Конституциялық Сот 🇰🇿
✔
6.55K subscribers
1.7K photos
267 videos
1.6K links
🇰🇿Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты

🇰🇿Конституционный Суд Республики Казахстан

https://taplink.cc/consud.kz
Download Telegram
🔹 Өскеменде «Заң және тәртіп» идеологиясын нығайтудағы азаматтар мен мемлекеттің рөлі туралы дөңгелек үстел өтті

Өскемен қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Құқықтық мемлекет және белсенді азамат: Қазақстан Республикасында «Заң және тәртіп» идеологиясын нығайтудағы азаматтардың, Конституциялық Сот пен құқық қорғау органдарының рөлі» атты дөңгелек үстел өтті.

Шараны Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Университетінің Жоғары бизнес және құқық мектебі ұйымдастырды, оған облыстың құқық қорғау және сот органдарының, азаматтық қоғамның өкілдері, құқықтанушы ғалымдар, сондай-ақ заң факультетінің магистранттары мен студенттері қатысты.

Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы Еркін Оңғарбаев азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және конституциялық бақылау органына жүгіну тәртібін түсіндіру Конституциялық Сот қызметінің басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. Ол конституциялық бақылау органы мен заңгерлер қауымдастығы және жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық Конституциялық Соттың нормативтік қаулыларын тәжірибеде тиімді қолдануға ықпал ететінін айтты. Оның сөзінше, Конституциялық Соттың қорытынды шешімдері заңнаманы жетілдірудің және құқықтық мемлекетті нығайтудың негізгі тетіктерінің бірі болып табылады.

Талқылау барысында қатысушылар Қазақстанда конституциялық сот төрелігін іске асыру тәжірибесін, оның қоғамда құқықтық мемлекет пен құқықтық мәдениетті қалыптастыруға әсерін талқылады.

📱 @consot_kz

Instagram
| Facebook | TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔸 В Усть-Каменогорске состоялся круглый стол о роли граждан и государства в укреплении идеологии «Закона и порядка»

В Усть-Каменогорске прошел круглый стол «Правовое государство и активный гражданин: роль граждан, Конституционного Суда и правоохранительных органов Республики Казахстан в укреплении идеологии «Закон и порядок», посвященный Дню Независимости Республики Казахстан.

Мероприятие организовано Высшей школой бизнеса и права Восточно-Казахстанского университета имени Сарсена Аманжолова, на котором приняли участие представители правоохранительных и судебных органов области, гражданского общества, ученые-правоведы, а также магистранты и студенты юридического факультета.

Судья Конституционного Суда Республики Казахстан Еркин Онгарбаев подчеркнул, что повышение правовой грамотности граждан и разъяснение порядка обращения в орган конституционного контроля является одним из приоритетов деятельности Конституционного Суда. Он отметил, что сотрудничество органа конституционного контроля с юридическим сообществом и вузами способствует практическому применению его нормативных постановлений. По его словам, итоговые решения Конституционного Суда являются одним из ключевых инструментов совершенствования законодательства и укрепления правового государства.

В ходе дискуссии участники обсудили практику реализации конституционного правосудия в Казахстане, его влияния на формирование правового государства и правовой культуры в обществе.

📱 @consot_kz

Instagram
| Facebook | TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Конституциялық Сот ерлі-зайыптылардың банк құпиясына қол жеткізуін шектеудің Конституцияға сәйкестігін тексереді

📨 Конституциялық Сот алдын ала зерделеу нәтижелері бойынша «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңның 50-бабы 4-тармағының Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы өтінішті конституциялық іс жүргізуге қабылдады.

Дауланып отырған нормаға сәйкес банк құпиясы клиентке ғана, шот (мүлік) иесінің жазбаша нысанда берген келісімінің негізінде не шот иесінің сәйкестендіру құралы арқылы кез келген үшінші тұлғаға ашылуы мүмкін.

Өтініш беруші ажырасқаннан кейін ортақ мүлікті бөлу туралы талап-арызды дайындау кезінде неке кезеңінде бұрынғы жұбайының қаржылық жинақтары туралы ақпарат ала алмады. Оның пікірінше, қолданыстағы норма ерлі-зайыптылардың біреуін бірлескен жинақтар туралы ақпаратқа қол жеткізуден айырады және ерлі-зайыптылардың ортақ меншігіндегі үлеске құқықты іске асыруға кедергі келтіреді.

Конституцияға сәйкестігін тексерудің барысы мен қорытындылары туралы ақпарат Конституциялық Соттың ресми сайтында және Telegram-арнасында жарияланады.

📱 @consot_kz

Instagram
| Facebook | TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Конституционный Суд проверит конституционность ограничения доступа супругов к банковской тайне

📨 Конституционный Суд по результатам предварительного изучения принял к конституционному производству обращение о проверке на соответствие Конституции пункта 4 статьи 50 Закона «О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан».

Согласно оспариваемой норме, банковская тайна может быть раскрыта только клиенту или любому третьему лицу с согласия владельца счета (имущества).

Заявительница при подготовке иска о разделе общего имущества после развода не смогла получить сведения о финансовых сбережениях бывшего супруга за период брака. По ее мнению, действующая норма лишает одного из супругов доступа к информации о совместных накоплениях и препятствует реализации права на долю в общей собственности супругов.

Информация о ходе и итогах проверки будет опубликована на официальном сайте и Telegram-канале Конституционного Суда.

📱 @consot_kz

Instagram
| Facebook | TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Құрметті отандастар!

Тәуелсіздік күні – Қазақстан мемлекетінің қалыптасуы мен нығаюының символы, халықтың өз даму жолын дербес айқындауға деген еркін құқығының және ел болашағы үшін жауапкершілігінің айқын көрінісі. Тәуелсіздік адам мен азаматтың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған құқықтық, демократиялық және әлеуметтік мемлекет құрудың берік негізіне айналды.

Халық бірлігі, Конституция мен заңдарды бұлжытпай сақтау, заң үстемдігі мен әділдік қағидаттарына адалдық Қазақстан Республикасының тұрақтылығы мен орнықты дамуының шешуші факторлары болып қала береді. Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан құқықтық және институционалдық реформалар мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіруге, заңдылықты нығайтуға және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін кеңейтуге бағытталған.

Бүгінде Қазақстан Республикасы диалогқа, жауапкершілікке және қоғамдық келісімге негізделген әділетті мемлекет құру бағытын жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. Тәуелсіздік алдағы уақытта да ұлттық бірлікті, қоғамдық тұрақтылықты және елдің орнықты дамуын нығайтудың сенімді тірегі бола берсін.

Барша халқына бейбітшілік, бақ-береке, тұрақтылық және ертеңгі күнге деген сенім тілейміз.


🇰🇿 С Днем Независимости Республики Казахстан!

Уважаемые сограждане,

День Независимости является символом становления и укрепления казахстанской государственности, выражением суверенного права народа на самостоятельное определение пути развития и ответственности за будущее страны. Независимость стала нашей прочной основой формирования правового, демократического и социального государства, ориентированного на защиту прав и законных интересов человека и гражданина.

Единство народа, неукоснительное соблюдение Конституции и законов, приверженность принципам верховенства права и справедливости остаются определяющими факторами стабильности и устойчивого развития Республики Казахстан. Проводимые правовые и институциональные реформы, инициированные Главой государства, направлены на дальнейшее совершенствование системы государственного управления, укрепление законности и расширение гарантий прав и свобод граждан.

Сегодня Республика Казахстан последовательно реализует курс на построение справедливого государства, основанного на диалоге, ответственности и общественном согласии. Пусть Независимость и впредь служит надежной опорой для укрепления национального единства, общественной стабильности и поступательного развития страны.

Желаем миру, благополучия, стабильности и уверенности в завтрашнем дне всему народу Республики Казахстан.

📱 @consot_kz

Instagram
| Facebook | TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Конституциялық Сот шартты сот тәртібімен бұзу мүмкіндігін растады

📨 Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотына шартты сот тәртібімен бұзуды көздейтін Азаматтық кодекстің 401-бабы 2-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасының Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы өтініш келіп түсті, өтініш берушінің пікірі бойынша сатып алу-сату шарты бойынша төлемеу шартты және жылжымайтын мүліктің жаңа меншік иесін мемлекеттік тіркегеннен кейін шартты сот тәртібімен бұзу үшін негіз бола алмайды.

Конституциялық Сот шарттың елеулі түрде бұзылуы деп тарапты мәміленің міндетті шарты ретінде көзделген мүлік құнын төлеу түріндегі күтілген нәтижеден айыратын бұзушылықты таныды.

Конституциялық Сот әркімнің сот арқылы қорғалу құқығына кепілдік беретінін және өтініш беруші сотқа жүгіну арқылы осы құқықты пайдаланғанын атап өтті.

Конституциялық Сот Конституциялық заңның 48-бабы 3-тармағының 2) тармақшасын басшылыққа алып, азаматтың өтінішін конституциялық іс жүргізуге қабылдауға құқықтық негіздер жоқ деп таныды.

📱 @consot_kz

Instagram
| Facebook | TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Конституционный Суд подтвердил возможность расторжения договора в судебном порядке

📨 В Конституционный Суд Республики Казахстан поступило обращение о проверке на соответствие Конституции подпункта 1) части первой пункта 2 статьи 401 Гражданского кодекса, предусматривающего расторжение договора в судебном порядке при его по мнению заявителя неоплата по договору купли-продажи не может быть основанием для расторжения договора в судебном порядке после государственной регистрации договора и нового собственника недвижимости.

Конституционный Суд указал, что существенным нарушением договора стало нарушение, которое лишило сторону ожидаемого результата в виде оплаты стоимости имущества, указанного в качестве обязательного условия сделки.

Конституционный Суд подчеркнул, что право на судебную защиту гарантировано каждому, и заявитель воспользовался этим правом, обратившись в суд.

Конституционный Суд, руководствуясь подпунктом 2) пункта 3 статьи 48 Конституционного закона, не усмотрел правовых оснований для проверки на предмет соответствия Конституции.

📱 @consot_kz

Instagram
| Facebook | TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Конституциялық Сот жер иелерінің сот арқылы қорғалу тәртібін нақтылады

📨 Конституциялық Сотқа Жер кодекстің 88-бабы 1-тармағының Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы азаматтың өтініші келіп түсті.

Өтініш берушінің айтуынша, дауланып отырған норма жер учаскесін мемлекеттік мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы әкімдіктің қаулысын сот тәртібімен даулау мүмкіндігін меншік иесінен айырады, бұл оның пікірінше сот арқылы қорғалу құқығын бұзады.

Конституциялық Сот өз шешімінде бұған дейін 2023 жылғы 16 мамырдағы №13-НҚ (https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/documents/details/469536?lang=ru) және 2024 жылғы 24 желтоқсандағы №56-НҚ (https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/documents/details/769436?lang=ru) нормативтік қаулыларында: «Әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауға құқығы бар» деген конституциялық қағидат кез келген адамның бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру үшін сотқа жүгіну құқылы екенін білдіреді. Бұл құқықты іске асыру заңда көзделген негіздер мен тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады», - деп көрсетілген.

Осылайша, әкімдіктің қаулысы әкімшілік акт болып табылады, оған әкімшілік немесе сот тәртібімен шағымдануға болады, өз кезегінде жерді алу негіздерін бағалау жалпы юрисдикция соттарының құзыретіне жатады, жалпы алғанда Конституциялық Сот конституциялық іс жүргізуге өтінішті қабылдау үшін негіздерді қарастырған жоқ.

📱 @consot_kz

Instagram
| Facebook | TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Конституционный Суд уточнил порядок судебной защиты собственников земель

📨 В Конституционный Суд поступило обращение гражданина о проверке на соответствие Конституции пункта 1 статьи 88 Земельного кодекса Республики Казахстан.

Заявитель утверждает, что оспариваемая норма лишает собственника возможности оспорить постановление акимата о принудительном отчуждении земельного участка для государственных нужд в судебном порядке, что, по его мнению, нарушает право на судебную защиту.

Конституционный Суд напомнил в своем решении, что ранее он в своих нормативных постановлениях от 16 мая 2023 года №13-НП (https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/documents/details/469536?lang=ru) и от 24 декабря 2024 года №56-НП (https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/documents/details/769436?lang=ru) указывал: «Конституционный принцип «каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод», что означает право любого человека обратиться в суд за восстановлением нарушенных прав и свобод. Реализация этого права осуществляется на основе и в порядке, предусмотренных законом».

Таким образом, постановление акимата является административным актом, в силу чего оно может быть обжаловано в административном или судебном порядке, в свою очередь, оценка оснований изъятия земель относится к компетенции судов общей юрисдикции, в целом, Конституционный Суд не усмотрел оснований для принятия обращения к конституционному производству.

📱 @consot_kz

Instagram
| Facebook | TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Конституциялық Сот корпоративтік шешімдерге сот тәртібімен шағымдануды реттейтін қолданыстағы нормалардың Конституцияға сәйкестігін растады

📨 Конституциялық Сотқа «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңның 58-бабы 7 және 8-тармақтарын Конституцияға сәйкестігін қарау туралы өтініш түсті.

Өтініш беруші бұрын акционерлік қоғамның басқарма мүшесі болған, алайда оның өкілеттігі директорлар кеңесінің шешімімен мерзімінен бұрын тоқтатылған. Кейіннен директорлар кеңесінің шешімі негізінде қоғамның бұйрығымен онымен жасалған еңбек шарты да мерзімінен бұрын бұзылған.

Өтініш беруші директорлар кеңесінің шешімін жарамсыз деп тану және еңбек шартын мерзімінен бұрын тоқтату туралы бұйрықты жою жөнінде ұжымдық талап арызбен сотқа жүгінген. Бірінші және апелляциялық сатыдағы соттар талап арызды қанағаттандырудан бас тартып, өтініш берушінің директорлар кеңесінің шешімдерін даулауға уәкілетті тұлғалар қатарына жатпайтынын көрсеткен, себебі ол директорлар кеңесінің мүшесі де, қоғамның акционері де болып табылмайды.

Өтініш берушінің пікірінше, директорлар кеңесінің шешімдеріне шағым жасауға құқығы бар тұлғалар шеңберін шектеу құқықтық олқылық тудырып, мүдделі тұлғалардың сот арқылы қорғалу құқығын негізсіз шектейді.

Конституциялық Сот «әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауға құқығы бар» деген конституциялық қағидат кез келген адамның және азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қорғау және қалпына келтіру үшін сотқа жүгіну құқығын білдіретінін еске салды. Бұл құқықты іске асыру заңда белгіленген негіздер мен тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.

Директорлар кеңесі қоғамды жалпы басқаруды жүзеге асырады және атқарушы органның қалыптастырылуы мен өкілеттігін тоқтату мәселелерін қоса алғанда бірқатар мәселелерді шешеді. Сонымен қатар, ол атқарушы органның құзыретіне, оның ішінде қызметкерлердің еңбек қатынастарына араласуға құқылы емес. Қызметкер жұмыс берушінің әрекеттеріне шағым жасауға құқылы, өтініш беруші бұл құқықты пайдаланған.

Директорлар кеңесінің шешімдері ішкі құзыреттерді бөлу шеңберінде қабылданатын корпоративтік актілер болып табылады және оларды заңның немесе жарғының бұзылуына байланысты негіздер бойынша тек акционерлер мен директорлар кеңесінің мүшелері ғана даулай алады.

Осыған байланысты өтінішті конституциялық іс жүргізуге қабылдау үшін құқықтық негіздер жоқ деп танылды.

📱 @consot_kz

Instagram
| Facebook | TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Конституционный Суд подтвердил конституционность действующих норм, регулирующих судебный порядок обжалования корпоративных решений

📨 В Конституционный Суд поступило обращение о рассмотрении на соответствие Конституции пунктов 7 и 8 статьи 58 Закона «Об акционерных обществах».

Заявитель ранее являлся членом правления акционерного общества, полномочия которого были досрочно прекращены решением совета директоров. Впоследствии на основании решения совета директоров приказом общества с ним был досрочно расторгнут трудовой договор.

Заявитель обратился в суд с коллективным иском о признании недействительным решения совета директоров и об отмене приказа о досрочном прекращении трудового договора. Суды первой и апелляционной инстанций отказали в иске, указав, что заявитель не входит в круг лиц, уполномоченных оспаривать решения совета директоров, поскольку не является ни членом совета директоров, ни акционером общества.

Заявитель полагает, что ограничение круга лиц, имеющих право обжаловать решения совета директоров, создает правовой пробел и необоснованно ограничивает право заинтересованных лиц на судебную защиту.

Конституционный Суд напомнил, что конституционный принцип «каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод» означает право любого человека и гражданина обратиться в суд за защитой и восстановлением нарушенных прав и свобод. Реализация этого права осуществляется на основе и в порядке, установленном законом.

Совет директоров осуществляет общее руководство обществом и решает вопросы, включая формирование и прекращение полномочий исполнительного органа. При этом он не вправе вмешиваться в компетенцию исполнительного органа, в том числе в вопросы трудовых отношений работников. Работник вправе обжаловать действия работодателя, что заявитель и реализовал.

Решения совета директоров являются корпоративными актами, принимаемыми в рамках внутреннего распределения компетенций, и обжаловаться могут только акционерами и членами совета директоров по основаниям, связанным с нарушением закона или устава.

Следовательно, правовых оснований для принятия обращения к конституционному производству не имеется.

📱 @consot_kz

Instagram
| Facebook | TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Конституциялық Сот шешімінің орындалуы: «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекстің нормасы Конституцияға сәйкестендірілді

Мемлекет басшысы 4 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет, білім беру, отбасы және мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.

Аталған Заң Конституциялық Соттың қорытынды шешімін іске асыруға бағытталған, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетім балалардың құқықтарын қорғаудың құқықтық тетіктерін күшейту мақсатында «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекске бірқатар түзетулер енгізуді көздейді.

Атап айтқанда, Конституциялық Сот 2024 жылғы 23 шілдедегі №49-НҚ қорытынды шешімінде (https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/documents/details/695569?lang=kk) Кодекстің 91-бабы 2-тармағы 11) тармақшасын Конституцияға сәйкес келмейді деп таныды.

Конституциялық бақылау органы бала асырап алу институтын құқықтық реттеу кезінде ең алдымен өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға мұқтаж баланың мүдделерінен туындау қажеттігін, сондай-ақ некені және отбасы, ананың, әкенің және баланың құқықтарын қорғау жөніндегі Конституцияда айқындалған міндетті басшылыққа алу керектігін атап өтті. Осыған байланысты заңнамалық тетіктер бала асырап алуды ер адам мен әйел үшін тең жағдайларда, ең алдымен некеде тұрған және отбасы бар адамдар тарапынан қолдауға бағытталуы тиіс, өйткені бұл баланың мүдделерін барынша қамтамасыз ету мен оған қамқорлық жасаудың мақсаттарына неғұрлым сай келеді.

Конституциялық Соттың шешімін іске асыру мақсатында Заңмен Конституцияға қайшы деп танылған норма Кодекстен алынып тасталды. Сонымен қатар, 91-баптың 1-тармағы екінші бөлікпен толықтырылып, онда баланы асырап алу кезінде оның туыстарына басым құқық берілетіні, ал олар болмаған жағдайда – тіркелген некеде тұрған адамдарға басымдық берілетіні көзделді (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z2500000236).

📱 @consot_kz

Instagram
| Facebook | TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Исполнение решения Конституционного Суда: норма Кодекса «О браке (супружестве) и семье» приведена в соответствие с Конституцией

Главой государства 4 декабря подписан Закон «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам культуры, образования, семьи и государственного контроля».

Закон содержит ряд поправок в Кодекс «О браке (супружестве) и семье» по усилению правовых механизмов защиты детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей, направленных на реализацию итогового решения Конституционного Суда.

В частности, в своем итоговом решении от 23 июля 2024 года №49-НП (https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/documents/details/695569?lang=ru) Конституционный Суд признал подпункт 11) пункта 2 статьи 91 Кодекса не соответствующим Конституции.

Орган конституционного контроля указал, что при правовом регулировании института усыновления следует исходить из интересов ребенка, нуждающегося в защите своих прав и интересов, и руководствоваться конституционно определенной задачей защиты брака и семьи, материнства, отцовства и детства. Соответственно, законодательные механизмы должны быть направлены на поддержку усыновления на равных условиях мужчиной и женщиной, прежде всего из числа состоящих в браке и имеющих семью, как более отвечающего целям наилучшего обеспечения интересов ребенка и заботы о нем.

В реализацию решения Конституционного Суда Законом признанная неконституционной норма исключена из Кодекса. Кроме того, пункт 1 статьи 91 дополнен частью второй, предусматривающей преимущественное право при усыновлении ребенка его родственниками, а в случае их отсутствия – лицами, состоящими в зарегистрированном браке (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2500000236).

📱 @consot_kz

Instagram
| Facebook | TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Конституциялық Сот: зейнетақылардың ең төменгі деңгейін қамтамасыз ете отырып, олардың мөлшерін заңнамалық реттеу Конституцияға қайшы келмейді

📨 Конституциялық Сотқа азаматтардың мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алуға құқығы бар адамдардың санаттарын белгілейтін Әлеуметтік кодекстің 205-бабы 1) және 2) тармақшаларының Конституцияға сәйкестігін қарау туралы өтініштері келіп түсті.

Өтініш берушілер 2016 жылғы 1 қаңтардан кейін тағайындалған еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушылар болып табылады және дауланып отырған нормаға сәйкес мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алуға құқығы жоқ.

Өтініш берушілердің пікірінше, зейнеткерлердің бір бөлігін базалық зейнетақы алушылар қатарынан шығару әлеуметтік мемлекеттің негізгі қағидаттарына қайшы келеді. Зейнеткерлердің жекелеген санатын мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінен айыру олардың конституциялық құқықтарын бұзады.

Конституциялық Сот Конституцияның 28-бабы 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтарына ең төменгі жалақы мен зейнетақы мөлшері, жасына байланысты, ауруына, мүгедектігіне, асыраушысынан айырылуына және өзге де заңды негіздер бойынша әлеуметтік қамсыздандыру кепілдік берілетінін атап өтті.

Осылайша, Конституция еліміздегі экономикалық жағдайға, адамның өмір сүру ұзақтығының серпініне, халықтың денсаулық жағдайына және ақылға қонымды әрі негізді сипаттағы өзге де өлшемшарттарға байланысты зейнетақы төлемдерінің ең төменгі мөлшерін қамтамасыз ету шартымен, олардың мөлшерін айқындауды заңнамалық реттеу мүмкіндігін жоққа шығармайды.

Конституциялық Сот өтініш берушілерге бұған дейін де аталған мәселенің Конституцияға сәйкестігін тексеріп, 2023 жылғы 8 сәуірдегі №8 нормативтік қаулыны (https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/documents/details/453757?lang=kk) қабылдағанын, онда құқықтық ұстанымдар мен тексеру нәтижелері бойынша шешімнің егжей-тегжейлі баяндалғанын еске салды. Аталған нормативтік қаулы өзінің заңды күшін сақтайды.

Өтініштерді конституциялық іс жүргізуге қабылдаудан бас тартылды.

📱 @consot_kz

Instagram
| Facebook | TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM