dapterone
2.38K subscribers
157 photos
2 videos
11 files
50 links
NUR-MUBARAK & FARABI UNIVERSITY түлегінің жазбалары
Download Telegram
Forwarded from Zhumadilda Eldos
Біз бұл дүниеден алған нәрсемен кетпейміз, бәлкім берген нәрсемізбен кетеміз…
❤36👍22
Кей досың сенің күнделікті өміріңде кездесе бермеуі мүмкін, бірақ сен әрдайым оның дұғасында барсың. Осындай достан ажырама.
❤68😁4🕊3🤝2💯1
Телефонды қолыңнан тастай алмағаның үшін арманыңнан айырылып қалуды елестетші.
❤39👍5🫡2
СЫРАТ КӨПІРІ

Рамадан Бути (Алла рақым қылсын): «Егер адам осы дүниеде Алланың бұйырған жолымен тура жүрген болса, сырат көпірі оған кең болады. Ал кімде-кім бұл өмірде Алла жолынан ауытқып, Оның бұйрықтары мен тыйымдарын елемесе, сырат көпірі оған тар келеді».

📚 «Кәләм ілімі»
❤39👍5
Яғни біздің соңғы сынақ жолымыз осы өмірдегі жүріп өткен жолымызға тікелей байланысты екен.
❤31
Қырсық болма
❤27
Адамдардың бір-бірін жамандауға үйренісіп қалғаны соншалық, егер бір кісіні мақтап бастасаң, сені жағымпаз деп ойлайды.
👍28❤18💔10😁4💯3
❤7👍4⚡2🕊1🤝1
Соңғы айларда телеграм арнада мүлде белсенді емеспін. Бірақ бұл менің жазуды тоқтатқанымды білдірмейді. Мәселе мынада: біз осы жазда Нұр-Мүбарак университетіне емтихан тапсырып едік. Уақыт пен күш-қуаттың бәрі дерлік соған кетті десек, артық айтқанымыз емес. Сөйтіп, Алланың қалауымен жоғары балл жинап, докторантураға түстік. Осы уақыт аралығында қаламды көбіне ғылыми мақала, баяндама, кітап құрастыру секілді істерге қатысты ғана көтеріп келдік. Сол екі арада ютуб жобаларға көңіл бөліп, Нұр-Мүбарак мешітімен бірлесе «Діни әзілдерге реакция» атты жоба түсіріп үлгеріппіз. Көп мақтан боп кетті ме? Негізі жаңалық көп. Алла қаласа, солардың бәрін асықпай тарқатып айта жатармыз. Айтпақшы, инстаграмды қолға алып, сол кеңістікке көп көңіл бөліп жүрміз. Оған да бір мән беріп қойыңыздар. Соол, өздеріңізде не жаңалық?
❤33👍9⚡3🔥3✍2🌚1
— Досым, бүгін кешке кездесіп, әңгіме айтайықшы.
— Жақсы, бірақ ешкімді ғайбаттамай әңгіме айтсақ?
— Ок, онда кездеспей-ақ қояйық…
😢26❤14💯5
«Алайда әрбір қалам иесіне абай боп, байыппен қарап, барын бар, жоғын жоқ деп айтудан сауап еш нәрсе болмасқа керек».

📚Мұқағали тілі
❤16👍8
«Әзірет Әлиден келіп сұрайды: «Толық байлық қайтсең табылады?». Әли айтты: «Қанағат ете білсең».

Қанша мал көпте болса, қанағаты жоқ кісі байлыққа жеттім деп тоймайды. Қанша мал азда болса, барына қанағат ете білсе, бұл адамның көңілі жайлы, тынышырақ болады. Соның үшін Әзірет Әли байлық қанағатта деді».

©️Ыбырай Алтынсарин
❤38