📢 Сегодня состоится очередное заседание Комиссии по Конституционной реформе (Конституционной комиссии)
Мероприятие будет транслироваться в прямом эфире на официальных страницах в социальных сетях:
📱 consot_kz
📱 constcouncil.kz
📱 Конституциялық реформа 2026
Начало трансляции в 16:00 часов.
Мероприятие будет транслироваться в прямом эфире на официальных страницах в социальных сетях:
Начало трансляции в 16:00 часов.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Конституциялық комиссияның кезекті отырысы басталды
***
Началось очередное заседание Конституционной комиссии
***
Началось очередное заседание Конституционной комиссии
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов волонтерлік қызметті конституциялық деңгейде бекіту туралы пікір білдірді
****
Заместитель председателя Конституционного Суда Бакыт Нурмуханов о закреплении волонтерской деятельности на конституционном уровне
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» партиясы фракциясының жетекшісі Азат Перуашев жаңа Конституцияда меншік нысандары институтын кеңейту туралы айтты
****
Депутат Мажилиса Парламента РК, руководитель фракции партии «Ақ жол» Азат Перуашев о расширении института форм собственности в проекте Новой Конституции
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«Конституцияда жарияланған адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтары кез-келген заңды қабылдаудың негізгі критерийі мен мақсаты болуы тиіс» – Нархоз Университетінің профессоры Виктор Малиновский
****
«Провозглашённые Конституцией права и свободы человека и гражданина должны выступать основополагающим критерием и целью принятия любого закона» – профессор Университета Нархоз Виктор Малиновский
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«Конституция жобасы мына екі ұғымды нақты ажыратады: адамның құқықтары мен бостандықтары, азаматтың құқықтары мен міндеттері» – Әділет министрлігінің Заңнама және құқықтық ақпарат институтының басшысы Индира Әубәкірова
****
«Проект Конституции чётко разделяет два понятия: права и свободы человека, права и обязанности гражданина» – директор Института законодательства и правовой информации Министерства юстиции Индира Аубакирова
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Конституция жобасы референдумға шығаруға дайын – саясаттанушы Марат Шибұтов
****
Политолог Марат Шибутов считает, что проект Конституции готов к вынесению на референдум
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов жаңа Конституцияның негізгі артықшылықтары мен новеллалары туралы пікір білдірді
****
Депутат Мажилиса Парламента РК Мурат Абенов о ключевых преимуществах и основных новеллах новой Конституции
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«Еңбек адамның жеке тәуекелі емес, лайықты өмірдің негізі деп танылады» – ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин
****
«Труд признается не личным риском человека, а основой достойной жизни» – Председатель Федерации профсоюзов РК Сатыбалды Даулеталин
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Конституциялық комиссия жаңа Ата Заңда волонтерлік қызмет мәртебесін бекітуді қолдады
Азаматтар, қоғамдық ұйымдар, ғалымдар мен заңгерлер қауымдастығының бірқатар ұсынысы негізінде Қазақстаның жаңа Конституциясының жобасына жаңа маңызды толықтырулар енгізілді. Оларды Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның оныншы отырысында Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов таныстырды.
«31-баптың 2-тармағында Қазақстан Республикасында ерікті әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік қамсыздандырудың өзге де нысандарын құру, волонтерлік қызмет және қайырымдылықтың ынталандырылатыны жөнінде толықтыру енгізілді», – деді Конституциялық сот төрағасының орынбасары.
«Бұл түзету аталған Конституциялық заңда осы мәселелерді қамтуға және оларды құқықтық реттеу деңгейін арттыруға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Бақыт Нұрмұханов.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Конституционная комиссия поддержала закрепление статуса волонтерской деятельности в новом Основном законе
На основании ряда предложений от граждан, общественных организаций, ученых и юридического сообщества в проект новой Конституции РК были внесены новые важные дополнения. Их презентовал заместитель председателя Конституционного суда Бакыт Нурмуханов на десятом заседании Комиссии по Конституционной реформе.
«В пункте 2 статьи 31 сделано дополнение, что в Республике Казахстан поощряются добровольное социальное страхование, создание иных форм социального обеспечения, волонтерская деятельность и благотворительность», – озвучил заместитель председателя Конституционного суда.
«Данная поправка позволит охватить эти вопросы в названном Конституционном законе и повысить уровень их правового регулирования», – подчеркнул Бакыт Нурмуханов.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстанның жаңа Конституциясында меншік нысандарын барынша нақтылай түсу ұсынылды
Мәжіліс депутаты, «Ақ жол» партиясы фракциясының жетекшісі Азат Перуашев ҚР жаңа Конституциясында меншік нысанын барынша нақтылап бекітуді ұсынды. Ол өз ұсынысын Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның оныншы отырысында айтты.
«Финляндия, Литва, Латвия, Әзірбайжан және басқа елдердің конституцияларында мемлекеттік және жеке меншікпен қатар муниципалдық нысан көрсетілген. Қытай, Бразилия, Үндістан конституцияларында бұған ұжымдық немесе кооперативтік меншік қосылған. Кейбір елдерде жария меншік, яғни жария қор нарығында орын алатын компаниялардың меншігі ерекше көзге түседі. Бірқатар басқа елде экономикалық алуандылықты ынталандыру мақсатында Конституциядағы меншік нысандарының тізбесі мүлде шектелмеген», – деді ол.
«Бірақ кооператив бүгінде Азаматтық кодексте түсіндірілгендей жеке меншіктің қарапайым жиынтығы ма? Пайшылардың латифундистермен, кредиттік серіктестіктердің қарыз алушылармен көпжылдық даулары және басқа да мысалдар бұл мәселе қолданыстағы заңнамада толық пысықталмағанын көрсетеді», - деп атап өтті депутат.
«Осыған байланысты меншік мәселесін шешудегі негізгі қағидат деп нарықтық қатынастар, яғни бәсекелестік, монополияларға қарсы іс-қимыл өлшемшарттары, нақтылап айтқанда – әртүрлі тәсілдерді таңдау мүмкіндігі екенін атап өту қажет деп санаймын», – деді депутат.
«Бұл тек мемлекеттік және жеке меншікті ғана емес, экономиканы әртараптандыру және ұлттың әл-ауқатының өсуін қамтамасыз ету мақсатында бизнестің, қоғамның және мемлекеттің ресурстары мен мүмкіндіктерін экономикалық айналымға кеңінен тарту мүмкіндігін ашатын және қорғауды білдіретін барлық басқа да ықтимал нысандарды қолдауды білдіреді», – деп атап өтті Азат Перуашев.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
В Казахстане предложили важную новеллу о формах собственности для новой Конституции РК
Депутат Мажилиса, руководитель фракции партии «Ақ жол», Азат Перуашев предложил закрепить более широкое определение форм собственности в новой Конституции РК. Свое предложение он озвучил на десятом заседании Комиссии по Конституционной реформе.
«В Финляндии, Литве, Латвии, Азербайджане и других странах, наряду с государственной и частной собственностью, в конституциях отражена муниципальная форма. В конституциях Китая, Бразилии, Индии к ним добавлена коллективная или кооперативная собственность. В некоторых странах особо выделяется публичная собственность, то есть собственность компаний, котирующихся на публичном фондовом рынке. В ряде других стран в целях стимулирования экономического разнообразия перечень форм собственности в Конституции вообще не ограничен», – озвучил он.
«Но является ли кооператив простой суммой частных собственностей, как сегодня трактует Гражданский кодекс? Многолетние споры пайщиков с латифундистами, кредитных товариществ с заемщиками и другие примеры говорят о том, что этот вопрос в действующем законодательстве до конца не проработан», – отметил депутат.
«В этой связи считаю нужным подчеркнуть, что базовым принципом при решении вопроса собственности выступают рыночные отношения, то есть критерии конкуренции, противодействия монополиям, шире говоря – возможность выбора из разнообразных подходов», – сказал депутат.
«Это подразумевало бы поддержку и защиту не только государственной и частной собственности, но и всех других возможных форм, что открыло бы возможность более широкого вовлечения в экономический оборот ресурсов и возможностей бизнеса, общества и государства в целях диверсификации экономики и обеспечения роста благосостояния нации», – подчеркнул Азат Перуашев.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Индира Әубәкірова: жаңа Конституция адам құқықтары мен азамат құқықтарының аражігін айқын белгілейді
Заңнама және құқықтық ақпарат институтының директоры Индира Әубәкірова Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның оныншы отырысында жаңа Ата заң жобасының 14-бабының 2, 3 және 5-тармақтарына енгізіліп отырған өзгерістердің мәнін түсіндірді.
«Мәселе күрделі заң терминдерінде емес, әрбір адамға қандай құқықтар туғаннан бері тиесілі, қай құқықтар тек азамат мәртебесімен байланысты және мұның не үшін маңызды екенінде жатыр», – деп атап өтті спикер.
«Құқықтар мен бостандықтар әрбір адамға дүниеге келген сәттен бастап тиесілі. Яғни, мемлекет оларды бермейді және өз қалауы бойынша алып қоя алмайды», – деді ол.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Новая Конституция четко разграничивает права гражданина и права человека – Индира Аубакирова
Директор Института законодательства и правовой информации Индира Аубакирова выступила на 10-ом заседании Комиссии по конституционной реформе, разъяснив значение изменений в пунктах 2, 3 и 5 статьи 14 проекта новой Конституции.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Халықаралық шарттар Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқығының құрамдас бөлігі болып қала береді – Виктор Малиновский
Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның оныншы отырысында «Нархоз университеті» КеАҚ профессоры Виктор Малиновский жеке тұлғаның құқықтық мәртебесіне арналған жаңа Ата заң жобасының 14-бабы бойынша пікір білдіріп, бірқатар маңызды түзетулерге назар аударды.
«Конституцияға сәйкес, заң шығарушы, атқарушы және сот билігі органдары қызметінің басты ұстанымы адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге негізделуі тиіс. Билік органдары қабылдайтын кез келген заң, нормативтік және өзге де құқықтық актілер осы құндылықтарды қорғауға және жүзеге асыруға бағытталуы қажет. Сондай-ақ, әрбір жеке шешім тұлғаның құқықтарын басшылыққа алуы тиіс», – деді Виктор Малиновский.
«Адам құқықтары абсолютті, бөлінбейтін және әмбебап сипатқа ие. Олар әрбір адамға туғанынан бері тиесілі және азаматтығына, құқықтық мәртебесіне, тұрғылықты жеріне немесе басқа да жағдайларға тәуелді емес. Адам құқықтары ең жоғары конституциялық құндылық болып саналады және қолданыстағы барлық құқықтың мәнін, мазмұнын және қолданылуын айқындайды», – деді профессор.
«Мұндай міндеттерге Қазақстан Республикасын қорғау және әскери қызмет атқару, тарихи және мәдени мұраны сақтау туралы қамқорлық, табиғатты қорғау және табиғи байлықтарға ұқыпты қарау, сондай-ақ Конституция мен заңдардан тікелей туындайтын өзге де міндеттер жатады», – деді Малиновский.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Международные договоры сохраняются частью действующего права Казахстана – Виктор Малиновский
На очередном заседании Комиссии по Конституционной реформе профессор НАО «Университет Нархоз» Виктор Малиновский представил развернутую позицию по статье 14 проекта новой Конституции, посвящённой правовому положению личности, обозначив ряд принципиальных конституционных уточнений.
«Провозглашенные Конституцией права и свободы человека и гражданина должны выступать основополагающим критерием и целью принятия любого закона, подзаконного, нормативного и иного правового акта органов законодательной, исполнительной и судебной власти, а также каждого индивидуального правоприменительного решения, затрагивающего условия и порядок реализации прав и свобод личности», – сообщил Виктор Малиновский.
«Права человека носят абсолютный, неотчуждаемый и универсальный характер, принадлежат каждому от рождения и не зависят от гражданства, правового статуса, места проживания или иных условий. Они выступают высшей конституционной ценностью и предопределяют смысл, содержание и применение всего действующего права», – подчеркнул профессор.
«К числу таких обязанностей относятся защита Республики Казахстан и несение воинской службы, забота о сохранении исторического и культурного наследия, охрана природы и бережное отношение к природным богатствам, а также иные обязанности, прямо вытекающие из Конституции и законов», – отметил Малиновский.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
«Міндетті емес, «құқылы» – Мәжіліс депутаты жаңа Конституцияда саяси жүйені неғұрлым икемді етуді ұсынды
Қазақстанның жаңа Конституциясының жобасына жасанды әрекетсіздіктен, ұзаққа созылған институционалдық дағдарыс сценарийлерінен қорғаудың пәрменді құқықтық тетіктері енгізілген. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның оныншы отырысында сөйлеген сөзінде мәлімдеді.
«Қоғамда, әсіресе, әлеуметтік желілерде және сарапшылар ортасында Құрылтайды таратудың негіздері қызу талқыланды. Сондықтан «AMANAT» партиясының фракциясы 46-шы және 62-баптың «Президент таратады» деген тұжырымдамасын «Президент таратуға құқылы» деп өзгертуді ұсынады. Осының нәтижесінде Құрылтайды жасанды түрде тарату және саяси дағдарыс мүмкіндігі жойылады. Ұсынылған нақтылау – бұл жүйені іштен шайқалтудан, оны жасанды түрде жасалған келіспеушілік арқылы істен шығарудан және елді ұзаққа созылған институционалдық дағдарысқа тартуға тырысудан сақтандырудың бір түрі. Бұл өзгерістер реформалар логикасына және Әділетті Қазақстан моделіне сәйкес келеді. Сондай-ақ Комиссия мүшелеріне 62-баптың екінші тармағына «Президент ұсынған кандидатураны тағайындаудың» орнына «Президент ұсынған әрбір кандидатураны тағайындау» деген нақтылау енгізуді ұсынғым келеді. Бұл осы баптағы әркелкіліктерді болдырмауға мүмкіндік береді», – деп атап өтті комиссия мүшесі.
Мұрат Әбенов өз сөзінде Вице-Президент институтын енгізу логикасына түсініктеме берді.
«Біз әлемдік қоғамдастыққа жақсы таныс Vice-President түсінікті және мойындалған халықаралық моделін саналы түрде таңдаймыз. Бұл Қазақстанның танымалдығы мен саяси салмағын арттырады және біздің билік жүйемізді сыртқы серіктестер үшін барынша түсінікті етеді», - деп түсіндірді ол конституциялық новелланы.
«Бүгінде қоғамда cancel culture, яғни, «жою мәдениеті» құбылысы күшейіп жатыр. Біз әртүрлі елдерде қоғамдық пікірталастың шектен шығып кететінін байқаймыз: адамды сөзбен сендірмей, «жою қажет» деп таңбалайды. Конституция жобасында бұған қатысты нақты құндылық жүйесі белгіленген: адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұғылмайды және заңмен қорғалады. Бұл сынға тыйым салу туралы емес. Біздің жолымыз – айқын пікірталас және жауапкершілік», - деп атап көрсетті ол.
«Желіде бұл норма «мемлекет ішіндегі мемлекет» құрып отыр екен деген тезис белсенді түрде таралуда. Бұл шындыққа жанаспайды. Қазақстан бірыңғай құқықтық кеңістігі бар біртұтас мемлекет болып қала береді. Алатау – бұл автономия да, ерекше аумақ та емес. Бұл біздің қазақстандық қала. Онда жаңа жұмыс орындарын құру, инвестициялар тарту үшін бизнеске жеделдетілген рәсімдер қарастырылған белгілі бір қаржылық дербестік қарастырылуда», – деп түйіндеді Әбенов.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM