Конституциялық Сот 🇰🇿
✔
6.5K subscribers
1.7K photos
267 videos
1.6K links
🇰🇿Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты

🇰🇿Конституционный Суд Республики Казахстан

https://taplink.cc/consud.kz
Download Telegram
🔸Қазақстан Республикасы Конституциясының күшіне енген күні елордадағы Мәңгілік Ел даңғылының бойында, Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві мен Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының жанында жаңа аллея ашылды. Астана жаңа қоғамдық орындарды ашуды дәстүрге айналдырып келеді. Бұл аллеяның өзіндік ерекшелігі бар, ол оның символдық мәнінде.

Конституция – мемлекеттің Ата Заңы ғана емес, күнделікті өмір мен нақты істерде көрініс табатын ортақ құндылықтардың негізі. Аллеяның дәл осы күні ашылуы жасампаздыққа, қала тұрғындары мен қонақтары үшін қолайлы ортаны жасауға әрі дамытуға деген ұмтылысты және еліміздің одан әрі көркеюіне ортақ жауапкершілікті білдіреді.
🔹 1 июля т.г., в день вступления в силу Конституции Республики Казахстан в столице, по проспекту Мәңгілік Ел, рядом с Архивом Президента Республики Казахстан и Конституционным Судом Республики Казахстан открылась новая аллея. Для Астаны создание новых общественных пространств стало доброй традицией, однако эта аллея примечательна своим особым символизмом.

Конституция — это не только Основной Закон государства, но и ценности, которые находят отражение в повседневной жизни и конкретных делах. Открытие аллеи в этот день символизирует стремление к созиданию, развитию комфортной среды и общую ответственность за благополучие страны.
t.me/consot_kz

«Жаңа Конституция: орнықты дамудың институционалдық және құқықтық негізі» атты ғылыми-практикалық конференциясы


Научно-практическая конференция «Новая Конституция: институциональная и правовая основа устойчивого развития»
«24KZ» телеарнасының «Prime Time» бағдарламасының эфирінде Конституциялық Соттың талдаушысы Әлия Бердібаева жаңа Конституция - елдің саяси дамуы мен қоғам өміріндегі маңызы туралы пікір білдірді.

https://www.youtube.com/watch?v=MXDm0IW_hu4
Аналитик Конституционного Суда Алия Бердибаева в эфире программы «Prime Time» телеканала «24KZ» рассказала о роли новой Конституции в развитии государственности и политической системы Казахстана.

https://www.youtube.com/watch?v=FCIHwTuN5Gw
t.me/consot_kz

«Жаңа Конституция: орнықты дамудың институционалдық және құқықтық негізі» атты ғылыми-практикалық конференциясы


Научно-практическая конференция «Новая Конституция: институциональная и правовая основа устойчивого развития»
t.me/consot_kz

«Жаңа Конституция: орнықты дамудың институционалдық және құқықтық негізі» атты ғылыми-практикалық конференциясы


Научно-практическая конференция «Новая Конституция: институциональная и правовая основа устойчивого развития»
«Ассамблея жастары» ұйымының белсенділеріне Қазақстан Республикасы Конституциясының арнайы басылымдары табысталды

2026 жылғы 1 шілдеде Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының алаңында Қазақстан Республикасы Конституциясының күшіне ену күніне орай «Ассамблея жастары» республикалық жастар ұйымының өкілдеріне Қазақстан Республикасы Конституциясының арнайы басылымдарын салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.

Конституциялық Соттың Төрағасы Эльвира Азимова Конституцияның мемлекеттің Ата Заңы ретіндегі айрықша рөлін атап өтіп, оның адам құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттің іргелі құндылықтарын, құқық үстемдігі мен конституциялық заңдылық қағидаттарын айқындайтынын жеткізді.

Сондай-ақ Конституциялық Соттың Төрағасы жастардың конституциялық мәдениетті нығайтуға, азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға және конституциялық құндылықтарға құрмет көрсетуге белсенді атсалысуының маңыздылығына тоқталып, қатысушыларға ел игілігі жолындағы қоғамдық қызметтеріне табыс тіледі.

Салтанатты рәсім аясында Эльвира Азимова Мемлекет басшысының атынан «Ассамблея жастары» жастар ұйымының жетекшілері мен белсенділеріне арналған Қазақстан Республикасы Конституциясының арнайы басылымдарын табыстады.

Марапатталғандардың қатарында ұйымның өңірлік өкілдіктерінің басшылары, этномәдени бірлестіктердің жастар қанаттарының жетекшілері, еріктілер мен студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының белсенділері болды.

«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Тимур Джумурбаев Конституциялық Сотқа көрсетілген құрмет пен ықылас үшін алғыс білдіріп, жаңа Конституцияның жас ұрпақ үшін ерекше маңызға ие екенін атап өтті.

Оның айтуынша, Халық Конституциясы жастарға зор мүмкіндіктер ашып, білім, ғылым және инновация құндылықтарын жоғары деңгейде бекітеді, еріктілердің мәртебесін едәуір арттырып, азаматтардың экологиялық бастамаларын қолдайды. Сондықтан жастардың жаңа Ата Заңды ілгерілетуге қатысуы – жас қазақстандықтардың жасампаз отансүйгіштігі мен белсенді азаматтық ұстанымының айқын көрінісі. Конституция, ең алдымен, қазіргі жастар мен келер ұрпаққа бағытталған, өйткені еліміздің басты құжаты қоғамымыздың табысты әрі орнықты болашағының берік негізін қалайды.