Конституциялық Сот 🇰🇿
✔
6.4K subscribers
1.68K photos
267 videos
1.59K links
🇰🇿Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты

🇰🇿Конституционный Суд Республики Казахстан

https://taplink.cc/consud.kz
Download Telegram
📌 ӨТКЕН АПТАДАҒЫ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СОТТЫҢ ЖАҢАЛЫҚТАР ДАЙДЖЕСТІ
 
📆 28.09.2026 – 04.10.2026
 
✅ Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Конституциялық Сот Төрағасының орынбасары тағайындалды
🔗 толығырақ
 
✅ Конституциялық Сот азаматтың өтінішін конституциялық тексеруге қабылдаудың жол берілетін шарттарын түсіндірді
🔗 толығырақ
 
✅ Конституциялық Сотта бұған дейін қабылданған қорытынды шешімдерге талдау жүргізілді
🔗 толығырақ
 
✅ Қазақстанның Конституциялық Соты Аппаратының делегациясы Адам құқықтары жөніндегі бесінші Самарқанд форумына қатысты
🔗 толығырақ

✅ Цифрландыру және жасанды интеллект жағдайындағы конституциялық сот төрелігі: Қазақстан ААСС VII Конгресінде өз тәсілдерін таныстырды
🔗 толығырақ


📱 @consot_kz

Instagram | Facebook | X
📌 ДАЙДЖЕСТ НОВОСТЕЙ КОНСТИТУЦИОННОГО СУДА ЗА МИНУВШУЮ НЕДЕЛЮ
 
📆 28.09.2026 – 04.10.2026
 
✅ Указом Главы государства назначен заместитель Председателя Конституционного Суда Республики Казахстан
🔗 подробнее
 
✅ Конституционный Суд разъяснил условия допустимости обращения гражданина для конституционной проверки
🔗 подробнее
 
✅ В Конституционном Суде проведен анализ ранее принятых итоговых решений
🔗 подробнее

✅ Делегация Аппарата Конституционного Суда Казахстана приняла участие в Пятом Самаркандском форуме по правам человека
🔗 подробнее

✅ Конституционное правосудие в условиях цифровизации и искусственного интеллекта: Казахстан представил свои подходы на VII Конгрессе AACC
🔗 подробнее

📱 @consot_kz

Instagram | Facebook | X
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Цифрландыру және жасанды интеллект жағдайындағы конституциялық сот төрелігі: Қазақстан ААСС VII Конгресінде өз тәсілдерін таныстырды

Ағымдағы жылғы 1-2 қазанда Самарқанд қаласында «Цифрландыру және жасанды интеллект жағдайындағы конституциялық сот төрелігі» тақырыбында Азия Конституциялық Соттары және баламалы институттар қауымдастығының (AACC) VII Конгресі өтті.

Конгресс жұмысына 18-ден астам мемлекеттің Конституциялық және Жоғарғы соттарының басшылары, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың өкілдері мен құқық саласындағы сарапшылар қатысты.

Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының делегациясын Конституциялық Сот Төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов басқарды. Өз сөзінде ол Қазақстанның цифрлық трансформацияға қатысты тәсілдерін таныстырып, олардың 2026 жылғы 15 наурызда жалпыхалықтық референдумда қабылданған жаңа Конституцияда бекітілгенін атап өтті.

Адам қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жеке және жария мүдделердің теңгерімі, цифрлық ортаның қолжетімділігі, цифрлық этика мен әлеуметтік жауапкершілікті қоса алғанда, цифрлық ортаның құқықтық негіздерін дамытуға ерекше назар аударылды.

Конгресс қатысушылары цифрлық ортадағы сот билігінің тәуелсіздігі, адам құқықтарын қорғау және құқық үстемдігін қамтамасыз ету, жасанды интеллектіні қолдану, дербес деректерді қорғау, киберқауіпсіздік және процестік кепілдіктер мәселелерін талқылады.

Конгресс қорытындысы бойынша конституциялық сот төрелігін дамытуға, адам құқықтарын қорғау мен құқық үстемдігін нығайтуға, сондай-ақ цифрлық және технологиялық трансформация жағдайында халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған Самарқанд декларациясы қабылданды.

📱 @consot_kz

Instagram | Facebook | X
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Конституционное правосудие в условиях цифровизации и искусственного интеллекта: Казахстан представил свои подходы на VII Конгрессе AACC

1-2 октября т.г. в Самарканде состоялся VII Конгресс Ассоциации азиатских конституционных судов и эквивалентных институтов (AACC) на тему «Конституционное правосудие в условиях цифровизации и искусственного интеллекта».

В работе Конгресса приняли участие руководители конституционных и верховных судов более 18 государств, а также представители международных организаций и эксперты в области права.

Делегацию Конституционного Суда Республики Казахстан возглавил заместитель Председателя Конституционного Суда Бакыт Нурмуханов. В своем выступлении он представил подходы Казахстана к цифровой трансформации и отметил их закрепление в новой Конституции, принятой на всенародном референдуме 15 марта 2026 года.

Особое внимание было уделено развитию правовых основ цифровой среды, включая безопасность человека, баланс частных и публичных интересов, доступность цифровой среды, цифровую этику и социальную ответственность.

Участники Конгресса обсудили вопросы независимости судебной власти, защиты прав человека и верховенства права в цифровой среде, применения искусственного интеллекта, защиты персональных данных, кибербезопасности и процессуальных гарантий.

По итогам Конгресса принята Самаркандская декларация, направленная на развитие конституционного правосудия, укрепление защиты прав человека и верховенства права, а также международного сотрудничества в условиях цифровой и технологической трансформации.

📱 @consot_kz

Instagram | Facebook | X
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Еуразиялық қауымдастықтың конституциялық бақылау органдары ынтымақтастықты дамыту мәселелерін Самарқандта талқылады

Самарқандта Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұхановтың төрағалығымен Еуразиялық конституциялық бақылау органдары қауымдастығының жұмыс отырысы өтті.

Қатысушылар Қауымдастыққа мүше мемлекеттердің конституциялық бақылау органдары арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі дамыту, сондай-ақ Қауымдастықтың Екінші Конгресін дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастырушылық мәселелерді талқылады.

📱 @consot_kz

Instagram | Facebook | X
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
В Самарканде обсудили развитие сотрудничества органов конституционного контроля Евразийской Ассоциации

В Самарканде под председательством Заместителя Председателя Конституционного Суда Республики Казахстан Бакыт Нурмуханова состоялось рабочее заседание Евразийской Ассоциации органов конституционного контроля.

Участники обсудили дальнейшее развитие взаимодействия между органами конституционного контроля государств – участников Ассоциации, а также организационные вопросы подготовки и проведения Второго Конгресса Ассоциации.

📱 @consot_kz

Instagram | Facebook | X
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇪🇸 Қазақстан мен Испанияның Конституциялық соттары ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады

Самарқандта Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов Испания Конституциялық Сотының судьясы, Ибероамерикалық Конституциялық Әділет конференциясының Төрағасы Энрике Арнальдо Алькубильямен кездесті.

Тараптар тәжірибе және құқықтық ұстанымдар алмасуды, бірлескен сараптамалық іс-шаралар өткізуді, сондай-ақ екі конституциялық бақылау органы арасындағы кәсіби байланыстарды нығайтуды қоса алғанда, екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.

📱 @consot_kz

Instagram | Facebook | X
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇪🇸 Конституционные Суды Казахстана и Испании обсудили вопросы дальнейшего сотрудничества

В Самарканде состоялась встреча Заместителя Председателя Конституционного Суда Республики Казахстан Бакыт Нурмуханова с судьей Конституционного Суда Испании, Председателем Ибероамериканской конференции конституционного правосудия Энрике Арнальдо Алькубилья.

Стороны обсудили перспективы развития двустороннего и многостороннего взаимодействия, включая обмен опытом и правовыми позициями, проведения совместных экспертных мероприятий, а также укрепления профессиональных связей между двумя органами конституционного контроля.

📱 @consot_kz

Instagram | Facebook | X
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Самарқандта түркі әлемі конституциялық бақылау органдары арасындағы өзара іс-қимылды дамыту мәселелері талқыланды

Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов Самарқандта өткен Түркі әлемінің конституциялық юрисдикциялары конференциясы ұйымының (TÜRK-AY) отырысына қатысты.

Қатысушылар конституциялық сот төрелігінің өзекті мәселелері мен өңіраралық өзара іс-қимылды дамыту перспективаларын, оның ішінде TÜRK-AY, Азия конституциялық соттары және балама институттар қауымдастығы (AACC) мен Еуразиялық конституциялық бақылау органдары қауымдастығы арасында ынтымақтастық туралы меморандумдар бекіту мәселелерін талқылады.

📱 @consot_kz

Instagram | Facebook | X
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
В Самарканде обсудили развитие взаимодействия органов конституционного контроля тюркского мира

Заместитель Председателя Конституционного Суда Республики Казахстан Бакыт Нурмуханов принял участие в заседании Организации Конференции конституционных юрисдикций тюркского мира (TÜRK-AY), состоявшемся в Самарканде.

Участники обсудили актуальные вопросы конституционного правосудия и перспективы межрегионального взаимодействия, в том числе заключения Меморандумов о сотрудничестве между TÜRK-AY, Ассоциацией азиатских конституционных судов и эквивалентных институтов (AACC) и Евразийской ассоциацией органов конституционного контроля.

📱 @consot_kz

Instagram | Facebook | X
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты: сот актілерімен келіспеу конституциялық бақылауға негіз болып табылмайды

Конституциялық Сот тергеу судьясының өкілеттіктерін айқындайтын Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 55-бабының Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы өтінішті қарады.

Өтініш субъектісінің пікірінше, арыз дау айтылып отырған норма Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелгенге дейінгі кезеңде сот арқылы қорғалу мүмкіндігін жоққа шығарады.

Конституциялық Сот арыз иесінің шағымын қараусыз қайтаруға сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталмауы негіз болғанын анықтады. Соттар осы сатыда қылмыстық-процестік заңнамада көзделген сот бақылауының нысанасы жоқ деген тұжырымға келген.

Сот әркімнің сот арқылы қорғалу құқығы заңда белгіленген тәртіппен және нысандарда іске асырылатынын атап өтті. Конституция сот арқылы қорғаудың нақты түрлері мен нысандарын айқындамайды, оларды белгілеуді заң шығарушының құзыретіне жатқызады.

Сонымен бірге өтініш субъектісінің дәлелдері соттардың қылмыстық-процестік заңнама нормаларын қолдануының дұрыстығын бағалауға бағытталған және іс жүзінде қабылданған сот актілерімен келіспейтінін білдіреді. Сот шешімдерінің заңдылығы мен негізділігін тексеру Конституциялық Соттың құзыретіне кірмейді.

Жоғарыда баяндалғандарды ескере отырып, Сот өтінішті конституциялық іс жүргізуге қабылдау үшін құқықтық негіздер жоқ деген қорытындыға келді.

📱 @consot_kz

Instagram | Facebook | X
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Конституционный Суд Республики Казахстан: несогласие с судебными актами не является основанием для конституционного контроля

Конституционный Суд рассмотрел обращение о проверке на соответствие Конституции статьи 55 Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан, определяющей полномочия следственного судьи.

Заявитель полагал, что оспариваемая норма исключает возможность судебной защиты на стадии, предшествующей регистрации заявления в Едином реестре досудебных расследований.

Конституционный Суд установил, что основанием для возвращения жалобы заявителю без рассмотрения стало отсутствие начатого досудебного расследования. Суды исходили из того, что на данной стадии отсутствует предусмотренный уголовно-процессуальным законодательством предмет судебного контроля.

Конституционный Суд отметил, что право каждого на судебную защиту реализуется в порядке и формах, установленных законом. Конституция не определяет конкретные виды и формы судебной защиты, относя их установление к компетенции законодателя.

Вместе с тем доводы заявителя были направлены на оценку правильности применения судами норм уголовно-процессуального законодательства и фактически выражали несогласие с принятыми судебными актами. Проверка законности и обоснованности судебных решений не входит в компетенцию Конституционного Суда.

С учетом вышеуказанного Суд пришел к выводу об отсутствии правовых оснований для принятия обращения к конституционному производству.

📱 @consot_kz

Instagram | Facebook | X
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🌐 Әлемдегі конституциялық сот төрелігі жаңалықтары

Кореяның Конституциялық Соты балаға есім таңдауды шектеу мәселесін қарады

Кореяның Конституциялық Соты баланың есімін ресми тіркеу кезінде қолданылатын қытай иероглифтерінің тізбесін шектеуге қатысты конституциялық шағымды қарады.

Өтініш иесі қызының туылғанын тіркеу кезінде рұқсат етілген иероглифтердің белгіленген тізбесіне енгізілмеген иероглифті пайдаланып, есімін көрсеткен. Нәтижесінде баланың есімі тек корей әліпбиімен тіркелген. Өтініш иесі мұндай құқықтық реттеу ата-аналардың балаға есім таңдау құқығын бұзады деп есептеген.

Сот көпшілік дауыспен шағымды қанағаттандырудан бас тартып, дау айтылып отырған құқықтық реттеуді Конституцияға сәйкес деп таныды. Сот белгіленген шектеу азаматтық хал актілерін тіркеу жүйесінің дәлдігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті. Бұл ретте белгіленген тізбеге енгізілмеген иероглифтерді жеке өмірде пайдалануға тыйым салынбайды, шектеу оларды ресми тіркеуге ғана қолданылады.

Дереккөз: Корея Конституциялық Соты https://www.ccourt.go.kr/jsp/View.jsp?bcIdx=4265772&cbIdx=1195&utm_source

#КонституциялықСот #Конституция #АдамҚұқықтары #ҚұқықҮстемдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🌐 Новости мира конституционного правосудия

Конституционный Суд Кореи рассмотрел вопрос об ограничении выбора имени ребенка

Конституционный Суд Кореи рассмотрел конституционную жалобу, касавшуюся ограничения перечня китайских иероглифов, используемых при официальной регистрации имени ребенка.

Заявительница при регистрации рождения дочери указала имя с иероглифом, не включенным в установленный перечень допустимых. В результате имя ребенка было зарегистрировано только на корейском алфавите. Заявительница посчитала, что такое регулирование нарушает право родителей выбирать имя ребенка.

Большинством голосов Суд отклонил жалобу и признал оспариваемое регулирование соответствующим Конституции. Суд указал, что установленное ограничение направлено на обеспечение точности и стабильности системы регистрации актов гражданского состояния. При этом использование иероглифов, не включенных в установленный перечень, не запрещено в частной сфере, а ограничение распространяется на их официальную регистрацию.

Источник: Конституционный Суд Кореи https://www.ccourt.go.kr/jsp/View.jsp?bcIdx=4265772&cbIdx=1195&utm_source

#КонституционныйСуд #Конституция #ПраваЧеловека #ВерховенствоПрава
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Жоғарғы Сот азаматтық істерді қайта қарау тәртібін Конституциялық Соттың ұстанымына сәйкестендірді

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша сот актілерін қайта қарау мәселелері жөніндегі 2017 жылғы 8 желтоқсандағы № 12 нормативтік қаулыға өзгерістер енгізді.

Өзгерістер Конституциялық Соттың 2026 жылғы 12 маусымдағы № 88-НҚ нормативтік қаулысында баяндалған құқықтық ұстанымын орындау мақсатында қабылданды.

Бұған дейін Конституциялық Сот басқа іс бойынша заңды күшіне енген сот актісі бұрын қабылданған шешімнің негізіне алынған нақты мән-жайларды теріске шығарса және бұл мән-жайлар іс үшін елеулі маңызға ие болса, сот актісін қайта қарау мүмкіндігін көздеу қажеттігін атап өткен болатын.

Енгізілген өзгерістерге сәйкес мұндай сот актісі бұрын қабылданған сот актісін қайта қарауға негіз болып танылады.

Бұл бірдей елеулі мән-жайлар бойынша бір-біріне қарама-қайшы тұжырымдар қамтылған сот актілерінің күшінде қалу жағдайларын жоюға мүмкіндік береді және сот арқылы қорғалу құқығының кепілдіктерін күшейтеді.

📱 @consot_kz

Instagram | Facebook | X
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Верховный Суд привел порядок пересмотра гражданских дел в соответствие с позицией Конституционного Суда

Верховный Суд Республики Казахстан внес изменения в нормативное постановление от 8 декабря 2017 года № 12 по вопросам пересмотра судебных актов по вновь открывшимся или новым обстоятельствам.

Изменения приняты во исполнение правовой позиции Конституционного Суда, изложенной в нормативном постановлении от 12 июня 2026 года № 88-НП.

Ранее Конституционный Суд указал на необходимость предусмотреть возможность пересмотра судебного акта, если вступивший в законную силу судебный акт по другому делу опровергает фактические основания ранее принятого решения и эти обстоятельства имеют существенное значение для дела.

Согласно внесенным изменениям такой судебный акт признается основанием для пересмотра ранее принятого судебного акта.

Это позволяет устранить ситуации, при которых сохраняются в силе судебные акты с противоположными выводами об одних и тех же существенных обстоятельствах, и усиливает гарантии права на судебную защиту.

📱 @consot_kz

Instagram | Facebook | X
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты: БАҚ-қа қойылатын талаптар бойынша бір жылдық талап қою мерзімі сот арқылы қорғалу құқығын шектемейді

Конституциялық Сот бұқаралық ақпарат құралдарына қойылатын талаптар бойынша бір жылдық талап қою мерзімін белгілейтін Қазақстан Республикасының «Масс-медиа туралы» Заңының 38-бабы 1-тармағының Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы өтінішті қарады.

Арыз иесі өзінің ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіреді деп есептеген жарияланымға байланысты дау өтініш беруге негіз болған. Соттар даулы жарияланымның «Масс-медиа туралы» Заң күшіне енгенге дейін орналастырылғанын негізге алып, оның талаптарын қанағаттандырудан бас тартқан.

Өтініш иесінің пікірінше, заңда белгіленген бір жылдық мерзім оның сот арқылы қорғалу құқығын шектейді. Себебі ол жарияланым туралы заң күшіне енгеннен кейін ғана білген, ал бас бостандығынан айыру орындарында болған кезеңде интернетке қол жеткізу мүмкіндігі болмаған.

Конституциялық Сот заңда белгіленген бір жылдық талап қою мерзімі ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді сот арқылы қорғау мүмкіндігін жоққа шығармайтынын атап өтті. Заң шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді теріске шығаруды, оларға жауап жариялауды және келтірілген зиянды өтеуді талап етуге мүмкіндік береді.

Сот мерзімді жарияланым таратылған күннен бастап есептеу тұлға мен бұқаралық ақпарат құралы арасындағы қатынастарда құқықтық айқындықты қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті. Ал мерзімді тек тұлға жарияланым туралы білген кезден бастап есептеу, керісінше, бұқаралық ақпарат құралдарына тиісті талаптар қойылуы мүмкін кезеңнің ұзақтығына қатысты белгісіздікке әкеп соғуы ықтимал.

Сот тұлғаның жарияланым туралы қашан білгеніне, тиісті ақпаратты алуға нақты мүмкіндігі болған-болмағанына байланысты мән-жайларды анықтау, сондай-ақ оларды растайтын дәлелдемелерді бағалау нақты істі қарау кезінде соттың құзыретіне жататынын көрсетті.

Осыған байланысты Конституциялық Сот дауланып отырған нормадан сот арқылы қорғалу жөніндегі конституциялық құқықты бұзу белгілерін анықтаған жоқ.

📱 @consot_kz

Instagram | Facebook | X
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM