Конституциялық Сот 🇰🇿
✔
6.55K subscribers
1.7K photos
267 videos
1.6K links
🇰🇿Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты

🇰🇿Конституционный Суд Республики Казахстан

https://taplink.cc/consud.kz
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«24KZ» телеарнасындағы «Конституция туралы 3 сұрақ» жобасының жаңа шығарылымында Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының талдаушысы Әлия Бердібаева болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік қағидаты туралы айтып берді.

🔹 Болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік қағидаты неліктен Конституцияда бекітілді?
🔹 Мемлекеттік шешімдер қабылдау кезінде бұл қағидат қалай ескеріледі?
🔹 Бұл қағидат қатардағы азаматтар үшін және ел болашағы үшін нені білдіреді?

Жаңа шығарылымды көріп, адам құқықтарының конституциялық кепілдіктері туралы толығырақ біліңіз.

🎥 Шығарылымды мына сілтеме арқылы көре аласыздар:
https://youtu.be/nkKJvRenH4c?si=3xRrIjkUeQdQ6fwF
📌 ӨТКЕН АПТАДАҒЫ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СОТТЫҢ ЖАҢАЛЫҚТАР ДАЙДЖЕСТІ

📆 22.06.2026 – 26.06.2026

✅ Конституциялық Сотта Мемлекеттік қызметші күні атап өтілді
🔗 толығырақ

📄 Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының шешімдеріндегі мемлекеттік қызметке тең қол жеткізу құқығын қорғау
🔗 толығырақ

📄 «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңның құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қызметін тоқтатудың жекелеген мәселелерін реттейтін 81-бабының 6-тармағының Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы азаматтың өтінішін алдын ала қараудың қорытындысы бойынша Конституциялық Соттың шешімі.
🔗 толығырақ

📄 Зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлер кәсіптерінің тізбесін қолданудың Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы азаматтың өтінішін алдын ала қараудың қорытындысы бойынша Конституциялық Соттың шешімі.
🔗 толығырақ

📄 Әлеуметтік кодекстің бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты әлеуметтік төлемді есептеу тәртібін реттейтін 85-бабы 1-тармағының Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы азаматтың өтінішін алдын ала қараудың қорытындысы бойынша Конституциялық Соттың шешімі.
🔗 толығырақ

📱 @consot_kz

Instagram
| Facebook | TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📌 ДАЙДЖЕСТ НОВОСТЕЙ КОНСТИТУЦИОННОГО СУДА ЗА МИНУВШУЮ НЕДЕЛЮ

📆 22.06.2026 – 26.06.2026

✅ В Конституционном Суде отметили День государственного служащего
🔗 подробнее

📄 Защита права на равный доступ к государственной службе в решениях Конституционного Суда Республики Казахстан
🔗 подробнее

📄 Решение Конституционного Суда по итогам предварительного рассмотрения обращения гражданина о проверке конституционности пункта 6 статьи 81 Закона «О правоохранительной службе», регулирующего отдельные вопросы прекращения службы сотрудников правоохранительных органов.
🔗 подробнее

📄 Решение Конституционного Суда по итогам предварительного рассмотрения обращения гражданина о проверке конституционности применения перечня профессий работников, занятых на работах с вредными условиями труда.
🔗 подробнее

📄 Решение Конституционного Суда по итогам предварительного рассмотрения обращения гражданина о проверке конституционности пункта 1 статьи 85 Социального кодекса, регулирующего порядок исчисления социальной выплаты по уходу за ребенком до достижения им возраста полутора лет.
🔗 подробнее

📱 @consot_kz

Instagram
| Facebook | TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎦 Ассоциированный профессор Maqsut Narikbayev University, член Научно-консультативного совета при Конституционном Суде РК Муслим Хасенов об основных новеллах новой Конституции Республики Казахстан.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«24KZ» телеарнасындағы «Конституция туралы 3 сұрақ» жобасының жаңа шығарылымында Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Аппараты басшысының орынбасары Ерлан Сапаров қоғамдық бақылау ұғымының конституциялық деңгейде не үшін бекітілгені туралы айтып берді.

🔹 Қоғамдық бақылау дегеніміз не және ол неліктен конституциялық деңгейде бекітілді?
🔹 Жаңа Конституция қоғамдық бақылауға қатысуы үшін азаматтарға қандай мүмкіндіктер береді?
🔹 Қоғамдық бақылау мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін арттыруға қалай көмектеседі?

Жаңа шығарылымды көріп, адам құқықтарының конституциялық кепілдіктері туралы толығырақ біліңіз.

🎥 Шығарылымды мына сілтеме арқылы көре аласыздар: https://youtu.be/2vFd7tHQJHw?si=MGJ0n8kMwm2eT5A5
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«24KZ» телеарнасындағы «Конституция туралы 3 сұрақ» жобасының жаңа шығарылымында Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының талдаушысы Дәурен Шәріпбаев жаңа Конституцияда қандай экологиялық құқықтар бекітілгені туралы айтып берді.

🔹 Жаңа Конституцияда қандай экологиялық құқықтар бекітілген?
🔹 Азаматтардың қолайлы қоршаған ортада өмір сүру құқығын қамтамасыз ету үшін мемлекет қандай шаралар қабылдайды?
🔹 Азаматтардың экологиялық құқықтарын қорғаудың қандай тетіктері бар?

Жаңа шығарылымды көріп, адам құқықтарының конституциялық кепілдіктері туралы толығырақ біліңіз.

🎥 Шығарылымды мына сілтеме арқылы көре аласыздар: https://youtu.be/kUQFeMWfYe8?si=8q8Fi2clj3HSN9Dw
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎦 О главных отличиях Конституционного Суда от ранее функционировавшего Конституционного Совета рассказал Муслим Хасенов — ассоциированный профессор Maqsut Narikbayev University, член Научно-консультативного совета при Конституционном Суде РК.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Жаңа Конституция – ел дамуының берік негізі.

🎦 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі Ералы Тоғжановтың пікірі.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«24KZ» телеарнасындағы «Конституция туралы 3 сұрақ» жобасының жаңа шығарылымында Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының талдаушысы Назгүл Тұяқбаева отбасы Конституцияда басты құндылықтардың бірі ретінде бекітілгені туралы айтып берді.

🔹 Неліктен отбасы Конституцияда бекітілген негізгі құндылықтардың бірі болып саналады?
🔹 Жаңа Конституцияда отбасын қолдаудың қандай кепілдіктері мен шаралары бекітілген?
🔹 Конституциялық нормалар балалар мен ата-аналардың құқықтарын қалай қорғайды?

Жаңа шығарылымды көріп, адам құқықтарының конституциялық кепілдіктері туралы толығырақ біліңіз.

🎥 Шығарылымды мына сілтеме арқылы көре аласыздар: https://youtu.be/4mjDck8UVZE?si=amX6OrPlFH-J2soL
🔸Конституциялық Сот пен ЮНФПА адам құқықтарын қорғау және гендерлік теңдікті ілгерілету саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы Эльвира Азимова Қазақстандағы ЮНФПА өкілі Чинве Огбоннамен кездесу өткізді.

Кездесу барысында 1 шілдеден бастап күшіне енетін Конституцияның жаңа ережелері, сондай-ақ заң үстемдігін нығайту, адам құқықтарын қорғау, инклюзивті мемлекеттік саясатты дамыту және гендерлік теңдікті ілгерілету мәселелері талқыланды.

Әйелдер мен қыздардың құқықтарын қорғауға, әйелдердің, жастардың, балалардың және егде жастағы адамдардың қоғамдық өмірге қатысу мүмкіндіктерін кеңейтуге, сондай-ақ зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимылға бағытталған ЮНФПА-ның 2026–2030 жылдарға арналған Елдік бағдарламасын іске асыруға ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар құқықтық институттарды нығайту, теңдік пен кемсітпеушілік қағидаттарын қамтамасыз ету бағытындағы одан әрі ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделі екендерін растады.

Анықтама:
БҰҰ-ның Халықтың қоныстануы саласындағы қоры (ЮНФПА) — БҰҰ жүйесіндегі Қазақстан Республикасында 1992 жылдан бастап қызмет атқарып келе жатқан мамандандырылған ұйым. Ұйым демографиялық саясат, денсаулық сақтау және адам құқықтарын қорғау, оның ішінде репродуктивті денсаулық, гендерлік теңдік және жастарды қолдау мәселелері бойынша техникалық көмек көрсетеді. Қазақстан Республикасы ЮНФПА-ның белсенді серіктесі болып табылады.
2026 жылдан бастап әйелдер мен жастардың құқықтарын нығайтуға, демографиялық саясатты дамытуға және гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған ЮНФПА-ның 2026–2030 жылдарға арналған Елдік бағдарламасы іске асырылуда.
🔹 Конституционный Суд и ЮНФПА обсудили сотрудничество в сфере защиты прав человека и продвижения гендерного равенства

Председатель Конституционного Суда Республики Казахстан Эльвира Азимова провела встречу с Представителем ЮНФПА в Казахстане Чинве Огбонна.

В ходе встречи обсуждены положения новой Конституции, вступающей в силу с 1 июля, а также вопросы укрепления верховенства права, защиты прав человека, развития инклюзивной государственной политики и продвижения гендерного равенства.

Особое внимание уделено реализации Страновой программы ЮНФПА на 2026–2030 годы, направленной на защиту прав женщин и девочек, расширение участия женщин, молодежи, детей и лиц старшего поколения в общественной жизни, а также противодействие насилию.

По итогам встречи стороны подтвердили заинтересованность в дальнейшем сотрудничестве по укреплению правовых институтов, обеспечению равенства и недискриминации.
 
Справочно:
Фонд ООН в области народонаселения (ЮНФПА) — специализированное учреждение системы ООН, осуществляющее деятельность в Республике Казахстан с 1992 года. Организация оказывает техническое содействие в сфере демографической политики, здравоохранения и защиты прав человека, включая вопросы репродуктивного здоровья, гендерного равенства и поддержки молодежи. Республика Казахстан является активным партнером ЮНФПА.
С 2026 года реализуется Страновая программа ЮНФПА на 2026–2030 годы, направленная на укрепление прав женщин и молодежи, развитие демографической политики и профилактику гендерного насилия.
🇰🇿🇬🇷 Конституциялық Сот Грекия Республикасының Әділет министрлігі делегациясымен кездесу өткізді

Конституциялық Сотта Грекия Республикасының Әділет министрлігінің Бас хатшысы Василики Гиави бастаған делегациямен, сондай-ақ Әкімшілік сот судьяларымен кездесу өтті.

Кездесуде Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы Эльвира Азимова сөз сөйлеп, делегация сапары еліміз үшін маңызды кезеңге, атап айтқанда жаңа Конституцияның қабылданып, ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне ену кезеңіне тұспа-тұс келгенін атап өтті.

Қазақстан адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілдіктерін нығайтуға, Конституцияның үстемдігін қамтамасыз етуге және конституциялық бақылау жүйесін жетілдіруге бағытталған ауқымды конституциялық реформаларды дәйекті түрде жүзеге асырып келеді. Ол Конституциялық Соттың қайта құрылуы 2022 жылғы конституциялық реформаның негізгі нәтижелерінің бірі болғанын атап өтті.

Кездесу барысында Конституциялық Сот Төрағасы делегация мүшелерін Конституциялық Соттың өкілеттіктері мен қызметінің негізгі нәтижелерімен таныстырды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Еуропаның конституциялық бақылау органдарымен және институттарымен, оның ішінде Еуропа Кеңесімен, Еуропалық Одақпен және Венециялық комиссиямен қалыптасқан халықаралық ынтымақтастығына назар аударды.

Кездесу барысында конституциялық сот төрелігін дамыту, заң үстемдігін нығайту, сондай-ақ Қазақстанның және шетел мемлекеттерінің конституциялық институттары арасындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар конституциялық бақылау саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға, тәжірибе алмасуға және заң үстемдігі қағидаттарын нығайтуға өзара мүдделі екендерін растады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇬🇷 Конституционный Суд провел встречу с делегацией Министерства юстиции Греческой Республики

В Конституционном Суде состоялась встреча с делегацией Министерства юстиции Греческой Республики во главе с Генеральным секретарем Василики Гиави, а также судьями Административного суда.

В приветственном слове Председатель Конституционного Суда Эльвира Азимова отметила, что визит делегации состоялся в значимый для страны период, с принятием и со вступлением в силу 1 июля т.г. новой Конституции.

Казахстан последовательно реализует масштабные конституционные реформы, направленные на укрепление гарантий защиты прав и свобод человека, верховенства Конституции и совершенствование системы конституционного контроля. Она подчеркнула, что восстановление Конституционного Суда стало одним из ключевых результатов конституционной реформы 2022 года.

В ходе встречи Председатель Конституционного Суда ознакомила членов делегации с компетенцией Конституционного Суда и основными результатами его деятельности, подчеркнув сложившееся международное сотрудничества Конституционного Суда Республики Казахстан с европейскими органами конституционного контроля и институтами, включая сотрудничество с Советом Европы, Европейским Союзом и Венецианской комиссией.

В ходе встречи также были обсуждены вопросы развития конституционного правосудия, укрепления верховенства права и расширения международного сотрудничества между конституционными институтами Казахстана и зарубежных государств.

По итогам встречи стороны подтвердили взаимную заинтересованность в дальнейшем развитии сотрудничества и обмене опытом в сфере конституционного контроля, а также в укреплении принципов верховенства права.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстан Республикасының Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енді
 
ҚҰРМЕТТІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР!

2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енді.

Қазақстан халқының ерік білдіруімен еліміздің конституциялық дамуының жаңа кезеңінің негізі қаланды.

1995 жылғы Қазақстан Республикасы Конституциясының күші жойылды.

Жаңа Ата Заңымыздың күшіне енуі – мемлекет дамуындағы тарихи кезең және Конституция үстемдігіне, адам құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін күшейтуге, құқықтық айқындылықты нығайтуға, мемлекеттік биліктің жауапкершілігін арттыруға, сондай-ақ азаматтардың мемлекет ісін басқаруға қатысуын кеңейтуге негізделген жаңа конституциялық үлгіні бекітеді.

Конституция Қазақстан Республикасы қызметінің негізгі қағидаттарын едәуір жаңартып, кеңейтті. Бұлардың қатарына Егемендік пен Тәуелсіздікті қорғау, адам құқықтары мен бостандықтарын сақтау, заң мен тәртіп үстемдігін қамтамасыз ету, жалпыұлттық бірлікті нығайту, халықтың әл-ауқатын арттыру, жауапты әрі жасампаз отаншылдық идеясын ілгерілету, қоғамдық диалогты дамыту, еңбексүйгіштік, прогресс және білім құндылықтарын бекіту, жоғары экологиялық мәдениетті қалыптастыру, тарихи-мәдени мұраны сақтау және төл мәдениетті қолдау алғаш рет енгізіліп отыр.

Қазақстан Республикасының Егемендігі, Тәуелсіздігі, унитарлығы, аумақтық тұтастығы және басқару үлгісі өзгермейді.

Мемлекеттің стратегиялық даму бағдарлары – адам капиталын, білімді, ғылым мен инновацияны Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді дамуының негізі ретінде дамыту конституциялық деңгейде алғаш рет айқындалды.

Ата Заңымыз Конституция үстемдігін мемлекеттің Негізгі Заңы ретінде, оның ең жоғары заңды күшін және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында тікелей қолданылуын бекітеді. Барлық заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілер тек Конституцияның негізінде, сондай ақ оны орындау мақсатында қабылдануға және оған қайшы келмеуге тиіс.

Бұған дейін сот төрелігі қағидаттарының қатарында бекітіліп келген заңның уақыт тұрғысынан қолданылуы туралы ережелер конституциялық құрылыс негіздерінің бірі ретінде конституциялық мәртебеге ие болды. Азаматтарға жаңа міндеттер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлататын, жауаптылықты белгілейтін немесе күшейтетін заңдардың кері күшіне тыйым салу барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар үшін жалпыға бірдей міндетті талап ретінде бекітілді.

Конституциялық заңдармен реттелетін мәселелердің тізбесі кеңейтілді. Олардың қатарына Қазақстан Халық Кеңесінің құқықтық мәртебесі мен қызметі, астананың құқықтық мәртебесі, жоғары мемлекеттік билік органдарының ұйымдастырылуы, Конституциялық Сот, сот жүйесі, арнаулы құқықтық режимдер және мемлекеттік құрылыстың өзге де мәселелері енгізілді. Бұл олардың құқықтық реттелуінің тұрақтылығын арттыруды қамтамасыз етеді.

Қазақстан Халық Кеңесіне заң шығару бастамасы құқығы беріле отырып, халқының мүддесін білдіретін жоғары консультативтік орган ретінде құрылды. Бұл қоғамның мемлекеттік саясатты қалыптастыру ісіне қатысуын күшейтеді. Заң шығарушы биліктің жаңа үлгісі жасалып, мемлекеттік институттар арасында өкілеттіктер қайта бөлінді.

Адам құқықтарын қорғау үлгісі елеулі түрде жаңартылды. Конституция қылмыстық сот ісін жүргізудегі негізгі кепілдіктерді сот қызметінің қағидаттары ретінде емес, бас бостандығы нақты шектелген сәттен бастап барлық мемлекеттік органдар сақтауға міндетті әрбір адамның ажырамас құқықтары ретінде бекітті. Олардың қатарында нақты ұсталған сәттен бастап қорғалу құқығы, бас бостандықтың шектелуіне сот бақылауы, негізсіз ұстауға тыйым салу, сұрақтарға жауап бермеу құқығы, өз-өзіне және жақын туыстарына қарсы айғақ бермеу құқығы («Миранда қағидалары»), сондай-ақ кінәсіз презумпциясы бар.

Мемлекеттің мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың заңсыз әрекеттерінен келтірілген зиянды өтеу міндеті, зияткерлік меншікті қорғау құқығы, дербес деректерді қорғау мен цифрлық қауіпсіздікті қоса алғанда,  цифрлық құқықтарға кепілдіктер, сондай-ақ мемлекет пен азаматтардың экологиялық жауапкершілігі конституциялық деңгейде алғаш рет бекітілді.

Жаңа Конституцияның күшіне енуімен Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты жаңа Конституция үстемдігін, оның ең жоғары заңды күшін және конституциялық құндылықтардың бірыңғай түсінілуін қамтамасыз ете отырып, конституциялық бақылауды жалғастыра береді.

Жаңа Конституцияның күшіне енуі Қазақстан Республикасының конституциялық дамудағы жаңа кезеңінің басталғанын білдіреді. Бұл кезеңде адам, оның қадір-қасиеті, құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің ең жоғары құндылығы болып, Конституция үстемдігі орнықты дамудың, заңдылық пен әділдіктің берік негізі бола береді.

Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты Қазақстан Республикасының барша азаматтарын жаңа Конституцияның күшіне енуімен және еліміздің конституциялық дамуының жаңа кезеңінің басталуымен құттықтайды.

Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының толық мәтіні төмендегі сілтеме бойынша қолжетімді: https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/1159830?lang=kk