, находящихся в одинаковом имущественном положении.

Изучив материалы, Конституционный Суд установил, что оспариваемая норма не противоречит Конституции. Суд отметил, что законодательство устанавливает единые условия применения процедуры судебного банкротства и не ограничивает круг лиц, имеющих право обратиться с соответствующим заявлением.

Доводы заявителя о нарушении права на судебную защиту также не нашли подтверждения. Оценка правильности применения закона судами и фактических обстоятельств дела, которую запрашивал заявитель, не входит в полномочия Конституционного Суда.

Таким образом, оснований для принятия обращения к конституционному производству не установлено.

📱 @consot_kz

Instagram | Facebook | X
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Конституциялық Сот баланың тегін анықтауға қатысты нормалардың конституциялылығын тексереді

📨 Конституциялық Сот «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекстің 51-бабы 2-тармағы бірінші бөлігінің және Жоғарғы Соттың «Соттардың баланың тегін анықтауға байланысты істерді қарау кезінде заңнаманы қолдануы туралы» нормативтік қаулысының 15-тармағы бірінші абзацының Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы өтінішті іс жүргізуге қабылдады.

Өтініш субъектісінің пікірінше, дауланып отырған нормаларды қолдану заңда көзделген мән-жайларда өз құқығын пайдаланған адамға белгілі бір міндеттер жүктеуге және құқықтық салдарларға әкеп соғуы мүмкін. Оның пайымдауынша, бұл неке және отбасы саласындағы конституциялық кепілдіктерді, меншік және мұрагерлік құқықтарын, сондай-ақ балаларға қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу жөніндегі құқықтар мен міндеттерді қозғайды.

Конституциялық іс жүргізудің барысы мен қорытындылары туралы Конституциялық Соттың ресми сайтында және Telegram-арнасында хабарланады.

📱 @consot_kz

Instagram | Facebook | X
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM