Конституциялық Сот 🇰🇿
✔
6.4K subscribers
1.68K photos
267 videos
1.59K links
🇰🇿Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты

🇰🇿Конституционный Суд Республики Казахстан

https://taplink.cc/consud.kz
Download Telegram
▪️▪️

Новая Конституция четко разграничивает права гражданина и права человека – Индира Аубакирова

Директор Института законодательства и правовой информации Индира Аубакирова выступила на 10-ом заседании Комиссии по конституционной реформе, разъяснив значение изменений в пунктах 2, 3 и 5 статьи 14 проекта новой Конституции.

✔️ В своем выступлении она отметила, что предлагаемые поправки касаются не абстрактных юридических формулировок, а напрямую затрагивают интересы каждого человека. По ее словам, «речь идет не о сложных юридических формулировках, а о том, какие права есть у каждого человека, а какие только у гражданина государства, и почему это важно».

✔️ Аубакирова подчеркнула, что проект Конституции четко разграничивает права и свободы человека и права и обязанности гражданина. При этом она особо отметила: «права и свободы принадлежат каждому человеку от рождения. Это означает, что государство не дает человеку права и не может их отнять по своему желанию». Эти права являются абсолютными и неотчуждаемыми и не зависят от гражданства, национальности или социального статуса. Иностранные граждане и лица без гражданства обладают ими наравне с гражданами Республики Казахстан.

✔️ Говоря о пункте 3 статьи 14, Индира Аубакирова пояснила, что права гражданина возникают в силу гражданства как устойчивой правовой связи человека с государством и предполагают взаимные права и обязанности. В этой связи иностранцы и лица без гражданства могут пользоваться отдельными правами гражданина лишь в случаях, прямо предусмотренных законом.

✔️ Комментируя пункт 5 статьи 14, она отметила, что установление пределов реализации прав и свобод не означает их ограничения, а служит обеспечению баланса, при котором свобода одного человека не нарушает свободы других. Также, как рассказала Индира Аубакирова, проект Конституции закрепляет реализацию прав и свобод с уважением прав других людей, основ конституционного строя, общественного порядка, здоровья населения и общественной нравственности.

✔️ Индира Аубакирова подчеркнула, что предлагаемые изменения направлены на повышение правовой определенности и снижение рисков произвольного толкования норм.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
▪️▪️

Халықаралық шарттар Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқығының құрамдас бөлігі болып қала береді – Виктор Малиновский

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның оныншы отырысында «Нархоз университеті» КеАҚ профессоры Виктор Малиновский жеке тұлғаның құқықтық мәртебесіне арналған жаңа Ата заң жобасының 14-бабы бойынша пікір білдіріп, бірқатар маңызды түзетулерге назар аударды.


✔️ Оның айтуынша, Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқығының мәнін, мазмұны мен қолданылуын айқындауы тиіс деген ережені адам құқықтары мен бостандықтарын қамтитын 14-баптың 2-тармағында бекіту керек.

«Конституцияға сәйкес, заң шығарушы, атқарушы және сот билігі органдары қызметінің басты ұстанымы адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге негізделуі тиіс. Билік органдары қабылдайтын кез келген заң, нормативтік және өзге де құқықтық актілер осы құндылықтарды қорғауға және жүзеге асыруға бағытталуы қажет. Сондай-ақ, әрбір жеке шешім тұлғаның құқықтарын басшылыққа алуы тиіс», – деді Виктор Малиновский.


✔️ Оның айтуынша, «қолданыстағы құқық» ұғымын жүйелі түрде қолдану заң тұрғысынан дұрыс. Бұл ұғым тек заңдарды ғана емес, құқықтың басқа да көздеріне түсініктеме береді. Сонымен қатар, профессор бұл ұғымның мемлекеттегі құқықтық олқылықтарды жоюға және адамдардың құқықтарын қорғауды күшейтуге арналғанын атап өтті.

✔️ Өз сөзінде Малиновский 14-баптың 3-тармағына да ерекше тоқталды. Спикер адамның құқықтары мен міндеттері азаматтығынан туындайтынын жеткізіп, бұл құқықтардың тұлғаның мемлекетпен берік саяси-құқықтық байланысына негізделетінін айтты. Ғалым оларды нақты әрі бұлжытпай бекіту қажеттігін де алға тартты.

✔️ Профессордың пікірінше, мұндай конституциялық нақтылау адам мен азаматтық құқықтың ара-жігін ажыратуға мүмкіндік береді. Бұл конституциялық құқық теориясы мен тәжірибесінде жалпыға танылған тәсіл болып есептеледі.

«Адам құқықтары абсолютті, бөлінбейтін және әмбебап сипатқа ие. Олар әрбір адамға туғанынан бері тиесілі және азаматтығына, құқықтық мәртебесіне, тұрғылықты жеріне немесе басқа да жағдайларға тәуелді емес. Адам құқықтары ең жоғары конституциялық құндылық болып саналады және қолданыстағы барлық құқықтың мәнін, мазмұнын және қолданылуын айқындайды», – деді профессор.


✔️ Оның айтуынша, сәйкесінше ааматтық тек азаматтық құқықтардың көлемін ғана айқындап қоймайды, сонымен бірге адамның мемлекеттегі ерекше құқықтық мәртебесін көрсетеді. Сәйкесінше, жеке адамдарға ғана тән арнайы міндеттерді де белгілейді.

«Мұндай міндеттерге Қазақстан Республикасын қорғау және әскери қызмет атқару, тарихи және мәдени мұраны сақтау туралы қамқорлық, табиғатты қорғау және табиғи байлықтарға ұқыпты қарау, сондай-ақ Конституция мен заңдардан тікелей туындайтын өзге де міндеттер жатады», – деді Малиновский.


✔️ Бұл ереже әртүрлі тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін нақтылай отырып, Ата заңдағы 14-баптың мәнін ашады дейді профессор. Сонымен қатар, Малиновский аталған баптың 5-тармағына да түсініктеме беріп, құжатта жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асырудың шегі әділ түрде белгіленгенін атап өтті.

✔️ Баяндаманың жеке бір бөлігі халықаралық шарттарға және олардың ұлттық құқықпен арақатынасына арналды. Малиновский Конституция жобасында ратификацияланған халықаралық шарттар Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқығының құрамдас бөлігі екенін және ұлттық құқықтық жүйеде қолданылуға тиіс екені туралы қағидаттың сақталатынын хабарлады.

✔️ Оның пікірінше, ратификацияланған халықаралық шарттардың заңдардан басымдығы туралы ереженің жойылуы адам құқықтары саласындағы бұрын ратификацияланған және қолданыстағы халықаралық шарттарға қауіп төндірмейді.

🔹 Осылайша, профессор сөзіне сәйкес, басты мәселе құқық көздерінің формалды басымдығында емес екен. Ең маңыздысы – соттар мен өзге де мемлекеттік органдардың құқық қолдану тәжірибесінде халықаралық шарттардың күші сақталады. Жаңа Конституция жобасы бұл қағидатты жоққа шығармайды және деңгейін түсірмейді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
▪️▪️

Международные договоры сохраняются частью действующего права Казахстана – Виктор Малиновский

На очередном заседании Комиссии по Конституционной реформе профессор НАО «Университет Нархоз» Виктор Малиновский представил развернутую позицию по статье 14 проекта новой Конституции, посвящённой правовому положению личности, обозначив ряд принципиальных конституционных уточнений.

✔️ Говоря о пункте 2 статьи 14, он отметил необходимость закрепить положение о том, что права и свободы человека определяют сущность, содержание и применение действующего права Республики Казахстан.

«Провозглашенные Конституцией права и свободы человека и гражданина должны выступать основополагающим критерием и целью принятия любого закона, подзаконного, нормативного и иного правового акта органов законодательной, исполнительной и судебной власти, а также каждого индивидуального правоприменительного решения, затрагивающего условия и порядок реализации прав и свобод личности», – сообщил Виктор Малиновский.


✔️ Использование более широкого и системного понятия «действующее право», по его словам, является юридически точным, поскольку охватывает не только законы, но и иные источники права, обязывая государство устранять существующие и потенциальные пробелы в регулировании и расширять гарантии защиты прав личности.

✔️ Отдельное внимание Малиновский уделил пункту 3 статьи 14, указав на необходимость прямо и недвусмысленно закрепить, что гражданину Республики Казахстан права и обязанности принадлежат в силу гражданства, то есть вытекают из устойчивой политико-правовой связи лица с государством. Такое конституционное уточнение, по его словам, позволяет четко разграничить права человека и права гражданина, что является общепризнанным подходом в теории и практике конституционного права.

«Права человека носят абсолютный, неотчуждаемый и универсальный характер, принадлежат каждому от рождения и не зависят от гражданства, правового статуса, места проживания или иных условий. Они выступают высшей конституционной ценностью и предопределяют смысл, содержание и применение всего действующего права», – подчеркнул профессор.


✔️ В то же время гражданские права принадлежат лицу исключительно в силу гражданства и выражают его особый правовой статус как члена политического сообщества государства.

✔️ Соответственно, подчеркнул профессор, гражданство обуславливает не только объем гражданских прав, но и возложение на лицо специальных конституционных обязанностей, которые не могут быть в равной мере возложены на иных лиц.

«К числу таких обязанностей относятся защита Республики Казахстан и несение воинской службы, забота о сохранении исторического и культурного наследия, охрана природы и бережное отношение к природным богатствам, а также иные обязанности, прямо вытекающие из Конституции и законов», – отметил Малиновский.


✔️ По его словам, закрепление данного положения позволит обеспечить конституционную ясность при определении объема прав и обязанностей различных категорий лиц и укрепить правовую логику статьи 14. Комментируя пункт 5 статьи 14, Малиновский отметил, что он справедливо закрепляет пределы осуществления прав и свобод личности.

✔️ Отдельный блок выступления был посвящен международным договорам и их соотношению с национальным правом. Малиновский сообщил, что проект Конституции сохраняет принцип, согласно которому ратифицированные международные договоры являются частью действующего права Республики Казахстан и подлежат применению в национальной правовой системе.

✔️ В этой связи исключение положения о приоритете ратифицированных международных договоров над законами, по его оценке, не создает угрозы для ранее ратифицированных и действующих международных договоров в области прав человека.

🔹 Таким образом, подчеркнул профессор, ключевым является не формальный вопрос приоритета источников, а реальное соблюдение международных договоров наряду с законами в правоприменительной практике судов и иных государственных органов, что проектом новой Конституции не исключается и не умаляется.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
▪️▪️

«Міндетті емес, «құқылы» – Мәжіліс депутаты жаңа Конституцияда саяси жүйені неғұрлым икемді етуді ұсынды

Қазақстанның жаңа Конституциясының жобасына жасанды әрекетсіздіктен, ұзаққа созылған институционалдық дағдарыс сценарийлерінен қорғаудың пәрменді құқықтық тетіктері енгізілген. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның оныншы отырысында сөйлеген сөзінде мәлімдеді.

✔️ Атап айтқанда, 46-шы және 62-баптардың бастапқы редакциясы негізгі тағайындауларды қайта келісуден бас тартқан кезде Құрылтайдың таратылуын көздеді, бұл «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласына сәйкес келмейді.

«Қоғамда, әсіресе, әлеуметтік желілерде және сарапшылар ортасында Құрылтайды таратудың негіздері қызу талқыланды. Сондықтан «AMANAT» партиясының фракциясы 46-шы және 62-баптың «Президент таратады» деген тұжырымдамасын «Президент таратуға құқылы» деп өзгертуді ұсынады. Осының нәтижесінде Құрылтайды жасанды түрде тарату және саяси дағдарыс мүмкіндігі жойылады. Ұсынылған нақтылау – бұл жүйені іштен шайқалтудан, оны жасанды түрде жасалған келіспеушілік арқылы істен шығарудан және елді ұзаққа созылған институционалдық дағдарысқа тартуға тырысудан сақтандырудың бір түрі. Бұл өзгерістер реформалар логикасына және Әділетті Қазақстан моделіне сәйкес келеді. Сондай-ақ Комиссия мүшелеріне 62-баптың екінші тармағына «Президент ұсынған кандидатураны тағайындаудың» орнына «Президент ұсынған әрбір кандидатураны тағайындау» деген нақтылау енгізуді ұсынғым келеді. Бұл осы баптағы әркелкіліктерді болдырмауға мүмкіндік береді», – деп атап өтті комиссия мүшесі.


Мұрат Әбенов өз сөзінде Вице-Президент институтын енгізу логикасына түсініктеме берді.

«Біз әлемдік қоғамдастыққа жақсы таныс Vice-President түсінікті және мойындалған халықаралық моделін саналы түрде таңдаймыз. Бұл Қазақстанның танымалдығы мен саяси салмағын арттырады және біздің билік жүйемізді сыртқы серіктестер үшін барынша түсінікті етеді», - деп түсіндірді ол конституциялық новелланы.


✔️ Сонымен қатар, Мәжіліс депутатының айтуынша, Ата заң жобасының новеллаларын дұрыс түсінбеу реформаларды мәнін бұрмалауға әкеп соғады. Сондықтан бүгін бәрін шешіп алуымыз қажет.

«Бүгінде қоғамда cancel culture, яғни, «жою мәдениеті» құбылысы күшейіп жатыр. Біз әртүрлі елдерде қоғамдық пікірталастың шектен шығып кететінін байқаймыз: адамды сөзбен сендірмей, «жою қажет» деп таңбалайды. Конституция жобасында бұған қатысты нақты құндылық жүйесі белгіленген: адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұғылмайды және заңмен қорғалады. Бұл сынға тыйым салу туралы емес. Біздің жолымыз – айқын пікірталас және жауапкершілік», - деп атап көрсетті ол.


✔️ Сонымен қатар депутат қоғамда да көптеген мәселелер туғызған Ата заң жобасының 5-бабының 6-тармағына назар аударды.

«Желіде бұл норма «мемлекет ішіндегі мемлекет» құрып отыр екен деген тезис белсенді түрде таралуда. Бұл шындыққа жанаспайды. Қазақстан бірыңғай құқықтық кеңістігі бар біртұтас мемлекет болып қала береді. Алатау – бұл автономия да, ерекше аумақ та емес. Бұл біздің қазақстандық қала. Онда жаңа жұмыс орындарын құру, инвестициялар тарту үшін бизнеске жеделдетілген рәсімдер қарастырылған белгілі бір қаржылық дербестік қарастырылуда», – деп түйіндеді Әбенов.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
▪️▪️

«Не обязан, а «вправе»: мажилисмен предложил в новой Конституции сделать политическую систему более гибкой

В проект новой Конституции Казахстана встроены действенные правовые механизмы защиты от искусственного паралича власти и сценариев затяжного институционального кризиса. Об этом заявил депутат Мажилиса Мурат Абенов, выступая на десятом заседании Комиссии по конституционной реформе.

✔️ В частности, первоначальная редакция статей 46 и 62 предусматривала роспуск Курултая при повторном отказе в согласовании ключевых назначений, что не соответствовало формуле «Сильный Президент – влиятельный Парламент – подотчетное Правительство».

«В обществе, особенно в социальных сетях и экспертной среде, бурно обсуждались основания для роспуска Курултая. Поэтому Фракция партии «AMANAT» предлагает изменить формулировку 46-ой и 62-ой статьи с «Президент распускает» на «Президент вправе распустить». Благодаря этому исключается риск искусственного роспуска Курултая и устраняется сама возможность политического кризиса. Предлагаемое уточнение является своего рода страховкой от попыток раскачать систему изнутри, парализовать ее через искусственно созданный конфликт и втянуть страну в затяжной институциональный кризис. Данные изменения соответствуют логике реформ и модели Справедливого Казахстана. Также хотел бы предложить членам Комиссии внести уточнение в пункт второй статьи 62, вместо «назначение кандидатуры, предложенной Президентом», заменить на «назначение каждой кандидатуры, предложенной Президентом». Это позволит избежать разночтений в данной статье», – подчеркнул член Комиссии.


✔️ Прокомментировал в своем выступлении Мурат Абенов и логику введения института Вице-Президента.

«Мы осознанно выбираем понятную и признанную международную модель Vice-President, хорошо известную мировому сообществу. Это повышает узнаваемость и политический вес Казахстана и делает нашу систему власти более понятной для внешних партнеров», – прокомментировал он конституционную новеллу.


✔️ Кроме этого, по словам мажилисмена, неверная трактовка новелл проекта Основного закона, искажает общественное восприятие реформ и запускает цепочку заблуждений с нарастающими последствиями. Именно поэтому сегодня особенно важно расставить все точки над «i».

«Сегодня в обществе все громче звучит феномен cancel culture, «культура отмены». Мы видим, как в разных странах общественная дискуссия все чаще превращается в охоту на ведьм: человека не спором убеждают, а клеймом «отменяют». В проекте Конституции этому соответствует четкая ценностная рамка: честь и достоинство человека неприкосновенны и охраняются законом (статья 20). Это не про запрет критики. Наш путь – зрелая дискуссия и ответственность», – акцентировал он.


✔️ Вместе с тем, депутат обратил внимание на пункт 6 статьи 5 проекта Основного закона, по которому в обществе также возникло немало вопросов.

«В сети активно распространяется тезис о том, что данная норма якобы создает «государство в государстве». Это не соответствует действительности. Казахстан остается унитарным государством с единым правовым пространством. Алатау – это не автономия и не особая территория. Это наш казахстанский город. В нем предусматривается определённая финансовая самостоятельность, ускоренные процедуры для бизнеса, чтобы создать новые рабочие места, привлечь инвестиции», – резюмировал Абенов.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
▪️▪️

Саясаттанушы Марат Шибұтов: Ата Заңның жобасы бүкілхалықтық референдумға шығаруға дайын деп санаймын

Саясаттанушы Марат Шибұтов болашақ бірпалаталы Парламент – Құрылтайды тарату мүмкіндігі туралы конституциялық норманы неғұрлым егжей-тегжейлі тұжырымдауды ұсынды. Ол өз пікірін Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның оныншы отырысында білдірді.

✔️ Марат Шибұтов Құрылтай бірқатар жоғары лауазымды тұлғаларды тағайындауды келісуге құқылы екенін айтты. Олардың қатарында Вице-Президент, Премьер-Министр, Конституциялық Соттың 10 судьясы, Орталық сайлау комиссиясының 6 мүшесі және Жоғары аудиторлық палатаның 8 мүшесі бар. Яғни, қазіргіден әлдеқайда көп.

✔️ Марат Шибұтов Парламентті тарату тетіктерін неғұрлым икемді және ымыраға келуге мүмкіндік беретіндей етуді ұсынды.

«Таратады» деген сөздің орнына мен үзілді-кесілділікті алып тастап, келісімге келу мүмкіндігін қалдырып, «таратуға құқылы» дегенді қолдануды ұсынамын. Бұл «Президент» бөліміндегі 46-баптың 2, 4, 8-тармақтарына және «Құрылтай» бөліміндегі 62-баптың 1, 2-тармақтарына қатысты. Осылайша, біз саяси жүйені икемді және ымыраға келуге бейім етеміз. Құрметті Комиссия, менің ұсынысымды қолдауды сұраймын», – деді ол.


✔️ Саясаттанушы сондай-ақ ҚР жаңа Конституциясына ұсынылған әрбір тұжырым Конституциялық комиссияда қызу талқылаудан өтіп, ашық қоғамдық бағалаумен сүйемелденгенін атап өтті.

«Бұл күрделі, кейде ыңғайсыз, бірақ адал үдеріс болды. Нәтижесінде, қазіргі кезеңде бізде түрлі сала сарапшыларының бірлескен еңбегі мен әртүрлі ұстаным, тәжірибе мен дүниетанымының нәтижесі болып табылатын жоба бар. Сондықтан да Ата заң жобасы жалпыхалықтық дауыс беруге шығаруға дайын деп санаймын», – деп қорытындылады Марат Шибұтов.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
▪️▪️

Политолог Марат Шибутов: считаю, что проект Основного закона готов для вынесения на всенародный референдум

Политолог Марат Шибутов предложил более детально сформулировать конституционную норму о возможности роспуска будущего однопалатного Парламента – Курултая – при неоднократном отказе согласовать ключевые кадровые назначения. Свое мнение он озвучил на десятом заседании Комиссии по Конституционной реформе.


✔️ Марат Шибутов сообщил, что Курултай будет вправе согласовывать назначение ряда высших должностных лиц. В их числе Вице-президент, Премьер-министр, 10 судей Конституционного суда, 6 членов Центральной избирательной комиссии и 8 членов Высшей аудиторской палаты. То есть существенно больше, чем сейчас.

✔️ Марат Шибутов предложил сделать механизм роспуска Парламента более гибким и нацеленным на поиск компромисса.

«Вместо формулировки «распускает» предлагаю использовать «вправе распустить», убрав однозначность и оставив возможность договориться. Это касается пунктов 2, 4, 8 статьи 46 в разделе «Президент» и пунктов 1, 2 статьи 62 в разделе «Курултай». Таким образом, сделаем политическую систему более гибкой и склонной к компромиссу. Прошу уважаемую Комиссию поддержать мое предложение», – озвучил он.


✔️ Политолог также подчеркнул, что каждая формулировка, предлагаемая в новую Конституцию РК, прошла через насыщенные обсуждения внутри Конституционной комиссии и сопровождалась открытой общественной оценкой.

«Это был сложный, иногда неудобный, но честный процесс. В результате на текущем этапе мы имеем проект, который является результатом совместного труда и различных подходов, опыта и мировоззрений экспертов из разных сфер. Именно поэтому считаю, что проект Основного закона готов для вынесения на всенародное голосование», – заключил Марат Шибутов.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
▪️▪️

Жаңа Конституция жобасына аға буын үшін маңызды нормалар енді – Бақтығожа Ізмұхамбетов

Мәжіліс депутаты, «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақтығожа Ізмұхамбетов жаңа Конституция жобасына егде адамдарға қатысты қандай маңызды нормалар енгенін айтып берді.

«Жаңа Конститутция жобасында әрбір азаматқа жалақы мен зейнетақының ең төмен мөлшеріне, жасына, науқастануына немесе мүгедектігіне байланысты әлеуметтік қамсыздандыруға тікелей кепілдік берілген. Сонымен бірге, мемлекет әлеуметтік қамсыздандырудың және қайрымдылықтың түрлі нысандарын дамытуға жәрдемдесу міндетін алып отыр, бұл егде жастағы адамдар үшін қосымша қауіпсіздік береді», – деді Бақтығожа Ізмұхамбетов Конституциялық комиссия X отырысында.


🔹 Констуцияның жаңа жобасында Преамбулаға тарихи-мәдени мұраны сақтау мен ұлттық мәдениетті қолдау − мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаларының бірі деген тұжырым енгізілді. Осылайша ел болашағын қалыптастыруда, ең алдымен жинақталған білім, тәжірибе және тәрбиені ұрпаққа жеткізу арқылы аға буынның айрықша рөлі мойындалып отыр.

«Бұрынғы консультативтік құрылымдардың орнына «Қазақстанның Халық Кеңесі» құрылып, құрамына барлық өңірлердің өкілдері енеді. Бұл да аға буынға маңызды мемлекеттік шешімдер мен заңдарды талқылауға қатысу мүмкіндігін береді», – дейді депутат.


🔹 Аға буын үшін маңызды тармақ − кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалардың еңбекке жарамсыз ата-аналарына қамқорлық жасау міндетін Конституцияда бекіту ұрпақтар сабақтастығы мен отбасылық ынтымақтастықты күшейтеді.

🔹 Жаңа Конституция жобасы азаматтардың жеке қаражаты мен өмірін қорғауды да күшейтеді. Мемлекет банк салымдардың, жинақтардың сақталуына және қаржылық операциялардың құпия болуына кепілдік береді.

«Онда жеке деректерді алаяқтардан және заңсыз пайдаланудан, оның ішінде интернет-кеңістікте қорғау жеке норма болып бекітіледі. Бұл цифрлық технологияларды пайдалана алмайтын және мемлекеттік қызметтерді, медициналық көмекті алу немесе қаржылық операция жүргізуде сын-қатерге жиі тап болатын егде адамдар үшін ерекше маңызды», – деп толықтырды Ардагерлер ұйымының төрағасы.


🔹 Сондай-ақ, ел ардагерлері 3-бапта жоғары экологиялық мәдениетті қалыптастыру және табиғатқа ұқыпты қарау қағидатының алғаш рет конституциялық деңгейде бекітілгеніне де риза.

✔️ Сөз соңында Бақтығожа Ізмұхамбетов ардагерлер қауымы осы әзірленген Конституция жобасын қолдайтынын жеткізді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
▪️▪️

В проект новой Конституции включены важные для старшего поколения нормы – Бактыгожа Измухамбетов

Депутат Мажилиса, председатель РОО «Организация ветеранов» Бактыгожа Измухамбетов рассказал о ключевых нормах проекта новой Конституции, имеющих важное значение для граждан пожилого возраста.

«В проекте новой Конституции каждому гражданину гарантируется право на минимальный размер заработной платы и пенсии, а также на социальное обеспечение по возрасту, в случае болезни или инвалидности. Кроме того, государство берет на себя обязательство содействовать развитию различных форм социальной поддержки и благотворительности, что создает дополнительные гарантии безопасности для людей пожилого возраста», – отметил Бактыгожа Измухамбетов на 10-ом заседании Конституционной комиссии.


🔹 В проекте новой Конституции в Преамбулу включено положение о сохранении историко-культурного наследия и поддержке национальной культуры как одного из ключевых принципов деятельности государства. Таким образом, при формировании будущего страны признается особая роль старшего поколения – через призму передачи накопленных знаний, опыта и ценностей последующим поколениям.

«Вместо прежних консультативных структур создается «Халық Кеңесі», в состав которого войдут представители всех регионов. Это позволит представителям старшего поколения участвовать в обсуждении важных государственных решений и законов», – подчеркнул депутат.


🔹 Еще одной значимой нормой для старшего поколения стало конституционное закрепление обязанности совершеннолетних трудоспособных детей заботиться о нетрудоспособных родителях. Эта норма направлена на укрепление преемственности поколений и семейной солидарности.

🔹 Проект новой Конституции также усиливает защиту личных средств и жизни граждан. Государство гарантирует сохранность банковских вкладов и сбережений, а также конфиденциальность финансовых операций.

«Отдельной нормой закрепляется защита персональных данных от мошенничества и незаконного использования, в том числе в интернет-пространстве. Это имеет особое значение для пожилых людей, которые не всегда уверенно пользуются цифровыми технологиями и чаще сталкиваются с рисками при получении государственных услуг, медицинской помощи или совершении финансовых операций», –добавил председатель Организации ветеранов.


🔹 Кроме того, представители ветеранского сообщества положительно оценили, что на конституционном уровне закреплен принцип формирования высокой экологической культуры и бережного отношения к природе.

✔️ В завершение Бактыгожа Измухамбетов сообщил, что ветеранское сообщество страны поддерживает разработанный проект новой Конституции.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
▪️▪️

«Жаңа Конституция жобасы еңбек адамдарының тілегімен үндеседі» – Кәсіподақтар федерациясының төрағасы

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин Конституциялық комиссияның 10-отырысында жаңа Ата Заң жобасы әу бастан-ақ оның қоғамға және әрбір азаматтың өміріне ұзақ мерзімді әсері ескеріле отырып әзірленгенін алға тартты.

✔️ Оның айтуынша, кәсіподақтар үшін бұл үдерістің ашықтығын қамтамасыз ету, талқылауға жұмыс істейтін халықты тұтастай тартудың маңызы ерекше.

«Кәсіподақтардың шамамен екі миллион мүшесінің өкілі ретінде бұл құжатты талқылау комиссия мен сарапшылар ортасының аясында ғана қалмауы мен үшін аса маңызды болды», – деді Сатыбалды Дәулеталин.


✔️ Өңірлерде және еңбек ұжымдарында өткен талқылаулар барысында адал еңбек етіп жүрген адамдардың күнделікті өміріне тікелей қатысты мәселелер көтерілген.

«Талқылау азаматтармен бетпе-бет, кейде қызу пікірталас түрінде, бірақ шынайы әңгіме сипатында өтті. Адамдар еңбек қауіпсіздігі, балаларының болашағы туралы айтты. Кәсіподақтар федерациясы жаңа Конституция жобасын қолдады. Себебі ол көп жағдайда біз еңбек адамдарынан естіп отырған ой-пікірлермен сәйкес келді», – деп толықтырды спикер.


✔️ Өз сөзінде ол әлеуметтік мемлекет қағидатына және адамның ең жоғары құндылық ретінде бекітілуіне де назар аударды. Кәсіподақтар федерациясы төрағасының пікірінше, бұл – мемлекеттік шешімдер үшін негізгі бағдар.

«Алғашқы баптың өзінде-ақ Қазақстан әлеуметтік мемлекет ретінде айқындалып, ең жоғары құндылық ретінде адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары аталады. Жалдамалы жұмыскер үшін бұл – аса маңызды белгі. Мемлекет енді сандар мен есептердің айналасында емес, еңбек етіп, өнім өндіретін, еліміздің тұрақтылығын қамтамасыз ететін адамдар айналасында құрылады», – деді Сатыбалды Дәулеталин.


✔️ Еңбек құқықтары туралы айта келе, Сатыбалды Дәулеталин экономикалық және технологиялық өзгерістер кезеңінде жұмыспен қамту саласына және еңбек жағдайларына мемлекет жауапкершілігінің сапалық тұрғыдан өзгергеніне тоқталды.

«Еңбек адамның жеке тәуекелі ретінде емес, лайықты өмірдің негізі ретінде мойындалады. Тағы бір маңызды бағыт – ынтымақтастық қағидаты. Мұнда ол өзінің нағыз шынайы мәніне қайта оралады. Бұл – мемлекет, бизнес және еңбек арасындағы ынтымақтастық. Тәуекелді жұмыскердің мойнына іле салу емес. Біржақты жауапкершілік те емес. Бұл – мемлекет белсенді қатысушы бола отырып, адамдардың тұрмыс жағдайына жауапкершілік алатын мүдделердің әділ теңгерімі. Жұмысшы үшін бұл, ең алдымен, ертеңгі күнге деген сенім», – деп мәлімдеді спикер.


✔️ Сөз соңында Сатыбалды Дәулеталин ауызбіршілік пен қоғамның бір кісідей атсалысуы тұрақты дамудың негізгі тетігі екенін тағы еске салды. Сондай-ақ, Конституциялық комиссия мүшелеріне ашық әрі мазмұнды диалог үшін алғыс айтты.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
▪️▪️

«Проект новый Конституции совпадает с тем, что мы слышим от людей труда» – глава Федерации профсоюзов

Председатель Федерации профсоюзов Республики Казахстан Сатыбалды Даулеталин на 10-м заседании Конституционной комиссии подчеркнул, что работа над проектом новой Конституции с самого начала велась с осознанием ее долгосрочного влияния на общество и жизнь каждого человека.

✔️ Он отметил, что для профсоюзного сообщества принципиальным было обеспечить открытость процесса и вовлеченность широких слоев работающего населения, а не ограничиваться обсуждением в узком экспертном кругу.

«Для меня, как представителя около двух миллионов членов профсоюзов, было принципиально важно, чтобы обсуждение этого документа не ограничивалось рамками комиссии и экспертной среды», – отметил Сатыбалды Даулеталин.


✔️ В ходе обсуждений в регионах и трудовых коллективах, по его словам, поднимались вопросы, напрямую связанные с повседневной жизнью людей труда.

«Это был живой, иногда жесткий, но честный разговор. Люди говорили о безопасности труда, о будущем своих детей. Федерация профсоюзов поддержала проект новой Конституции. Потому что он во многом совпал с тем, что мы слышим от людей труда», – добавил спикер.


✔️ Отдельное внимание в выступлении было уделено социальному характеру государства и закреплению человека как высшей ценности, что, по мнению главы Федерации профсоюзов, является ключевым ориентиром для всех государственных решений.

«Уже в первой статье Казахстан закреплен как социальное государство, а высшей ценностью названы человек, его жизнь, права и свободы. Для наемного работника это важнейший сигнал. Государство выстраивается не вокруг цифр и отчетов, а вокруг человека, который работает, создает продукт и обеспечивает устойчивость страны», – отметил Сатыбалды Даулеталин.


✔️ Говоря о трудовых правах, Сатыбалды Даулеталин отметил качественное изменение подхода государства к сфере занятости и ответственности за условия труда в период экономических и технологических трансформаций.

«Труд признается не личным риском человека, а основой достойной жизни. Еще один ключевой блок – это солидарность. Здесь она возвращается в свой настоящий смысл. Солидарность государства, бизнеса и труда. Не перекладывание рисков на работников. Не односторонняя ответственность. А честный баланс интересов, где государство является активным участником и берет на себя ответственность за условия жизни людей. Для работника это прежде всего уверенность в завтрашнем дне», – заявил спикер.


✔️ Завершая выступление, он подчеркнул значение солидарности и общественного участия как инструментов устойчивого развития и выразил благодарность членам Конституционной комиссии за открытый и содержательный диалог.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
▪️▪️

Конституциялық комиссияның отырысы аяқталды.

Эльвира Азимова Конституциялық комиссияның келесі отырысы 10 ақпан күні өтетінін хабарлады.

****

Заседание Конституционной комиссии завершилось.

Эльвира Азимова сообщила, что следующее заседание Конституционной комиссии состоится 10 февраля.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📢 Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) кезекті отырысы өтеді

Іс-шара әлеуметтік желідегі ресми парақшаларда:

📱consot_kz

📱constcouncil.kz

📱Конституциялық реформа 2026

тікелей эфирде көрсетіледі.

Тікелей эфир сағат 16:00-де басталады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📢 Сегодня состоится очередное заседание Комиссии по Конституционной реформе (Конституционной комиссии)

Мероприятие будет транслироваться в прямом эфире на официальных страницах в социальных сетях:

📱consot_kz

📱constcouncil.kz

📱 Конституциялық реформа 2026

Начало трансляции в 16:00 часов.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Конституциялық комиссияның кезекті отырысы басталды

***

Началось очередное заседание Конституционной комиссии
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
▪️▪️

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Ата заң жобасына жекелеген қосымша нормаларды енгізу туралы айтты

****

Заместитель председателя Конституционного Суда Бакыт Нурмуханов о включении отдельных дополнительных норм в проект Основного Закона
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
▪️▪️

«Конституцияда бекітілсін: сот шешімінсіз тұрғын үйден айыруға ғана емес, одан шығаруға да жол берілмейді» – Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев

****

«Закрепить в Конституции норму, что без решения суда недопустимо не только лишение жилища, но и выселение из него» – Уполномоченный по правам человека Артур Ластаев
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Live stream finished (37 minutes)
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
▪️▪️

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Конституцияда тұрғын үйден шығаруға жол бермеу туралы норманы бекіту туралы айтты

****

Уполномоченный по правам ребенка Динара Закиева о закреплении в Конституции нормы о недопустимости выселения из жилища
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM