Бақыт Нұрмұханов: жаңа Конституцияда барлық өтпелі рәсімдер, мерзімдер мен регламенттер көрініс тапты
Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның 12-ші отырысы барысында Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов келіп түскен ұсыныстардың қорытындылары негізінде жаңа Ата Заң жобасына енгізілген қосымша нормалар туралы хабарлады.
«Конституциялық Кеңес пен Конституциялық Соттың бұрын қабылданған нормативтік қаулылары Ата заңға қайшы келмейтін бөлігінде заңды күшін сақтайтынын атап өткім келеді», – деді Бақыт Нұрмұханов.
«Оларда терминологиялық және семантикалық бірізділік қамтамасыз етілген. Құқықтық нормалардың тұжырымдамалары қолжетімді және олардың мазмұны баршаға түсінікті етіп жазылған. Бұл бағытта заңгерлер мен лингвист мамандардан құралған жұмыс топтарының үлкен жұмысын ерекше атап өткім келеді. Жаңа Конституцияның пысықталған жобасы Комиссия мен жұмыс топтарының отырыстарында жан-жақты талқыланып, қолдау тапты. Комиссия мүшелерінің азаматтармен және заң қоғамдастығы өкілдерімен өткізген кездесулерінде де оң пікірлер айтылды», - деп қорытындылады Бақыт Нұрмұханов.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Жаңа Конституция жалпыхалықтық референдумға шығаруға дайын – Айдос Сарым
Жаңа Конституция жобасы – сарапшылар мен қоғам өкілдерінің ұзақ әрі тиянақты еңбегінің нәтижесінде әзірленген бірегей тарихи құжат. Ол жалпыхалықтық референдумға шығаруға толық дайын. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Айдос Сарым Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның 12-ші отырысында мәлімдеді.
«Бірлесе және үйлесімді атқарылған жұмыстың арқасында қажетті құқықтық нормалар мен тұжырымдарды таба алдық. Олар жуырда азаматтарымыздың өмірін оң бағытта өзгертіп, мемлекетіміз бен қоғамымыздың жаңа келбетін қалыптастыруға ықпал етеді», – деді депутат.
«Тарихшы әрі мұрағатшы ретінде мұндай ұстаным мен үшін айрықша құнды. Біз жаңа тағдырдың, ортақ болашақтың Конституциясын жасадық деп шынайы сеніммен айта аламын», – деді Айдос Сарым.
«Біз әлемдегі алғашқы мемлекеттердің бірі болып азаматтардың цифрлық құқықтарын Ата заң деңгейінде бекітіп отырмыз. Дәл осы салаларда мемлекеттер арасындағы басты бәсекелестік жүреді. Біз ашық, адал әрі өркениетті бәсекеге дайынбыз», – деді депутат.
«Біздің Конституция жобамыз – бұл еркіндік, тәртіп, заңдылық және өзара жауапкершілік Конституциясы», – деді Айдос Сарым.
«Қазіргі нұсқада оны Президентке ұсынып, жалпыхалықтық референдумға шығаруға әбден болады деп сенемін. Біз республикалық штаб құрып, еліміздің барлық өңіріне барып, әрбір азаматпен ашық әрі сенімді диалог жүргізуге дайынбыз», – деп түйіндеді депутат.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
«Халықтың шешімімен бекітетін уақыт жетті» – Ауыл партиясы қазақстандықтарды жаңа Конституцияны қолдауға шақырды
Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның 12-ші отырысында «Ауыл» партиясының төрағасы Серік Егізбаев қоғамнан келіп түскен сан мыңдаған ұсыныс-пікірлер негізінде әзірленген жаңа Конституция жобасына қатысты өз көзқарасын білдірді.
«Талқылау барысында қоғамнан келіп түскен мыңдаған ұсыныстар ескерілген, еліміздің болашақтағы даму барысын, азамат пен мемлекеттің өзара қарым-қатынасының жаңа моделін, мемлекеттік басқарудың бағыт-бағдарын айқындайтын жаңа Конституциямызды халықтың шешіміне ұсынғалы отырмыз», – деді ол.
«Қарағанды, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Көкшетау, Шымкент және өзге де өңірлерде халықпен кездесулер ұйымдастырылып, елдің пікірі толық ескерілді», – деді «Ауыл» партиясының төрағасы.
«Осы орайда маңызды бір жайтты айтқым келеді: кездесулерде барлық азаматтар бір ауыздан: «Бұл құжатты халықтың шешімімен бекітетін уақыт жетті» деген пікірді жиі айтты. Сондықтан, Конституция жобасын жалпыұлттық референдумға шығаруды ұсынамын. Барлық отандастырымызды жаңа Конституциямызды қолдауға шақырамын!», – деп қорытындылады сөзін Серік Егізбаев.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Келіп түскен жүйелі ұсыныстар жаңа Конституция мәтінінде көрініс тапты – Ерлан Қарин
Заңгерлер мен тіл мамандарының бірлескен жұмысының нәтижесінде жаңа Ата Заң мәтіні оқуға жеңіл, түсінуге оңай, құқықтық тұрғыдан нақты құжатқа айналды. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Конституциялық комиссияның 12-ші отырысында мәлімдеді.
«Жаңа Конституция жобасы жарияланғаннан кейін де келіп түскен ұсыныстар негізінде тағы қосымша нормалар, басқа да редакциялық-стилистикалық өзгерістер енгізілді. Қойылған сұрақтарға, айтылған сын-пікірлерге Комиссия мүшелері тарапынан бірден жауап я түсініктеме беріліп отырды. Осылайша, Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаты негізінде қоғаммен кері байланыс орнатылып, азаматтардың ұсыныс-пікірі мүмкіндігінше ескерілді», – деді Ерлан Қарин.
«Осылайша, біз мемлекет пен қоғам тұтастығының, бірлігінің жаңа үлгісін көрсеттік. Болашақта жаңа Конституция азаматтардың қолдауымен референдумда қабылданып жатса, бұл тек құқықтық құжат емес, жалпыұлттық идея мен құндылықтар тұрғысынан қоғамдық бірліктің іргетасына айналарына сенім білдіргім келеді», – деді ол.
«Конституция нормаларының мәні нақтыланып, түрлі шешімдерге негіз болатын кемшіліктер жойылды. Бұл – көзге көрінбейтін, бірақ өте маңызды әрі күрделі жұмыстардың бір бөлігі ғана. Осындай жұмыстардың нәтижесінде жаңа Ата Заңның мәтіні оқуға жеңіл, түсінуге оңай, құқықтық тұрғыдан нақты құжатқа айналды», – деп түйіндеді Ерлан Қарин.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
«Ақ жол» партиясы жаңа Конституция жобасын қолдайды – Азат Перуашев
Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның 12-отырысында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» партиясы фракциясының жетекшісі Азат Перуашев жаңа Конституция жобасын қолдайтынын мәлімдеп, оны жалпыхалықтық референдумға шығаруды ұсынды.
«Елімізге жай ғана инвестиция емес, ең озық технологияларды әкелуге мүмкіндік беретін «жедел дамитын қалаларға» ерекше мәртебе беру мүмкіндігін аса маңызды деп санаймыз. Өйткені жаңа өнімдер, тауарлар мен қызмет түрлері пайда болғанда, оларды реттеу тетіктері әрдайым үлгере бермейді», – деп атап өтті ол.
«Құжат жоғары ұйымдастырушылық әрі мазмұндық деңгейде әзірленді деп есептейміз. Әріптестеріміздің жаңа Конституция жобасын жалпыхалықтық референдумға шығару жөніндегі ұсынысын қолдаймыз», – деді Азат Перуашев.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Партия «Ақ жол» поддерживает проект новой Конституции – Азат Перуашев
На 12-ом заседании Комиссии по Конституционной реформе депутат Мажилиса Парламента Республики Казахстан, руководитель фракции партии «Ақ жол» Азат Перуашев заявил о поддержке проекта нового Основного Закона и предложил вынести его на всенародный референдум.
✔️ Депутат сообщил, что в рамках работы над проектом новой Конституции, продолжавшейся около полугода, фракция направила более 50 поправок, касающихся парламентской реформы и других разделов документа.
✔️ Перуашев подчеркнул, что положения о защите прав бизнеса, гарантий и разнообразия форм собственности, а также защиты банковской и коммерческой тайны вместе с другими новеллами новой Конституции окажут позитивное влияние на защиту законных прав предпринимателей, формирование привлекательного инвестиционного климата и развитие частного бизнеса.
✔️ Руководитель фракции вновь подтвердил принципиальную позицию партии о необходимости перехода к однопалатному Парламенту. Он подчеркнул, что партия последовательно отстаивала эту модель и считает, что проект Конституции соответствует взглядам и принципам, которые «Ақ жол» защищает в интересах национального бизнеса и отечественных предпринимателей.
На 12-ом заседании Комиссии по Конституционной реформе депутат Мажилиса Парламента Республики Казахстан, руководитель фракции партии «Ақ жол» Азат Перуашев заявил о поддержке проекта нового Основного Закона и предложил вынести его на всенародный референдум.
«Мы считаем крайне важной возможность придания особого статуса «городам ускоренного развития», что даст возможность привлечения в нашу страну не просто инвестиций, но и новейших технологий, регулирование которых не всегда успевает за появлением новых видов продукции, товаров и услуг», – отметил он.
«Мы считаем, что разработка документа состоялась на высоком организационном и содержательном уровне. Поддерживаем предложение коллег о вынесении данного проекта новой Конституции на всенародный референдум», – заявил Азат Перуашев.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
«Respubliсa» партиясы жаңа Конституция жобасын қолдайды – Айдарбек Қожаназаров
Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның 12-ші отырысында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Respubliсa» партиясы фракциясының жетекшісі Айдарбек Қожаназаров жаңа Конституция жобасын қолдайтынын мәлімдеді және оның еліміздің ары қарай дамуы үшін стратегиялық маңызға ие екенін атап өтті.
«Ұсынылып отырған Конституция жобасы дайын үлгілердің көшірмесі емес. Иә, біз халықаралық тәжірибені зерделеп, кәсіби қауымдастықпен кеңестік. Алайда түпкілікті мәтін – дербес таңдауымыздың нәтижесі. Ол біздің қоғамның құндылық негіздерін бейнелейді, тарихи сабақтастықты сақтайды әрі жаңа сын-қатерлерді ескереді», – деді депутат.
«Бір палаталы Парламент – Құрылтай қалыптастырылады, оның бақылау функциялары күшейтіледі. Партиялардың маңызы артып, олардың қоғам алдындағы саяси жауапкершілігі күшейеді. Бұл қадамдар институционалдық тепе-теңдікті қамтамасыз етуге бағытталған», – деді фракция жетекшісі.
«Жалпы алғанда, жаңа Конституция – жай ғана құқықтық құжат емес. Бұл – институттарды жаңартуға арналған құрал. Біз өкілеттік пен жауапкершілік арасындағы сәйкестік, стратегиялық жауапкершілік пен қоғамдық сенім қалыпты қағидаға айналатын, мықты, әділетті әрі тұрақты Қазақстанның негізін қалаймыз», – деп түйіндеді ол.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Партия «Respubliсa» поддерживает проект новой Конституции – Айдарбек Ходжаназаров
На заседании Комиссии по Конституционной реформе депутат Мажилиса Парламента Республики Казахстан, руководитель фракции партии «Respubliсa» Айдарбек Ходжаназаров заявил о поддержке проекта новой Конституции и отметил его стратегическое значение для дальнейшего развития страны.
«Представленный проект Конституции не является механическим заимствованием готовых моделей. Да, мы изучали международную практику и консультировались с профессиональным сообществом, но итоговый текст – результат самостоятельного выбора. Он отражает ценностную основу нашего общества, сохраняет связь с историческим опытом и при этом учитывает новые вызовы», – заявил депутат.
«Формируется однопалатный Парламент – Курултай, усиливаются его контрольные функции, расширяется участие партий и повышается их политическая ответственность перед обществом. Эти шаги направлены на достижение институционального баланса», – заявил руководитель фракции.
«В целом новая Конституция – это не просто правовой документ. Это инструмент обновления институтов, рассчитанный на долгий горизонт. Мы формируем основу для сильного, справедливого и устойчивого Казахстана – государства, в котором соответствие полномочий и ответственности, стратегическая ответственность и доверие общества становятся нормой, а не исключением», – заключил он.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Магеррам Магеррамов: Қазақстан Халық партиясы Қазақстанның жаңа Конституциясының жобасын қолдайды
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Халық партиясы фракциясының жетекшісі Магеррам Магеррамов Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның 12-ші отырысында жаңа Конституция жобасының маңыздылығы туралы айтып, құжаттың өңірлерде кеңінен қолдау тапқанын жеткізді.
«Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы алғаш рет Преамбула мен жалпы ережелер деңгейінде мемлекеттік дамудың іргелі бағдары ретінде «Әділетті Қазақстан» құндылығын белгіледі. Әділетті Қазақстан қағидаты Қазақстан Халық партиясы толық қолдайтын әлеуметтік әділеттілікті білдіреді. Әділетті Қазақстан – «Заң мен Тәртіп» қағидатын сөзсіз ұстанатын ел; тең мүмкіндіктер елі, кепілдендірілген құқықтар мен бостандықтар елі», – деді депутат.
«Мен қазақстандықтардың басым көпшілігінің жаңа Конституция жобасын толық қолдайтынын сеніммен айта аламын. Мұны тек Комиссияның ғана емес, сонымен қатар еліміздің барлық өңірлеріндегі жаңа Конституция жобасын әртүрлі қоғамдық, әлеуметтік топтармен, қоғамдық ұйымдармен және еңбек ұжымдарымен талқылау аясында кездесулерді өткізген Халық партиясы филиалдарының жұмысына байланысты айтып отырмын»,– деді ол.
«Жаңа Конституцияның жобасы – өткен кезең мен бүгінгі басымдықтарды түсіне отырып, Қазақстанның болашақтағы жаңа бағдары туралы шешім қабылдаған халықтың бірлігі мен біртұтастығының белгісі деп айтуға болады. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, біз жаңа Конституцияның жобасын жалпыхалықтық референдумға шығаруды ұсынамыз», – деп қорытындылады сөзін Магеррам Магеррамов.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Народная партия Казахстана поддерживает проект новой Конституции Казахстана – Магеррам Магеррамов
На очередном заседании Комиссии по Конституционной реформе депутат Мажилиса Парламента Республики Казахстан, руководитель фракции Народной партии Казахстана Магеррам Магеррамов высказался о значении проекта новой Конституции и заявил о широкой поддержке документа в регионах.
«Проект новой Конституции Республики Казахстан впервые закрепляет на уровне Преамбулы и общих положений ценностную установку «Справедливый Казахстан» как фундаментальный ориентир государственного развития. Принцип Справедливого Казахстана олицетворяет социальную справедливость, приверженцем которого является Народная партия Казахстана. Справедливый Казахстан – это страна, где безусловны следования принципу «Закона и Порядка»; страна равных возможностей, гарантированных прав и свобод, где обязанности так же неотъемлемы, как и права и свободы человека», – отметил депутат.
«Я могу с полной уверенностью сказать о широкой поддержке подавляющим большинством казахстанцев проекта Новой Конституции и это я говорю, опираясь на работу не только Комиссии, но, и партийных филиалов Народной партии во всех регионах страны, которые проводили встречи по обсуждению проекта новой Конституции с разными общественными, социальными группами, общественными организациями и трудовыми коллективами», – заявил он.
«С полным основанием можно констатировать, что проект новой Конституции – это продукт единства и сплоченности народа, который, осознавая свое прошлое и понимая настоящее, принял решение о будущем новом облике Казахстана. Учитывая изложенное, мы предлагаем вынести проект новой Конституции на всенародный референдум», – заключил Магеррам Магеррамов.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Жаңа Конституция орнықты әрі адамға бағдарланған саясаттың негізін қалыптастырады – Асхат Рахымжанов
Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің әлеуметтік сипатын күшейтіп, саясаттың өзегіне адамды қоя отырып, азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысу мүмкіндігін кеңейтеді. Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның кезекті отырысында Ата Заң жобасын қолдау жөніндегі ұстанымы мен дәйектерін Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының төрағасы Асхат Рахымжанов мәлімдеді.
«Қоғамдық бірлестіктердің қызмет ету еркіндігін бекіту және азаматтардың қоғамдық өмірге қатысу аясын кеңейту – нағыз азаматтық қоғамды дамытуға жол ашады. Мұндай қоғамда кәсіподақтар, қоғамдық ұйымдар мен бастамашыл топтар еңбек адамдарының, жастардың және әлеуметтік осал санаттағы азаматтардың мүдделерін еркін қорғай алады. Бұл – тең мүмкіндіктер мен мемлекеттің әлеуметтік жауапкершілігі қағидаттарымен тікелей байланысты», – деді ЖСДП төрағасы.
«Мемлекеттік шешімдер қабылданғанда болашақ ұрпақтың мүддесі міндетті түрде ескерілуі керек. Әсіресе еңбек, жұмыспен қамту, экология және әлеуметтік қорғау салаларында бұл өте маңызды. Осыған байланысты ұсынылып отырған конституциялық нормалар тұрақты әрі адам мүддесін басты орынға қоятын саясаттың негізін қалыптастырады», – деп түйіндеді сөзін комиссия мүшесі.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Новая Конституция формирует базу для устойчивой и человекоцентричной политики – Асхат Рахимжанов
Проект Новой Конституции усиливает социальный характер государства, ставя человека в центр политики и расширяя возможности граждан для активного участия в общественной жизни. Позицию и аргументы в поддержку проекта Основного закона на очередном заседании Комиссии по конституционной реформе озвучил председатель Общенациональной социал-демократической партии Асхат Рахимжанов.
«Закрепление свободы деятельности общественных объединений и расширение участия граждан в общественной жизни – создает условия для развития подлинного гражданского общества, в котором профсоюзы, общественные организации и инициативные группы могут свободно представлять интересы людей труда, молодежи, социально-уязвимых категорий. Это напрямую связано с идеей равных возможностей и социальной ответственности государства», – заявил руководитель ОСДП.
«Исключительно важно, чтобы государственные решения принимались с учетом интересов будущих поколений, в том числе в вопросах труда, занятости, экологии и социальной защиты. В этом смысле предлагаемые конституционные нормы создают основу для устойчивой и ориентированной на человека политики», – заключил член Комиссии.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Сергей Пономарев: жаңа Конституция Қазақстандағы келісім мен бірлікті қамтамасыз етудің сенімді тірегіне айналады
Мәжіліс депутаты Сергей Пономарев Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның 12-ші отырысында жаңа Конституцияның жобасы – біртұтас, теңдестірілген және жете пысықталған құжат, бүкілхалықтық референдумға шығаруға дайын деген пікірді айтты.
«Қоғамдық және парламенттік жұмыста адамдар мемлекеттен түсінікті ережелер, бәріне бірдей қарым-қатынас пен ертеңгі күнге деген сенімділікті күтеді. Бұл үміт Ата Заңда қандай құндылықтар мен қағидаттар бекітілгеніне тікелей байланысты», – деді ол.
«Жаңа Конституцияның жобасы дәл осы логикаға құрылған. Ол адам құқықтары кепілдіктерінің біртұтас жүйесін қалыптастырады және декларациялармен шектелмей, оларды қорғаудың нақты тетіктерін жасайды», - деп атап өтті Сергей Пономарев.
«Қоғамдық бірлестіктер қызметінің еркіндігі және азаматтардың қоғамдық өмірге қатысу мүмкіндіктерін кеңейту тұрақты диалог пен қоғамдық бақылау үшін жағдай жасайды. Бұл басқару жүйесін мейілінше ашық және түсінікті етеді, ал қабылданған шешімдер мейілінше салмақты болады», - деді депутат.
«Әр адамның қадір-қасиетін құрметтеу, тең құқықтық пен қоғамдық үдерістерге белсене қатысу тұрақтылық пен қауіпсіздіктің берік негізін құрайды», - деді Сергей Пономарев.
«Ол қазіргі және болашақ ұрпақтың мүдделеріне сүйене отырып, мемлекеттің адам құқықтары, экономика, қауіпсіздік және әлеуметтік сала үшін жауапкершілігінің түсінікті бағдарларын қалыптастырады. Ұсынылған жоба – пысықталған және теңдестірілген құжат және осы тұрғыда оны бүкілхалықтық референдумға шығаруға болады», - деп түйіндеді депутат.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Сергей Пономарев: новая Конституция станет надежной опорой обеспечения согласия и единства в Казахстане
Проект новой Конституции РК является целостным, сбалансированным и проработанным документом, готовым к вынесению на всенародный референдум. Такое мнение озвучил депутат Мажилиса Сергей Пономарев на 12-м заседании Комиссии по Конституционной реформе.
«В общественной и парламентской работе постоянно сталкиваешься с тем, что люди ожидают от государства понятных правил, равного отношения и уверенности в завтрашнем дне. Эти ожидания напрямую связаны с тем, какие ценности и принципы закреплены в Основном законе», – сказал он.
«Именно в этой логике выстроен проект новой Конституции. Он формирует целостную систему гарантий прав человека и создает реальные механизмы их защиты, а не ограничивается декларациями», – отметил Сергей Пономарев.
«Свобода деятельности общественных объединений и расширение возможностей участия граждан в общественной жизни создают условия для постоянного диалога и общественного контроля. Это делает систему управления более открытой и понятной, а принимаемые решения – более взвешенными», – сказал депутат.
«Именно уважение достоинства каждого человека, равноправие и включенность в общественные процессы создают прочную основу для стабильности и безопасности», – сказал Сергей Пономарев.
«Он формирует понятные ориентиры ответственности государства за права человека, экономику, безопасность и социальную сферу, исходя из интересов нынешних и будущих поколений. Представленный проект является проработанным и сбалансированным документом, и в таком виде может быть вынесен на всенародный референдум», – заключил депутат.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Саясаттанушы Марат Шибұтов: жаңа Конституция жобасы қоғам мен мемлекеттің өзгергенін көрсетеді
Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның 12-ші отырысында саясаттанушы Марат Шибұтов Конституциялық дамудың тарихи эволюциясын және қоғам мен әлемдегі өзгерістерді ескере отырып, Ата Заңды жаңарту қажет екенін айтты.
«1993 жылғы Конституция бір жарым жыл ғана қызмет етті де оның орнына 1995 жылғы Конституция басты. Әлеуметтік желілерде оны оқымай-ақ мақтап жататындар бар, бірақ Тәуелсіз Қазақстанда ол 1978 жылғы Конституциядан да аз жұмыс істегенін және ауқымды саяси дағдарысқа әкелгенін естен шығрмауымыз қажет. 1995 жылғы Конституция 30 жылдан астам уақыт бойы қолданыста. Бұл – 90 жылдағы барлық Ата Заңдар арасындағы екінші ең ұзақ мерзім. Сондықтан оның ауысуы қалыпты жағдай», – деді Марат Шибұтов.
«Біз өзіміз қоғам ретінде біраз өзгердік, мемлекет өзгерді, айналамыздағы әлем өзгерді. Мемлекеттік комитеттер мен телеграф әлдеқашан өткен күнде қалған. Цифрлық құқық әдеттегідей нәрселер сияқты қажеттілікке айналған, ал жастар үшін мүмкін одан да маңыздырақ шығар», – деді ол.
«Азаматтарға енді қауіпсіздік пен өмір сүру құқығы жеткіліксіз, оларға шығармашылық, зияткерлік меншік және басқа да құқықтар қажет. Саяси жүйе де дамып, күрделеніп жатыр, сондықтан бір саяси институттарды екіншілері алмастырады», - деді саясаттанушы.
«Мұның бәрін біз жаңа Конституцияның жобасында қамтыдық деп үміттенемін. Ал азаматтарымыз оны бүкілхалықтық референдумда қолдайды деп сенемін», – деп қорытындылады Марат Шибұтов.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Проект новой Конституции отражает изменения общества и государства – политолог Марат Шибутов
На очередном заседании Комиссии по Конституционной реформе политолог Марат Шибутов высказался об исторической эволюции конституционного развития и необходимости обновления Основного закона с учетом изменений в обществе и мире.
«Конституция 1993 года проработала всего полтора года и сменилась Конституцией 1995 года. У нас в соцсетях любят ее хвалить не читая, но надо помнить, что в Независимом Казахстане она проработала даже меньше Конституции 1978 года и привела к масштабному политическому кризису. Конституция 1995 года действует уже больше 30 лет. Это уже второй по длине срок среди всех основных законов за 90 лет. Так что смена ее – это нормально», – заявил Марат Шибутов.
«Мы сами как общество сильно изменились, государство изменилось, мир вокруг изменился. Давно ушли в прошлое госкомитеты и телеграф. Цифровые права уже такая же нужная вещь, что и обычные, а для молодежи, наверное, даже важнее», – отметил он.
«Гражданам уже недостаточно просто безопасности и выживания, им нужны уже права на творчество, на интеллектуальную собственность и так далее. Ну и политическая система эволюционирует, усложняется, поэтому одни политические институты сменяют другие», – сказал политолог.
«Все это, я надеюсь, мы отразили в проекте новой Конституции. А наши граждане поддержат его на всенародном референдуме», – заключил Марат Шибутов.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Конституциялық комиссия Қазақстанның жаңа Конституциясының жобасын пысықтауды аяқтады
Конституциялық Соттың Төрайымы – Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның төрайымы Эльвира Әзімова Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасы бойынша жүргізілген жұмыстың алдын ала қорытындысын шығарды. Комиссия мүшелері мен азаматтардың пікірлерін ескере отырып, ол Ата Заңды республикалық референдумға шығаруды ұсынды. Бұл жөнінде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев түпкілікті шешім қабылдайды.
«Біз әрбір уәжді жан-жақты саралап, халықаралық тәжірибе мен ұлттық мүддені өзара сабақтастыра отырып, салмақты шешімдер қабылдауға ұмтылдық», – деді ол.
«Сіздермен бірнеше отырыс барысында талқыланған мәтін түбегейлі жетілдіріліп, түскен ұсыныстар ескерілді. Азаматтар, заңгерлік және азаматтық қауымдастықтар, сараптамалық алаңдардан түскен бастамалардың басым бөлігі жан-жақты талданды. Көптеген баптар тікелей жобада көрініс тапса, басқалары мәтіндік нұсқада және концептуалдық шешімдерге әсер етті», – деді комиссия төрайымы.
«Барлық отырыстар онлайн режімде трансляцияланды. Мұны қоғамды Конституциялық үдеріске тартудың жаңа моделі деп қабылдауға болады», - деп атап өтті ол.
«Конституцияны шамадан тыс жүктеуге келмейді. Қалған мәселелерді Парламент пен мемлекеттік органдар қабылдайтын заңдар мен құқықтық актілер арқылы реттеу көзделген. Көптеген идеялар алдағы заң шығару жұмысының негізіне айналып, конституциялық баптарды нығайтып, әрі қарай дамытуға ықпал етеді», - деп атап өтті Эльвира Әзімова.
«Осыған байланысты, комиссия мүшелерінің және азаматтардың көпшілігінің пікірін ескере отырып, Мемлекет басшысына жаңа Конституцияның пысықталған жобасын республикалық референдумға шығаруды ұсыну қажет деп санаймын», - деді Комиссия төрайымы.
«Мемлекет басшысы референдум өткізу туралы шешім қабылдаған жағдайда, Конституциялық комиссияның миссиясы өз мәресіне жеткен боп саналады. Біз ортақ ниетпен және үлкен жауапкершілікпен бір мақсатқа жұмыс жасадық. Жаңа Ата Заң әділеттілік, тұрақтылық және қоғамдық сенімнің берік негізіне айналуы тиіс. Ол мемлекеттілікті нығайтып, әрбір адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғай отырып, еліміздің дамуының сенімді бағытын айқындайды», – деп қорытындылады Конституциялық комиссияның төрайымы.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Конституционная комиссия завершила доработку проекта новой Конституции Казахстана
Председатель Конституционного Суда – председатель Комиссии по Конституционной реформе Эльвира Азимова подвела предварительные итоги работы над проектом новой Конституции Казахстана. С учетом мнений членов Комиссии и граждан она предложила вынести документ на республиканский референдум. Окончательное решение по этому поводу примет Глава государства Касым-Жомарт Токаев.
«Даже самые строгие замечания стали инструментом совершенствования текста. Мы всесторонне взвешивали все аргументы, сопоставляли международный опыт и национальные интересы», – сказала она.
«Текст, который мы с вами обсуждали на протяжении ряда заседаний, был существенно доработан и улучшен с учетом поступивших предложений. Большая часть инициатив граждан, гражданских и юридических сообществ, экспертных площадок была тщательно проанализирована. Многие положения нашли прямое отражение в проекте, другие повлияли на формулировки и концептуальные решения», – озвучила председатель Комиссии.
«Все заседания транслировались онлайн. Можно считать, что это новая модель вовлечения общества в конституционный процесс», – подчеркнула она.
«Конституция не может и не должна быть перегружена деталями. Все последующие аспекты будут регулироваться законами и подзаконными актами, принимаемыми Парламентом и государственными органами. Многие идеи станут основой для дальнейшей законотворческой работы, усиливая и развивая конституционные положения», – отметила Эльвира Азимова.
«В этой связи, с учетом мнений членов Комиссии и большинства граждан считаю необходимым предложить Главе государства вынести на республиканский референдум доработанный проект новой Конституции», – сказала председатель Комиссии.
«В случае принятия решения о проведении референдума Главой государства миссия Конституционной комиссии будет считаться завершенной. Нас объединяли общая цель, искреннее стремление к результату и высокая ответственность за общее дело. Новый Основной закон должен стать прочной основой справедливости, стабильности и общественного доверия. Он нацелен на укрепление государственности, защиты прав и свобод каждого человека и задает уверенный курс развития нашей страны», – заключила председатель Конституционной комиссии.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Конституциялық комиссия Мемлекет басшысына жаңа Конституцияның қорытынды жобасын ұсынды
🟦 Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық комиссия төрағасы – Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімованы, Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары – Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринді және Конституциялық комиссия мүшесі – Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаевты қабылдады.
🟦 Мемлекет басшысына Комиссияның жаңа Конституция жобасы бойынша атқарған жұмысы туралы мәлімет берілді.
🟦 Эльвира Әзімова Комиссияның осыған дейін өткен он екі отырысының нәтижесінде жаңа Ата Заңның қорытынды жобасы әзірленгенін баяндады.
🟦 Жаңа Конституция мәтіні азаматтар мен сарапшылардың былтыр қазан айынан бастап eGov және e-Otinish порталдарына жолдаған бастамалары негізінде дайындалды. Сондай-ақ жобада Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобы қазан-қаңтар айлары аралығында жинақтаған тәсілдер де ескерілді.
🟦 Эльвира Әзімова Конституциялық комиссия талқылау қорытындысы бойынша жаңа Конституция жобасын жалпыхалықтық референдумға шығаруды ұсынатынын жеткізді.
🟦 Мемлекет басшысы Конституциялық комиссияның өте ауқымды әрі маңызды жұмыс атқарғанын атап өтті. Президенттің пікірінше, жаңа Конституция ережелері мемлекетіміздің институционалдық негізін трансформациялау үдерісі толығымен аяқталып, мүлде жаңа конституциялық үлгіге көшетінін көрсетеді.
🟦 Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Ата Заң жобасы қоғамдағы өзекті құндылықтар мен мемлекеттік саясат қағидаттарын айқындап қана қоймай, Қазақстанның одан әрі прогрессивті дамуына негіз қалайтынын айтты.
🟦 Президент маңызды жұмысты кәсіби тұрғыда атқарған Конституциялық комиссия мүшелеріне ризашылығын білдірді. Сондай-ақ Комиссия мүшелерінің жаңа Конституция жобасын тікелей эфирде талқылауы қоғамдық диалогтің жоғары деңгейін танытқанына назар аударды.
🟦 Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы жобаны әзірлеу мен талқылауға мыңдаған азаматтың белсене атсалысқанына тоқталып, бұл «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сай келетінін және жаңа Конституцияның шынайы халықтық сипатын көрсететінін атап өтті.
🟦 Қасым-Жомарт Тоқаев таяу арада жаңа Конституцияны қабылдау бойынша республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қоятынын мәлімдеді.
t.me/aqorda_resmi
t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Конституционная комиссия представила
Главе государства итоговый проект новой Конституции
🟦 Президент Касым-Жомарт Токаев принял председателя Конституционной комиссии – председателя Конституционного суда Эльвиру Азимову, заместителя председателя Конституционной комиссии – Государственного советника Ерлана Карина и члена Конституционной комиссии – Помощника Президента по правовым вопросам Ержана Жиенбаева.
🟦 Глава государства был проинформирован об итогах работы Комиссии над проектом новой Конституции страны.
🟦 Эльвира Азимова доложила, что по результатам двенадцати заседаний Комиссией был разработан итоговый проект нового Основного закона.
🟦 Текст новой Конституции был подготовлен на основе инициативных предложений граждан и экспертного сообщества, направляемых ими через порталы eGov и e-Otinish с октября прошлого года. Также в проекте учтены подходы, выработанные в октябре-январе Рабочей группой по Парламентской реформе.
🟦 Эльвира Азимова отметила, что по итогам обсуждения Конституционная комиссия предложила вынести проект новой Конституции на всенародный референдум.
🟦 Президент Касым-Жомарт Токаев отметил, что Конституционной комиссией проделана масштабная и важная работа.
🟦 По мнению Главы государства, положения новой Конституции знаменуют завершение процесса трансформации институциональной основы нашего государства и переход к совершенно новой конституционной модели.
🟦 Президент также подчеркнул, что проект нового Основного закона не только отражает актуальные общественные ценности и принципы государственной политики, но и закладывает долгосрочные основы дальнейшего прогрессивного развития Казахстана.
🟦 Касым-Жомарт Токаев выразил благодарность членам Конституционной комиссии за проделанную работу и профессиональный подход. Президент подчеркнул, что обсуждение членами Комиссии проекта новой Конституции в прямом эфире продемонстрировало высокий уровень общественного диалога.
🟦 Кроме того, Глава государства отметил активное участие в разработке и обсуждении проекта тысяч неравнодушных граждан, что отвечает принципам Слышащего государства и позволяет говорит об истинно народном характере новой Конституции.
🟦 Касым-Жомарт Токаев заявил, что в ближайшее время подпишет Указ о проведении республиканского референдума по вопросу принятия новой Конституции.
t.me/aqorda_resmi
Главе государства итоговый проект новой Конституции
t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM