Федеральный конституционный суд Германии защитил право быть заслушанным в суде
Федеральный конституционный суд Германии рассмотрел вопрос о соблюдении права лица быть заслушанным при рассмотрении дела и признал его нарушенным.
Поводом для конституционной жалобы стало заочное решение о взыскании задолженности по арендной плате и коммунальным платежам. Судебные документы были направлены адвокату, который ранее являлся партнером юридической фирмы, представлявшей заявительницу, однако прекратил с ней сотрудничество еще в 2021 году.
Заявительница утверждала, что не уполномочивала данного адвоката представлять ее интересы и получать судебные документы. В подтверждение своих доводов она представила соответствующие документы.
Федеральный конституционный суд установил, что региональный суд не рассмотрел надлежащим образом существенные доводы заявительницы и представленные ею доказательства.
Суд подчеркнул, что закрепленное статьей 103 (1) Основного закона Германии право быть заслушанным обязывает суды учитывать доводы сторон, имеющие значение для исхода дела.
В связи с установленным нарушением Федеральный конституционный суд отменил соответствующее решение регионального суда. Земля Бранденбург также обязана возместить заявительнице необходимые расходы.
Источник: Федеральный конституционный суд Германии, решение от 10 июня 2026 года
(https://www.bundesverfassungsgericht.de/SharedDocs/Entscheidungen/DE/2026/06/rk20260610_1bvr208025.html?nn=68112&utm_source)
#КонституционныйСуд #Конституция #ПраваЧеловека #ВерховенствоПрава
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Корея Республикасының Конституциялық Соты ұсталған адамның демалыс күні адвокатпен кездесуіне рұқсат бермеуді конституцияға қайшы деп таныды
Корея Республикасының Конституциялық Соты Чеджу түрмесі бастығының ұсталған адамның адвокатына қамауға алудың заңдылығын қайта қарау туралы өтініш дайындау мақсатында сенбі күні қорғауындағы адаммен кездесуге рұқсат бермеу әрекетін конституцияға қайшы деп таныды.
Өтініш беруші Ұлттық қауіпсіздік туралы заңды бұзды деген күдікпен ұсталып, Чеджу түрмесіне қамалған. Адвокатқа жұмыс уақытынан тыс болғаны және алдын ала жазылмағаны негізге алынып, қорғауындағы адаммен кездесуге рұқсат берілмеген. Өтініш беруші мұндай бас тарту заң көмегін алу құқығын бұзады деп есептеп, Конституциялық Сотқа жүгінген.
Сот Корея Республикасының Конституциясы қамауға алынған немесе ұсталған адамға заң көмегін «дереу» алу құқығына, сондай-ақ қамауға алудың заңдылығын сот арқылы тексерту құқығына кепілдік беретінін атап өтті. Адвокатпен уақтылы кездесу аталған құқықтарды іске асыру үшін ерекше маңызға ие және олардың ажырамас бөлігі болып табылады.
Түзеу мекемесіндегі қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз ету талаптарының негізділігін мойындай отырып, Сот заңнамада ерекше қажеттілік туындаған жағдайларда сотқа дейін қамауда отырған адамдармен белгіленген уақыттан тыс кездесулер өткізуге жол берілетінін көрсетті. Бұл ретте қаралып отырған жағдайда кездесуге рұқсат бермеуге іс жүзінде өтініштің демалыс күні түскені ғана негіз болған. Алайда қажетті қызметкерлерді тарта отырып, кездесуді ұйымдастыру мүмкіндігі болған.
Осыған байланысты Конституциялық Сот өтініш берушінің заң көмегін алу құқығын шектеу мөлшерлес болмаған деген қорытындыға келіп, адвокатқа өтініш берушімен кездесуге мүмкіндік беруден бас тартуды конституцияға қайшы деп таныды.
Бұл шешім ұсталғаннан кейін адвокатқа уақтылы қол жеткізу жеке бас бостандығын қорғаудың, сондай-ақ бостандықты заңсыз немесе негізсіз шектеуден қорғану құқығын қамтамасыз етудің маңызды кепілдігі екенін атап көрсетеді.
Дереккөз: Корея Республикасының Конституциялық Соты, 2026 жылғы 29 қаңтардағы шешім https://www.ccourt.go.kr/site/kor/ex/bbs/View.do?bcIdx=4263716&cbIdx=1195&utm_source=
#КонституциялықСот #Конституция #АдамҚұқықтары #ҚұқықҮстемдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Конституционный суд Республики Корея признал неконституционным отказ в свидании задержанного с адвокатом в выходной день
Конституционный суд Республики Корея признал неконституционными действия начальника тюрьмы Чеджу, отказавшего адвокату задержанного во встрече с подзащитным в субботу для подготовки обращения о пересмотре законности ареста.
Заявитель был задержан по подозрению в нарушении Закона о национальной безопасности и помещен в тюрьму Чеджу. Адвокату было отказано во встрече со ссылкой на нерабочее время, отсутствие предварительной записи. Заявитель обратился в Конституционный суд, посчитав отказ нарушением права на юридическую помощь.
Суд отметил, что Конституция Республики Корея гарантирует арестованному или задержанному право на получение юридической помощи «немедленно», а также право на судебную проверку законности ареста. Своевременная встреча с адвокатом имеет особое значение для реализации этих прав и является их неотъемлемой частью.
Признав обоснованными требования по обеспечению безопасности и порядка в исправительном учреждении, Суд указал, что законодательство допускает проведение свиданий с лицами, находящимися под стражей до суда, вне установленного времени в случаях особой необходимости. При этом отказ в рассматриваемом случае был обусловлен фактически лишь тем, что просьба поступила в выходной день, хотя возможность организовать встречу с привлечением необходимых сотрудников имелась.
В связи с этим Конституционный суд пришел к выводу, что ограничение права заявителя на юридическую помощь было несоразмерным, и признал отказ в предоставлении адвокату возможности встретиться с заявителем неконституционным.
Решение подчеркивает, что своевременный доступ к адвокату непосредственно после задержания является важной гарантией защиты личной свободы и права на защиту от незаконного или необоснованного ограничения свободы.
Источник: Конституционный суд Кореи, решение от 29 января 2026 года
https://www.ccourt.go.kr/site/kor/ex/bbs/View.do?bcIdx=4263716&cbIdx=1195&utm_source=
#КонституционныйСуд #Конституция #ПраваЧеловека #ВерховенствоПрава
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қарағанды облысында конституциялық мәдениетті қалыптастырудағы мектептің рөлі талқыланды
Жаңа оқу жылы қарсаңында Қарағанды облысы білім беру қызметкерлерінің «Жаңа халықтық Конституцияның нормалары мен құндылықтары: Адами капиталды дамыту – білім беру жүйесінің стратегиялық негізі» атты тамыз конференциясында адами капиталды дамыту және өскелең ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Іс-шараға Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев, Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шынар Ақпарова, білім беру ұйымдарының басшылары, мемлекеттік органдар мен сарапшылық қоғамдастық өкілдері қатысты.
Педагогтер алдында сөз сөйлеген Конституциялық Соттың судьясы Айжан Жатқанбаева Конституция тек оқып-үйрену пәні болып қана қоймай, баланың күнделікті құқықтық мәдениетінің ажырамас бөлігіне айналуға тиіс екенін атап өтті.
Оның айтуынша, конституциялық мәдениетті қалыптастыру тек бейіндік сабақтардың міндеті емес. Әрбір педагог оқушылардың өз құқықтары мен міндеттерін түсініп қана қоймай, басқа адамдардың қадір-қасиеті мен бостандығын құрметтеуіне ықпал ете алады.
«Заң және тәртіп» қағидатына, сыни ойлауды дамытуға, цифрлық мәдениетке, қауіпсіздік пен дербес деректерді қорғауға ерекше назар аударылды.
📱 @consot_kz
Instagram | Facebook | X
Жаңа оқу жылы қарсаңында Қарағанды облысы білім беру қызметкерлерінің «Жаңа халықтық Конституцияның нормалары мен құндылықтары: Адами капиталды дамыту – білім беру жүйесінің стратегиялық негізі» атты тамыз конференциясында адами капиталды дамыту және өскелең ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Іс-шараға Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев, Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шынар Ақпарова, білім беру ұйымдарының басшылары, мемлекеттік органдар мен сарапшылық қоғамдастық өкілдері қатысты.
Педагогтер алдында сөз сөйлеген Конституциялық Соттың судьясы Айжан Жатқанбаева Конституция тек оқып-үйрену пәні болып қана қоймай, баланың күнделікті құқықтық мәдениетінің ажырамас бөлігіне айналуға тиіс екенін атап өтті.
«Бала – құқықтары мен мүдделерін қорғауға бүкіл мемлекет жұмылдырылатын жоғары конституциялық құндылықтардың бірі. Мемлекет шешім қабылдау кезінде баланың ең үздік мүдделерін басшылыққа алуға тиіс», – деп атап өтті ол.
Оның айтуынша, конституциялық мәдениетті қалыптастыру тек бейіндік сабақтардың міндеті емес. Әрбір педагог оқушылардың өз құқықтары мен міндеттерін түсініп қана қоймай, басқа адамдардың қадір-қасиеті мен бостандығын құрметтеуіне ықпал ете алады.
«Заң және тәртіп» қағидатына, сыни ойлауды дамытуға, цифрлық мәдениетке, қауіпсіздік пен дербес деректерді қорғауға ерекше назар аударылды.
«Конституция бізге азаматтың жеткілікті дәрежеде айқын бейнесін береді. Ол – өз құқықтары мен міндеттерін білетін, өзгенің бостандығын құрметтей отырып, өз бостандығын пайдалана алатын және қабылдаған шешімдерінің салдары үшін жауапкершілікті өз мойнына алатын заманауи адам», – деп атап өтті Айжан Жатқанбаева.
Instagram | Facebook | X
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
В Карагандинской области обсудили роль школы в формировании конституционной культуры
В преддверии нового учебного года на августовской конференции работников образования Карагандинской области «Нормы и ценности новой Народной Конституции: развитие человеческого капитала – стратегическая основа системы образования» обсудили вопросы развития человеческого капитала и формирования правовой культуры подрастающего поколения.
В мероприятии приняли участие аким Карагандинской области Ермаганбет Булекпаев, первый вице-министр просвещения Шынар Акпарова, руководители организаций образования, представители государственных органов и экспертного сообщества.
Выступая перед педагогами, судья Конституционного Суда Айжан Жатканбаева отметила, что Конституция должна быть не только предметом изучения, но и частью повседневной правовой культуры ребенка.
По ее словам, формирование конституционной культуры – задача не только профильных уроков. Каждый педагог может способствовать тому, чтобы учащиеся не только понимали свои права и обязанности, но и уважали достоинство и свободу других людей.
Особое внимание уделено принципу «Закон и порядок», развитию критического мышления, цифровой культуре, безопасности и защите персональных данных.
📱 @consot_kz
Instagram | Facebook | X
В преддверии нового учебного года на августовской конференции работников образования Карагандинской области «Нормы и ценности новой Народной Конституции: развитие человеческого капитала – стратегическая основа системы образования» обсудили вопросы развития человеческого капитала и формирования правовой культуры подрастающего поколения.
В мероприятии приняли участие аким Карагандинской области Ермаганбет Булекпаев, первый вице-министр просвещения Шынар Акпарова, руководители организаций образования, представители государственных органов и экспертного сообщества.
Выступая перед педагогами, судья Конституционного Суда Айжан Жатканбаева отметила, что Конституция должна быть не только предметом изучения, но и частью повседневной правовой культуры ребенка.
«Ребенок признается одной из высших конституционных ценностей, на защите прав и интересов которого стоит все государство. Государство должно принимать решения, исходя из наилучших интересов ребенка», – подчеркнула она.
По ее словам, формирование конституционной культуры – задача не только профильных уроков. Каждый педагог может способствовать тому, чтобы учащиеся не только понимали свои права и обязанности, но и уважали достоинство и свободу других людей.
Особое внимание уделено принципу «Закон и порядок», развитию критического мышления, цифровой культуре, безопасности и защите персональных данных.
«Конституция дает нам достаточно четкий образ гражданина – современного человека, который знает свои права и обязанности, умеет пользоваться свободой, уважая свободу другого, принимает ответственность за последствия своих решений», – отметила Айжан Жатканбаева.
Instagram | Facebook | X
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Францияның Конституциялық кеңесі 15 жасқа толмаған адамдарға әлеуметтік желілерді пайдалануға жалпы тыйым салуды конституцияға қайшы деп таныды
Францияның Конституциялық кеңесі 2026 жылғы 14 тамыздағы № 2026-911 DC шешімімен 15 жасқа толмаған адамдардың әлеуметтік желілерге қол жеткізуіне жалпы тыйым салуды белгілейтін заң ережесін конституцияға қайшы деп таныды. Шешім парламентшілердің екі тобының өтініштері бойынша қабылданды.
Кеңес кәмелетке толмағандарды әлеуметтік желілерді пайдалануға байланысты тәуекелдерден қорғау конституциялық маңызы бар мақсат екенін атап өтті. Сонымен қатар белгіленген тыйым онлайн-сервистердің мазмұны, функционалдық ерекшеліктері және олармен байланысты тәуекелдердің сипаты ескерілместен, олардың кең ауқымына қолданылған.
Бұдан бөлек, заң пайдаланушылардың, оның ішінде кәмелетке толған адамдардың да жасын растауды көздеген, алайда жеке өмірге қол сұғылмаушылықты қорғаудың жеткілікті кепілдіктерін белгілемеген.
Конституциялық кеңес заңда көзделген шектеу кәмелетке толмағандарды қорғау мен Конституция кепілдік берген құқықтар мен бостандықтар арасындағы қажетті теңгерімді қамтамасыз етпейді деген қорытындыға келіп, заңның тиісті ережесін Конституцияға қайшы деп таныды.
Дереккөз: Францияның Конституциялық кеңесі, 2026 жылғы 14 тамыздағы № 2026-911 DC шешімі https://www.conseil-constitutionnel.fr/decision/2026/2026911DC.htm
#КонституциялықСот #Конституция #АдамҚұқықтары #ҚұқықҮстемдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Конституционный совет Франции признал неконституционным общий запрет социальных сетей для лиц младше 15 лет
Конституционный совет Франции решением № 2026-911 DC от 14 августа 2026 года признал неконституционным положение закона, устанавливавшее общий запрет доступа к социальным сетям для лиц младше 15 лет. Решение принято по обращениям двух групп парламентариев. (Конституционный Совет)
Совет отметил, что защита несовершеннолетних от рисков, связанных с использованием социальных сетей, является конституционно значимой целью. Вместе с тем установленный запрет распространялся на широкий круг онлайн-сервисов без учета их содержания, функциональных особенностей и характера связанных с ними рисков.
Кроме того, закон предусматривал подтверждение возраста пользователей, включая совершеннолетних, при этом не устанавливая достаточных гарантий защиты частной жизни.
Конституционный совет пришел к выводу, что предусмотренное законом ограничение не обеспечивало необходимого баланса между защитой несовершеннолетних и конституционно гарантированными правами и свободами, и признал соответствующее положение закона противоречащим Конституции. (Конституционный Совет)
Источник: Конституционный совет Франции, решение № 2026-911 DC от 14 августа 2026 года https://www.conseil-constitutionnel.fr/decision/2026/2026911DC.htm
#КонституционныйСуд #Конституция #ПраваЧеловека #ВерховенствоПрава
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Францияның Конституциялық кеңесі өмірден кетуге көмек алу құқығы туралы заңның негізгі ережелерін Конституцияға сәйкес деп таныды
Францияның Конституциялық кеңесі 2026 жылғы 14 тамыздағы № 2026-910 DC шешімімен өмірден кетуге көмек алу құқығы туралы заңның негізгі ережелерін Конституцияға сәйкес деп танып, оларды қолдануға қатысты бірқатар талаптарды белгіледі.
Заңға сәйкес, кәмелетке толған науқас белгіленген талаптар сақталған жағдайда өмірді тоқтатуға арналған препаратты алып, оны өз бетінше қабылдай алады. Ал денсаулық жағдайына байланысты препаратты өздігінен қабылдай алмаған жағдайда дәрігердің немесе медицина қызметкерінің көмегіне жүгіне алады. Бұл құқық, атап айтқанда, ауыр әрі жазылмайтын дертке шалдыққан, ауруы асқынған немесе терминалдық сатыдағы, өз еркін әрі саналы түрде білдіре алатын адамдарға беріледі.
Конституциялық кеңес науқастардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар кепілдіктерді белгіледі. Атап айтқанда, құқықтық қорғаудағы адамның өтінішін қарау кезінде дәрігер оның өкілінің пікірін ескеруге тиіс.
Сонымен қатар, Кеңес егер өмірді тоқтатуға арналған препаратты дайындауға және беруге қатысу фармацевтердің ар-ождан бостандығына қайшы келсе, оларды мұндай әрекетке қатысуға міндеттеуге болмайтынын атап өтті.
Осылайша, Конституциялық кеңес заңды қолдануға қатысты өзі белгілеген талаптар мен ескертпелерді ескере отырып, оның негізгі ережелерін Конституцияға сәйкес деп таныды.
Дереккөз: Францияның Конституциялық кеңесі, 2026 жылғы 14 тамыздағы № 2026-910 DC шешімі https://www.conseil-constitutionnel.fr/decision/2026/2026910DC.htm?utm_source=
#КонституциялықСот #Конституция #АдамҚұқықтары #ҚұқықҮстемдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Конституционный совет Франции признал конституционными основные положения закона о праве на помощь в уходе из жизни
Конституционный совет Франции решением № 2026-910 DC от 14 августа 2026 года признал соответствующими Конституции основные положения закона о праве на помощь в уходе из жизни, установив ряд требований к его применению.
Закон предусматривает возможность для совершеннолетнего пациента при соблюдении установленных условий получить летальный препарат и самостоятельно принять его либо, при физической невозможности, получить помощь врача или медицинского работника. Право предоставляется, в частности, лицам, страдающим тяжелым и неизлечимым заболеванием, находящимся на продвинутой или терминальной стадии, при наличии свободного и осознанного волеизъявления.
Конституционный совет установил ряд гарантий, направленных на обеспечение прав и свобод пациентов. В частности, при рассмотрении заявления лица, находящегося под правовой защитой, врач должен учитывать мнение его представителя.
Кроме того, Совет указал, что фармацевты не могут быть обязаны участвовать в приготовлении и выдаче летального препарата, если такое участие противоречит их свободе совести.
Таким образом, Конституционный совет признал основные положения закона соответствующими Конституции с учетом установленных им требований и оговорок относительно их применения.
Источник: Конституционный совет Франции, решение № 2026-910 DC от 14 августа 2026 года https://www.conseil-constitutionnel.fr/decision/2026/2026910DC.htm?utm_source=
#КонституционныйСуд #Конституция #ПраваЧеловека #ВерховенствоПрава
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Әзербайжанның Конституциялық соты қылмыстық заңды түсіндіру өзгерген жағдайда үкімдерді қайта қарау мүмкіндігін қарастыруды ұсынды
Әзербайжан Республикасының Конституциялық соты қылмыстық заң нормасына Сот берген түсіндірме сотталған адамның құқықтық жағдайын жақсартатын жағдайда заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау мүмкіндігін заңнамада көздеуді ұсынды.
Мәселені қарауға Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің сауалы негіз болды. Қолданыстағы қылмыстық-процестік заңнамада сот актілерін жаңа мән-жайлар бойынша қайта қарау көзделген. Атап айтқанда, Конституциялық сот сот қолданған норманы конституциялық емес деп таныған жағдайда сот актісі қайта қаралуы мүмкін. Алайда Конституциялық соттың Конституцияға немесе заңға түсіндірме беру туралы шешімі өздігінен мұндай қайта қарауға негіз болып табылмайды.
Конституциялық сот қолданыстағы құқықтық реттеуді Конституцияға сәйкес деп таныды. Сонымен бірге Сот қылмыстық-құқықтық норманы Конституцияға қайшы келетіндей түсіндіру сотталған адамның құқықтарына тікелей әсер етуі және конституциялық емес норманы қолданумен салыстыруға болатын салдарға әкеп соғуы мүмкін екенін атап өтті.
Осыған байланысты Сот әділ сот талқылауына құқықты және заңсыз жазалаудан қорғауды қамтамасыз ететін қосымша кепілдіктердің қажеттігін көрсетті.
Қарау қорытындысы бойынша Конституциялық сот Милли Меджлиске заңды күшіне енген сот актілерін қайта қараудың арнайы негізін көздеуді ұсынды. Атап айтқанда, егер Конституциялық соттың қылмыстық заң нормасына берген түсіндірмесі сотталған адамның жағдайын жақсартатын болса, Соттың осындай шешімі сот актісін қайта қарауға негіз болуы тиіс.
Дереккөз: Әзербайжан Республикасының Конституциялық соты, Пленумның 2026 жылғы 10 наурыздағы шешімі https://constcourt.gov.az/az/decision/1508?utm_source
#КонституциялықСот #Конституция #АдамҚұқықтары #ҚұқықҮстемдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Конституционный суд Азербайджана рекомендовал предусмотреть пересмотр приговоров при изменении толкования уголовного закона
Конституционный суд Азербайджанской Республики рекомендовал законодательно предусмотреть возможность пересмотра вступивших в законную силу судебных актов в случаях, когда данное Судом толкование нормы уголовного закона улучшает правовое положение осужденного.
Основанием для рассмотрения вопроса стал запрос Уполномоченного по правам человека. Действующее уголовно-процессуальное законодательство предусматривает пересмотр судебных актов по новым обстоятельствам, в частности, если Конституционный суд признает примененную судом норму неконституционной. При этом решение Конституционного суда о толковании Конституции или закона само по себе не является основанием для такого пересмотра.
Конституционный суд признал действующее регулирование соответствующим Конституции. Вместе с тем Суд отметил, что толкование уголовно-правовой нормы, противоречащее Конституции, может непосредственно затрагивать права осужденного и иметь последствия, сопоставимые с применением неконституционной нормы.
В связи с этим Суд указал на необходимость обеспечения дополнительных гарантий права на справедливое судебное разбирательство и защиты от незаконного наказания.
По итогам рассмотрения Конституционный суд рекомендовал Милли Меджлису предусмотреть специальное основание для пересмотра вступивших в силу судебных актов - решение Конституционного суда о толковании нормы уголовного закона, если такое толкование улучшает положение осужденного.
Источник: Конституционный суд Азербайджанской Республики, решение Пленума от 10 марта 2026 года https://constcourt.gov.az/az/decision/1508?utm_source
#КонституционныйСуд #Конституция #ПраваЧеловека #ВерховенствоПрава
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Германияның Федералдық Конституциялық соты ананың балаларымен қарым-қатынас жасау тәртібі туралы істі қарады
Германияның Федералдық Конституциялық соты кәмелетке толмаған үш баланың анасының балаларымен қарым-қатынас жасау тәртібін белгілеген сот шешіміне қатысты конституциялық шағымын қарады.
Балалар қамқоршылыққа алынып, патронаттық отбасына орналастырылған. Отбасы істері жөніндегі сот ананың балаларымен сарапшының қатысуымен кездесу тәртібін белгілеп, мұндай кездесулерді оның ата-аналық міндеттерді атқару қабілетін бағалаумен байланыстырған.
Өтініш беруші мұндай шарт оны іс жүзінде сараптамалық бағалауға қатысуға міндеттейді және оның негізгі құқықтарын қозғайды деп есептеген.
Федералдық Конституциялық сот шағым жасалған шешімнің қолданылуын уақытша тоқтатты. Сот ананың балаларды тәрбиелеу қабілетін бағалау мақсатында сарапшының қатысуымен балаларымен кездесуге міндетті түрде қатысуы Негізгі заңмен кепілдік берілген жеке басына қол сұғылмаушылық жөніндегі жалпы құқықты қозғауы мүмкін екенін көрсетті. Бұл ретте Сот мұндай араласу үшін жеткілікті құқықтық негіздің бар-жоғын қосымша тексеру қажеттігін атап өтті.
Салдарды бағалау кезінде Сот кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін де ескерді. Сонымен қатар, ол балалармен қарым-қатынас жасау тәртібін белгілеудің ықтимал уақытша кідіруі өтініш берушінің негізгі құқықтарының қайтымсыз бұзылу қаупімен салыстырғанда анағұрлым аз салдарға әкеледі деген қорытындыға келді.
Дереккөз: Германияның Федералдық Конституциялық соты, 2026 жылғы 23 маусымдағы № 1 BvR 1160/26 шешімі https://www.bundesverfassungsgericht.de/SharedDocs/Entscheidungen/DE/2026/06/rk20260623_1bvr116026.html?nn=68112&utm_source=
#КонституциялықСот #Конституция #АдамҚұқықтары #ҚұқықҮстемдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Федеральный конституционный суд Германии рассмотрел дело о порядке общения матери с детьми
Федеральный конституционный суд Германии рассмотрел конституционную жалобу матери троих несовершеннолетних детей на решение суда, установившее порядок ее общения с детьми.
Дети были переданы под опеку и помещены в приемную семью. Семейный суд определил порядок встреч матери с детьми в присутствии эксперта, связав их проведение с оценкой ее родительских способностей.
Заявительница посчитала, что такое условие фактически обязывает ее участвовать в экспертной оценке и затрагивает ее основные права.
Федеральный конституционный суд временно приостановил действие обжалуемого решения. Суд указал, что обязательное участие матери во встречах с детьми в присутствии эксперта для оценки ее способности осуществлять воспитание может затрагивать гарантированное Основным законом общее право на неприкосновенность личности. При этом Суд отметил необходимость дополнительной проверки вопроса о наличии достаточной правовой основы для такого вмешательства.
При оценке последствий Суд учел также интересы несовершеннолетних детей. Вместе с тем он пришел к выводу, что возможная временная задержка в установлении порядка общения имеет менее значительные последствия, чем риск необратимого нарушения основных прав заявительницы.
Источник: Федеральный конституционный суд Германии, решение от 23 июня 2026 года № 1 BvR 1160/26 https://www.bundesverfassungsgericht.de/SharedDocs/Entscheidungen/DE/2026/06/rk20260623_1bvr116026.html?nn=68112&utm_source=
#КонституционныйСуд #Конституция #ПраваЧеловека #ВерховенствоПрава
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Конституциялық Сот белгілі бір лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салудың конституциялылығын тексереді
📨 Конституциялық Сот Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 50-бабы бірінші бөлігінің Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы өтінішті іс жүргізуге қабылдады.
Өтініш беруші мемлекеттік қызметші болып табылмайтын және сыбайлас жемқорлық қылмысының арнаулы субъектісінің белгілеріне ие емес адамға белгілі бір лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салуды қолдану әділеттілік, мөлшерлестік және жауаптылықты даралау қағидаттарын бұзуы, сондай-ақ еңбек ету құқығы мен кәсіптік қызметті еркін таңдау құқығын шектеуі мүмкін деп есептейді.
Қарау нәтижелері туралы Конституциялық Соттың ресми сайтында және Telegram-арнасында хабарланатын болады.
📱 @consot_kz
Instagram | Facebook | X
Өтініш беруші мемлекеттік қызметші болып табылмайтын және сыбайлас жемқорлық қылмысының арнаулы субъектісінің белгілеріне ие емес адамға белгілі бір лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салуды қолдану әділеттілік, мөлшерлестік және жауаптылықты даралау қағидаттарын бұзуы, сондай-ақ еңбек ету құқығы мен кәсіптік қызметті еркін таңдау құқығын шектеуі мүмкін деп есептейді.
Қарау нәтижелері туралы Конституциялық Соттың ресми сайтында және Telegram-арнасында хабарланатын болады.
Instagram | Facebook | X
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM